Тақырыбы: Балық аурулары



бет4/8
Дата08.11.2023
өлшемі3,73 Mb.
#190397
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
балык аурулары
здоровье рыб
Індеттік ерекшеліктері. Фурункулезге қызыл балықтың (арқан балықтың) барлық түрлері шалдығады. Ауру аталық балықтарда уылдырық шашу маусымы кезінде және одан кейінгі уақытта ауыр өтеді.
Өтуі мен симптомдары. Жасырын кезеңі 15-21°С жағдайында 7 күн шамасында. Ауру аса жіті, жіті, жітіден төмен және созылмалы өтеді. Фурункулез аса жіті өткенде, әсіресе, қоңы жақсы балық, аурудың белгілері білініп үлгермей өліп кетеді.Жіті өткен жағдайда балықтың іші өтіп, нәжісіне қан араласады. Терісінде, желбезегінде, кеуде жүзу қанаттарының түбінде жолақты қанталаулар пайда болып, кейіннен ісінеді.
Патологоанатомиялық өзгерістер. Ауру аса жіті өткенде ішкі ағзаларында айтарлықтай өзгеріс байқалмайды. Жіті және жітіден төмен өткенде құрсақ қуысында экссудат іркіліп, ішкі ағзалар мен ас қорыту жолдары қанталап, қабынып, жүрегі мен бауыры өліеттенеді. Созылмалы өткенде бауыры бозарып немесе сарғаяды да, ішектерінде ақшыл-сары жалқақ болады, кейде ішкі ағзалары қанталайды.
Емі. Балықтың 100 кг массасына есептегенде 24 г сульфамедизин және 6 г сульфогуанидин 3 күн ішінде беріледі. Келесі 7 күн бойы бұл дәрілердің дозасы тиісінше 12 және 8 г болады. Сонымен қатар, левомицетин немесе тетрамицин балықтың 100 кг массасына 5-7,5 г дозамен 2 апта бойы беріледі. Тоғандағы барлық балықты бір мезгілде емдеу қажет.
Дауалау және күресу шаралары. Қызыл балықтардың фурункулезі байқалған шаруашылыққа карантин қояды.

Бранхиомикоз

Бранхиомикоз

Балықтың желбезегінің зақымдануымен сипатталатын, жіті өтетін жұқпалы ауру.

Қоздырушысы - Тұқы балықта, сазанда, табанда Branchiomyces sanguinis, шортанда Branchiomyces demigrans, ал қара балықта саңырауқұлақтың аталған екі түрі де ауру қоздырады.

Індеттік ерекшеліктері. Бәрінен де 1-2 жастағы тұқы балық пен сазан жиі ауырады, басқа балықтар сирек шалдығады.

Өтуі мен симптомдары. Бранхиомикоздың жаппай білінуі 5-12 күнге созылады. Ауырған балық қоректенуін тоқтатып, ағынға немесе тоғанның жағасында судың бетінде қимылсыз тұрып қалады. Желбезегінде ноқатты қанталаулар пайда болып, желбезек ұлпасының бір жері бозарып, екінші жері қарақошқылданып, аламыш түсті келеді. Желбезектің кей тұстары өліеттеніп, шеті жырымдалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет