Тақырыбы: Баланың мектепке педагогикалық-психологиялық даярлығын критериалды бағалауға арналған технологиялар


   Бейнелі –логикалық  ойлауды бағалауға арналған «қисынсыз» әдісі



бет9/24
Дата14.12.2021
өлшемі0,67 Mb.
#127283
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
Байланысты:
психологиялық диагностика
кітап, 11кл 1
3.3   Бейнелі –логикалық  ойлауды бағалауға арналған «қисынсыз» әдісі

 

Мақсаты: Бұл әдістің көмегімен  баланың қарапайым өмір жайлы түсінігі мен логикалық ойлау  байланысын, қарым –қатынасын білуге болады. Олар: осы өмірдің кейбір объектілері, жануарлар, олардың тіршілігі, табиғаты. Осы әдіс арқылы баланың логикалық және абстрактілі ойлауының  дұрыс қалыптасуын  білуге болады.



Жүргізілу барысы: Алдымен балаға  әр түрлі обьектілер бейнеленген сурет көрсетіледі. Бұл суретте жануарлар бейнеленген қызық жағдайлар бар. Суретті көру барысында балаға мынадай тапсырма беріледі.

Нұсқау: «Суретке қарай отырып , барлық зат орнында тұрғаны    және  дұрыс бейнеленгені жайлы  айтып беру. Егер де бір зат  орнында болмаса, не екенін көрсетіп, неге олай екенін және  кейін қалай болу керектігін  түсіндіру керек.

Қосымшалар. Барлық тапсырмалар  бірінен кейін бірі орындалады. Бірінші балаға барлық дұрыс емес суреттерді көрсету ұйғарылады, ал одан кейін шын мәнісінде қалай болу керектігін айтады. Тапсырманы орындауға үш минут беріледі. Осы уақыт ішінде ол көптеген дұрыс емес жағдайларды табуға  мүмкіндік алады..

Нәтижені бағалау

10 ұпай – егер де 3 минут уақыттың ішінде 7 дұрыс емес жағдайларды бағалау кезінде, оларды түсіндіріп, шын мәнісінде не болатынын айтқан кезде осындай баға қойылады.

8-9 ұпай – бала барлық дұрыс емес қисынсыздарды  тауып, белгілейді, бірақ  олардың біреуінен үшеуіне дейін  түсіндіре алмады немесе не болу керектігін  айта алмайды.

6-7 ұпай – бала барлық қисынсыздарды тауып, соның 3-4 түсіндіріп бере алмағанда қойылады.

4-5 ұпай – бала барлық қисынсыздарды байқап, бірақ берілген уақыт аралығында 5-7 қалай болу керектігін толық түсіндіре алмайды.

2-3 ұпай – берілген уақытта бала 1-4 қисынсыздықтарды табады, бірақ түсіндіре алмайды.

0-1 ұпай – берілген уақыт аралығында бала 7 қисынсыздардың  ішінен 4-тен аз табады.

10 ұпай - өте жоғары                    

 8-9 ұпай – жоғары                                              

 7 ұпай – орташа                           

 2-3 ұпай – төмен     

 0-1 ұпай -өте төмен                 








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет