Сөж грамматикалық сауаттылық негіздері Тақырыбы: Стиль және оның түрлері



бет3/3
Дата09.12.2022
өлшемі33,23 Kb.
#161943
1   2   3
Байланысты:
Грамматика СӨЖ
Қазақ тілі сессия 111
Көркем әдебиет стилі
Көркем әдебиет стилі проза, поэзия, драматургия саласында жазылған, оқиғаны сурет бейнесінде баяндайды, танытады, кейіпкердің бейнесі, әрекеті, сөзі, мінезі қатысып баяндалады. Жазушы идея тұтастығына керекті ой желiсiнде айтылатын сөйлемдердi, аса зер салып, талғап қолданады. Өйткенi сөз жалпы әдеби тілдің басты элементi болса, ол көркем әдебиет тiлiнiң эстетикалык, эмоциялык, экспрессивтiк кұбылыс суреттерiнiң болуы. Ол бояудын көріктілігі, көркемдiлiгi сөз қосағының құрамында сөйлем iшiнде айқындалып, окушының ойына әсерлі жарық сәулесін шашады. "Сөз қосақтары" дегенiмiз - теңiн тауып тіркескен сөздер тобы.Солар аркылы бейнелі ой айтылады, әсерлі сурет салынады, жансызды жандандырады, қысқасы - көркем образдар кұрастырады. Мысалы:
Жалт етiп құралай көз қарағанда,
Жанымнын жайлауындай жарасасын. (Қ. Аманжолов)
М. Балақаев «Қазақ тіл білімінің мәселелері» - Алматы: Арыс, 2008 173-б.


Ауызекі сөйлеу стилі
Ауызекі сөйлеу стилі- адамдардың күнделікті қарым-қатынаста қолданатын стиль түрі.. Күнделікті өмiр қажеттiлігiн өтейтін сөйлеу тiлiнде еркiндiлiк күшті болады. Сөз арасында диалектизм, тұрпайы сөздер де айтыла береді. Беттесе сөйлескен кiсiлердiң сөздері көбінесе сұрақ, сұраққа жауап түрінде, қысқа, тұжырымды болады. Сондықтан кейбiр сөздерді, сөз тұлгаларын толық түрiнде айтпай, сөздерді, сөз тұлғаларын «жұтып қойып» сөйлеу (барам,қып, ап т.б.)
Мысалы:
- Сәуле, қалайсың? ҰБТ- ға дайындығың қалай?
-Оу, сені көрмегелі.. Дайындығым күшті! Смело 140 деп отырм, сен ше?
М. Балақаев «Қазақ тіл білімінің антологиясы» - Павлодар:2010.-212б


СТИЛИСТИКАНЫҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Стилистика – тілдік тұлға-бірліктердің бәрін де (дыбыс- тарды, сөздерді, сөз тіркестері мен сөйлемдерді) құрылымдық тіл білімінің міндеттері тұрғысынан емес, қарым-қатынастың белгілі бір саласы мен мақсаттарына сай қолданыстық тұрғысынан зерттейді. Осыған байланысты стилистика ғылыми пән ретінде тіл ғылымының басқа салаларынан кейін барып пайда болды. Академик В.В.Виноградов стилистиканы «Тілдік құрал-дардың әсер ету сапаларын зерттей отырып, сөздік құрамдағы, сөз таптарындағы, синтаксистік құрылымдардағы синонимдік эквиваленттерді, варианттарды айқындай отырып, стилистика тілді зерттеудің өзіндік бір биік шыңы, ұлттық тілдік мәдениетті арттырудың теориялық негізі болып табылады».
Әлемдік тіл білімінде стилистиканың негізі қалануына cтилистикалық талдау әдістеріне байланысты жазылған В.Гумбольдт, А.А.Потебня, Ф.де Сюссор, Б.Д.Куртэнэ, М.М.Бахтин т.б. еңбектерінің ықпалы зор болды. Стилистика жеке ғылым саласы ретінде әуелі Ресейде ХХғ. 20-30 жыл- дарында-ақ қалыптаса бастады, әсіресе 50-ж. ортасында зерттеу ісі жанданып, функционалды стилистика деп аталатын ғылым саласы пайда болып, оны тілдің коммуникативтік, эстетикалық қызметімен, қолданылу мәселелерімен тығыз байланыста қарастыра бастады.
https://emirsaba.org/manabekova-v2.html?page=3
Тест тапсырмалары

1.Жазба тілдің стильдік тармақтарын көрсетіңіз.


А.Ауызекі сөйлеу стильі
В. Ғылыми стиль, сөз мәдениеті
С. жүйелі сөйлеу мәдениеті
Д. Көркем әдебиет стилі
Е. мақала, баяндама*
2. Ауызекі сөйлеу тілінің стильдік ерекшелігін табыңыз.
А. үндемей тыңдау
В. қарапайым сөздерді қолдану*
С. тіл тазалығын сақтау
Д. қыстырма сөздерді қолдану
Е. диалогке құрылмайды
3. Тілдесу үстіндегі қойылатын талаптар қалай аталады?
А. коммуникативтік талап*
В. грамматикалық талап
С. лексикалық талап
Д. мәнерлеп сөйлеу талабы
Е. ғылыми стиль тұрғыда
4. Бұлт көлеңкесімен түтеген дала үнсіз бағынып, жаңбыр күтуде еді. Жел ұйытқытып қара жолдың күлгін шаңын көкке көтерді. Мәтін қай стиль үлгісінде жазылған?
А. Ғылыми стиль
В. Ресми стиль
С. Көркем әдебиет стилі*
Д. мақала, баяндама
Е. ауызекі сөйлеу стилі
5.Стилистика қай тілдің сөзі?
А. Араб
В. Латын*
С. Орыс
Д. грек
Е. француз
6.“Ақуыз синтезі” қай стильге жатады?
А. Ғылыми стиль*
В. ауызекі сөйлеу стилі
С. Көркем әдебиет стилі
Д. публицистикалық стиль
Е. ресми стиль
7.Экспрессивті сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер, сөйлемдер, неологизмдер, сұраулы, лепті сөйлемдер қандай стильдің сипатына сай келеді?
А. публицистикалық стиль
В. Ғылыми стиль
С. ресми стиль
Д. Көркем әдебиет стилі*
Е. ауызекі сөйлеу стилі
8. “Айтпақшы”, “тәйірі”, “ұят-ай” сияқты сөздер қолданылатын стиль түрін анықтаңыз.
А. публицистикалық стиль
В. Ғылыми стиль
С. ресми стиль
Д. әдеби стиль
Е. ауызекі сөйлеу стилі*
9.Өмірбаян, кепілхат қай стиль түріне жатады?
А. публицистикалық стиль
В. Ғылыми стиль
С. ресми іс-қағаздар стилі*
Д. әдеби стиль
Е. ауызекі сөйлеу стилі
10. Сөйлемнің стилін ажыратыңдар. Керей хан (туған жылы белгісіз – 1473) – қазақ хандығының негізін қалаушы екі ұлы тарихи тұлғаның бірі, алғашқы қазақ ханы.
A. Көркем әдебиет стилі
B. Ресми ісқағаздар стилі
C. Публицистикалық стиль
D. Ғылыми стиль*
E. Ауызекі сөйлеу стилі
Тапсырма:
Құмырсқа – әлемдегі ең көп тараған жәндіктің бірі. Қазақ «құмырсқадай қажырлы», «құмырсқадай құжынаған», «құмырсқадай еңбекқор» деген тіркестерді бекер айтпаған. Олардың біз білмейтін қызық қыры көп. Оны ғалымдар зерттеп, бұқараға жеткізіп отыр.Құмырсқаларды зерттейтін ғылым – мирмекология деп аталады. Осы мирмеколог мамандардың құмырсқадай тынбай талаптанып, қайнаған тіршілікті зерттеуі нәтижесінде бізге олар туралы көптеген қызықты деректер белгілі болды. Құмырсқа жер жүзінде ең көп тараған жәндік. Әлемдегі ең құрметті мимекологтардың бірі Эдвард Уилсонның есебі бойынша, бүгін жер бетінде 10 квадрилиион, яғни онның 15 дәрежесіндей құмырсқа бар екен. Жан басына шаққанда, бір адамға миллион құмырсқадан келеді.
1.Мәтіннің тақырыбы қандай?
A. Мирмекологтар туралы B. Құмырсқалар илеуі туралы C. Құмырсқалар достығы
D. Құмырсқалар еңбегі Е.Жәндіктер туралы
2.Жан басына шаққандағы құмырысқа саны
А.Екі миллион B. Бір миллион C. Үш миллион D.Жарты миллион E. Бір жарым миллион
3. Мәтіннің стилі қандай?
А. Көркем әдебиет стилі B.Ғылыми стиль C. Ауызекі сөйлеу D.Ресми E.Публицистикалық
A. Мирмекологтар туралы B. Құмырсқалар илеуі туралы C. Құмырсқалар достығы
D. Құмырсқалар еңбегі Е.Жәндіктер туралы
2.Жан басына шаққандағы құмырысқа саны
А.Екі миллион B. Бір миллион C. Үш миллион D.Жарты миллион E. Бір жарым миллион
3. Мәтіннің стилі қандай?
А. Көркем әдебиет стилі B.Ғылыми стиль C. Ауызекі сөйлеу D.Ресми E.Публицистикалық

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет