Тақырыбы: Балық аурулары



бет3/8
Дата08.11.2023
өлшемі3,73 Mb.
#190397
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
балык аурулары
здоровье рыб
Сепсистік псевдомоноз
Балықтардың әлсіреп, көзі бадырайьш, денесінде ошақты қанталаулар пайда болып, іші кебумен сипатталатын жұқпалы ауру.
Қоздырушысы - Pseudomonas capsulata және Pseudomonas cyprinisepticum грам теріс, қозғалмалы, монотрих, мөлшері 1-2x5-0,7 мкм таяқша.
Індеттік ерекшеліктері. Тұқы балық, табан балық, қара балық шалдығады. Ауру қыстамалық тоғандарда судың температурасы төмен болған жағдайда, күзде, қыста және көктемде байқалады.
Өтуі мен симптомдары. Жасырын кезеңі анықталған жоқ, өте жіті өтеді. Тұқы балық пен табан балықтың іші кеуіп, қабыршағы үрпиіп, көзі бадыраяды. Денесінің әр жері қанталап, қызарады, артқы тесігі томпайып тұрады.Ауырған балық самарқау тартып, тоғанда ретсіз, бейберекет жүзіп жүреді,сыртқы әсерге сезімі нашарлайды.

Патологоанатомиялық өзгерістер. Құрсақ қуысында мөлдір немесе қызғылт қоймалжың сұйық болады, ішкі ағзалары ісініп кетеді. Бауыр бозғылт тартып, қанталаған телімдер ұшырасады, көк бауыр шектен тыс ұлғаяды, бүйректері босаңсып, ноқатты қанталаулар кездеседі. Борша еттері кейде болбырап кетеді.

Патологоанатомиялық өзгерістер. Құрсақ қуысында мөлдір немесе қызғылт қоймалжың сұйық болады, ішкі ағзалары ісініп кетеді. Бауыр бозғылт тартып, қанталаған телімдер ұшырасады, көк бауыр шектен тыс ұлғаяды, бүйректері босаңсып, ноқатты қанталаулар кездеседі. Борша еттері кейде болбырап кетеді.

Емі. Аталық және өсіруге арналған балықтарға аэромоноз кезінде ұсынылған тәсілмен дибиомицин жэне экмолин береді.

Дауалау және күресу шаралары. Аурудың алдын алу үшін қыс мезгілінде балықтардың гигиеналық-санитариялық жағдайын бақылауға алып, оларды қыстамаға ауыстырған кезде жарақаттанудан сақтау қажет.


Қызыл балықтардың фурункулезі (фрункулез лососевых)
Септицемиямен және бұлшық етте абсцессалардың пайда болуымен сипатталатын жұқпалы ауру.
Қоздырушысы - Aeromonas salmonicida бактериясы, грам теріс, ұшы жұмыр, үлкендігі 1,7-2,7х1мкм таяқша.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет