Табылған жері Африка (Кения жеріндегі Олдувай шатқалы) 1 млн 750 мың жыл



бет17/19
Дата14.04.2020
өлшемі0,92 Mb.
#62510
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
тарих
0001b39f-8b33bf15




Қазақстан 60 жылдардың II жартысы мен 80 жылдардың басында
Қоғамдық-саяси жүйе
60 жылдардан бастап мемлекет Кеңестерді дамыту ісіне басты көңіл бөлді. КОКП-ның XXII съезінде Кеңестердің беделін арттыру туралы мәселе қаралды. Осы кездегі қоғамның саяси жүйесінде елімізде еңбек ететін барлық жүйеден өкілдер құрамына кіретін КСРО Жоғарғы Кеңесінің рөлі артты.

1963 жылы Жоғарғы Кеңес депутаттарьшың саны 473 болды. Депутаттардың 158-і әйел болды.

Ал Қазақ КСР-нің барлық депутаттар Кеңесінің құрамына 98906 депутат сайланды. Бірақ Жоғарғы Кеңес партия нұсқауы негізінде жұмыс істеді.

Кәсіподақ қызметі де бұл кезде жандана түсті. 1966 жылы кәсіподақ құрамында 4 млн-ға жуық адам болды. 1960 жылы мемлекеттегі рекреациялық қорлар кәсіподақ қарамағына берілді. 1961 жылы ауылдық жерлердегі мәдениет үйлері кәсіподақтың билігіне көшті. Социалистік жарыстар ұйымдастыру, еңбекшілердің құқықтары мен әлеуметтік жағдайларын реттеу кәсіподақтың міндеті болды. Осындай кең көлемдегі істерді атқару құзырында болған кәсіподақ барлық жағынан партияға бағынышты жағдайда болды.

60 жылдардың ортасында комсомолдың беделі де айтарлықтай болды. 1965 жылы республика жастар ұйымы құрамында 1 млн-ға жуық жастар болса, оның 400000-ға жуығы өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, көлік, байланыс жүйелерінде еңбек етті.

1962 жылы Қазақстан комсомолының X съезінде жастар мал шаруашылық саласын қамқорлыққа алды. Сонымен қатар Қазақстанның 8000-ға жуық комсомол жастары екпінді құрылысқа аттанды.

60 жылдардың басына қарай тағдырдың жазуымен ҚХР-де қалып қойған отандастарымыз оралды. Осы жылдары КСРО-ға ҚХР-ден 350000 адам көшіп келген. Оның 200000-ға жуық адамы Қазақстанға қоныс аударған. Қоныс аударғандардың басым көпшілігі қазақтармен қатар өзбектер, орыстар, ұйғырлар, дүнгендер де Қазақстан жеріне қоныс аударды. Қоныс аудару кезеңі 1963 жылы аяқталды.

1964 жылы КОКП Орталық Комитетінің пленумы өтті. Пленум барысында партия және мемлекет басшылары арасында ауыс-түйістер туындады. Еңалдымен Н.С. Хрущев КОКП ОК-ның бірінші хатшысы, КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметінен босатылды. КОКП ОК-ның бірінші хатшысы болып Л.И. Брежнев сайланды. Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметі А.Н. Косыганге жүктелді. Бұл пленумда негізгі мәселелер Л.И. Брежнев, А.Н. Шелепин, М.А. Суслов, В.Е. Семчастный, Д.А. Қонаев қатысуымен шешілді. М. А. Суслов баяндамасында Н. С. Хрущевті айыптады.

70 жылдардын, басында бұрынғыдай социализмнен коммунизмге өту туралы теориялықидея басым болды. Бұл жайлы 1967 жылы Қазан төңкерісінің 50 жылдығына арналған сөзінде Л.И. Брежнев мәлімдеді.

1977 жылы 7 қазанда КСРО конституциясы қабылданды. Конституцияда қияли болжамдар көп болды.

Коммунизмге етер жол мәселесі, кемелденген социализм теориясы кең таралды.

1978 жылы 20 сәуірде Қазақ КСР-нің конституциясы қабылданды. Бұл Кеңестік жүйедегі Қазақстанның соңғы конституциясы болды. Бұл конституцияда да демократияны шектеу, адам құқығын елемеу т.с.с. қоғамға жат құбылыстар орын алды. Ұлтаралық қатынастарда да келеңсіз жағдайлар көбейді. Республикада орыс тілі «ұлы тіл» ретінде дәріптеліп, қазақ тіліне немқұрайды қарау кеңейді.

1975 жылы ақын, қоғам қайраткері О. Сүлейменовтің «АЗиЯ» кітабы жарық көріп, оқырмандарға ұсынылды. Бұл кітапта орыстың әдеби жырындағы түркі сөздері туралы кең ғылыми деректер келтірілді.

Келтірілген деректер шовинистерге ұнамады. Оларға бұл кітап орыс ұлтын кемсітушілік болып көрінді. Сондықтан аталған шығарманың тиражын көбейтуге және оны сатуға тыйым салынды.


1979 жылғы Целиноград оқиғасы
Негізгі себебі. Қазақстан жеріне Волга бойындағы неміс автономиясы таратылғаннан кейін, көптеген немістер қоныс аударған болатын. 1979 жылы КОКП ОК-ы Қазақстан жерінде неміс автономиялық облысын құру туралы шешім шығарды. Автономиялық облыстың құрамына Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Көкшетау облыстарының бірнеше аудандары кіруге тиіс болды. Жоспар бойынша автономиялық облыс орталығы Ерейментау қаласында орналасатын болды. Бұл жөнінде арнайы комиссия құрылып, оған КОКП ОК-ның хатшысы А. Коркин төрағалық етті. Партияның бұл шешімі қазақ халқының ұлттық мүддесін аяққа таптаудың көрінісі болды.

Оқиға барысы. 1979 жылы 16 маусымда Ақмола қаласындағы Ленин алаңына қазақ жерінде неміс автономиясын құруға наразы болған жастар жиналды. «Неміс автономиясына жол жоқ!», «Қазақстан бөлінбейді!» деген жазуы бар плакаттар ұстаған жастар партияның бұл шешімін қатты айыптады. 1979 жылы 19 маусымда жастар алдына шыққан атқару комитетінің төрағасы Жұмахметов пен облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Морозов Қазақстан жерінде ешқандай автономия құрылмайтынына жастарды сендірді.

Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің (МҚК) бұл оқиға жайында ақпараттың таралмауына күш салғанымен, көп уақытқа дейін наразылық дүмпуі басылмады.


Қазақстанның халықаралық байланыстары
70 жылдардан бастап Қазақстанның халықаралық байланыстағы орны кеңейді. Әсіресе Қазақстанның сыртқы саясатында мәдени және экономикалық байланыстар ерекше орын алды.

Қазақстан металл мен руданы, мұнайды экспортқа шығарса, станок пен жиһазды, киім мен электр тауарларын, тағамды сырттан импорттады.

Қазақстан мамандары Египет пен Иранда, Монғолия мен Финляндияда, Ауғанстан мен Үндістанда қызмет етті. Ғалымдар АҚШ, Франция, Италия, Болгария, Чехословакия ғалымдарымен тәжірибе алмасты.

КСРО-ның Франциядағы күндерінде артистер Б. Төлегенова, Е. Серкебаев өз өнерлерін көрсетті. Қазақстанда Кеңес-Сирия достығының күндері өтті. Коммунистік партияның шалағай саясаты Қазақстанның сыртқы байланысына белгілі түрде кедергі жасады.


Өнеркәсіптің дамуы
Ғыльим мен техника жетістіктерін пайдалану. КОКП ОК-тың 1956 жылғы пленумында өнеркәсіптің басқару жүйесін өзгерту туралы мәселе қаралды. Өнеркәсіптік салаларды біріктірді.

60 жылдардың басында өнеркәсіпті сапалық жағынан өзгерту, ғылыми негізде құру үрдісі басталды. Қазақстанда өнеркәсіпке жаңа техниканы енгізу жоспары жасалды. Ең алдымен өндірісті электрлендіру мәселесі қолға алынды. Қарағанды МАЭС-І Бұқтырма СЭС-і 45000 шақрымнан асатын қуатты электр тасымалдау жүйесін орнатты. Қарағанды көмір кеніндегі механикаландырылған жүйе еңбек енімділігін 6%-ға дейін көтерді. Өндірістің автоматтандырылған жүйесі 2700 адамның еңбегін атқарды. 1985 жылы жаңа технологиялық процесті өндіріске енгізгені үшін Ащысай полиметалл комбинатына Лениндік сыйлық берілді. Мұнай өндеу технологиясы толығымен жаңарды.

1965 жылы Өзен кен орнында жаңа технология негізінде алғашқы мұнай өндірілді.

Өнеркәсіптегі жагдай. Ғылыми-технологиялық процестерді өндіріске енгізу ісі өнеркәсіптегі жағдайды түбірімен өзгертті.

1966 жылы Қазақстанның Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Шымкент цемент зауыты бастаған 11 өнеркәсіп жұмыс жүргізудің жаңа тәртібіне көшті. 1970 жылы Қазақстан өнеркәсібінің 70%-ы жоспарлаудың жаңа жүйесіне жұмыс істеді.

1970 жылы Қазақстанның одақ көлеміндегі көмір, темір кені мен қара металдар өндірудегі үлес салмағы өсті. Ақтау қаласында суды тұщытатын қондырғы іске қосылды.

Жеңіл өнеркәсіптер қатары өсті. Теміртау, Жамбыл қалаларында азық-түлік өнеркәсібі, Алматыда мақта мата өнеркәсібі, Семейде трикотаж фабрикасы алғашқы өнімін бере бастады. Бес жылдың ішінде республикада жеңіл өнеркәсіптің 14 кәсіпорны салынды.

Аз ғана уақыттың ішінде Қазақстанда 170-ке жуық кәсіпорын іске қосылды. Қуатты Екібастұз отын энергетика кешенінің құрылысы 1970 жылға қарай басталды. 1975 жылға қарай еліміздегі кәсіпорындардың барлығы энергиямен қамтамасыз етілді. Өндіріс, ғылыми-техникалық жаңалықты енгізу процесі барлық республикаларда бірдей жүргізілген жоқ. 80 жылдары одақ көлемінде өндіріске енгізілген ғылыми-техникалық жаңалықтардың 3%-ы Қазақстанға тиесілі болды.

Орталық басқару жүйесінің Қазақстанды шикізат базасы ретінде ұстау бағыты өзгермеді.

70 жылдардың басында Қазақстанда Маңғыстау, Павлодар-Екібастұз, Шымкент-Кентау, Жамбыл-Қаратау аймақтық-өндірістік кешендер салынды.
Ауыл шаруашылық жағдайы
1965 жылдан бастап ауыл шаруашылығы саласына бөлінетін қаржының көлемі көбейді. 7,1 млрд сом бұл салаға тек қана 8-бесжылдықта бөлінді. Республикада 1893 шаруашылық дәнді дақылдар өсіруге мамандандырылды. 1285 шаруашылық қой өсірумен айналысты. 1967 жылдан бастап ауыл шаруашылық кәсіпорындар шаруашылық есепке көшіріле бастады. Бұл кезде ауыл шаруашылық саласына басқа республикалардан жұмысшылар келе бастады. 1968 жылы Қазақстанға армия қатарынан босатылғандар және басқа одақтас республикалардан 16 мыңға жуық комбайншы келді. 1971-1980 жылдар аралығында Қазақстан ауыл шаруашылығына 18 млрд сом қаржы жұмсалған. Бірақ бұл қаржы ауыл шаруашылық саласының проблемасын шеше алмады. Керісінше, 1965-1985 жылдар аралығында 4,2 млн сиыр, 5,5 млн қой, ешкі, 5,1 млн шошқа шығынға ұшырады. Ауыл шаруашылық кәсіпорындар солақай саясаттың кесірінен көптеген шығынға батып отырды.

1986 жылы еліміздегі барлық ауыл шаруашылық кәсіпорындар, шаруашылықтар өздерінің қаржысынан айырылып, несиемен ғана жұмыс істей бастады. 70 жылдары Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы «Іле» және «Ақши» совхоздарының директоры И.М. Худенко шаруашылықты басқарудың құрылымын өзгертуге бағытталған бірқатар шаралар қолданып, еркін еңбек ету жүйесін енгізеді.

Бюрократиялық жүйенің кесірінен И.М. Худенко қуғындалып, ақырында бас бостандығынан айырылады. Түрмеге түсіп, сонда қайтыс болады.

1982 жылы коммунистік партия қабылдаған азық-түлік бағдарламасы ауылда жиналып қалған өзге де проблемаларды шеше алмады.


Экологиялық жағдай
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда КСРО-да экологиялық жағдай күрделі проблемалардың біріне айналды. Бұл проблемадан Қазақстан да тыс қалған жоқ. Әлем тарихында «қырғи қабақ соғыс» аталған империалистік мемлекеттер мен социалистік мемлекеттердің арасындағы жанталаса қарулану бәсекесі XX ғасырдың II жартысында дүниені шарпыды. Бұл бәсекеде басты орында АҚШ пен КСРО тұрды. Ең алдымен бұл екі мемлекет ядролық қарудың ошағына айналды.

Қазақстан КСРО қорғаныс кешенінің ең ірі ядролық полигоны болды. Қазақстан жеріне осы және тағы басқа әскери қару-жарақ кешендерін салу барысында ешкімнің мүддесі ескерілмеді. Қазақстанда ең ірі Семей полигоны болды. Семей, Қарағанды, Павлодар облыстары түйіскен жерде орналасқан бұл полигон 8372 км2 жерді қамтыды. 1949 жылы 29 тамызда Семей полигонында алғаш рет ядролық қаруды сынады. Семей полигонында барлығы 500-ге жуық ядролық сынақ өткізілді. Мұнда өткізілген әрбір ядролық сынақтың құны 30 млн сом болды. Ол кезде полигонның халыққа, қоршаған ортаға деген зияны туралы еш нәрсе айтылмады. Полигонда өткізілген әрбір сынақтың адам өміріне келтіретін зияны өте көп болды. Адамдар арасында түрлі аурулар көбейді. Өмірге келетін сәбилердің кемтар болып тууы жиіледі. Жер қыртыстары жарамсыз болып қалды.

1969-1970 жылдары Маңғыстау жерінде жер астында ядролық Қару үш рет сыналды. Бұл сынақ халықтан жасырын түрде өткізілді.

70 жылдардан бастап Қазақстандағы тағы бір экологиялық апатты аймақ Арал теңізі болды. Ең алдымен өндіргіш күштерді орналастыруда жіберілген стратегиялық қателік басты себептердің бірі болды. Сырдария, Әмудария өзендері суларын мақта, күріш дақылдарын өсіруге қисапсыз пайдалануы Арал теңізінің тартылуын тездетті. Арал теңізі тартылғандықтан, 27 мың км2 аумағы құрғап қалды.

Теңіз суының тұздылығы бір литрге шаққанда 20 грамнан асты. Құрғап қалған орыннан ұшқан шанды тұз Арал маңайындағы халықтардың өміріне аса зор қауіп әкелді. Арал теңізінен балық аулау мүлде тоқтатылды. Халықтың арасында неше түрлі аурулар көбейді. Ауруға шалдыққандар аймақ тұрғындарының 80%-ын қамтыды. Қазіргі уақытта Балқаш көлінің де экологиялық жағдайы проблемаға айналып отыр.
Халыққа білім беру
70 жылдарға қарай республикадағы білім беру саласында бірқатар өзгерістер болды. 1970 жылы Қазақ КСР-дегі мектептердің саны 10154-ке жетті. Ал онда білім алатын оқушы саны 3 млн 266 мын, болды. 80 жылдардан бастап шағын ауылдардың жойылуымен ондағы мектептер, қазақ тілінде оқу ісін жүргізетін бірнеше мектептер жабылды. Нәтижесінде 1986 жылы республикада физика, математика пәндерін терендетіп оқытатын мектептер ашылды. Бұл мектептерді Қазақ КСР Ғылым академиясы қамқорлыққа алды. 1986 жылы КОКП ОК-ы орта мектеп жұмысын жақсарту шаралары туралы қаулы шығарды.

1972 жылы Қазақ КСР-де жалпыға бірдей орта білім беруге көшудің соңғы кезеңі басталды.

1970 жылдан бастап республикадағы жоғары оку орындарында бірқатар өзгерістер болды. Республикадағы 55 жоғары оқу орнында 173,3 мың студент білім алды. Арнаулы орта оқу орындарының саны 246 болды. Бұл оқу орындарында 272,2 мың адам білім алды.
Ғылымның дамуы
70 жылдардан бастап Қазақ КСР Ғылым академиясы Кеңестер Одағындағы ірі ғылыми-зерттеу кешені болды. 1985 жылы республикадағы 40377 ғылыми Қызметкердің 864-і ғылым докторы, 650-і академик, профессор болды. Республикадағы кейбір ғалымдардың есімдері ірі ғылыми жаңалықтар арқылы шықты. Д.В. Сокольский алғаш рет катализаторды электрохимиялық әдістер арқылы зерттеу мәселесін ашты.

У.К. Ахмедсафин Қазақ КСР-де гидрогеология мен гидрофизика ғылымдарын ұйымдастырды.

М.А. Айтхожин генетика және микробиология салаларында өсімдік жасушаларындағы информосомаларды тапты. Бұл еңбегі үшін оған Лениндік сыйлық берілді. Қазақ тілінде Қазақ Кеңес энциклопедиясы жарық көрді.
Әдебиет
70-80 жылдары әдебиет те басқа руханият салалар сияқты бюрократиялық жүйенің ықпалында болды.

70 жылдардың ортасында Ғ. Мұстафин, И. Шухов, Ә. Тәжібаев, Ғ. Мүсірепов, О. Сүлейменов т.б. ақындар мен жазушылардың жаңа туындылары жарық көрді. Ғ. Мүсірепов жазушылар арасында алғашқы болып Социалистік Еңбек ері атанды. 1976 жылы оның «Ұлпан» повесі орыс тілінде жарық көрді.

80 жылдары М. Шаханов, I. Есенберлин, Ж. Молдағалиев, Т. Ахтанов, Қ. Мырзалиев, Б. Момышұлы, Ә. Нұрпейісов сияқты ақындар мен жазушылар жаңа туындылар жазды.
Театр. Кино
1974 жылы М. Әуезов атындағы академиялық драма театрында қойылған «Қан мен тер» драмасынын, режиссері Мемлекеттік сыйлық лауреаты атанды.

Қазақ КСР-де М.Ю. Лермонтов атындағы республикалық орыс драма театры, ұйғыр, корей театрлары да ірі табыстарға жетті.

Н. Тілендиев, Е.Р. Рахмадиев, Ғ. Жұбанова, Ш. Қалдаяқов, ұйғыр сазгері Қ. Қожамияров т.б. сазгерлер де ірі табыстарға жетті. Е. Серкебаев, Б. Төлегенова, Ә. Дінішев, Р. Рымбаева, Н. Есқалиева т.б. әншілер есімдері республикаға кең тарады.

Ш. Айманов, С. Қожықаев, М. Бегалин сияқты кино-режиссерлер «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры», «Мәншүк туралы ән» кинотуындыларын көрермендерге ұсынды.


Халықтың материалдық жағдайы
70 жыддары республикада халықтың тұрмысын жақсартуға арналған бірқатар шаралар жүзеге асырылды. Және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту экономикалық саясаттағы басты мәселе болды. Бюрократиялық жүйенің қыспағы болса да, халықтың әл-ауқатының біраз жақсарғаны байқалды. Осы кезге қарай республикадағы жан басына шаққандағы ұлттық табыс 2,6 есе өсті. Бұдан басқа да біраз игі шаралар көрініс тапты. Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуде біраз ілгерілеу байқалды.

1970-1985 жылдары 887,7 мың пәтер пайдалануға берілді. Сонымен 3 млн-дай адам жаңа пәтерлерге ие болды. Бірақ КСРО капиталистік елдердің біразынан әлеуметтік даму көрсеткіштері, халықтың өмір сүру деңгейі жағынан көп артта қалды. Сонымен қатар 70-80 жылдары адамдар тұтынатын көптеген тауарлардың, коммуналдық қызмет көрсетудің бағасы елеусіз түрде өсірілді. Тауар тапшылығы да күшейді. Біраз азық-түлік түрлері жетіспеді. Дүкенде ұзақ уақыт кезекте түру үйреншікті іске айналды. Мемлекетте жұмысшылар жалақысы біраз көтерілгенімен, тауардың қымбатшылығы, ақшаның құнсыздануы бұл жағдайларды одан әрі қиындатып отырды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет