Статья посвящена вопросу формирования икт-компетентности учащихся



бет1/2
Дата02.07.2018
өлшемі340,9 Kb.
түріСтатья
  1   2
МЕДЕУОВ Е.Ө., БОСТАНОВ Б.Ғ., СӘЛҒОЖА И.Т.*
ӘЛ ФАРАБИДІҢ ЕСЕПТЕРІН ШЕШТІРУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ АКТ - ҚҰЗЫРЛЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Алматы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, * - докторант

Мақала сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ұйымдастыру және өткізу барысында оқушылардың АКТ-құзырлылықтарын қалыптасатыру мәселелеріне арналған. Сыныптан тыс жұмыстарды әлемдік ғылымның дамуына өзінің іргелі еңбектерімен үлесін қосқан, Қазақстан тумасы, әл-Фарабидің математикалық мұраларын оқыту туралы айтылған.
Статья посвящена вопросу формирования ИКТ-компетентности учащихся при подготовке и проведении с использованием современных информационно коммуникационных технологий внеклассной работы, посвященной изучению математического наследия аль Фараби – одного из величайших ученных раннего средневековья, уроженца Казахстана, чьи фундаментальные труды внесли существенный вклад в развитие мировой науки.
The article focuses on the formation of ICT competence of students in the preparation and carrying out of the use of modern information and communication technologies extracurricular activities devoted to the study of the mathematical heritage of Al Farabi Kazakh National University - one of the greatest scholars of the early Middle Ages, a native of Kazakhstan, whose fundamental works have made a significant contribution to the development of world science.
Кілттік сөздер. Акт – құзырлылық, әл-Фарабидің математикалық мұралары, сыныптан тыс жұмыс, ақпараттық құзырлылық.
Ключевые слова. ИКТ-компетентность, математические наследия аль Фараби, внеклассная работа, информационная компетентность.
Keywords. ICT competence, mathematical heritage of Al Farabi, class work, information competence.
Өз заманында «шығыстың Аристотелі» атанған ғұлама - Әбу Насыр Әл Фараби, халқымызға білімнің, ілімнің нәрін сепкен данышпа ойшыл, аса ірі тарихи тұлға. Әл Фараби бірнеше тілді меңгеріп, жүзден астам құнды еңбектер жазып қалдырған. Оның әлеуметтік-экономикалық мәселелерге, математикаға, философияға арналған трактаттары осы күнге дейін өзінің ғылыми маңыздылығымен құнды. Ол математиканы қолдану негізінде табиғат құбылыстарының сырын жазып шығуға болады деп тұжырымдаған. Оның математикалық трактаттары осы замандағы математика ілімінің негізі болып табылады [1]. Олай болса, жалпы ғылымның дамуына орасан зор үлес қосқан, оның кейбірінің негізін қалаушыларының бірі – әл Фарабидің математикалық мұраларын насихаттау, оларды оқушыларға оқыту қажет.

Бұл оқушылардың өз ата бабаларының дүниежүзілік ғылымда өз орны бар, данышпан, өте білімді болғандарын біле жүрсе, текті елдің ұрпағы екенін естеріне салады. Бабалар мұрасын оқыту өскелең ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеп, жастардың бабалар мұрасына деген құрметін арттырады. Оқушыларға олардың әлі де зерттелмеген мұралардың көп екендігін айтып жеткізу, оларды ғылымға баулып, қызығушылықтарын артырады, қабілетерін дамытуға өз үлесін қосады.

Әл Фараби бабамыздың математикалық мұраларындағы «Алмагестке қосымша» («Алмагест» б.з. 2-ғ. өмір сүрген Птоломейдің еңбегі, гректің ұлы астрономы) атты кітабында баяндалған математикалық астрономия мен географияның әр түрлі есептерін математикалық жолмен шешу қажетінен туған үлкен де жүйелі тригонометриясы, шығыста алғашқылардың бірі болып Птоломейдің «Алмагест» кітабына түсініктеме жазуы т.б. деректер, сызғыш, циркульсіз фигураларды бірнешеге бөлуі, құрастыруы, sin1° мәнін табу [2,3], геометриялық салу есептеріндегі - бұрыштың трисекциясын салу сияқты т.б. есептерін шығарту оқушының математика пәніне деген қызығушылығын тудырары сөзсіз. Ал, бұл деректер мектеп программасында, мектеп оқулықтарында айтылмайды.

Енді мұндай мәліметтерді қай уақытта, қашан, қандай мақсатпен оқытамыз деген сұрақтар туындайды. Бұл мәселені шешудің бір жолы ол – сыныптан тыс жұмыс, іс-шараларында оқыту. Қазіргі кезде, жалпы қоғамда, оның ішінде білім беру саласында жеке тұлғаның құзырлылығын қалыптастыру мәселесі өзекті тақырыптардың біріне айналды.

Құзырлылық ұғымы педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде пайда болды. Құзырлылық латын тіліндегі «соmpetens» сөзінің тікелей аудармасы. Белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір және қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді  түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді [4].

Ғалымдар құзырлылықты бірнеше кілттік құзырлылықтарға жіктейді. Ең кең таралғаны А. В. Хуторскийдің жіктемесі, ол келесі құзырлылықтарды ерекшелейді: құндылық-мағыналы; жалпы мәдени; оқу-танымдық; ақпараттық; коммуникативті; әлеуметтік-еңбек; тұлғаның өзін-өзі жетілдіру құзырлылығы.

Ақпараттық құзырлылық - нақты объектілердің (теледидар, магнитофон, телефон, компьютер және т.б.) және ақпараттық технологиялардың (Интернет, аудио- видеожазба, электрондық пошта және т.б.) көмегімен өз бетімен ақпаратты табу, іріктеу және ақпаратты талдау, түрлендіру, сақтай және тасымалдай алу.

«Ақпараттық құзырлылық» терминін көптеген авторлар жеке адамның қандай да бір ақпаратты өз бетімен іздеу, таңдау, талдау, ұйымдастыру, ұсыну және тасымалдай алу мүмкіндігі деп түсіндіреді. Мысалы, О. Г. Смолянинова ақпараттық құзырлылықты ақпаратты іздеу, алу, өңдеу, ұсыну мен тасымалдау, жалпылау жүйелеу және ақпаратты білімге айналдырудағы әмбебап тәсілдер деп қарастырады.

Біз оқушылардың құзырлылығы деп нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесінің сапалық көрсеткішін айтамыз. Құзырлылық оқушылардың бойындағы тек білімі ғана емес, сонымен қатар білімін практикада, болып жатқан үдерісте тиімді пайдалана алуы, тиімді шешім қабылдап, нәтижеге жетуі, ал ақпараттық-коммуникациялық құзырлылықтың оқу, тұрмыс және кәсіби бағыттағы міндеттерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті деп түсінеміз.

Олай болса, әл Фараби бабамыздың математикалық мұраларын оқушылардың АКТ-құзырлылықтарын қалыптастыру мақсатында информатикадан ұйымдастырылатын іс-шараларда оқытуымызға болады. Өйткені, біріншіден, бала ізденіп, ақпарат жинауы үшін – ол тың ақпарат болуы қажет, екіншіден қазіргі желі мүмкіндігінің жоғарылығына байланысты, желіде нақты жауап берілмеуі керек, үшіншіден нәтижеге жету үшін өзінің математика т.б. пәндерден алған білімдерін нәтиже алуға пайдаланады.

Сыныптан тыс жұмыстарда АКТ-құзырлылықтарды қалыптастыру туралы айтылған уақытта информатика және математика сабақтарының орны ерекше екендігі белгілі [5]. Ендеше осы информатика, математика сабағында оқу үдерісін әр құзырлылықты өз орнын табатындай етіп әл Фарабидің математикалық мұраларын пайдалана отырып қалай ұйымдастыруға болатынын қарастырайық.

Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері өте көп. Оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, алуан түрлі етіп ұйымдастыруға болады. Жалпы білім беретін орта мектепте алгоритмдеу ұғымымен танысып, программалау тілін 7-сыныптан бастап оқиды, 8-сыныпта программа құрып, есеп шығара алулары керек. Дегенмен стандарт бойынша белгіленген аптасына бір сағат программалау тілін оқыту аздық етеді. Бұл мәселені шешу үшін программалау тілінен қосымша сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастыру қажет. Мұндай жұмыстарды программалау тілінен алған білімдерін толықтырып, ары дамыту мақсатында ұйымдастырып, әл Фарабидің есептерін шешіп, программа құруға үйретуге болады. Мысалы, Әл-Фарабидің сегізінші кітабынан. «Төртбұрыштарды бөлу туралы» есебін алайық [3].



[І] Егер ол жазық фигурасын оның бұрыштарының бірі арқылы өтетін сызықпен қалай тең екіге бөлу керек десе, онда бұрышын аламыз да нүктесінде қиылысатын және сызықтарын жүргіземіз. Онда егер сызығы сызығына тең болса, онда сызығы фигурасын қақ бөледі. Міне оның суреті [1-сурет].

1Группа 17


Каталог: docs -> statia
docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»
statia -> Әл-Фарабидің салу есептерін заманауи математикалық білім беруде АҚпараттық технологияларды пайдаланып оқытудың Өзіндік ерекшеліктері


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет