Сембек Ємірхан



бет2/3
Дата12.09.2020
өлшемі58,5 Kb.
#63731
түріСабақ
1   2   3
Сабақтың көрнекіліктері: электронды презентация, суреттер, Ыбырайдың шығармалар жинағы, баспасөз материалдары,бұлақ макеті.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды әзірлеу, бір – біріне жақсы тілектер айту.

Жаңа сабақ:

  1. Ыбырай Алтынсарин кім?

Ақын ағартушы педагог


Ыбырай Алтынсарин

Жазушы оқулық авторы


Ғұлама шағын әңгіме шебері

1. Оқушылардың Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы жайлы не білетіндіктерін сұрап, толықтыру.

2. Ыбырай Алтынсариннің қандай әңгімелері мен өлеңдерін білетіндіктерін еске түсіріп, мазмұнын айтқызу.



3. Балқожа би жайлы мәліметтер беру.


  1. Ыбырай Алтынсариннің өмір жолына шолу жасау. (Слайд көрсетіледі)




Жылдар

Маңызды оқиғалар




1841 жылы 20 қазанда

Қостанай облысы Затабол ауданында туған.




1850 жылы

Орынбордағы қазақ балаларына арнап ашылған жеті жылдық орыс-қазақ мектебіне барған.




1857 жылы

«өте жақсы» деген бағамен бітірген.




1859 жылы

Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болған.




1859 жылы

Орынбордағы шекаралық комиссияның төрағасы, Шығысты зерттеуші белгілі ғалым,профессорВ.В.Григорьевпен жақын танысады.




1860 жылы

Торғай мектебіне мұғалім болып тағайындалады.




1864 жылы

Торғайдағы мектепті ашады.




1876 жылы

Петербург, Қазан қалаларына барады.




1876 жылы

«Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі.




1879 жылы

«Қазақ хрестоматиясы» Орынборда басылып шығады.




1879 жылы

Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады.




1881 жылы

Орск қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылады.




1879-1883 жылдары

Торғай қаласының төрт уезінде (Торғай,Ырғыз,Троицк,Ақтөбе) мектептер ашылады.




1983 жылы

Торғайда қолөнер мектебі ашылады.




1983 жылы

«Мұсылмандық тұтқасы» оқу құрал жазып шықты.




1887 жылы

Ырғызда тұңғыш қыздар мектебі ашылады.




1987 жылы

Қостанай уезінің Обаған және Жетіқара болыстарынан бір сыныптық мектептер ашылды. Жанынан қазақ балалары жататын 25 орындық интернат салдырды.




1889 жылы

Ауыр науқастан 48 жасында қайтыс болады.





Оқушы: Оқушы: Ы.Алтынсаринге қатысты сөздер
1. «Ыбырай Алтынсарин –қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол өзінің қараңғы, көшпелі халқының ішіне еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты» «Оренбурский листок» газетінен
2. «Қазақ халқы қарапайым, өнері жоқ халық, бірақ біз қарапайымдылықтың өзінен де көп жақсылық т абамыз» Ы.Алтынсарин.
3.«Халық мектептері үшін ең керектісі –оқытушы. Тамаша педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, инспектор бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды.» Ы.Алтынсарин

4. Қазақтарға -осы дарынды, ақыл-есі мол халыққа кешікпей рухани және қоғамдық даму жолына түсетін дұрыс бағыт беру қалай дегенмен де қажет болып отыр»

Ы.Алтынсариннің (губернаторға жолдаған баяндамасынан)
Оқушы: Ыбырай мектепте оқып жүрген кезде, атасы Балқожа бидің жазған хаты:

«Үміт еткен көзімнің нұры - балам.»

Үміт еткен көзімнің нұры – балам,

Жаныңа жәрдем берсін хақ тағалам.

Атаң мұнда анаңмен есен – аман,

Сүйіп сәлем жазады бүгін саған.

Атаңды сағындым деп асығарсың,

Оқуға көңіл бөлсең, басыларсың.

Ата – анаңды өнер білсең, асырарсың,

Надан боп білмей қалсаң, «аһ» ұрарсың.

Шырағым, мұнда жүрсең, не етер едің?

Қолыңа құрық алып кетер едің.

Тентіреп екі ауылдың арасында,

Жүргенмен, не мұратқа жетер едің?!


Оқушы:Ы. Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулық авторы.

Балалар өмірінен алынған әңгімелер. Бұлар түрлі орыс хрестоматиясынан, көбінесе И.Паульсонның хрестоматиясынан алынды.

Оқушылар Ы.Алтынсариннің өлеңдерінен үзінділерді жатқа айтады.

1. Білімге шақырған өлеңдері

«Кел,балалар,оқылық!» , «Өнер, білім бар жұрттар»т.б
2. Табиғат туралы «Өзен», «Жаз».

3. Орыс жазушыларының аудармалары:

К.Д.Ушинский «Родное слово», Л.Н. Толстой, Крыловтың өлеңдерінен үзінділер оқиды..
4. Қазақ ауыз әдебиеті «Лұқман хакім», «Жиренше шешен», «Таза бұлақ», «Қара батыр», «Тазша бала», «Алтын айдар», «Қобыланды батыр», «Шеше мен бала»...


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет