Т 25 ғасырдан берi ғылыми ойды қызық-тырған мəселелердiң бiрi. Оған деген қызығушылықтың төркiнi адамдар бойында болатын дара өзгешелiктер. Əр адамның жан дүниесi өз алдына бiр болмыс



Дата21.01.2020
өлшемі24,04 Kb.
#56294
Байланысты:
реферат
турецкий язык, анализ политики, презентация, Египет мәдениеті, 5лекция слайд, 5лекция слайд, fizika-formuly-ege, Жоспар3, Жоспар3, Жоспар3, 158, Химический состав биогумуса, Химический состав биогумуса, ABDRAKHIMOVA A.O. Tezis 02 ,04,2018
Темперамент - 25 ғасырдан берi ғылыми ойды қызық-тырған мəселелердiң бiрi. Оған деген қызығушылықтың төркiнi - адамдар бойында болатын дара өзгешелiктер. Əр адамның жан дүниесi өз алдына бiр болмыс. Оның қайталан-бастығы, бiр жағынан, адам тəнiнiң биологиялық жəне физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екiншiден - əлеуметтiк ерекше байланыстар мен қатынастарға негiз бола алуында. Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрiнедi. Адамдар арасындағы көптеген психика-лық айырмашылықтар: эмоция тереңдiгi, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы-қозғалғыштығы - бəрi осы темперамент табиғатымен түсiндiрiледi. Дегенмен, осы күнге дейiн темперамент мəселесiнiң шешiлмеген, талас-тартысты қыр-лары баршылық. Бiрақ проблемаға байланысты көзқарас-тардың көптiгiне қарамай, ғалымдардың бəрiнiң мойындайтыны: темперамент - жеке адамның əлеуметтiк тұлға ретiнде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи iрге тасы. Темперамент көбiне адамға тума берiлген əрекет-қылығының ұдайы қозғалыстағы сипатын бейнелейдi. Сондықтан, темпераменттiк қасиеттер басқа психикалық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгерiске келе бермейдi. Назар аударарлықтай ерекшелiк, темпераменттiң əрқилы қасиеттерi бiр-бiрiмен кездейсоқ қосылмай, заңдылықтар негiзiнде түрлi темпераменттiң белгiлi құрылымын түзедi. Сонымен, темперамент- адамның психикалық əрекетiнiң нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиет-терiнiң жиынтығы. Бұл психикалық ерекшелiктер адамның барша iс-əрекетiнде оның мазмұны, мақсаты жəне септүрткiлерiне тəуелсiз бiрқалыпты көрiнедi, есейген шақта да өзгерiске түспей, өзара байланыста темперамент кейпiн өрнектейдi. Темперамент түрлерiнiң жақсы не жаманы болмайды. Олардың əрқайсысы өзiнiң ұнамды тараптарына ие, сондық-тан басты назар темпераменттi реттеп, түзетуге қаратылмай, нақты iс-əрекетте оның тиiмдi жақтарын саналы əрi өз орнымен пайдаланудың жолдарын табуға бағытталғаны жөн. Адам ежелден-ақ əрқилы тұлғалардың психикалық бiтiстерiн айыра танумен, олардың барлығын жалпыланған аз санды саналық бейнелер тобына бiрiктiруге тырысқан. Мұндай жалпыланған бейнелер бiрiгiмiн психология тарихында алғашқыдан темперамент типтерi деп атаған. Темпераменттер жөнiндегi ғылымның iрге тасын қалаған ежелгi грек дəрiгерi Гиппократ (б.э.д. V ғ.). Оның тұжырымы бойынша, адамдар төрт "дене шырындарының" қан, шырыш, өт, запыран - өзара қатынасымен ажыраты-лады. Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгi дүние дəрiгерi Клавдий Гален (б.э.д. II ғ.) алғашқы рет темперамент түрлерiне ғылымдық сипат бердi. Гален темперамент түрiн денеде жоғарыда аталған шырындардың бiрiнiң басымдылығымен байланыстырды. Ол бiздiң заманымызға дейiн жеткен темперамент атауларын белгiледi: сангвиник (sangius - қан), флегматик (phlegma - шырыш), холерик (chole - өт), меланхолик (melaschole - запыран). Гален ендiрген бұл ғажайып жаңалық кейiнгi жүзжылдықтар желiсiнде көптеген ғалымдар iзденiсiне күштi ықпалын тигiздi.

Темперамент түрлерiнiң кейбiр жалпы психикалық процестер ерекшелiгiне тəуелдi келуi И. П. Павлов жəне оның шəкiрттерiнiң еңбектерiнде экспериментальды дəлелденген. И. П. Павлов иттiң шартты рефлекстiк əрекет ерекше-лiктерiн зерттей отырып, олар қылық-əрекеттерiндегi даралық өзгешелiктердiң пайда болуына назар аударды. Мұндай айырмашылықтар ең алдымен иттердiң рефлекстiк қозулары мен сол қозулардың сөну теңдiгi мен дəлдiгiнен көрiнген. Бұл жағдайлардың көрiнуi жүйке процесiнде қалыптасатын тұрақты қасиеттер - қозу жəне тежелуге байланысты екендiгi жөнiнде эксперименттермен дəлелденген. И. П. Павлов темперамент типiнiң жүйке қасиеттерi ретiнде қозу мен тежелу күшiн, тепе-теңдiгiн жəне қозғалмалылығын атап көрсеттi. Қозу күшi мен тежелу күшi - бiр бiрiне тəуелсiз жүйке жүйесiнiң дербес қасиеттерi. Қозу күшi жүйке жасуша-ларының əрекетшеңдiк қабiлетiнiң белгiсi. Осы күшке орай жүйке төзiмдi, ұзақ не қысқа мерзiмдi əсерлi қозуды сақтай алады, тежелуге бейiмделедi. Ал тежелу күшi жүйке жүйе-сiндегi күштi əсерлердi басып, сөну жəне бiрiктiру шартты реакцияларын iске асыру қызметiн атқарады. Жүйке жүйесi процестерiнiң тепе-теңдiгi қозу мен тежелу құбылыстарының өзара бiрдейлiк сипатын көрсетедi. Осы екi процесс күштерiнiң аралық қатынастарынан, бiр процесс күшi екiншiсiнен басым болуынан тұлғаның ұстамды, байсалдылығы не ұстамсыз, ауыспалылығы туын-дайды. Жүйке жүйесiнiң үшiншi қасиетi - жүйке процесiнiң қозғалмалылығы - бiр жүйке процесiнiң екiншi түрiне ауысу жылдамдығында көрiнедi. Сонымен бiрге, жүйке процестерi-нiң қозғалмалылығы адам қылық-əрекетiнiң өмiр жағдайларының өзгеруiне сай қалыпқа ене алу қабiлетiн де танытады. Жүйке жүйесiнiң мұндай қасиетiнiң өлшемiн бiр əркеттен екiншiсiне, енжарлықтан белсендiлiкке немесе керi өту шапшаңдығымен бағалаймыз. Жүйке қозғалмалылығына қарсы құбылыс - жүйке жүйесiнiң селқостығы. Бiр процесс түрiнен екiншiсiне өту үшiн қаншалықты көп уақыт пен күш қажет болатын болса, жүйке жүйесiнiң селқостығы сонша үлкен болғаны. Аталған жүйке процестерiнiң қасиеттерi негiзiнде жүйке жүйесiнiң типi немесе жоғарғы жүйке қызметiнiң типi деп аталатын құрылым түзiледi. Бұл жүйе əр дара тұлғаның жүйке жүйесiне тəн негiзгi қасиеттер бiрлiгiнен құралады. Ол қасиеттер: қозу мен тежелу процестерiнiң күшi, тепе-теңдiгi, қозғалмалылығы. Осы үш қасиеттi негiзге ала отырып, И. П. Павлов жүйке процесiнiң күшiне орай жəне күштi тип пен əлсiз типтi айыра, дəстүрлi Гиппократ типологиясына жақын жүйке жүйесiнiң төрт негiзгi типiн ажыратты:



  • Флегматик

  • Холерик

  • Сангвиник

  • Меланхолик

Сангвиник

Сангвиник - жоғары дəрежелi əрекетшең адам, дегенмен, бұл əрекетшеңдiк оның белсендiлiк қасиетiне сай, қозу мен тежелуi тепе-тең. Назарын тартқанның бəрiне араласа кетедi, ым-ишарасы мен қозғалыс қимылдары мəнерлi, шапшаң. Сəл нəрседен қарқылдап күледi, болмашы себептен көңiлi қалып, мұңаяды. Бет-жүзiнен көңiл-күйi, заттар мен адамдарға болған қатынасы бiлiнiп тұрады. Сезiм-талдығы өте жоғары, сондықтан ол оншама əсерi болмаған дыбыстар мен жарыққа елеңдей бермейдi. Мұндай адам көтерiңкi белсендiлiкке ие, жұмыс қабiлетi мен қуатының жоғары болуынан жаңа iске қаймықпай кiрiседi, ұзақ уақыт талып-шаршамастан қызметiн жалғастыра алады. Зейiнiн таңдаған объектiне тез шоғырландырады, тəртiптi, қажет болса, өзiнiң ырықсыз əрекеттерi мен сезiмдерiне тоқтау, тиым бере алады. Əрекетi жедел, ақылы-ойы икемдi, тапқыр, сөйлеу қарқыны шапшаң. Сезiмдерi, көңiл-күйi, қызығулары мен ниеттерi өзгерген жағдайға байланысты жеңiл ауысып отырады. Сангвиник төңiрегiндегiлермен тiл табысқыш, жаңа талаптар мен жағдайларға икемшiл. Қиналмастан бiр iстен екiншiсiне ауыса алады, қажет болса, қайта үйренiп, жаңа дағыларды қабылдауға шебер. Əдетте, бұл типтi адам өткенi мен болашағын болжастыруда өзiнiң субъектив пайымдау-ларының жетегiнде қалып қоймай, көбiрек сыртқы əсерлердi объектив бағамдауға бейiм, экстраверт.



Холерик

Сангвиник сияқты жай əсерлерге берiлмейдi, əрекетшең жəне белсендi. Бiрақ холериктiң əрекетшеңдiгi белсендiлiктен басымдау, сондықтан ол ұстамсыз, шыдамсыз, қызба. Сангвиникке қарағанда салғырттау, икемi кемiрек. Осыдан - ниеттерi мен қызығулары тұрақтылау, табанды, зейiнiн ауыстыруы қиындау, сезiмi көбiне сырттай көрiнедi, сондықтан - толық экстраверт.



Флегматик

Флегматик - əрекетi енжар, сезiмталдығы мен көңiл шарпулары кем көрiнiстi. Оны күлдiру де, мұңайту да оңай емес, төңiректiң бəрi күлкiден жығылып жатқанда, ол мiзбақпас. Қай жағдайда да сабырлылығы мен байсалдылығын жоймайды. Ым-ишара жоқ, сөзi сылбыр, əрекетi жай. Жаңарған жағдайға икемделуi қиын, дағдылары мен əрекет-терiн өзгертуi ауыр. Солай да болса, флегматик өте қуатты, жұмыстан шаршамайды. Шыдамды, ұстамды, сезiмге берiлмейдi. Əдетте, жаңа адамдармен араласып кете бермейдi, сырттай əсерге төзiмдi. Бар бiлгенi iшiнде - интроверт.



Меланхолик

Өте сезiмтал, бiрақ əрекетшеңдiгi кем адам. Болмашы нəрседен көзiне жас үйiрiлiп, өкпелегiш, сырттай əсердi күйзелiспен қабылдайды. Ым-ишарасы жоқтың қасында, дауысы мен қозғалысы өте сылбыр. Əдетте, өзiне сенiмсiз, үркек, болмашы қиындықтан шегiнедi. Меланхоликтiң жiгерi кем, тез шаршайды, қызметi болымсыз. Зейiнi тұрақсыз, оның барша психикалық процестерi əлсiз. Көпшiлiк меланхоликтердiң өздерiнiң тұйықтығы мен адамдардан оқшаулануынан iшiне түйгенi көп - толық интраверт.



Мінез туралы түсінік

Мiнез - жеке адамның өзiне тəн қылық - əрекетiнде, тiл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшелiк-терiнiң жиынтығы. Мiнез нақты адамның шыншыл, адал, ақкөңiлдiгiне орай сипатталмайды, аталған сапалар - əртүрлi жағдайларды көрiнiс беретiн жеке адам қасиеттерi. Адам мiнезiн бiле отырып, оның алдағы ықтималды əрекеттерi мен қылық-тарын күнi iлгерi барластырумен оларға тиiстi реттеулер жəне түзетулер ендiруге болады. Мiнездi адамның қандай əрекетке келетiнiн жаңылмай, дəл айтуға болады. Мiнез құбылысын зерттейтiн ғылым- характерология ұзақ даму тарихына ие. Ғасырлар бойы бұл психология саласы мiнездер типiн саралап, адамның əртүрлi өмiр жағдай-ларындағы əрекет-қылығын болжастыру мақсатында əрқандай мiнез сипатын нақтылаумен шұғылданып келеді. Көп жағдайда мiнез жəне темперамент салыстырылып түсiндiрiледi, кейде бiрiнiң орнына бiрi қолданылады. Ал iс жүзiнде олай болмауы керек. Мiнез бен темперамент ұқсастығы адамның физио-логиялық ерекшелiктерiне, яғни жүйке жүйесiне болған тəуелдiлiктен. Қандай да мiнездiң қалыптасуында белгiлi жүйкелiк сипатты темперамент үлкен маңызға ие. Сонымен бiрге, темперамент жете дамығанда ғана мiнез бiтiстерi қалыптасады. Темперамент - мiнез дамуына негiз. Мiнездегi ұстамдылық - ұстамсыздық, қозғалғыштық - салғырттық т.б. тiкелей темпераментке байланысты. Бiрақ мiнез темпераментке бүтiндей тəуелдi емес. Бiргелкi темпераментке ие адамдарда əрқилы мiнез белгiлерi болуы мүмкiн. Темперамент ерекшелiк-терi қайсыбiр мiнездi дамытып, басқаларына шектеу қояды. Мысалы, холерикке қарағанда меланхоликтiң өзiне жiгерлiлiк пен жүректiлiктi дарытуы қиынға соғады. Ал холерик флегматик сияқты ұстамды бола алмайды, флегматик сангвиник ұқсап көпшiлiкпен тез тiл табысып кете алмайды, т.с.с. Мiнезi тұрақталған адамда темперамент дербес əрекет көрiнiсi болудан қалып, мiнез бiтiстерiне сай əрекет-қылықтардың iске қосылу динамикасын айыруға көмектеседi. Мiнез жəне темперамент бiтiстерi адамның бiртұтас келбет-кейпiнде өзара байланысқа түсiп, тұлға даралығының интегралды сипаттамасын бередi. Мiнез түрi өзiнiң құрамындағы бiтiстердiң жалпы сипатына тəуелдi келедi, ал бiтiстер негiзгi немесе жетекшi жəне қосалқы болып бөлiнедi. Негiзгiлерi адамның бағытбағдарын айқындауға ықпалын тигiзiп, яғни адамның тұрақты мiнезiнiң сипатын бередi де, қосалқылары мiнез қырларын толықтыра түседi. Мысалы, батылсыздық, қорқақтық жəне альтруистiк бiтiстердiң алғашқы екеуi жетекшi мəнге ие болса, онда адам секемшiл мiнездi келiп, бiреуге жақсылық, яғни альтруистiк қадамында жалтақшыл, күдiктi болуынан көздеген i сiне бара алмайды. Керiсiнше, альтуристiк қасиет басым келсе, алғы екi жағымсыз бiтiстердi қаймықпай басып, қайырымдылық iсiнде батыл мiнездi қадам жасайды. Мiнезде жеке бiтiстер жəне сапалармен қатар тұлға-ның қоршаған ортаға икемдесуiн қамтамасыз етушi жалпы қылық тəсiлi - мiнез типтерiн ажыртуға болады. Мiнез типiн анықтауда нақты адамдар мiнезiнiң жалпы да мəндi, өмiрлiк қажеттi тараптары ескерiледi. Мінез типтері:



  • Үйлесімді мінез типі

  • Іштей қарама қарсылықты бірақ сырттай келісімді мінез типі

  • Икемі кем қарама қарсылық мінез типі

  • Тиянақсыз мінез типі

Ұлттық мінез дегеніміз не?

Ұлттық мiнез адамдардың тарихи қалыптасқан бiрлес-тiгi мен iрi топтары болып саналатын этностың, үлттың, халықтың өмiр тiршiлiгi мен əлеуметтiк жағдайының түтастығы арқылы танылады. Əрбiр халық пен үлттың, этностың өзiндiк мiнез-құлықтарының ерекшелiктерi болатындығы - тарихи шындық жəне объектив фактор. Қазақ халқының түркi тектес өзге халықтардан ерекшеленiп түратын өзiндiк сипат-қасиеттерi бар. Ыбырай Алтынсарин еңбектерiнде өз халқының мiнез-қүлқына тəн бiрсыпыра қасиеттердi атап көрсет-кендi. Оның анықтауынша, қазақ халқына қарапайымдылық пен кiшiпейiлдiк, ашықжарқын көңiл мен кеңпейiлдiлiк, өзге нəсiлдi адамдарға деген достық жəне сыйластық көзқарас, қонақжайлылық пен пайымшылдық сияқты қасиеттер тəн. Сондай-ақ, олардың бойында өзге де мiнез-құлық сипаттары бар. Бұл орайда, қазақтардың өз жерi мен Отанына, туған елiне деген шексiз сүйiспеншiлiгi, мал шаруашылығымен айналасуға икемдiлiгi, меймандостығы мен балажандығы, өмiрдiң қиыншылықтары мен əдiлетсiз iстерге төзiмдiлiгi, сөз өнерiн ардақтауы, шешендiк қабiлетi, еңбексүйгiштiгi мен шыдамдылығы олардың жалпы ұлттық қасиеттерi болып табылады. Əрбiр ұлт пен ұлысқа, этнос пен тайпаға тəн қасиеттердiң жай-жапсары - əлеуметтiк психология саласы этникалық психологияның зерттейтiн төл пəнi. Адамның мiнез-құлқының өзгерiп отыруына əлеумет-тiк жағдайдың үнемi ықпал етiп, оның жаңа сапаларын қалыптастырып отыратындығы ғылыми түрғыдан анықтылған тарихи шындық жəне объективті фактор.



Қабілет дегеніміз не?

Қабілет - деп эр адамның белгілі іс-әрекет түріне икемділігін айтады немесе қабілет дегеніміз-мақсатқа бағытгалған, тэлім-тәрбие жұмысына байланысты адмның бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі жэне оны нэтижелі етіп атқаруы. Адамның кабілеттілігі оған ықпал етіп отыратын тәлім-тәрбиеге орай әрбір адамда түрліше сипатта өтеді. Адамның қабілеттілігі оған ықпал етіп отыратын тэлім-тәрбиеге орай әрбір адамда түрліше сипатта өтеді. Адамның қандай да болмасын белгілі бір іс-әрекет түріне кабілетті болуы мынадай екі түрлі көрсеткіш арқылы анықталады: 1. Іс-эрекетті тез өзгерту. 2. Іс-әрекетті тез орындау нэтижесінің сапасы.

Әрбір адамның іс-әрекетті орындау тәсілі сол адамдардың психикалық таным процесінің даму ерекшеліктеріне, жүйке жүйесі талдағыштарының жүмысына, сезім мүшелерінің сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп, қабылдау жылдамдығына жэне адамның даралық қасиетіне байланысты.

Қабілеттшік - адамдағы жеке-дара өзіндік ерекшелік, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығып көрсететін психологиялық сипат. Қабілеттің мұндай сипаттарын былайша түсіндіруге болады. Мысалы, саусақтарының салалы болуы-кебінесе музыканттарға, ал бойшаң болып келу-баскетболшыларға тән ерекшелік. Адам бойындағы ерекшеліктср қабілеттіліктің тек белгілі бір іс-эрекетке орай табыска жетуге көмектесетів белгілері гана. Қабілеттілікке аса қажетті қасиет, мыс: музыка саласында әуенді есту мен ырғакты сезу, оларды бір-бірінен айыру болып табылады. Кез-келген адамның екі-ұш түрлі іс-эрекетті атқаруға бейімділігі болады. Бүл-адам қабілетінің жалпы түрі, өмір сүруі мен тіршілік етуге деген икемі жэне әрекетшіл көрілісі. Жалпы, кабілет адамның жеке басының әрекетімен байланысты түрде жүзеге асады. Адамның даралық ерекшеліктерінен оның арнаулы қабілеті де аңғарылады. Қабілеттің арнаулы түрі белгілі бір істі үздік орындаудан, оған деген ықылас-ынтадан, дағды мен икемділіктен айкын көрінеді. Әр адамньщ іс-эрекеттің бір түріне икемді болуы онын сол эрекетті орындауы үстінде, әсіресе, істің нэтижесінен анық байқалады. Бүл-адамдардың даралык ерекшеліктері. Арнайы жүргізілген зерттеулердің көпшілігі адамның кабілеті ата тегіне, яғни түқым куалау факторына байланысты деген көзқарасты қолдайды. Бүл көзқарас бойынша, эр адамның қабілеті оған туа берілетін өзіндік табиғи қасиет.

Дегенмен, кабілетті адамда тек туа пайда болатын қасиет деген дұрыс емес, себебі кабілет- адамның даралық психологиялык ерекшелігі. Ал туа пайда болатын нәрсе-қабілеттің дамуына негіз болатын анатомиялык жэне физиологиялық ерекшелік нышан. Өмiр бақылаулары мен арнайы зерттеулер қабiлеттiң табиғи берiлетiнiн қалтқысыз дəлелдеп отыр. Қабiлеттердiң тума берiлмейтiнiн мойындаумен бiрге психология белгiлi iс-əрекеттi табысты орындаудың шарты болатын ми құрылымы-ның тума ерекшелiктерiне шек келтiрмейдi. Қабiлеттер дамуының табиғи негiзi болған мидiң құрылымы, сезiм мүшелерi мен қозғалыстардың анатомиялық-физиологиялық нəсiлдiк ерекшелiктерi нышан деп аталады. Шын мəнiнде, адамдар арасындағы табиғи айырмашылықтар оларда қалыптасқан дайын қабiлеттерде емес, дəл осы нышандар көрiнiсiнде. Нышандар қабiлет дамуының бастауы болғандықтан, адам-ның барынша жетiлiп, кемелдену жолу осы екi құбылыстың өзара ұштасып, байланысқа келуiнен болады. Нышанның арқасында дамығанымен, қабiлет сол нышанның өзiндiк қызметiнен туындамайды, ол нышаннан бастауын ғана алған даму процесiнiң нəтиже жемiсi.

Адам қабілетінің даралық ерекшеліктері

Адам қабiлетiнiң даралық ерекшелiктерiне дарындылық, шеберлiк, талант, данышпандық, шабыт кiредi.

1.Əртүрлi iс-əрекеттер аймағына қажет бiлiм, ептiлiк-дағдылар бiрлiгiн жеңiл əрi нəтижелi игерудi қамтамасыз етушi жалпы қабiлеттер ерекшелiгiн дарындылық деп атайды. Дарындылық əрбiр адамның ақыл-сана, оқу, шығармашы-лық, көркемөнер, адамаралық қатынастар түзу жəне психо-моторлық қызметтерiнде көрiнiс бередi. Дарынды адамдарға тəн қасиеттер: зейiндiлiк, жинақылық, тұрақтылық, əрқашан қызметке дайын болу; мұндай тұлғалар, сонымен бiрге, мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте шаршап шалдығуды бiлмейдi, басқалармен салыстырғанда интеллекттiк деңгейi анағұрлым жоғары.

2. Нақты iс-əрекет аймағында өте жоғары деңгейге көтерiлген қабiлет - шеберлiк деп аталады. Шеберлiк, яғни бiр iс-əрекет аймағында жоғары жетiлгендiк үлкен де қажырлы еңбек негiзiнде пайда болады.

3. Адам қабiлетiнiң ерекше даралық сипатын көрсететiн психологиялық құбылыс талант.Талант - көптеген қабiлеттердiң байланысы, бiртұ-тастығы. Өте жоғары дамыған, бiрақ оқшауланған бiр қабiлет талант дəрежесiне көтерiле алмайды. Мысалы, кейбiреулер 10 қаналы не оданда көп санды лезде көбейтедi не бөледi, бiрақ математик емес, бола алмайды да.

4. Қабiлеттердiң даму барысындағы ең жоғары, шыңдалу деңгейi - данышпандық деп аталады. Шығармашылық қызметi қоғам өмiрiнiң бiр дəуiрiнде, адамзат мəдениетiнiң тарихында белгiлi iз қалдырған адам ғана данышпан бола алады.

5. Адамның шығармашылық iс-əрекетiнiң аса табысты болуына себепшi рухи көтерiңкiлiк пен ерекше күш-қуат туындайтын кезеңдер болады. Бұл жағдайдағы адамды жаңа идеяларға жетектеп, оларды iске асыруға ынталандыратын психологиялық қалып шабыт деп аталады. Шабыт шығарма-шыл тұлғаның жоғары белсендiлiгiнен, оның iсəрекетiнiң жемiстiлiгiнен, жасампаздық ептiлiгiнен, жаңалық ойлап табу қызметiне толық берiлуiнен көрiнедi.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Жантану негіздері- Сәбит Бабаев

Жалпы психология- Қ.Б Жарықбаев

Жалпы психология оқу әдістемелік кешен -Наренова А.Б



Дайындаған :Айдынғали Сафиянұр Русланқызы

Факультет :Биология және биотехнология

Группа :1903

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет