Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет7/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly
№2 Нарык экон сипаттама 42 топ тапсырмалар, №2 Нарык экон сипаттама 42 топ тапсырмалар, user file 5829f37e87cf4
 
 
 
-16- 


-
Ертегі айтып берші, аға, —
деп Әбілдің жанына Шолпан келді. Әбілге ертегі айтқызу —
Марат 
екеуінің күндегі әдеті. Күндізгісінен ұялып Марат анадай жерде томсырайып жақындай алмай тұр.
Әбілдің
ойына бір қулық түсе кетті:

Менің бөлмеме жүр, Шолпан. Сонда барып айтамын. Өте қызық ертегі,

деп, Әбіл Маратқа 
көзінің астымен қарап қойды.

Марат та жүрсін қызық болса, —
деді Шолпан жұлып алғандай
.
Марат ызаға булығып, иегі кемсеңдеп жыларманға келді.

Марат, жүре ғой. Күнде екеуіңе айтушы емес пе едім. Жүр, —
деді Әбіл оны қолынан жетелеп. 
Марат үндемей жерге қарап келеді.
Кенет Марат:

Аға, күндегі айтатын ертегіңізді кітаптан оқушы ма едіңіз
? - 
деді.

Ия, Марат. Күндіз оқып алып, кешке сендерге айтып беретінмін, —
деді Әбіл Мараттың 
қытығына тигенін біліп қуақыланып.

Мен онда енді еш уақытта да терезенің қақпағын жаппаймын. Шолпан жаппақ болса, оны 
итеріп жіберемін, —
деді Марат мәз болып.

Ия, мен сен сияқты бұзақы емеспін. Сен ғой... —
деп, Шолпан Маратты жазғыра бастады. 
Марат үндей алмай қалды. Жаңа ғана желпініп келе жатқан көңілі су сепкендей басылды.

Екеуің де бұзақы емессіңдер, жақсысыңдар, айналайындар. Бағана мен Маратты байқамай 
қалып, жабық тұрған қақпақты ашам дегенде жығып алғам, Марат, ә? —
деп Әбіл екеуіне ертегі 
бастай жөнелді.
Шолпан шынымен солай ма еді дегендей, Маратқа сұраулы жүзбен қарады.
«Қап, мына Шолпанның қорлығын
-
ай! Әбіл аға болмаса, күн көрсететін емес қой өзі. Жаңа ғана 
шүйіркелесіп келе жатқанда шырқымызды қайта бұзып жібере жаздады
-
ау. Бәрі терезе қақпағының 
кесірі. Сол пәленің енді маңайына жоламаспын» деп ойлады Марат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   134




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет