Шерхан Мұртаза Қызыл жебе екінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет61/64
Дата13.12.2021
өлшемі1,48 Mb.
#125910
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Байланысты:
Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер
4кл Презентациядағы анимация, 4кл Презентациядағы анимация, 00178533-2638c567, 2-sabak-57867617be58f (1), 2-sabak-57867617be58f (1), Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер, Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер
* * *


Тұрар сол түні түсінде қилы-қилы, шым-шытырық жайларды 
көп  көріп,  ақыры  шыдай  алмай  бастырылып  оянды  да,  әлгі 
көргендерін  есіне  түсіріп,  қараңғы  бөлмеде  көзін  ашып  біраз 
жатты.  Тек  есінде  ап-анық  қалғаны  полковник  Астаховтың 
креслосы. Төрт аяғы жұп-жуан, арқалығы биік, қара былғарымен 
қапталған шомбал кресло Уақытша үкімет үйінің төбесіне шығып 
кетіпті. Әрі десе төрт аяғы аспанға қарап қаңқайып қалыпты.
– Бұл не сонда? – деді Тұрар өзіне өзі. – Көптен күткен сағат 
шыннан соқты ма?
Тарихи ұлы істер өзі ұйықтап жатқанда болып өтіп кеткендей, 
ол  сол  ұлы  сәттен  құр  қалғандай,  кенет  орнынан  атып  тұрды. 
Жастығының  астында  жатқан  шынжырлы  сағаттың  қақпағын 
сырт  еткізіп  ашып,  үңіліп  еді,  сағаттың  шынысы  ғана  күнгірт 
жылтырап,  циферблат  көрінбеді.  Сипалап  жүріп,  пиджагінің 
қалтасынан  көзілдірігін  алып  қарап  еді,  онда  да  ештеңе  көре 
алмады.
Тұрар қараңғыда киініп болып, дегенмен сағат қанша екенін 
білейін деп, ауыз үйге шығып, пештің үстінен ши шақпақ іздеді. 
Пештің үстін сипалап жүріп, Николайдың суреті салынған сары 
самаурынның  үстіндегі  шәйнек  қойғыш  қондырғыны  түсіріп 
алды.  Самаурын  үстінен  домалаған  темір  жердегі  бос  шелекке 
түсіп, ауыз үйдің іші қаңғыр-құңғыр, азан-қазан болды да кетті. 
Енді  ыдыс-аяқ  ешкім  тимесе  де  өзінен-өзі  сеңдей  соғылысып 
жатқандай  көрінді.  Қоржын  тамның  қарама-қарсы  бөлмесінде 
Сәбденнің қос бойжеткені Сәлима мен Әлима жатушы еді. Солар 
бөтенше  ойлап  қалар  ма  екен  деп  Тұрар  қысылды.  Ол  сыртқы 
есіктің ілгішін іздеп, далаға шыға бергенде, қыздар бөлмесінің 
есігі  ашылып:
– Бұл кім? Ағай, сіз бе? – деген Сәлима дауысы сыбырлай да 
сыңғырлай шықты. Сәлима ұзын іш көйлегі ағараңдап, жақындай 
берді.
– Иә, мен, Сәлима, ши шақпақ іздеп едім... Сағат қанша болды 
екен, білейін деп едім.
– Ағатай-ау, әлі түн ортасы ғой, киініп алғансыз ба? – Сәлима 
пештің үстінен ши шақпақты оп-оңай тауып, бір шиін жағып кеп 
жібергенде, кішкентай ауыз үйден түнек түріле қашып, сәл-сәтке 


жап-жарық  болып  кетті.  Ши  лезде  лып  етіп  өшіп  қалды.  Әп-
әзір қараңғыны жарқ еткізген, шырпы емес, мына бойжеткеннің 
танадай көздері сияқты еді. Тәтті ұйқыдан кенет оянған қыздың 
екі  беті  албырап,  алау  леп  теуіп  тұрғандай,  жұп-жұмыр  аппақ 
тамағынан әтірдің әдемі исі шығады. Ұзын ақ жібек көйлектің 
кеудесі ойнақшып, асау аттай тулап бара жатқан тәрізді.
Аш  белінен  төмен  төгілген  қолаң  шашты  Тұрар  амалсыз 
ақырын  ғана  алақанымен  сипағысы  да  келіп  кетті.
Сол  замат  шырпы  тағы  да  жарқ  етті  де,  ұрлығы  ашылып 
қалғандай  жігіт  әлгіде  созыла  берген  қолын  жалма-жан  кейін 
тартып  ала  қойды.  Қыздың  ғана  көздері  сиқыр  сәуле  шашып, 
қыр  мұрынның  танаулары  делдиіңкіреп,  күлімсіреген  қызыл 
еріндердің  тасасынан  маржан  тістер  ағараңдап,  құлағындағы 
шеңберлі  алтын  сырғалар  бұлғаңдап  тұр  екен.
– Жеті түнде қайда барасыз, ағатай, жүріңіз, шырағданыңызды 
тұтатып берейін, – деп қыз Тұрардың бөлмесіне қарай беттеді.
Сәлима жетілік жез шамның білтесін тұтатты да, шынысының 
томпақ  бүйірін,  жұмсақ  алақанымен  сипалап  тұрып,  ұясына 
қондырды.  Ұядай  бөлменің  ішіне  қоңыржай  әлжуаз  сәуле 
шашырады. Кейде осылай қараңғы түкпірге жетілік шамның жұп-
жуас сәулесі шашырағанда, адам жанының тып-тыныш, уайымсыз, 
қамсыз жатқан түкпіріне де әлденендей нұр себелегендей болады. 
Ақ  жаймалы  темір  төсек,  оңаша  бөлме,  қараңғы  түн,  алдында 
тұрған сұлу қыз... Мына қысқа ғұмырда жиырма екі жыл жасап, 
оның бәрін дерлік тіршіліктің арпалысымен өткеріп, неше алуан 
күрес мұхитын кешіп жүріп, бұл дүниеде бейуайым жайбарақат 
сәт, ұядай үй, жылы төсек, сұлу қыз боларын ол мүлде ойламаған 
сияқты. Рас, ол әйел жанын түсінбейтін, не түсінгісі келмейтін, 
әйел баласынан безінер тақуалықтан аулақ. Сұлу қыз, сүйкімді 
қылық көргенде оның да жүрегін ерекше сыздататын бір-ақ жан 
бар  еді,  оның  өзі  де  шындықтан  гөрі  тек  елес,  әлдеқашан  бір 
көрген тәтті түс сияқты бір нәрсе еді. Оған қазір де бір ғана сәтке, 
мына  алагеуім,  майда  мұнарлы  бөлмеде  дәл  алдында  тұрған 
Сәлима  сол  Наташа  сияқты  болып  көрінді.  Алтыншы  жылдың 
аласапыранынан кейін онымен қайтып кездескен емес. Наташа 
бұл  дүниеде  адам  бейнесінде  қалмай,  әдемі  музыкаға  айналып 


кеткен тәрізді. Ол Тұрардың кеудесінде ылғи да «Полонез» болып 
ызыңдап, белгі берер еді.
–  Ағатай,  шешінбейсіз  бе?  –  деді  Сәлима  көнетоз  сұр 
пальтоның түймесін сипалап тұрып, Тұрардың бетіне жәудірей 
қарап,  сыбырлап  қана.
Сол сәт терезе сыртынан гүрс еткен дауыс оқыс естілгені сонша, 
екеуі де селк ете қалды. Тұрар жүгіріп барып, терезеге үңіліп еді: 
қап-қара аспаннан тармақ-тармақ тамырымен қопарылған алтын 
бәйтерек көрінгендей болды. Алтын ағаш бұтақтары, тамырлары 
салаңдап, қобырап сәл сәт тұрды да, лезде жанып кеткендей жоқ 
болды.  «Күзде  найзағай  жарқылдағаны  несі?»  –  деп  Тұрардың 
көңілі беймаза. Бір жағынан – қара түнді қақыратқан найзағай, 
бір  жағынан  –  оңаша  үй,  сұлу  қыз.  Адамға  тағдыр  кейде  екі 
алақанын жұмып тұрып, сый ұсынады. Қайсысын таңдарсың? Бос 
алақанды ма? Олжалысын ба? Зау теректер қинала ыңыранып, 
діңдері сықырлап, ары-бері теңселіп тұр.
Тұрар ескі пальтоның төс қалтасына қол сұғып жіберіп, әлсіз 
сәулеге  шағылысып,  жалт  еткен  сұп-сұр  бесатарды  сипалап, 
жеңімен  сүртіп,  қайтадан  төс  қалтасына  салды.
Бесатарды көріп, Сәлима түсі боп-боз болып кетті де:
– Ағатай, оны қайтесіз? – деді даусы дірілдеп.
–  Кешір,  Сәлима.  Мен  кеттім.  Уақыт  тығыз,  –  деп  Тұрар 
табалдырықтан  асығыс  аттап,  тастай  қараңғы,  көрдей  суық 
далаға шапши шықты. Оның жүріс-тұрысында, қимылында мына 
дауылдай  күшті  бір  құдірет  бар  шығар,  әйтеуір  бұған  үйрене 
қоймаған тік құлақ көк төбет те бұл жолы жай ғана «ррр» етті 
де, Тұрарға тұра атылмастан үйшігінде бүктетіліп жатып қалды. 
Бірақ иттен де сақ Сәбден дарбаза жақ есіктің ашылғанын естіп 
қалып,  жейде-дамбалшаң  далаға  жанұшыра  далбақтап  шығып, 
іргелес үйдің терезесінен жылтыраған шырағдан жарығын көріп: 
– «Мына большевик бала түн ішінде неге ояу?» – деп есікті ашып 
кіре беріп еді, қарсы алдынан Сәлима шықты. Сәбденнің ойына 
лезде ібіліс кіріп, қызым Тұрармен шатасқан екен деп ойлады. 
Бұған ішінен қуанып та қалды. Бірақ қанша айтқанмен әке ғой:
– Түн ішінде бөтен бөлмеде неғып жүрсің? – деп дүрсе қоя 
берді.


Сәлима ұрлығы ашылып қалғандай қысылғанмен, кінәсіз екені 
өзіне  аян,  әкесіне  жағдайды  түсіндірді.  Әкесі  әуелі  Тұрардың 
түсініксіз әрекетіне мән бермегендей енжар кейіпте тұр еді, кенет:
– Бесатары бар дедің бе? – деп қайта сұрады.
Өз көзіммен көрдім, көке.
Әкесі «ымм» деді де, өз үйінен шекпенін киіп қайта шықты 
да,  жапсарлас  отырған  інісі  Әбденнің  үйіне  беттеді.  Екеуі  бір 
ананың  құрсағынан  шыққан  ұясы  бір  болса  да,  тіршілікте  өз 
алдарына  шаңырақ  көтеріп,  қоңсы  қоңлы  да,  дарбазаларын 
бөлек-бөлек  шығарды.  Бірінің  үйіне  бірі  көше  айналып  кіруші 
еді.  Сәбден  көшеге  шығып  Әбденнің  қақпасын  тарсылдатып 
жатпай,  терезесін  тықылдатты.  Ар  жақтан  асып-сасып  аңыра 
қараған  інісіне:
– Есікті аш, тығыз шаруа бар, – деді.
«Мынау,  сірә,  Шақпақтың  дауылы»,  –  деді  Тұрар  көшеге 
шыққанда  желдің  күшін  әбден  сезіп.  Көнетоздау  сыпайы  сұр 
пальтодан ызғырық лезде өтіп кетті. Тұрар пальтоның жағасын 
көтеріп  алып,  әскери  казарма  тұрған  Базар  көшесіне  қарай 
тартты. Екі арада бұлым-бұлым көшелер көп. Әсіресе Қарабақыр, 
Наманган махаллаларының тұсы қауіпті. Қап-қараңғы түн тұрмақ, 
қызыл іңірдің ішінде өткен-кеткен саяқтарды тонап алатын ұры-
қарылары  көп,  көшеде  шам  жоқ.«Өкімет  осы  мәселеге  көңіл 
бөлсе екен», – деген арыздарға қала бастығы Мотяшевтің айтқан 
жауабы ел арасына мәтел болып тарап кеткен. «Көргенді адамдар 
күн  батқан  соң  көшеге  шықпай,  үйінде  отырсын»,  –  деген  еді 
қала  бастығы.
Сұр  пальтоның  етек-жеңін  жел  кеулейді.  Етектен  енген  жел 
Тұрарды екі қолтығынан көтеріп, әлдеқайда алып ұша жөнелгісі 
келгендей  екіленіп  кетеді.  Шақпақтың  түйе  шайқалтар  ұлы 
дауылы  әдетте  Әулие-Атаға  жеткенше  екпіні  басылыңқырап 
қалар еді. Екі арада көлденең түсіп Қаратау жатады да, қаһарлы 
сұрапылдан Әулие-Атаны қарт әже қақпайлап тұратын. Тек Күйік 
асуынан лақылдап тасқындай өткен өкпек ылдилай бере жуасып 
қалатын.
Бұл жолғы дауыл дауасыз соқты. «Әулие-Атада бұлай болғанда, 
сұрапылдың ұясы – Шақпақтың аузында жатқан Жуалының халі 


қандай болды екен?» – деді Тұрар түртінектеп келе жатып. Осы 
алапат  Талас  Алатауының  Тобышақты  тұсында,  әйгілі  Ақсу-
Жабағылы  құрсағында  толғатып,  Шақпақтың  қылта  қақпасы 
арқылы  соғады  да,  бүкіл  Жуалыны  басып  өтіп,  дәл  бүйірінде 
жатқан  Түлкібасқа  тимейді.  Жуалыда  азынап  алты  тәулік  ақ 
боран  соққанда  Түлкібаста  жарқырап  күн  шығып  тұрады.
Осы жайды есіне түсіріп келе жатқан Тұрар бір замат оң иығы 
үзіліп түскендей болды да, етпетінен құлап, лезде орнынан атып 
тұрды.  Қарсы  алдында  деңкиіп  сұлап  жатқан  дәу  теректі  тек 
нобайлап қана таныды.
Ә дегенде Тұрар оң иығынан тиген соққыны Қапал махалласы 
қарақшысының қорғасын қолғабы екен деп қалып еді. Сәлден соң 
есін жиып, көшеде көлденең түсіп жатқан атан бел дәу теректі 
көріп:  «Әзір  мені  ажал  алмайды  екен»,  –  деді.  Сипалап  жүріп 
көзілдірігін тауып, құлаған теректен әрең аттап өтіп, казармаға 
жеткенше  жүгірді.
Дауыл  толастаған  жоқ.  Түбі  шіріген  теректер  шыдай  алмай 
гүрс-гүрс  құлап,  қураған  бұтақтар  сатыр-сұтыр  сынып  жатыр. 
Сұрапыл дауыл жер бетінен ірікті де, шірікті де аластап, дүниені 
бір  жолата  қоқыстан  тазартып  алайын  дегендей  үдей  соқты. 
Әулие-Атаның  жатаған  домбаз  үйлері  желді  күні  изен  түбінде 
бұғып  қалған  бөдене  құсап,  тым  пәс  тартып,  аласара  түскен 
сияқты.
Базар көшесіне жеткен жерде Тұрар аяғына оралған әлденеден 
тағы  да  сүрініп  кете  жаздап,  бойын  түзеп,  аяғын  шырмаудан 
ажыратып  алып  қарап  еді:  үзіліп  жатқан  телеграф  сымы  екен. 
Соғуы қатты серіппелі, сым темір тобығын қиып кете жаздады. 
Сонда Тұрардың есіне былтыр Мерке бойында осы сым темірге 
буынып өлген Шәкі батыр түсті. «Қайран көзсіз ер! Ажалда да 
ақыл жоқ. Азаттық тілеп, атқа қонып, жаудың жағасын жыртқан 
сондай ер дұшпанның оғынан өлмей, жол бойында боздап тұрған 
сым темірге оралып өлгені өкінішті».
Осылай деп, құлап жатқан телеграф бағанын орағытып өтіп, 
аяқ астындағы құрғақ жапырақтарды қаудыратып, сол қаудырақ 
дыбыстан өзі елегізіп, жан-жағына жалтақтай қарап келе жатып, 
казарма қақпасына қалай жеткенін де сезбей қалды.


–Тоқта! – деген қатаң үн естілгенмен, қара көрінбеді. Тұрар 
селк етіп, қалт тоқтай қалды.
Қалтадағы қолы бесатардың суық дүмін қыса түсті.
– Кімсің?
– Өзіміз. Маған Хмелевский жолдас керек.
Қарауыл Тұрарды өз үйшігіне алып кіріп, фонардің жарығымен 
бас-аяғын шолып өтті де:
– Документ, – деді. – Осындай дауылда, түн ішінде кісі жүре 
ме екен? – деп қарауыл реніш білдірді.
–  Осындай  дауылда  кісі  деген  қара  басып,  басын  көрпеге 
тығып ұйықтап жата ма екен? – деді Тұрар қойнынан мандатын 
суырып  ала  беріп.
–  Не  боп  қалды,  жолдас  Рысқұлов?  –  деп  қартаң  солдат 
Тұрардың  бетіне  бір,  мандатқа  бір  үңілді.
– Танымай тұрсың ба?
–  Таныдым,  жолдас  Рысқұлов.  Бірақ  бейуақыт  жүргеніңіз 
түсініксіз.
–  Бейуақыт  емес,  дәл  уақыт.  Дауылдан  соң  найзағай 
жарқылдайтынын,  нөсерден  соң  жарқырап  күн  ашылатынын 
білмеуші  ме  ең?
– Ол рас. Бірақ қазір күз ғой, жолдас Рысқұлов. Күзде найзағай 
жарқылдай ма екен?
–  Жарқылдайды!  Мылтығың  оқтаулы  ма?  Патроның  мол 
болсын!  Ұқтың  ба?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет