Сыныбы: 8 «а» Күні: Тақырыбы



бет2/3
Дата13.05.2017
өлшемі466,13 Kb.
#16235
1   2   3

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

«Екі жақты күнделік» стратегиясы (аудио запись арқылы сұрақ)

Берілген сұрақ

Біздің ойымыз

І топ

1) Климат дегеніміз не? Ол қандай климат құрушы факторларға тәуелді?Климаттың қалыптасуына географиялық ендік пен жер бедерінің ролі қандай?

1) Климат дегеніміз ауа райының көп жылдар бойы қайталанып отыратын типі. Ол жер бедерінің сипаты, мұхиттардың ықпалы, географиялық ендік, ауа массаларының қозғалысы және адам әрекетіне байланысты қалыптасады.

ІІ топ

2) Қазақстан қандай климаттық белдеуде орналасқан? Қазақстан аумағының мұхиттардан алыс орналасуы оның климатына қалай әсер етеді?

Қазақстан қоңыржай климаттық белдеуінің оңтүстігінде орналасқан. Қазақстанның 4 мұхиттан алшақ жатуы оның континенттік климатының басым болуына әкеледі.Күннің Жер үшін энергияның негізгі көзі екенін, Күн жер бетін, суды, мұхиттарды қыздырып, күн сәулесінің әсерінен өсімдіктерге фотосинтез процесі жүреді.


«Шындық , жалған» әдісі Географиялық диктант (интерактивті тақтамен жұмыс)

І топ

1. Ішкі күштерге литосфералық тақталар қозғалысы, жанартау атқылауы, жер сілкіну жатады. (Шындық)

2. Сыртқы кұштер әрекеттеріне мұздықтардың, ағын судың, литосфералық тақталардың қозғалысы жатады. (жалған)

3. Үгілу екіге бөлінеді: физикалық және минералдық. (Жалған)

4. Атмосфераның құрамы: азот – 78%, оттек – 21%, инертті газдар – 1%, көмірқышқыл газы – 0,03%. (Шындық)

5. Атмосфераның ең төменгі қабаты – стратосфера. (Жалған)

6. Жер бетінің Күн сәулесін кері шағылдыруы күн радиациясы деп аталады. (Жалған)

7. Ауаның абсолюттік алғалдылығын 1 м3 ауадағы болатын су буының мөлшерін айтады. (Шындық)

8. Ауа температурасының атмосферада таралуы мен оның үздіксіз өзгерістері атмосфераның жылу режимі деп аталады. (Шындық)

9. Қазақстан қоңыржай климаттық белдеудің солтүстігінде жатыр, сондықтан жылдың төрт мезгілі айқын білінбейді (Жалған)

10. Қазақстанның климаты 3 фактордан анықталады: күн радиациясы, атмосфералық церкуляяция, және жердің төсеніш беті. (шындық)

ІІ топ

1.Жер шарында бір-бірінен температуралық жағдайлары және ауа массаларының қасиеттері мен әсер ету аймақтары арқылы айырмашылық жасайтын белдеулер климаттық белдеулер деп аталады. (шындық)

2.Күн сәулесінің түсі ұзақтығы қазақстанда өте төмен 500-1000 сағат (жалған)

3. Жер шарында климаттық белдеулерді  белгілі климат зерттеуші Б.П.Алисов (шындық)

4. Негізгі және өтпелі климаттық белдеулердің шекаралары климат құрушы факторлар әсерінен



параллельдер бойына сәйкес келмейді. (шындық)

5. Жер бетіне түсетін күн сәулесінің 20 % гидросфера шағылыстырады. (жалған)

6.Жер шарында 13 климаттық белдеуді ажыратуға болады (шындық)

7. Күн радиациясының жер бетіне жетуі географиялық ендікке ғана емес, атмосфералық мөлдірлігіне және күн сәулесінің түсу ұзаұтығына да байланысты (шындық)

8. Жиынтық радиацияның біраз бөлігі жерге топырақ, су, қар жамылғысы арқылы сіңіп жылынады бұны шағылысқан радиация деп атайды. (жалған)

9. Тұрақты және жергілікті желдердің, ауа массаларының қозғалысына қалыптасуына , жауын-шашынның түсуіне атмосфералық қысым әсер етпейді (жалған)

10.  Қазақстан территориясында қоңыржай континенталды ауа массасы басым немесе Атлант мұхитынан қоңыржай теңіздік ауа массасы келеді. Солтүстіктенконтиненталды арктикалық, ал оңтүстіктен – континенталды тропикалықауа массасы келеді. (шындық)

Операциялық кезең Ізденуші үйымдастырушы
ІІІ .Жаңа сабақ «Атмосфералық церкуляциясы. Ауа массалары.»

Мұғалімнің қысқаша түсіндірілуі слайд арқылы толықтырады

Атмосфера әрқашан қозғалыста болады. Атмосфераның төменгі бөлігі тропосферада ауа ағындары пайда болады.



Ауа ағындарын құрайтын ауа массалары қозғалысқа түскенімен ұзақ уақыт өз қасиеттерін сақтай отырып, сол келіп жеткен аумақтың ауа райын қалыптастырады. Қазақстан атмосфералық циркуляциясының ерекшеліктері ғаламшарлық циркуляцияның әсеріне байланысты болады. Мысалы солтүстік жарты шардың үстіндегі ауаның зоналық циркуляция ағындары мұхиттық ауа массаларын батыстан шығысқа қарай қозғап, 2-2,5 тәулікте біраз өзгеріске ұшырай Қазақстанға жетеді. Осы кезде республика жеріде материктің орталығында орналасқанына қарамастан климаттың континенттігі азаяды. Сөйтіп, Қазақстанның жер бетіндегі атмосфералық циркуляциясы-жалпы циркуляцияның бір тармағы болып табылады.





Электронды оқулықтан тақырып қысқаша түсіндіріледі, әрмен қарай оқушылар жалғастырады.

«Ойлан-жұптас-бөліс» стратегиясы.




«Төрт сөйлем» әдісі

(Оқушылардың алдына кітаптің мәтіні беріледі сол мәтін бойынша «Төрт сөйлем» тәсілі арқылы тақырыпты ашу.

Сабақ соңында оқушылар өздерінің түсініку деңгейлерін бағалау үшін пікір-дәлел-мысал-қорытынды тапсырмаларды орындайды.)

І топ (постерге орындайды)

  1. Пікір

Мәтін бойынша туындаған өзіндік пікірлерін ашу

  1. Дәлел

Келтірілген өзіндік пікірді бір сөйлеммен дәлелдеп шығуы керек. Дәлел дегеніміз ұстанған көзқарасты логикалық тұрғыдан дәйектеу, негіздеу

ІІ топ. (постерге орындайды)

  1. Мысал

Енді келтірілген өзіндік пікірді тағы да бір негіздеп кету үшін бір сөйлеммен мысал келтіру қажет. Мысал өмірден, тәжірибеден алынуы керек: ақпарат көздеріне немесе көп таралған пікірлерге сілтеме жасау, практикада орын алған үрдіс, басқа адамдардың пікірі

  1. Қорытынды Өзіндік пікірлерін пысықтап, қорытынды шешім жасайды.


ІҮ. Сабақты бекіту.

І тапсырма «Кластер әдісі» (постремен жұмыс)

І топ ІІ топ




ІІ тапсырма «Кубик рубик» ойыны (6 жағында 6 тапсырма болады.)

Оқушының қызығушылығын арттырады,сөздік қорын дамытады, пікірталастыруға үйретеді


Каталог: uploads -> doc -> 0dc1
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0dc1 -> Білім беру саласы: Қатынас Бөлімі
0dc1 -> Сабақтың тақырыбы: Мезозой, кайнозой заманындағы тіршіліктің дамуы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет