Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы Шұқыркөл орта мектебінің «Балбөбек» шағын орталығы


Уыз - жаңа төлдеген малдың желініне жиналатын қою сүт. Уыз "сары уыз", "ақ уыз" деп екіге бөлінеді 2



бет5/9
Дата06.07.2018
өлшемі2,96 Mb.
#47441
1   2   3   4   5   6   7   8   9

1. Уыз - жаңа төлдеген малдың желініне жиналатын қою сүт. Уыз "сары уыз", "ақ уыз" деп екіге бөлінеді

2. Сары май - ірі қараның не серкенің терісінен тігілген саба, торсықта не болмаса ағаш күбіде дайындалады.

3. Айран - ұйытылған сүт. Оны қаймағы алынған сүттен де, алынбаған сүттен де дайындауға болады. Ол үшін сүтті 5 - 10 минут қайнатады, қанжылым қалыпқа түскенше суытады.

4. Қаймақ- піскен қаймақ, шикі қаймақ, бал қаймақ деген түрлері бар.

5. Қатық - сиырдың, қойдың, ешкінің қаймағы алынбаған сүтінен ұйытып әзірленеді. Шикі сүттен де ұйытуға болады. Қатық ұйыту үшін жылы сүтке ұйытқы құйып, ыдыстың бетін жауып, күн түспейтін жылы жерге 2 - 3 сағаттай қояды

6. Қойыртпақ - қатық, айран т.б. сусындарға сүт қосып ішетін тоқ сусын. Оны жолаушылар торсыққа құйып, қанжығаларына байлап жүрген. Қанжығадағы қойыртпақ көп шайқалады. Соған орай қанша ашыса да ашуы білінбейді.

7. Қорықтық (тасқорықтық) - тек қана қой-ешкінің сүтінен қойшылар өрісте жүргенде пісіріп ішетін тамақ. Ағаш тостаққа не саптыаяққа сауып алған қой сүтіне отқа әбден қыздырылған малта тасты бір-бірлеп салып отырады. Шикі сүт 2 - 3 минутта қайнап, піседі.

8. Құрт-Сабада жиналып пісірілген іркітті майы алынғаннан кейін түбіне май жаққан үлкен қазанға құйып қайнатады. Түрлері: жас құрт, сықпа құрт, малта, езген құрт, ұнтақ құрт, құрт-көже сияқты түрлері бар.

9. Ірімшік- сүтті қайнату арқылы әзірлейді.

10. Сүзбе - айраннан немесе қайналған іркіттен дайындалады. Сондықтан ол екіге бөлінеді:

1.Қатық сүзбе

2.Құрт сүзбе

Ашыған айранды, қатықты немесе қайнаған құртты кенеп дорбаға құяды да іліп қойып сорғытады. Содан ол өзінен-өзі сүзіліп, сұйығы ағып кетеді де, сүзбе түбінде қалады. Оны тұздап, малдың қарнына салып, кептіреді. Сүзбені жылдың кез келген маусымында езіп сорпаға, көжеге қосуға, сондай-ақ сүт, су қосып шалап етіп, сусын ретінде ішуге болады.



11. Іркіт - құрт қайнату, кейде майын алып, ірімшігін ішу үшін сабаға, күбіге жинап ашытқан айран - қатық, шикі сүт. Іркітті сиырдың, қойдың, ешкінің сүтінен дайындайды. Сиыр сүтінен дайындалған іркіт дәмді болады. Іркітті тамақ есебінде пайдаланудан басқа тері илеуге де қолданады.

12. Шалап - көбіне жаз айларында шөл басатын бірде-бір пайдалы сусын. Шалап дайындау үшін алдымен айран немесе шұбатты үлкен ыдысқа құйып алады да үстіне су қосады. Су қосқан соң қасықпен жақсылап араластырады. Бір литр айранға немесе бір литр шұбатқа бір литр су қосылады. Айран немесе шұбат ащы болса үстіне қосылатын судың да мөлшері өзгереді.

Сүт пен сүт өнімдерінен жасалынатын тағамдар :

Сүт пен сүт өнімдерінен жасалынатын тағамдар түрі әралуан.

Ботқалар (күріштен, ұнтақтан, сұлы жармасынан)

Ірімшіктен : ( сырниктер, пісірмелер т.б)

Тәтті тағамдар мен сусындар (балмұздақ , коктейль,желе, крем, йогурт)

Қамырдан ( құймақшалар, ватрушки, печенье)

Біз сүт және сүт тағамдарының пайдасы туралы көп білгіміз келді. Қандай жануардың сүтін адам қолданатынын анықтау.

Қай жануардың сүтін адам қолданады?

Әлемде ең белгілі сүт беретін жануар ол-сиыр.

Зерттеу жұмысынан біз сүт- баланың ғана емес ересектердің де тағам мөлшерінің негізі екенін анықтадық. Күніне бір кесе сүт – ол ғасырлармен тексерілген ұзақ өмір сүрудің бастамасы!

Сүт арқылы біздің ағза қажетті, сіңімді заттар алып, ағзаның дұрыс дамуына әсер етеді.

Сүттің өзін ішкің келмесе, сүт өнімдерін жеп көр: ірімшік, қаймақ, йогурт, айран, май.



Қызықты сүттің сырлары:

Ежелден сүт пен сүт өнімдері тағам ретінде емес, ем ретінде қолданған. Сүтті туберкулезбен ауырғандарға ем ретінде белгілеген.

Сүтпен ішкі ісіктерді, қабынуларды емдеген. Ангина, басқа да тамақ аурулар кезінде ыстық сүтке тұз қосып тамақтарын шайған.Тіс ауырғанда, тістің иектеріне жаққан.

Сүт халық косметикасында да белсенді қолданылған. Одан әжімдерге қарсы маскалар жасаған.

Техникада да сүтті кеңінен қолданған. Ертеде оны қабырға өрнегіне қолданған. Жоғары сапалы қызылкүрең түсті жасау үшін итбүлдіргеннің шырынынан сүтпен араластырып қолданған. Қабырға өрнектеуді да сүт пен бәйшешектен жасаған.

Ежелгі философтар сүтті «өмір шырыны» деп атаған.

Сүт улы заттарды зарарсыздандыра алады.

Біз қаншама мақалдар мен жұмбақтар білеміз?

Жылқы еті шекер, сүті бал.

Төрт бұлағы сүт

Баққанға ол құт (Жылқы)

Сұйық едi аппақ,

Бауырдай боп қатыпты,

Iшсең дәмi тәттi ақ. (Айран)

Аппақ су – дәмi тәттi,

Iшсең сусын қандырады,

Шөлдегенде қатты. (Қымыз)

Аппақ сұйық,

Қалса ұйып,

Шөлiң қанады,

Iшсең құйып. (Сүт пен Айран)

Ең мықты дәрi,

Жұрттың бәрi.

Аусап iшер,

Бал татыр дәмi,

Ненiң нәрi. (Шұбат)

Әжем уыстап сығып,

Далада кептiрген.

Қатты әрi тәттi дәмiн,

Кiм бар жеп көрген? (Құрт)

Мал төлдеп,

Әр ауыл


Пiсiрдi ақ бауыр. (Уыз)

Жобаның жұмысы мына оқу іс-әрекеттері негізінде жүргізілді:



Қатынас: «Үй жануарларының пайдасы» ашық сабақ



Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет