Үштөбе ауылы «Өкпеті» орта мектебі кмм ойын технологиясын қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының сабаққа деген қызығушылығын арттыру



Дата04.05.2017
өлшемі80,58 Kb.
#15553
Искакова Райгүл Шаймарданқызы

Шығыс Қазақстан облысы

Тарбағатай ауданы

Үштөбе ауылы

«Өкпеті» орта мектебі КММ
Ойын технологиясын қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

Жалпы бастауыш сынып оқушыларының оқыту үрдісіндегі әрекеттері тікелей ойынмен тығыз байланысты. Өзімнің 24 жылдық еңбек өтілімде байқағаным: ойынды сабақта тиімді пайдалану оқушының ой өрісін шыңдай отырып, жаңа сабақты тез меңгеруіне және ақпаратты белсенді қабылдауына үлкен септігін тигізеді. Ол үшін мұғалімнің шеберлігі де үлкен роль атқарады. Ойынды сабақ кезеңдерінің қажетті кезінде орынды пайдалану-педогогтан сауаттылықты қажет етеді. Мәнсіз-мағынасыз қолдану сабақ түсінуге зиянын тигізеді. Сабақтағы қандай да бір дүниені дамытуға пайдалана білу керек деп ойлаймын. Менің өзекті тақырыбым: «Ойын технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың танымдық қабілетін дамыту»

Бұл өзекті тақырыпты алудағы мақсат, міндеттерім:

1.Оқушылардың шығармашылық белсенділігінің дамуына және өздігімен жұмыс істеу арқылы өз білімін қалыптастыруға дағдыландыру;

2. Бала тәрбиесіне әсер беретін ойындар жүйесін қалыптастыру;

3. Ұлттық ойындарды дәріптеу;

4. Зеректі , тапқыр, ойшыл болуға тәрбиелеу;

5. Танымдық қабілеттерін арттыру;

Ойын дегеніміз не? Ойын- балалар бір-бірімен қарым-қатынас жасайтын өз бетінше іс-әрекет. Ойын арқылы баланы оқу-тәрбие үрдісіне қызықтыруға болады.

Ойын-баланың ақыл-ойын тәрбиелейтін құрал. Бала көп ойнайды, ойын арқылы тәрбие алады.

Ұлттық ойындар-заманында бірінші алға қойылған мақсатқа даярлау, отаншылдық сезімге баулу. Бұл оқу-тәрбие негіздерінң бірі.

Ойын нені қалыптастырады?

О-ойды

Й-икемді

Ы-ынтымақтастықты

Н-нақтылықты қалыптастырады

Ойынның қай-қайсысы болса да белгілі мақсат, міндеттерді көздей отырып ұйымдастырылады. Себебі, ойын ойыншының адамгершілік, мінез-құлық, дене қасиеттерінің даналық жақтарын, әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді астарлы да ашық қамтиды.



Ойын қалай, қашан пайда болған? Ойын тарихының шығуы адамзат тарихының бір бөлігі ретінде сонау аң аулау мен терімшілік уақытында қатар пайда болып, дамып келеді. Содан бізге жетіп, ойналған ойындар ағылшын ғалымы Э. Манкейдің пайымдауынша 5000 жылдай бұрын ойналса керек. Қазақтың қонақжайлылығымен бірге енген ұлттық ойындары да бала болмысына үлкен әсер ететіні хақ. «Отыз күн ойын, қырық күн тойын» деген сөз де содан шықса керек.

Ойын- бала тәрбиесімен егіз.Өйткені бала ойынсыз өспейді, жан-жақсыз дамымайды.Тек қимыл, қозғалыс қана дененің шынығып өсуін, жетілуін қамтамасыз ете алады

Халық ойындарын бүгінгі педагогикалық білім талаптарына сай іріктеп, ретті қолдана білсек, онда ол бала тәрбиесінің сапасын көтеріп, тиімділігін арттырады, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жандандырады.

Ғалымдар, педагогтар ұлттық ойындарды зерттеп 5 топқа

бөлген.


1.Аңға байланысты ойындар

2.Малға байланысты ойындар

3.Түрлі заттармен ойналатын ойындар

4.Зеректілікті, ептілікті, икемділікті қажет ететін ойындар

5. Соңғы кезде қалыптасқан ойындар

Ойындар оқушылардың ақыл-ойын жетілдіріп, дүниетанымын, рухани деңгейін кеңейтіп, олардың қимыл-қозғалыс дағдыларын дамытады, алған білімдерін күнбе -күн өмірмен ұштастырады ,басқа да адамгершілік мінез-құлықтарды бойына сіңіруге мүмкіншіліктер береді. Сондықтан, тәрбие жұмысында халық ойындарын ескерусіз қалдыруға болмайды.

Ойынның педагогикада, оқыту үрдісінде алатын орны Платон заманынан белгілі болған XVIII ғасырдың өзінеде-ақ Ж.Ж. Руссо мен И.Г. Песталоцци ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген.

Ойынның сабақ барысында басты мақсаты – білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет. Ойын арқылы оқушы неге үйренеді?


  1. Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді

  2. Сөздік қоры баийды, тілі дамиды

  3. Зейіні қалыптасады

  4. Байқампаздығы артады

  5. Өзара сыйластыққа үйретеді

  6. Ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды

  7. Бір-біріне деген оқушы сенімі артады достыққа, ынтымақтастыққа баулиды

  8. Сабаққа қызығушылығы артады.

  9. Бір-бірімен жақын қарым-қатынаста болады.

  10. Қисынды ой-қабілетін дамытады.

Педагогикалық үрдісті жетілдіруде ойынның алар орнын қазақстандық ғалым Н. Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинг, күнделікті негізгі әрекет және оның жеке өмірі, - деп дәлелдеген. Н. Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатта пайдалану-баланың болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеуі және өмірдің талаптарына сай бейімделуі басты педагогикалық мақсаттар. Ғалым «Бала ойында ғана тынығып», «жұмыс жасап», өсіп жетіледі. «Оның ойлау қабілеті жетіліп, қарым-қатынас жасау мүмкіндігі артады»,-деп атап көрсеткен.

«Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе»,-деп М. Жұмабаев атап көрсетсе, «Ойын-баланың рухани дамуының негізі»,-деп Ж. Плаже, К. Левин, Л.С. Выгоский, Д.Б. Эльконин өз еңбектерінде атап көрсеткен.



  1. Ойын-балалар үшін күрделі әрекет те бола алады. Балалар білімді ойын арқылы қабылдап, үлкендерден үйренеді. Сондықтан сабақтағы ойын оқушы білімін тыңдап, ой-өрісі кеңейте алады, білім алудағы қызығушылығы артады. Ойын арқылы бала көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Баланың жас ерекшелігіне, сабақтың мақсатына сай ұжымдастырылған ойындардың берері мол.

Білім берудің жаңа технологияларын пайдалану бойынша мемлекеттік стандарт жобасында оқытудың ойын технологиясына үлкен мән берілген. «Пәндік, пәнаралық сипаттағы дидактикалық және сюжеттік, рөлдік ойындар білім алушыға өзін танытуға, жолдастарының пікірімен санасуға, көпшілік алдында сөйлеу қабілетін үйренуге, жан-жақты білімін көрсетуге мүмкіндік береді. Рөлдік, сюжеттік ойындардың көмегімен білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратын оқу міндеттерін шешуге болады. Ойын қарапайым тілдік жағдаяттарда білім алушыларды қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелейді», деп атап көрсетілген.

Сондай-ақ 12 жылдың білім беруде ұлттық ойындарға және шынайы өмірлік әрекетпен ойналатын ойындарға мән беріледі.

Ойын арқылы оқушының білімі мен бейімін, жеке тұлғалық қасиет-қабілеттерін арттыру мүмкіндіктері зерттелген. Ойындардың қажеттілігін іріктеп ала білу-ұстаз шеберлігіне байланысты. Оқушының тілін дамытуда сөздік ойындарын қолдану тиімдірек. Сондай ойындардың бірі – «Керекті сөзді тауып айт». Ойынның мақсаты-қажетті сөздерді дұрыс тауып айтуға жаттықтыру, оқушы зейінін қалыптастыру. Мұғалім сол сабаққа қатысты жалпылама сөзді атайды, оқушылар қажетті сөздерді атайды немесе жазады. Бұл ойын оқушыларды талдау жасауға да үйретеді. Мысалы: тіл дамыту сабағында «Заттың атаулары» деген сөз аталса, оқушылар, бірнеше сөздер айтады және сұрақтар қояды. Жауаптарды жазады. Сондай-ақ оқушы зейінін қалыптастыруда «Кім тез, шапшаң» ойынын өткізуге болады. Бұл ойынды барлық сабақтарда қолдануға болады.

Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығы, зейіні, тілін дамыту үшін грамматикалық ойындардың орны ерекше. Сабақта тиімді қолданылған ойын оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, сауатты жазу дағдысына мол мүмкіндік береді. Оқушыларды өзбеттерімен жұмыс істеуге дағдыландырады, ізденімпаздыққа баулиды. Грамматикалық ойындардың ерекшеліктері де бар. Бұл ойын әр түрлі жағдаяттар арқылы жүзеге асады. Ойын сабақтың әр бөлігінде, әр мақсатта жекеленіп, дараланып қолданылады. Жаңа тақырыпты түсіндіруде, өткенді қайталауда, пысықтау сабақтарында пайдаланылады. Мұғалім ойындарды қолдану үшін жете дайындық жасап, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етеді. Олар: грамматикалық лото, грамматикалық тренинг, грамматикалық гимнастика т.б.

Сабақ барысында оқушының тілін дамытатындай, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратындай ойындарды қолданамын. Олар: «Синтаксистік касса», «Сөйлем қуаласпақ», «Құсбегі», «Кедергіден өту», «Кім болам?», «Асауды ұстау», «Аударыспақ», «Вагондарды құрау», «Қай әріп жоғалды?», «Лоторея ұту», «Жасырынбақ», «Атын айт», «Түсін таны» «Не артық?» т.б. ойындар. Әр ойын сабақ мақсатына сай қолданыс табады.

«Синтаксистік касса» ойыны. Карточкада бірнеше суреттер көрсетіледі (адам, құс, т.б.) беріледі және қойылатын сұрақтар карточкасы жасалады. Суреттің үстіне сұрақтары айтылып қойылады.

«Сөйлем қуаласпақ» ойыны. Интерактивті тақтадан мазмұнды суреттер көрсетіледі. Топта сөйлемдер арқылы мәтін түрлері немесе хат, эссе, ой-толғау, хабарландыру, жарнама құрастырылады (ауызша).

«Кедергіден өту» ойыны. Интерактивті тақтадан «кедергілер» көрсетіледі. Әр кедергінің өз тапсырамасы тақтадан көрінеді. Тапсырмалар топқа беріледі. Осылайша ойын соңында кедергілерден өтіп мәреге жеткен топ жеңіске жетеді.

«Вагон құрау» ойыны. Әр топқа бірнеше вагондар беріледі. Әр балаға 1 вагоннан. Вагонның артындағы тапсырманы орындаған оқушы вагонды ретімен тақтаға келіп іледі. Қай топтың вагондары алдымен құралса, сол топ жеңіске жетеді.

«Алтын айт» ойыны. Интерактивті тақтадан бір-бірімен араласқан бірнеше суреттер тұрады. Оқушылар кезекпен шығып суреттерді «белгісі» арқылы топтан себебін түсіндіреді.

Сабақтан тыс уақытта қимыл-әрекет ойындарына көңіл бөлінеді. «Туған күні», «Ақ терек, көк терек», «Ақ тоқаш», «Айға ұшу», «Кім болам?» сияқты ойындар ойналады. Қимылдары дамуымен қатар ойын барысында өлең, тақпақ жаттайды.

Мысалы:Бүгін Анардың туған күніне

Ақ тоқаш пісірдік

Үлкендігі мынадай

Кішкентайлығы осындай

Ақ тоқаш-ау, ақ тоқаш

Біреуді сайлап, өзің қаш.

Сонымен қатар 12 жылдық білім беру және оқушы құзыреттіліктерін дамытатындай рольдік, сюжеттік ойындарға үлкен мән беремін. Оқушылар алдына түрлі өмірлік жағдаяттар беріліп, оқушылар лйнай отырып, сол туындаған проблеманы шешуге дағдыланады. Ойын үстінде бала сұранысы мен мұғалім тапсырмасы өзара ұштасады. Мысалы: «Біздің үйіміз» ойыны. Топ өздері тұрғысы келетін үйдің сұлбасын сызады немесе суретін салады. Одан кейін осы үйді салу үшін материалдарды анықтап алады. Осылайша ойын өмірмен байланыста болып, оқушы құзыреттілігін дамытуға септігін тигізеді.



Сонымен, ойын келесі маңызды міндеттер: баланың қоғамдық қатынастарға бейімделуі, жалпы адамзаттық мәдени құндылықтар мен әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениеттерін меңгеруі: баланың шынайы адамгершілік коммуникацияға енуіне мүмкіндік беретін коммуникативті іс-әрекеттердің көрініс табуы жүзеге асырылады. Баланың әр қырынан көрінуіне интеллектуалдық, шығармашылық, коммуникативтік жағынан және әртүрлі қиындықтарды жеңуге жағдай жасайды. Қорыта айтқанда, сабақтарды ұйымдастыру барысында ойынды қолдана отырып, келесідей нәтижелерге қол жеткіздім,олар:
*Оқушының ой-өрісі дамиды.
*Ойлау іскерлігі қалыптасады.
*Ақыл- ойы жетіледі.
*Есте сақтау қабілеті артады.
*Қызығушылық қабілеті оянады.
*Тіл, сөйлеу мәдениеті қалыптасады.
*Оқушы өз бетімен жұмыс жүргізуге дағдыланады.
*Шығармашылықпен жұмыстанады.
*Даму мониторингі айқын көрінеді


Әдебиеттер:


  1. «Ойын әрекеті арқылы белсенділікке баулу». Петров А.В. 2001.

  2. «Бастауыш мектептегі ойын технологиясы арқылы оқыту». Калмыкова Е.В, 2007.

  3. Ойын технологиясының ерекшеліктері // Интернет.

  4. Креативтілікті дамытудағы ойын технологиясы // Интернет.

  5. Құзыреттілік және ойын технологиясы // С.Буланов.

  6. Баспасөз материалдары.

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет