Тақырыбы: Балық аурулары


Дауалау және күресу шаралары



бет2/8
Дата08.11.2023
өлшемі3,73 Mb.
#190397
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
балык аурулары
здоровье рыб
Дауалау және күресу шаралары. Аэромоноз шыққанда балық шаруашылығына карантин қояды. Өлген балықтарды жинап, жояды. Күзде балықтарды ұстап алған соң, тоғандағы суды ағызып жіберіп, түбін тазалап 2 рет хлорлы әкпен дезинфекциялайды. Сауықтыру үшін тоғанның орнына шөп немесе көкөніс өсіреді. Нәтижесінде тоған орыны құрғатылып, зарарсыздандырылады.
Көктемгі вирус ауруы (Весенняя вирусная болезнь)
Балықтың дене қимылын меңгере алмай, көзі бадырайып, іші кеуіп, терісі зақымданумен сипатталатын жіті өтетін жұқпалы ауру.
Қоздырушысы - РНҚ геномды вирус, пішіні оқ тәрізді, мөлшері
105-125х70-85нм. Эфир мен хлороформға сезімтал, қышқыл ортаға (pH 3)төзімді.
Індеттік ерекшеліктері. Көктемгі вирус ауруымен негізінен 1-2 жастағы тұқы балық, сонымен қатар, ақ амур, қара балық шалдығады.
Өтуі мен симптомдары. Жасырын кезеңі 7-30 күн. Ауру жіті өтеді.Ауырған тұқы балық денесін дұрыс меңгере алмай,жүзгенде бір орында айнала береді. Мең-зең болып, судың таяз жеріне шоғырланады. Бір немесе екі көзі бадырайып, қабыршақтары едірейіп (көбінесе бүйірі мен бауырында), іші кебеді. Кеудесі мен бауырындағы жүзу қанаттарының түбінде ноқатты қанталау немесе жолақтанған қызамық байқалады.

Патологоанатомиялық өзгерістер. Ауырған тұқы балықтың құрсағында сарғыш, кейде қан аралас сұйық жиналады, ішкі ағзалары ісінеді. Бауыр ұлғайып, түсі біркелкі болмайды, бозғылт немесе теңбіл, кейде ноқатты қанталау немесе ақтаңдақ болады. Бүйректері ісініп, болбырап, теңбілденіп қанталайды.Көкбауыр ұлғаяды, пішіні доға тәрізді, түрі қара-қошқыл. Ішек бос,катарлы қабынған немесе ноқатты қанталаған.


Емі жолға қойылмаған. Көктемгі вирус ауруына басқа инфекциялар (аэромоноз, псевдомоноз) қабаттаспау үшін емдік қоспасы бар жем қолданылады. Ауру бір байқалған соң өскен балықтарда қайталанбайды. Сондықтан өзіне тән иммунитет қалыптасады деуге негіз бар.
Дауалау және күресу шаралары. Ауру шыққанда шаруашылыққа карантин енгізіп, сауықтыру шараларының жоспарын жасайды. Балық өсіруді жабық цикл бойынша жүргізіп, ветеринариялық-санитариялық, суландыру және балық өсіру ережелерін қатаң сақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет