Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет4/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy
7 пед, 484885.pptx, Саяси шиеленіс..., мед карта 6 Сүйер Ә.Т, bahamsjjd, Рамазан күнделігі 2023 @Serikkalikyzy02, transfer-receipt-13 12296239562
Ел қалай орыстандырылды?
ойлары бойынша, осы «Абайды қазақты шоқындыру 
жөнінде өзіне көмекке, керекке жаратам ба деген 
үміт ойлап та қалды...
Мен бұдан былай Құнанбаевтан басқа адам 
жасаймын. Көрерсіз, Ресей империясына елеулі 
пайда келтіретін, біздің шіркеуге, зор қасиетті 
міндеттерін ада қылу жөнінде көмегі тиетін адам 
етемін! - деп осыдан ары жандаралдық әкімдігіне 
православие 
ш іркеуінің 
м иссионерлік 
әрекет 
мақсұтын қосып, ұзақ қиялдап кетті.
Иркут губрениясында, Якут облысында, Батыс 
Сібірде Барабин татарлары арасында, Минусин 
татарлары арасында жүргізілген бұратана елдерді 
шоқындырудың бірталай мысалдарын айтып өтті. 
Осы киргиздермен шектес Алтай ойраттарының да 
өз дінін тастап, христианствоны қабылдап алғанын 
айтты. Әділетін айту керек, Семейдің әскери жан- 
даралы бұл турада көп дерек жиған, анық мол 
мағлұматы бар әкім боп шықты.
Сол елдердің шоқынған тарихтарын еске ала 
отырып, жандарал сондай зор жауапты жұмыста 
жергілікті беделді князьдар мен ру басылардың, 
бектердің көп пайдасы тигенін айтты. Кейбір князь- 
дарды олардың көп пайдалы істер істегені үшін его 
императорское величество Петерборға шақырып, 
үлкен алғыстар білдіргенін айтты. Ол ғана емес, 
Иркутскінің және Батыс Сібірдің кейбір губернатор- 
ларын да осы жолда жақсы ізгілік іс істегені үшін, 
святейщей синод көп алғыс айтып мақтаған екен. 
Екі губернатор Петерборға шақырылып барып, көп 
сыйлықтар алыпты. Аса қадірлі монаршая милость 
жарияланғанын да жандарал еске алып өтті...


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
13
-
Өз халқым ортасындағы менің абыройым- 
ды, беделімді үлық дәрежелі әкімдер мұншалық 
ілтифатпен бағалайды деп ойлаған жоқ едім. Және 
халқыма менің ететін әсерімді осындай жолмен пай- 
далануды ұлықтар ойлар-ау деп күткен де емес 
едім...
Менің халқым діндар болмаса да, фанатик бол- 
маса да өздерін мұсылманбыз деп санайды. Оның 
тарихы, болашағы жақсылыққа ауысып өзгереді, 
өседі деп үміт еткенде, мен мүлде дінді өзгерту 
арқылы жақсылыққа жетеді екен деп ойлаған 
емеспін. Халқым шала мұсылман болса, мен өзім 
де сондай ғана мұсылманмын. Шала діндар күйінде 
күн кешемін. Бұл жасқа дейінгі өмірімде дін ұстазы, 
дін өсиетшісі болып көргенім жоқ. Сөйтіп мен нашар 
молда болған кісі едім. Енді менен «жақсы поп 
жасауға болады» деген сіздердің сенімдеріңіз 
қалайша туғанын әлі аңғарып болғаным жоқ...
Сөйтіп Лосовский Абайды ұта алмай, әзірше, 
ең 
алды мен, 
м иссионерлік 
міндетті 
алатын 
Құнанбаев ете алмай кетті...» (Мұхтар Әуезовтің 
әдеби-мемориалды музейі. Папка №9, 135-142-бет- 
тер) - деп жандаралдың аузымен жазушы патша 
үкіметінің қазақ елін православие дініне шоқындыру 
арқылы орыстандыру саясатын жүргізгенде, осы 
саяси мақсат кездеген әрекеттің айтулы идеологы 
болған миссионер ғалымдардың аты аталып, түсі 
түстеліп, жаңа ұрпақ алдына елуінші жылдар ішінде 
жаңадан таңбаланып көрсетілуінде мәселенің айс- 
берг сияқты ұшар басы айтылса да, су астындағы 
мол жағының танымдық зор мәселе екендігін біліп 
барып айтып отыр. Романда жанама түрде болса


14


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   214




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет