Сөж грамматикалық сауаттылық негіздері Тақырыбы: Стиль және оның түрлері



бет2/3
Дата09.12.2022
өлшемі33,23 Kb.
#161943
1   2   3
Байланысты:
Грамматика СӨЖ
Қазақ тілі сессия 111
Стиль оның түрлері:
Ғылыми стиль
Ресми іс-қағаздар стилі
Көркем әдебиет стилі
Ауызекі сөйлеу стилі
Ғылыми стиль
Ғылыми стиль ғылыми еңбектерде,монография, оқулық, мақала, ғылыми есеп, ­диссертация, реферат, баяндама, тезис, патентте қолданылады. Көркем әдебиет тілі стилімен В. Г. Белинский ол екеуiнiң айырмашылығын аз сөзбен былайша дәл айкындайды: "Ғалым дәлелдейдi, ал жазушы суреттейді, философ силлогизмдер арқылы сөйлейді, ақын образдар, картиналар арқылы сөйлейдi, бiрак екеуiнiң де айтатыны бір нәрсе" Бұл стильдің негізгі ерекшелігі-ой күрделі баяндалып, анықтама дәлелдеме формулаларға негізделеді.Мысалы: Фотосинтез- жасыл жапырақ органоидтері,яғни хлорапласт арқылы Күн сәулесі энергиясының химиялық байланыс энергиясына айналуы .
М. Балақаев «Қазақ тіл білімінің мәселелері» - Алматы: Арыс, 2008 171-б
Ресми-іс қағаздар стилі
Ресми-іс қағаздар стиліне анықтама, мінездеме, шақыру билеті, шарт, бұйрық, міндеттеме жатады. Ол стильде жазылған документтер тiлiнде көрiктеу, көркемдеу элементтерiнiн жұмсалуы шарт емес. Ол бірсыдырғы қатал логикалық байланыстағы сөздер мен сөз тіркестерi, толымды, жақты сөйлемдер арқылы жазылады. Іс кағаздары мен қаулы-қарар тiлiнде, әсiресе, қаулы етеді, шешім қабылдады, деп ұйғарады, тапсырылсын, жауапка тартылсын, мiндеттелсін тәрізді біршама қалыптаскан дайын үлгiлердегi сөйлемдер мен сөз тiркестерi мол болады. Мысалы: Ленин партиясының басшылығымен өздерiнiң қажырлы творчестволық еңбегі арқылы коммунистiк кұрылыс жоспарларының орындалуын, социалистік Отанымыздың одан әрi гулденiп, көркейе беруін қамтамасыз етедi деп сенім білдіреді (Үндеу).
М. Балақаев «Қазақ тіл білімінің мәселелері» - Алматы: Арыс, 2008 170-б


Публицистикалық стиль
Публицистикалық стиль- (лат.- көпшілік, әлеумет) Қоғамдық кызметi - идеологиялык, күнделікті баспасөз газет-журнал тілі .Оның ауызша формасы - радио және теледидар. Сондықтан, оның сөздiк құрамы да, жазу стилі де өзге стильдер тiлiнен өзгеше. Мерзiмдi баспасөзде халық өмiрiнiң алуан түрлi мәселелерiн, шетел жаналықтарын сөз ететіндіктен, оның тiл жұмсау әрекетінде әр алуандық болумен қатар, бiрiздiлiк күштi болады. Мысалы: "Герман фашизмнің күлiн көкке ұшырған, теңдесі жоқ біздің жеңiсiмiздiң маңызын, тарихи мәнiн ешкім де, ешқашан да кеміте алмайды. Советтік Отанымызды, оның бостандығы мен тәуелсiздiгiн өзiнiң әр кеудесімен қорғаған, елiмiздiң даңқын асырған совет адамының асқан патриотизмi мен ерен ерлiгiн паш eтеді. "(Қазақстан коммунисі)
М. Балақаев «Қазақ тіл білімінің мәселелері» - Алматы: Арыс, 2008 172-б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет