Тақырыбы: Балық аурулары


Патологиялық-анатомиялық өзгерістер



бет7/8
Дата08.11.2023
өлшемі3,73 Mb.
#190397
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
балык аурулары
здоровье рыб
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. 
Описторхоз ауруында өт жолы кеңейеді, оның кенересі қалыңдайды, дәнекер тканьдері өсіп кетеді, бауырдың түрі өзгереді. Кейбір кездерде оның клеткаларында қоңыр пигмент пайда болады. Өт қалтасы үлкейеді, ол қатар жатқан органдарды қысады.

Диагнозы. Егер мұндай ауру кездесе қалған күнде, ауру адамның жағдайымен танысады. Ащы ішектен жиналған шырыш пен нәжістен копрологиялық әдісті пайдаланып, описторхис жұмыртқаларын іздейді. Аурудың клиникалық белгілеріне көңіл аударады. Аллергиялық әдісті де пайдаланады.

Диагнозы. Егер мұндай ауру кездесе қалған күнде, ауру адамның жағдайымен танысады. Ащы ішектен жиналған шырыш пен нәжістен копрологиялық әдісті пайдаланып, описторхис жұмыртқаларын іздейді. Аурудың клиникалық белгілеріне көңіл аударады. Аллергиялық әдісті де пайдаланады.

Емі. Бұл ауруды емдегенде хлоксил дәрісін пайдаланады.

Сақтық шаралары. Описторхозға қарсы күрес алдын ала сақтандыру жұмыстарын жүргізуден басталады. Ол үшін су көздерінің жануарлар нәжістерімен ластануына жол бермеу керек. Әсіресе, дәретханалардың шұңқырларын терең етіп, су жағасынан 200-300м қашықтықта қазады. Ит, мысық және шошқаға ауру балықты шикі күйінде беруге болмайды.

Описторхозбен жиі ауыратын тұқы тұқымдас балықтарды жаңа ауланған, тұзға піскен және тоңазытылған күйінде пайдалануға болмайды. Сонымен бірге жергілікті халық арасында описторхоз ауруына қарсы санитарлық-ағарту жұмыстарын кеңінен жүргізіп, оның зияндығы туралы үнемі лекция ұйымдастырып тұруы керек.


Жұқпалы емес балық аурулары
Хиллодонеллез – инфузория тудыратын ауру. Тоғышардың ұзындығы 0,05-0,06мм, ені 0,03-0,04мм. Хилодонелла кілегей қабатты терісімен және эпителий клеткасымен жұтқыншағының көмегімен өз қорегін сорады. Барлық жастағы тұқы балықтар хилодонелламен зақымдалады. Балықтардың хилодонелламен зақымдалуы ауру балықтан екінші балыққа жұғу арқылы таралып отырады.
Балық өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау және күресу шаралары. Жайылып кеткен дақтармен зақымдалған балықтарды техникалық жолмен утилдейді. Оларды тағамдық мақсатта пайдалануға болмайды. Ал дақтар бір-екілі болса, оларды жоғарғы температурада өндеп, консерві жасауда пайдаланады.
Костиоз – микроскоптың көмегімен ғана көруге болатын тоғышар - паразит. Балықтың терісінде кілегейден құралған сұр дақ пайда болады. Балықтың желбезегімен терісіне жабысқан құрт балықты қатты тітіркендіреді және эпителийді жарақаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет