Табылған жері Африка (Кения жеріндегі Олдувай шатқалы) 1 млн 750 мың жыл



бет13/19
Дата14.04.2020
өлшемі0,92 Mb.
#62510
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
Байланысты:
тарих
0001b39f-8b33bf15




Қазақстан жаңа экономикалық саясат жылдарында ЖЭС-ке көшу
Империалистік, азаматтық соғыс Қазақстан халқының шаруашылығына ауыр шығын әкелді. Мемлекеттің 250 кәсіпорны ғана жүмыс істеді (барлығы 307).

Мұнайдың өндірілуі 4 есеге, Қарағанды көмірінің ендірілуі 5 есеге қысқартылды. Шаруашылық өнімінің 6,3%-ы ғана өнеркәсіптін, үлесінде болды. 29,9 млн мал-дан 16,3 млн мал ғана қалды.

1921 жылы наурызда коммунистік партияның X съезі азық-түлік салғыртынан азық-түлік салығына, әскери коммунизмнен жаңа экономикалық саясатқа көшу жөнінде қаулы шығарды.

ЖЭС-тің мәні

1. Саясатта бір партиялық-тоталитарлық режим.

2. Экономикада әкімшілік-нарықтық шаруашылық. 1921 жылы маусымда Қазақстанда жаңа экономи-

калық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды.

Ашаршылықпен күрес

Жаңа экономикалық саясатқа көшу барысында қиыншылықтар көп болды.

1921 жылы жаз айларында Қазақстан жерінде құрғақшылық кесірінен ашаршылық басталды. Республика халқының 1/3-і аштыққа ұшырады.

Ашыққандар саны:

1921 жылы қарашада 150800 адам,

1922 жылы наурызда 2303200 адам болды. Ашыққан адамдар Орынбор, Орал, Бөкей, Қостанай,

Ақтөбе губернияларында көп болды.

Аштықтың тағы бір себебі азық-түлік отрядтарының ауыл шаруашылық өнімдерін алып кетуі болды. Ауыл шаруашылық өнімдерін Москва, Петроград, Қазан, Са-марасияқты орталық қалаларға жіберді. Мысалы, Семей, Ақмола губернияларындағы ауыл шаруашылық өнім-дерінің 80%-ын алып кетті.

Кеңес өкіметі Қазақстандағы аштыққа ұшыраған халыққа көмек көрсете бастады:

- БОАК егіннің өнімі аз өңірлердегі халықты азық-түлік салығынан босатты;

- 1921 жылдың 14 маусымында көшпенді, жартылай көшпенді халық ет салығынан босатылды;

- 1922 жылы 4 тамызда Қазақстанға ауыл шаруашы-лық техникасын сатып алу үшін 25 млн сом, мал сатып алу үшін 2 млн 131 мың сом бөлінді;

- Түркістан үкіметі ашықкдн адамдарға 2 млн пұт астық беріп, 20 мыңдай аштыққа ұшыраған халықты қабылдады.

Жер-су реформасы

1921 жылы сәуірде бүрынғы казактарға берілген жерді қазақтарға қайтару туралы декрет нәтижесінде Ертіс өңірінен 177000 десятина жер қазақтарға берілді.

1921 жылы Жетісуда жер-су реформасы жүргізілді. Нәтижесінде 460 мың десятина жер қайтарылды.

1921 жылы құрылған кедейлердің «Қосшы» одағы жер реформасын жүргізуге ат салысты.

Жер-су реформасын жүзеге асыру жолында С. Мең-дешев, Ә. Жангелдин, С. Сейфуллин көп еңбек сіңірді.

1921-1922 жылдардағы жер-су реформасы ескі жүйені жойды.

ЖЭС-тің қиындықтары мен табыстары

Ең алдымен салық мөлшері жеңілдеді. Мысалы, 1927-1928 жылдары өнімнің 1 /13-і салық ретінде алынды, салықтың ауыртпалығы байлардың мойнына түсті.

Салықтан жиналған қаражат ағарту, мәдениет, өнер-кәсіп салаларынат.б. жүмсалды.

Мемлекет халыкка ауыл шаруашылық техникасын сатып алуға көмектесті. Мысалы, 1924-1925 жылдары 415 трактор сатып алынды. Қазақстанның егістік көлемі 1928 жылы 4 млн гектарға жетті. 1928 жылы мал саны 41 млнболды.

ЖЭС нәтижесінде республикада 650 ауыл шаруашы-лық артелі мен 103 коммуна жүмыс істеді.

Өнеркәсіп саласында да біраз өзгерістер болды. Респуб-ликада аса ірі «Атбасцветмет», «Эмбанефть», «Алтайполи-металл» трестері құрылды.

Олардың құрамына республиканың ірі өнеркәсіп орындары кірді.

Өнеркәсіті калпына келтіру кезещ республикада 1928 жы-лы аяқталды.

Қазақ Кеңес мемлекетін құру үшін қазақжерлерін бір республикаға біріктіру қажеттілігі туды.
Қазақ жерлерінің ҚазАКСР құрамына біріктірілуі
1920 жылы 7 шілдеде Орынбор қаласы Қазақстан құрамына енгізілді.

1920-1924 жылдары Орынбор қаласы Қазақ АКСР-ның астанасы болды.

1920 жылы 9 тамызда БОАК мәслихатында Қазақстан территориясы туралы мәселе қаралды.
Сонымен Қазақ АКСР күрамына кірген жерлер:
1. Семей облысы - Өскемен, Семей, Зайсан, Павлодар, Қарқаралы уездері;

2. Ақмола облысы - Көкшетау, Ақмола, Атбасар, Петропавл уездері;

3. Торғай облысы - Қостанай, Ырғыз, Торғай, Ақтөбе уездері;

4. Оралоблысы- Гурьев, Ілбішін, Темір, Орал уездері;

5. Бөкей Ордасы, Маңғыстау уезі - Красноводск уездерінің Адай болысы, Астрахань губерниясының бір бөлігі.

Қазақстанның оңтүстік өңірінің казақ мемлекетіне қосылуы көп ұзамай аяқталды.

Қазақстан құрамына кірген жерлер: Сырдария облысының Ақмешіт, Түркістан, Қазалы, Шымкент, Әулиеата уездері, Ташкент, Мырзашөл уездерінщ біраз жерлері; Жетісу облысының Алматы, Лепсі, Жаркент, Қапал уездері.

Республика жер көлемі 2,7 км2. Республика халқы 5 млн 230 мың адам. Республика халқының 61,3%-ы қазақтар болды.


Қоғамның саяси өмірі
Коммунистік партияның беделі өсті. 1925 жылы өлкелік V партия конференциясы болды. Ауыл тұрғындарын партия қатарына кіргізу ісі өріс алды. 1927 жылы 1 қаңтарда коммунистік партияға мүше шаруалардың саны 16854 адам болды.

1932 жылы коммунистік партияның қалыптасу кезеңі аяқталды.

Бірақ коммунистік партия бірте-бірте әміршіл жүйемен жұмыс істей бастады.

1921 жылы шілдеде Орынбор қаласында жастар ұйымы Қазақстан комсомолының бірінші съезі өтті. Қазақ комсомолының ұйымдастырушы көшбасшысы Ғани Мұратбаев болды. Түркістан комсомол ұйымының төрағасы, комсомолдың шығыс бөлімінің меңгерушісі Ғани Мұратбаев 23 жасында дүниеден өтті. Қазақстан жастар ұйымының жұмысына Қ. Тәштитов, М. Төлепов, Ф. Рузаев белсене қатысты.


1921 жылы 1 қаңтарда Қазақстан кәсіподақ ұйымы құрылды.
Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің беделі күшейді. ҚОАК бір жылдық мерзімге сайланды. Бұрынғы үстем тап өкілдері мен діни қызметкерлер сайлау құқығынан айырылды.

Қалыңмал мен моногамияға (көп әйел алу), әмеңгерлікке тыйым салу туралы қаулы қабылданды.

Қазақстанда әйелдер қозғалысын дамыту бағытында А. Оразбаева, Н. Құржанова, Н. Арықова, Ш. Иманбаева көп еңбек сіңірді.

1922 жылы Ә. Жангелдин бастаған «Қызыл керуен» ірі экспедициясы Орынбордан Семейге дейін жүріп, Кеңес өкіметінің декреттерін, коммунистік партияның саясатын насихаттаған.

1921 жылы қаңтарда Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі «Қазақ және орыс тілдерін қолдану туралы» декрет, 1923 жылы Қазақстан Орталық Атқару Комитеті «Қазақ тілінде іс жүргізуді енгізу туралы» декрет қабылдады.

1928 жылы республикада ауылдан, ауданнан, округ пен орталықтан тұратын 4 сатылы басқару жүйесі енгізілді.

1929 жылы Қазақ АКСР-ның астанасы Қызылордадан Алматы қаласына көшірілді.



Қазақстан елді индустрияландыру кезеңінде индустрияландыруға бағыт алу
Қазақстанда индустрияландыру ісі 1928-1932 жылдары өтті. 1928-1932 жылдары халық шаруашылығын дамытудың 1-бесжылдығы болды.

Бұған дейін Қазақстанда Қарағандыдағы көмір кен орындары, Ембідегі мұнай өндірісі, Алтайдағы түсті металлургия сияқты санаулы ғана өнеркәсіп орындары болды. Жалпы, өнімнің 84,4%-ы ауыл шаруашылығына тиесілі болды. Елді индустрияландыру үшін ауыр өнеркәсіпті, оның ішінде машина жасау саласын, кен өндірісі орындарын, теміржол жүйесін дамыту керек болды. КСРО индустрияландырудың жоспарына Қазақстан да енгізілді.


«Кіші Қазан» саясаты. С. Сәдуақасов пікірі
Индустрияландыруды жүзеге асыру жолында әкімшіл-әміршіл саясат қатты бұрмалады. 1925-1933 жылдары Қазақстан коммунистік партия комитетінің бірінші хатшысы Ф.И. Голощекин болды. Ф.И. Голощекин Қазақстанда Қазан революциясы болған жоқ, сондықтан қайтадан революция жасау керек деп шешті. Осы ойын іске асыру мақсатында ол «Кіші Қазан» төңкерісін өткізу идеясын ұсынды. Бұлұсынысты И.В. Сталин қолдады. Ф.И. Голощекин Қазақстанды одақтық шикізат базасы ретінде индустрияландыру бағытын ұстанды. Ф.И. Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясына алғашқы болып С.Сәдуақасов қарсы шықты. С. Сәдуақасов Қазақстанды шикізат базасы ретінде пайдалануға ашық түрде қарсы тұрды.
Өлкенің табиғи байлықтарын зерттеу
Индустрияландыруды жүзеге асыру мақсатында қазақ жерінің табиғат байлықтарын зерттеу басталды.

Н.С. Курнаков бастаған геологтар Орталық Қазақстанның табиғи ресурстарын зерттеді. И.М. Губкин Орал-Ембі ауданында мол мұнай қоры бар екенін дәлелдеді. Қ.И. Сәтбаев Жезқазған мыс кен орнының мол байлығын анықтады.


Индустрияландыруды жүзеге асыру

Түркісіб құрылысы 1927 жылы Туркістан-Сібір теміржол құрылысы басталды.

Түркісіб теміржол құрылысының басшылары:

В.С. Шатов - құрылыс бастығы,

Н. Нұрмақов - кұрылысқа жәрдемдесу комиссиясының басшысы,

Т. Рыскүлов - РКФСР үкіметі жанындағы құрылысқа жәрдемдесу комиссиясының басшысы.

Теміржол құрылысында 100000 адам жұмыс істеді. Түркістан-Сібір теміржолы 3 жылдың ішінде салынып бітті.

1930 жылы 28 сәуірде Айнабұлақ станциясында жолдың екі жағы түйісті.

1931 жылы қаңтарда Түркісіб теміржолы пайдалануға берілді.

Түркістан-Сібір теміржолы Орта Азияны Сібірдің экономикалық өңірімен байланыстырды.

Индустрияландыру бірінші жағынан Кеңес халықтары күшімен жүзеге асса, екінші жағынан орталықтың әкімшіл-әміршіл жүйесі негізінде жүргізілді.

Соғысқа дейін Қазақстанда Ембі мұнай өндіру орындары, Қарағанды көмір кен орындары, Жезқазған, Балқаш мыс комбинаттары, Шымкент қорғасын зауыты т.б. ірі кәсіпорындар салынды.

Жалпы, Қазақстан Орал мен Сібірдің ірі өнеркәсіп орындарын шикізатпен, пайдалы қазбалармен қамтамасыз етті.

Қазақстанды индустрияландырудың басты міндеттері орындалмады. Себебі Қазақстанда көбінесе өндіруші өнеркәсіптер салынғанымен, өндеуші өнеркәсіп дамытылған жоқ.
Индустрияландыру ерекшеліктері
Индустрияландыру Қазақстанда, негізінен, жоғарыдан жүргізілді.

Қазақстанда салынған өнеркәсіптер дайын өнім шығармады. Шикізатты, негізінен, Ресей мен Украина өнеркәсіптеріне тасыды.

Урбанизация күшейіп, 1930 жылы қала халқының үлесі 29,8% болды.

1935 жылы республикадағы жұмысшылардың 43%-ы қазақтар болды.

1939 жылы республикадағы қала халқының саны 375000-ға дейін жетті.

Индустрияландырудағы жұмысшылар еңбегі

Қазақстан өнеркәсіп орындарына Мәскеу, Ленинград, Донбасс т.б. ірі енеркәсіп орталықтары мен жұмысшы топтары көмек көрсетті.

Жаңа техниканы меңгеріп, жаңадан салынған өнеркәсіпте істейтін мамандарды даярлау керек болды.

Бұл үшін көптеген қазақ жұмысшылары кәсіби білім алу үшін Мәскеу, Ленинград, Донбасс, Баку өнеркәсіп орындарына жіберілді.

Алғаш Түркісіб құрылысына қара жұмысшы ретінде қатысқан Д. Омаров кейіннен Түркісіб бастығы, ал Т. Қазыбеков «Қазақ көлік құрылысы» тресінің бастығы болды.

Жаңа техниканы меңгеру барысында Донбасс забойшысы А.Г. Стахановтың рекорды насихатталды.

Стахановтың қазақ жеріндегі ізбасары Қарағанды кеншісі Түсіп Күзембаев болды.

Сәфи Өтебаев, Мелдебек Сағымбеков, Ахметжан Сафин, Зағира Табылдинова - Қазақстандағы индустрияландыру ісінің үздіктері.

Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру

Қазақ ауылы ұжымдастыру қарсаңында

ЖЭС-ті жүзеге асыру мәселесі шаруашылыққа біраз өзгерістер әкелді. Ең алдымен кооперативтік қозғалыс дамыды.

Ұжымдастыру қарсаңында 1072 ұжымдық шаруашылық жұмыс істеді. 1929 жылы республикадағы мал саны 40,5 миллионға дейін жетті. Бірақ Ф.И. Голощекиннің «ауылды кеңестендіру» бағыты игі нәтижелерге кері әсер етті.

1928 жылы 27 тамызда Қазақ АКСР-ның Халық Комиссарлар Кеңесі мен Орталық Атқару Комитеті «ірі бай шаруашылықтарын, жартылай феодалдарды конфискелеу және жер аудару» декретін қабылдады. Нәтижесінде 657 бай жер аударылып, олардан 145 мың мал алынды. Малдар, негізінен, колхоздарға берілді. Көптеген орташа шаруалар байлардың қатарына жатқызылды.
Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру
Коммунистік партияның XV съезінде ауыл щаруашылығын ұжымдастыру бағытын қабылдады. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ісінің аяқталуы. 1932 жылға жоспарланды. Қазақ жерінде колхоз құрылысы 1922 жылдан бастап кеңейген еді.

Ұжымдастыру ісіне көмек ретінде ауылды жерлерге 8000 жұмысшы жіберілді. 25 мыңдықшылар деп аталған 1204 «ұжымдастырушы» Мәскеу, Ленинград сияқты орталыктардан жіберілді.

Ауыл шаруашылығының ұжымдастырылуы өте қатал жағдайда жүргізілді. 1931 жылы көшпенді және жартылай кешпенді шаруаларды жаппай отырықшылдандыру жөнінде міндет қойылды. Ұжымдастыру жедел және жоспарсыз жүргізіле бастады.

1928-1931 жылдардағы ұжымдастыру барысы:

республика шаруашылығының 1928 жылы 2%-ы,

1930 жылы сәуірде 56,4%-ы,

1931 жылы қазанда 69%-ы ұжымдастырылды. Ауыл шаруашылық өнімдерін және малдарды күшпен алды.

Мысалы, 1931-1932 жылдары Шұбартау ауданында малдың 80%-ы етке өткізілді. Балқаш ауданынын. халқына 297000 малға салық салынды, ал Балқаштың барлық малы 173000 ғана болды. Торғайдағы 1 млн малдың 98 мыңы ғана қалды.

Кулактарды жою ісі мейлінше қатал жүргізілді. Шолақ белсенділер орташалармен қатар кедей шаруаларға да зорлық жасады.
Ұжымдастыру зардабы
1929-1933 жылдар аралығында Қазақстандағы Біріккен Мемлекеттік Саяси Басқарма (ОГПУ) 3386 адамды ату, 13151 адамды түрмеге қамау туралы үкім шығарды. Көптеген адамдар өздерінің малдарынан айырылды.

1930-1932 жылдары Қазақстанды әйгілі ұлы жұт аштық жайлады.



Аштық жылдарындағы халың шығыны:

1930 жылы аштықтан 313 мың адам,

1931 жылы аштықтан 755 мың адам,

1932 жылы аштықтан 769 мыңадам өлді.

Ауыл халқының 40%-ын жоғалтты (1 млн 750 мың адам).

1 миллионнан астам адам шетелге көшіп кетті. Оның 616 мыңы қайткан жоқ. 1931-1933 жылдары аштықтан 6,2 млн адамның 2,1 миллионы өлді.

1929 жылғы Қазақстандағы 40,5 млн малдан 1933 жылы 4,5 млн ғана қалды.

1932 жылы аштық, оның себептері туралы мемлекет қайраткерлері Ғ. Мүсірепов, Қ. Куанышев, М. Ғатауллин, Е. Алтынбеков, М. Дәулетқалиев Ф.И. Голощекинге хат жазды. Бұл хат «Бесеудін, хаты» деп аталды.

1933 жылы мемлекет қайраткері, сол кезде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарған Т. Рысқұлов Қазақстандағы ұжымдастырудын, зардаптары, елді жайлаған аштықтың себептері, халықтын, тартып отырған қасіреті жайлы И.В. Сталинге ашық хат жазды.
Ұжымдастыру саясатына қарсы шаруалар толқуы
1929-1931 жылдары Қазақстан жерінде шаруалардың ұжымдастыру саясатына қарсы ұйымдастырылған қарулы қозғалысы болды.

Ірі көлемде шаруалар қозғалысы өткен жерлер:

1929 жылы 29 қыркүйек - Бостандық,

1929 жылы 1 қараша-Батпаққара (Қостанай),

1930 жылы 2 ақпан - Созақ, 1930 жылы 25 ақпан - Ырғыз, 1930 жылы 26 наурыз - Сарқанд т.б.



Шаруалар қарсылығының түрлері:

- көтеріліске шығу;

- шолақ белсенділерді, партия қызметкерлерін өлтіру;

- шетелге кешу;

- қалалы жерге кету т.б.

1930 жылы мамырда Семей округінің Өскемен, Самар, Катон қарағай аудандарында халықтың ірі толқулары өтті.

Торғайдағы Батпаққара көтерілісін орталық бандиттік басмашылар қозғалысы деп атады.

Қарақұм көтерілісіне қатысқандар саны 5000-ға дейін жетті. Бұл көтеріліс күшпен басылды.

1930 жылы Созақта ұжымдастыру саясатына қарсы Қазақстандағы ен, ірі шаруалар көтерілісі өтті. Кетерілісшілер аудан басшылары мен шолақ белсенділерді өлтірді. Көтеріліс күшпен басылып, оған қатысқан 68 адам атылды. Балқаш, Қордай, Шұбартау, Абыралы, Адай даласы, Іле өңірлерінде шаруалардыд ірі кетерілісі болды. Көтеріліске қатысқандар аяусыз жазаланды.
Ұжымдастыру зардаптарына қарсы күрес
Коммунистік партия кеш болса да, ұжымдастыру саясатының зардаптарын жоюға кірісті. Күшпен жасалған колхоздарды таратып, ондағы мал-мүлікті халыққа қайтарды. Кеңес өкіметі ашаршылыққа ұшыраған халыққа 30 млн сом, 2 млн пұт астық берді. 1935 жылдан ауыл шаруашылық артелінің жаңа үлгісі бекітіліп, жүзеге асырыла бастады. Жалпы, феодалдық қалдықтарды жою тұрғысынан ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ісіне оң баға берілсе, көшпенді халық мүддесінің ескерілмеуі ірі апаттарға әкелді. Сондықтан ұжымдастыру саясаты қазақ тарихындағы қасіретті оқиғалардың бірі ретінде белгілі болып қалды.





30 жылдардағы саяси-қоғамдық өмір
Сталинизм. Жазалау шаралары
1936 жылы КСРО конституциясы қабылданды. Бұл конституция әміршіл-әкімшіл жүйені нығайтты. Елде тоталитарлық жүйе, казармалық социализм орнады. Жеке адамның құқығы ескерілмеді. Қазақстанда жазалау шаралары (репрессия) басталды. Ең алдымен жазаға ұлттық демократиялық зиялылар, Алаш қозғалысының қайраткерлері, қазақелінің біртуар ұлдары Ә. Ермеков, Ә. Бөкейханов, Ж. Аймауытов, Ж. Досмұхамедов т.б. ұшырады.

1937-1938 жылдары жазалау шаралары өте күшті өтті. Осы жылдары репрессияға ұшырағандар:

- Кеңес өкіметін орнатуға ат салысқандар: Т. Рысқұлов, С. Шәріпов, Ә. Әйтиев, Н. Төреқұлов, Б. Алманов, С. Меңдешев, С. Арғыншиев, А. Асылбековт.б.

- партия, қоғамдық ұйым қайраткерлері: О. Жандосов, Т. Жүргенов, Қ. Тәштитов, Н. Нұрмақов, А. Досов, О. Исаев, Ұ. Құлымбетов т.б.

- революция жеңісін қорғап, ақ гвардияшыларға қарсы күрескендер: Т. Әлиев, М. Масанчи, С. Жақьшовт.б.

- Қазақ әдебиеті мен ғылымының белгілі өкілдері: Б. Майлин, I. Жансүгіров, С. Сейфуллин, М. Дулатов, М. Жұмабаев, С. Аспандияров, А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, М. Төлепов т.б.

- орталықган Қазақстанға жіберілген партия қызметкерлері: Л.И. Мирзоян, К.Я. Рафальский, В.Н. Андроников т.б.

Бұлардың барлығы «халық жауы» ретінде жендеттердің қолынан жазықсыз қаза тапты.

Қазақстан жерінде жазықсыз жазаға ұшырағандарға арналған лагерьлер пайда болды. Олар: Карлаг (Қарағанды еңбекпентүзеулагері), Степлаг т.б. Осылардың ішіндегі ең ірісі «ЧСИР» - халық жауларының отбасы мүшелеріне арналған лагерь. Кейіннен ол «Алжир» халық жаулары әйелдерінің Ақмола лагері атанды. «Алжирде» репрессия құрбандарының әйелдері, аналары, қыздары азап шекті. Қарағанды жеріндегі Осакаров ауданында орналасқан 25 поселке-обсервацияда Ресейден «халық жауы» ретінде жазаланғандар орналастырылды.

Жеке адамға табынған тоталитарлық жүйе кесірінен 101000 қазақстандық лагерь азабын көрді. Олардың 27000 атылды.



Қазақ КСР-і соғыс алдында

1936 жылы қабылданған КСРО конституциясы нәтижесінде Қазақ АКСР-ы КСРО құрамына одақтас республика Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы болып кірді.

1937 жылы Қазақ КСР конституциясы қабылданды. Аталған жылы болған КСРО Жоғары Кеңесіне сайлауда
Қазақстаннан 44 депутат сайланды.
1938 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес сайлауында 300 депутат сайланды. 1938 жылы шілдеде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясын Жамбыл Жабаев ашты. Үшінші бес жылдықта Қазақ КСР-ін индустриясы мен аграрлық шаруашылығы дамыған мемлекетке айналдыру жоспары белгіленді.

Соғыстың алдындағы жылдары қоғамдағы әйелдердің де рөлі артты.

1940 жылы өнеркәсіп орындарында барлық әйелдердің үлесі 40% болды. Әйелдер ерлердің мамандығын игерді. Мысалы, М.Д. Рогозина Қарағанды шахтасында ұңғылау машинисі, Р. Бүкірова Қарағанды шахтасында электровоз машинисі, Б. Досбаева Байшонас мұнай өндірісінде аға оператор болды. 1940 жылға қарай шаруашылық жүйесінде 11000 инженер-техник қызмет атқарды.

1940 жылы Орталық Қазақстанды Оралмен байланыстыратын Ақмола-Қарталы теміржолы салынды. Жолдың ұзындығы 806 шақырым болатын «Шығыс орам» және Жамбыл-Алакөл, Алматы-Сарыөзек темір жолдары салынды. Соғыстың алдында өнеркәсіп өнімі 57,3%-ға артып, индустриядағы қаржы көлемі 3,1 млрд сомға жетті. 1940 жылы Қазақ КСР-де 2580 ірі кәсіпорын істеді.

1940 жылы Қазақстан КСРО-дағы көмірдің 4,2%-ын (одақта 6-орын), мүнайдың 2,2%-ын (одақта 6-орын), қорғасынның 87%-ын (одақта 1-орын), мыстың 21%-ын (одақта 2-орын) берді. Кенді Алтай түсті металлургияның, Қарағанды көмір өндірісінің, «Екінші Бақу» атанған Ембі мұнай өндірісінің ірі орталығы болды. 1940 жылы Қазақстанда 194 совхоз, 330 МТС жұмыс істеді. Оларда 11,8 мың комбайн, 41000 трактор, 14 автомашина болды. Соғыс алдындағы жылдарда мал шаруашылығына көніл бөлінбеді, сондықтан бұл саланың дамуы кешеуілдеді. Кұрылысқа, оның ішінде тұрғын үй құрылысына 876 млн сом жұмсалды. Жалпы, осындай игі нәтижелер арқасында Қазақ КСР соғыс жылдарындағы майдан қажетін өтеуге және жеңісті жақындату бағытында үлес қоса білді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет