Тақырыбы: «Бар жақсылық табиғаттан таралған»



Дата25.06.2018
өлшемі16,39 Kb.
#44187
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы



Білімдік сала: «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық»

Кіші сала: Тіл дамыту, экология негіздері, бейнелеу.

Тақырыбы: «Бар жақсылық табиғаттан таралған»

Мақсаты: Жыл мезгілдерінің ерекшелігін айтуға, ойларын толық, нақты жеткізе білуге, байланыстырып сөйлеуге баулу. Балалардың тірі және өлі табиғат туралы түсінігін бекіту. Балаларға эстетикалық тәрбие беру арқылы шығармашылығын, іскерліктерін, көркемдік талғамын, ой – қиялын дамыту, түстердің үйлесімдігін сезінуге, әсемдікке, табиғатты қорғауға, сүюге тәрбиелеу.

Билингвалдық компоненттер: көктем-весна, жаз-лето, күз-осень,

қыс-зима.



Қызмет кезеңдері

Тәрбиеші қызметі

Балалар қызметі

Ұйымдастыру-

шы – қозғаушы қызмет.



Әйгерім Қалаубаева «Көңілді күн!» әніменен бастау.

Жаттығуға сай қимыл-қозғалыс жасап,көңіл күйлерін көтерді.

Ұйымдастыру-ізденістік.


- Балалар, мен сендерге бір мынандай мнемотаблица арқылы жұмбақ жасырғым келіп тұр:

1 жерінде ыстық,

1 жерінде суық.

1 жерінде түн,

1 жерінде күн.

- Иә, дұрыс айтасыңдар, мынау жер шары, пішіні қандай?

- Балалар, осы жер бетінде адамдар, құстар, жәндіктер, аңдар, ағаштар, гүлдер, таулар, үй жануарлары бәрі мекен етеді.

- Балалар, бұлардың бәрін бір сөзбен не деп атаймыз?



Е.Каргоновтың «Төрт әпке» өлеңін сиқырлы экран

арқылы оқу.

Өлең не туралы екенін сұрау.

Табиғатым саялы,

Төрт парағын жаяды.

Біздің ауа райының,

Төрт қызы бар аяулы.

- Сонымен, балалар, бір жылда неше мезгіл бар екен?

- Балалар, енді білімімізді белсенділік орталықтарында жалғастырайық.

«Сөзшең» орталығы.

- Әр жыл мезгіліне байланысты суреттермен жұмыс.

- Балалар, біз бүгін зерттеу орталығына барамыз. Ол жердің өз тәртібі бар. Зертханаға ақ халат кимей кіруге болмайды, рұқсатсыз ештеңеге тиісуге болмайды...

«Зерттеу» орталығы.

4 топқа бөлінулерін сұрайды.

1. Көктем – жасыл жапырақты алақан арасына салып езу.

2. Жаз – мандаринді тіс шұқығышпен тесіп, сығу әдісін қолдану.
3. Күз – кепкен жапырақты алақан арасына салып, умаждап уату.

4. Қыс –қарды алақанға салып, оның еруін бақылау.



Әр топ өздерінің жасаған тәжірибелерінің нәтижесі мен оның қай мезгілде болатыны туралы айтты.

«Өнер» орталығы.

ТРИЗ элементтерін қолданып, шығармашылық жұмыс жасату.



4 топқа бөлінулерін сұрайды.

Топтық жұмыс.

Көктем – трубочкамен қоңыр бояуды үрлеп, ағаш жасайды.

Пайда болған ағашқа құлақ шұқығышпен жасыл бояу арқылы бүршік жасайды.



Жаз – гупкаға түрлі-түсті гуаштың бояуын жағып, ватман бетіне көлденең жолақ жүргізу арқылы кемпірқосақ -ты салады. Алақанды сары бояуға салып, күн жасайды.

2 алақанды қызыл бояуға салып, көбелек жасайды.

Саусақ ұшы мен таяқша арқылы гүлдер, шөптер жасайды.

Күз –Гуаштың қоңыр бояуы арқылы қылқаламды қолдана отырып, ағаш салады да, тіс щеткасын пайдаланып сары бояуды себеді.

Қыс – балауыз шамды пайдаланып, омбы қарларды бейнелейді. Содан соң гупканы көк бояуға батырып, үстінен көлденең жүргізеді.

Тәрбиеші балалардың жасаған жұмыстарына тоқталады, сұрақ арқылы қорытындылайды.

«Ойын» орталығы.

1.Д/о: «Жер, су, ауа»

2. «Ерте, ерте, ертеде» пиктограмма арқылы ертегі айтқызу.

Тәрбиеші тілегі:

Таза болсаң судай бол,

Бәрін жуып кетірген.

Жақсы болсаң жердей бол,

Бәрін шыдап көтерген.

3. Жыл мезгіліне байланысты бата беру.

Мнемотаблица арқылы

жұмбақты оқи отырып, жұмбақтың шешуі

«Жер шары» екенін тапты.

- Жер шарының пішіні дөңгелек.


Тыңдады.
- Тірі табиғат деп аталады


Өлең жолдарын мұқият тыңдап, өлең жыл мезгілдері туралы екенін айтады.

Сұлу көктем,

Көркем жаз,

Алтын күз, Қыс екенін айтады.

- Бір жылда төрт мезгіл бар.


Қуанғандарын білдіреді.
Суретке қарап, әр жыл мезгілінде болатын табиғи құбылыс туралы әңгімелеп айтты.

Мұқият тыңдайды.


1. Жасыл жапырақты алақан арасына салып езген кезде, шырыш бөлінгенін айтады.

2. Мандаринді тіс шұқығышпен тесіп, сығу әдісі арқылы шырын алуға болатынын айтты.

3. Кепкен жапырақты алақан арасына салып, умаждап уатқан кезде сықырлаған дыбыстың пайда болғанын айтады.

4.Қар алақанда дене қызуы арқылы еріп суға айналғанын айтады.

Қалаулары бойынша

4 топқа бөлінеді.
Тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдай отырып, шығармашылық жұмыс жасады.

Шығармашылық жұмысты бар ынта – жігерлерімен істеді.


Ойын кезінде қызығушылық танытты.

Алғыстарын білдірді.


Өздері білетін жыл мезгілдеріне байланысты бата айтты.

Рефлексивті -түзетушілік

Балаларды мадақтау, бағалау. Сыйлыққа шырын тарту етеді.

Қуанғандарын білдірді.

Күтілетін нәтиже:

жаңғыртады: жыл мезгілдері, оларда болатын табиғи құбылыстары туралы.

түсінеді: шығармашылық жұмыс істеуде ТРИЗ – дің әдіс-тәсілдерін игерді және тәжірибе жасай білуге дағдыланды. Табиғатты аялап, қамқор бола білуге қалыптасты.

қолданады: балалардың ойлау қабілеттерін арттыру, тіл байлықтары мен сөздік қорларын жетілдіру, үйренген жаңа сөздерді қатыстырып сөйлем құрап айтуға, сұрақтарға толық жауап беруге үйренді.

0
Каталог: uploads -> doc -> 0641
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0641 -> Тіл дамыту Аңдардың қысқы суықтан қалай қорғанады?
0641 -> Аты –жөні,тегі: Шәуленбек Қырмызы
0641 -> Бөрлі аудындық саз мектебінің оқытушысы Құмарғалиева Эльмиранның ашық сабағы. «Төменгі сынып оқушыларымен жұмыстану»
0641 -> Сабақтың тақырыбы: «Жанартаулар. Ыстық бұлақтар. Гейзерлер» Сабақтың мақсаты: Білімділік:
0641 -> Сабақ №29 Сынып: 5 Күні: Пән: Қазақстан тарихы Тақырыбы: Ғарышты игеру


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет