Шумерлер мен түркілер параллелі


А.Құнанбаев (1845-1904) 4



бет2/6
Дата06.07.2018
өлшемі4,91 Mb.
#48005
1   2   3   4   5   6

3. А.Құнанбаев (1845-1904) 4. Иштуп – Иль билеушісінің мүсіні
Енді Шумер деген сөзге тоқталайық. Менің жорамалым бойынша, бұл сөздің мәнін Ши-жер, «Шилі жер» дегеннен іздеген жөн шығар, өйткені «GI» - ши Шумер тілінде «қамыс, ши» (gi «қурай, қамыс»(тростник) – ежелгі түркілік ï «өсімдік; қоға) деген мағына береді. Қызылорда облысындағы Шиелі елді мекенінің атауы (сонымен қатар: Шу өзені және Шілікті, Қоғалы, Шулы-Нулы); аңыздардағы Геракл (шумерлерде «Dau» немесе «Azan» деп аталған) - Шығыста «Шулен» деген жерде туған, сол жақтан келген делінеді) халықтың жадында жатталған атаудың тамыры тереңдігін көрсетеді. Бұның себебі, Шумерлер бастапқы қоныстарын қамыстан салған, кейіннен саз балшықтарға сабан араластырып кірпіш құйып, күнге кептірген, негізгі құрылыс заты кірпіш болғанымен, қамыс-ши ғимараттар төбесін жабатын материал болды, олардың қайықтары, ыдыстары, жиһаздары да осы қамыс-шиден тоқылды. Қамыс-шидің қаптап өскен елі ретінде танымал болуы және оның тұрмыстық өмірдегі маңызына орай бағаланғандығы себепті – Ши-елі, Ши-жері (Шумер, Шимер, Шижер) деп аталуы да шындыққа жанасымды болар. Ал Шумерлерде ағаш пен тастың табылмайтыны себепті оны қиыр солтүстіктен азаптанып, қауіп-қатерге толы су жолымен әкелген және ол тек ауқаттылардың ғана үлесіне тиетін.

Енді тағы бір пайымдауымызға жүгінейік. Ежелгі Шумерлердің сөздігінде «шу» - қол, «уыс - уус, ус» – деген түсінікті де береді. Ал көне түркі тілінде қол, уыс кең мағынада – тұтастықты, жалпылықты немесе ұлысты, тайпалық одақты білдіретін. Мысалы «оң қол», «сол қол» немесе «оң қанат», «сол қанат» (Шыңғыс хан моңғол ұлысын үш бөлікке бөлген: оң қанат (қол), сол қанат (қол), орталық (кель)). Егер осы мағына тұрғысынан алсақ, онда – Шумер – Ұлыс жері, халық (ел) жері (Шу – уыс, ұлыс; мер – йер, жер).

Түрік ғалымдары, әсіресе З.В. Тоган әл-Масуди мен М. Қашқаридің деректеріне сүйене отырып, Хазарды-Cібір немесе Сувармен теңестіреді. Алтай өлкесінде өмір сүрген қауымдарды, жалпы осы Субар атауымен атағанды жөн көреді. Ол шумерлер атауына қатысы бар деген Субар және Субари атауларын-суб- ер, суб- ері, яғни Сүй- ер, Сүй- ері деп түсіндіреді. Сібір атауы Субардың бір түрі деген пікірді Макварт да қостайды(Marguart J. Ungar Jahrbücher, ІV.-C.272).

Тенгиз Гудава(«До и после Библи. Глава 2. Шумеры») мынадай мәліметтер келтіреді: «Народ сей называл страну «кенги» - KI.EN.GI (r)  - «земля праведников», «земля надежных хозяев», «земля хозяев цивилизации», из чего ясно, что шумеры вполне осознавали свое избранничество и свою роль. Более того, шумеры были убеждены, что цивилизация и все ее атрибуты - суть ДАР НЕБЕС, и они только слуги и исполнители БОЖЕСТВЕННОГО ЗАМЫСЛА. Это важно отметить, дабы понять смысл Шумер, как произведения Божия. Другие самоопределения страны шумеров: Общественно-гражданское: KALAM – «страна (шумер)», «отчизна», «нация»  и религиозно-философское: KUR.GAL – «великая гора», метафора для Шумера как места, где земля встречается с небом. На самом деле в Шумере не было гор и само понятие KUR («гора») синонимично таким понятиям как «чужеземье», «иной мир». В данном случае шумерские жрецы ассоциировали свою родину с «горой», дабы подчеркнуть ее близость Богу».

Міне бұл мәліметтерден өзімізге етене таныс бірнеше түсініктерді ала аламыз: «Киелі». «киелі мекен», «ғалам», «Ұлы тау немесе Қара тау(осы жерде сақ қорғандарын еске алыңыз, ол да жадта сақталған қасиетті таудың көрінісі емес пе деп кім айта алады?)»

А. Фалькенштейн де Шумер атауын Ки-эн-ги(р) (Энлил құдай храмы орналасқан жердің атауы) (šumeru - искаженная аккадская передача собственно «шумерского» названия Kenger или Keηer (Kenger)


топонимінің фонетикалық өзгеруінен іздеуді ұсынады (Falkenstein A. Das Sumerische. - Handbuch der Orientalistik. Abt. I, Bd. II, Absch. 1-2, Geschichte der Forschung, Sprache und Literatür, Leiden 1959, S. 9, 11, 14-15). Дат шумеролігі А. Вестенхольц Шумер атауын «ки-эме-гир» (земля благородного языка) (дәл аудармасы «киелі жер ана»– Ә.Ш.) деп аталған сөздің өзгеруінен іздеу керек дейді.

Ал енді біз осыған қатысты өз топшылауымызды келтірейік, жоғарыдағы зерттеулердегі келтірілген атаулардан «Кимер», «Канг, Канһа, Қаңлы» түбірлері көрініс беретін секілді. Үндестік заңын ысыра тұрып, шумер сөздігіне жүгіне отырып талдап көрелік. «Ki» - ки –жер деген мағынада қолданылады, ал «эn» - эн – қожайын, ие, иелік етуші (яғни, екі сөздің қосындысынан: «Ки-эн» түркілік- Кі(р) - ие, дәл мағынада Жер-ие (қазақтың «Кие» сөзі де иелікпен, жермен байланыстырылады) туындайды. Gi – ги(р) жинақтық ұғым береді. Сонымен: «Ши-жер-ие» - «Шилі жерлердің иелері» - «Шумер». Сонымен Шумер атауының бірнеше нұсқасын көрсеттік: Су-жер, Ши-жер (Шиелі), Ұлыс жері. Әрине, бұл талдаулар, болашақта басқа да көптеген нұсқалармен түсіндірілуі арқылы көбейе түсетіні анық.

Атауларды қоя тұрып шумерлер мен түркілердің жақындастығын олардың жазу-сызуларынан, наным сенімдерінен іздестіріп көрелік.

Ежелгі шумерлердің қаласы Э–Анада табылған жазба мұрағаттары жазбаға дейінгі кезеңнің (шамамен б.д.д. 3000 ж.) алғашқы дәуіріне жатады. Ойды белгілі бір суреттер мен шарты таңбалар арқылы беру жаңа тас ғасыры адамдарының табысы болып табылады. Міне сондықтан шумерлердің алғашқы таңбаларың жазу деп атауға келмейді, өйткені олар нақты сөзді немесе әріпті бере алмайтын, бұлар, оны баяндаушыға ой салатын түрткі, есте сақтауға тиісті белгі секілді болды. Бірақ таңбалар жетілдіріле келе, жеке ойды ғана емес, енді буынды, содан кейін әріпті білдіретін шартты белгілерге айналды.



Мысалы Эламда табылған саз таблицада «Әлемнің төрт тарабын» (шартарабын) бағындырған Шаркалишарриден кейінгі Қосөзен патшасы Кутик- Иншушинак (немесе Пузур), өзін Суздың қарапайым ғана билеушісі «ишши аккум» (энси) және Эламның шаккана аккумы (шаған) деп атаған, яғни біздің тілмен айтқанда – Суздың – ішкі немесе кіші әкімі, Эламның шаған немесе қаған әкімі.

5. Шивэт-Улан (Бағана тас)

6. Кутик-Иншушинак жазба таңбалары.

(Элам патшасы, б.д.д. ХХІІ ғ.)

Монголия территориясында табылған түркі дәуірінің көне жазбаларына жататын (5- сурет) бағана тастағы таңбалардың шумерлік (6-сурет) таңбалармен ұқсастығын осы суреттер арқылы байқауға болады. Ал бұлардың арасын қаншама ғасырлар бөліп жатқанына қарамастан, дәстүр мен жадтың сабақтастығының бұзылмай жеткеніне сүйсінбей тұра алмаспыз. Түркілердің есте сақтау қабілеті мен көшпенді ғұмырына сай мәдениетті тасымалудаушы әрекетінің зор болғандығы сөзсіз.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет