Тақырыбы: «Күй құдіреті» Білімділік



бет10/10
Дата08.07.2018
өлшемі0,84 Mb.
#48539
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Сыныбы «6 » Күні : 19. 10. 2015 ж Пән: « Ән – күй »

Сабақтың тақырыбыКүй құдіреті

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Күйдің тарихымен түрлеріментаныстыру Өз халқының күйшілерін тану. Өнер адамдарына деген құрмет сезімдерін туғызу

Тәрбиелігі: Өнерді құрметтеуге, өзін - өзі ұстауға, адамгершілікке, өнерді бағалай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушылардың ән - күйлерді тыңдай арқылы әуендік сезімталдығын арттыру, есте сақтау, қиялдау, ойлау қабілеттерін дамыту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет, бейнелеу

Сабақтың көрнекілігі: Күйшілердің суреті, топтастыру, сергіту сәті, сызба жұмыстары, аспаптардың суреті, домбыра аспабы.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

2. Психологиялық дайындық:

Үлкендерге сіз,

Кішілерге біз.

Әдеппенен бас иіп,

Сәлем бердік біз!

3. Үй тапсырмасын сұрау.

 «Адасқан ноталар» ойынын ойнату

 Балалар біздер «Адасқан ноталар» сұрақ - жауап ойыны арқылы өткен сабақты пысықтау. Нота астында жазылған сұрақтарға жауап беріп, ноталарды нота сызығына орналастырамыз.
1. Қазақтың халық музыкасы қай жылдан қалыптасты? (1920 жылдан бастап)

2. Халық таланттарының бірінші слеті қашан өткізілді (1919 ж  Верный (қазіргі Алматы) қаласында)

3. Мұхтар Әуезовтың қандай пьесасы бар (Еңлік-Кебек)

4. Жұмат Шаниннің трагедиялық пьесасы (Арқалық батыр)

5. Шәкен Айманов кім? (актер, режисер)

6.Қазақтың бұлбұлы атанған әнші (Күләш Бәйсейітова)

7.   Шара Жиенқұлова кім? (актер, биші

4 . Жаңа сабақ.

Сабақтың тақырыбы: «Күй құдіреті»

- Музыка дегенде көз алдымызға не елестейді? Сұраққа жауап беру.

- Ән, күй, би, домбыра бұның барлығын өнер деп атаймыз.

Соның ішінде бүгінгі сабақта танысатынымыз «Күй» өнерімен танысамыз

Күйдің құдіреттілігі жөнінде ақын Ілияс Жансүгіров былай деп жырлаған:

Тайпалап жорға болып салдырған күй,

Мейірін тыңдағанның қандырған күй.

Тартқанда зарылдатып,сұңқылдатып

Аққуды аспандағы қондырған күй.- деп күйдің мазмұны мен сырын терең бағалай біліп, поэзия тілімен шебер суреттеген

Күй» дегеніміз не? Қазақ халқының біздің дәуірімізге дейін сақталып қалған асыл мұрасы – күй өнері.Өткен ғасырларда нота сауаты жоқ      кезде дүниеге келген ән- күйлер өмірмен бірге қайнап, ауыздан-ауызға, қолдан- қолға көшіп біздің заманымызға жетті.Қазақ халқы өзінің көңіл- күйі мен  арманын, қоғамға деген көзқарасын домбыраның қос ішегі арқылы жеткізе білді.Суырып салма ақындар мен бармағынан бал тамған күйшілер арқылы бізге жеткен назды әндер, ғажайып күйлер халқымыздың музыка мұрасы ғана емес,мәдени байлыға, рухани азығы болып отыр.

Күй - домбыра және басқа аспаптарда халық аспаптарында орындалатын музыкалық шығарма

Күйлер тақырыбымен мазмұнына қарай: аңыз күйлер, тартыс күйлер, тарихи күйлер, арнау, лирикалық, психологиялық күйлер болып жіктеледі

Аңыз күйлер - халықтың өткен тұрмыс - тіршілігі жайлы баяндайды. «Жетім бала», «Ақсақ құлан» т. б күйлерді жатқызамыз.

Тарихи оқиғаларға жоңғар шапқыншылығымен оған қарсы халқымыздың күресі «Ел айырылған», «Жеңіс» атты күйлер.

Арнау күйі - белгілі бір адамдарға арнап шығарған күй. Оларға «Абыл»,»Байжұма» күйлерді жатқызамыз.

«Ақсақ құлан» бейнеклипін көру.

Домбыра күйлері орындалу мәндері мен құрылымдылық ерекшеліктеріне қарай төкпе және шертпе деп аталатын екі үлкен түрге бөлінеді. Төкпе күйлер тұрақты екпін мен өлшемде, оң қолдың тұтас сілтенуімен орындалады. Ал шертпе күйлер көбінесе жалғыс дауысты болып, оң қол саусақтарының ұшымен орындалады.

Домбырамен төкпе мен шертпенің айырмашылығын көрсету.Ұлы күйшілеріміз: Құрманғазы, Дина, Сүгір, Қазанғап, Тәттімбет, Қорқыт, Дәулеткерей, Боғда, Махамбет т.б ал, қазіргі  заманда  күй жанрын елге танытқан, еңбек еткен Қ. Ахмедияров, Х. Тастанбеков, А. Райымбергенов, С. Тұрысбеков т.б. ағаларымызды айтып кетуіміз керек. Қазақтың ең көне күйлерінің көпшілігі – қобыз күйлері. Ежелгі түркі тектес халықтарда қобыз күйлері жыраулар өнерінен бастау алады. Жыраулар жырды қобызбен сүйемелдеп отырған. Бізге жеткен ең көне күйлер – күй атасы Қорқыттың шығармалары.

Қорқыт туралы бейне жазба көрсету

6. Топтастыру әдісі

Оқушыларға таратылған күйшілердің күйлерін интербелсенді тақтада көрсетілген суреттеріне сәйкес топтастыру

7. Топпен жұмыс

Жазушылар  тобы

 Күй тыңдау барысынада көз алдарыңа елестеген табиғатты қағаз бетіне түсіріп эссе жазу.

Ақындар тобы

Мына сөздерге байланысты төрт жол өлең шығару: табиғат, күй, кең дала, жыр.

Суретшілер    тобы

Тыңдаған күйге байланысты көз алдарыңа елестеген табиғат көрінісін қағаз бетіне түрлі-түсті бояумен түсіру.

Сабақты бекіту: Білемін Білдім? Білгім келеді?

Үйге тапсырма беру: Тақырыпты оқып келу. Қазіргі замандағы күйшілер туралы реферат жазу

Бағалау:

Рефлексия: Оқушыларға күйлердің шығу туралы әңгімелер беру, мазмұнын сұрау

Сынып 6 Күні : 26. 10 . 2015 ж « Ән - күй »

Сабақтың тақырыбы: Сары даланы сазбен тербеткен

Сабақтың мақсаты:  Сары даланы сазбен тербеткен  Тәттімбет туралы мағлумат беру.

Білімділік: Шертпе күйдің шебері Тәттімбеттің шығармашылығы жайлы әңгімелеу, шығармаларын тыңдау. Күйдің тарихымен түрлері мен таныстыру Өз халқының күйшілерін тану. Өнер адамдарына деген құрмет сезімдерін туғызу

Тәрбиелік_мәні'>Тәрбиелік мәні: Өнерді құрметтеуге, өзін - өзі ұстауға, адамгершілікке, өнерді бағалай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық мәні: Оқушылардың ән - күйлерді тыңдай арқылы әуендік сезімталдығын арттыру, есте сақтау, қиялдау, ойлау қабілеттерін дамыту

Сабақ түрі: Лекция сабағы

Әдісі: Әңгімелеу, тыңдау, талдау, ән айту

Көрнекілігі: Электрондық оқулық

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу, әдебиет

Сабақ барысы:

І. Қызығушылығын ояту.

1.Әндетіп амандасу

2. Психологиялық тренинг

Күй тартамыз күмбірлі

Ән айтамыз көңілді

Би билейміз ырғақты

Біз бастаймыз сабақты.

3.Ой қозғау Тақтадағы сурет бойынша әңгіме құрастыру. (Жайлау табиғатының суреті )

 ІІ. Мағынаны тану.

1.   Қазақтың кең даласы, жазық жайлауы талай ақындар мен сал-серілерге, әншілер мен күйшілерге ән болып ағылып, жыр болып төгілген. Сары арқа, Сары жайлау, Сары дала деп туған жер мен атамекенге теңеу айтып толғаумен болған. Ақын Жұмекен Нәжімеденов шертпе күйдің шебері атақты Тәттімбет күйшінің «Сарыжайлау» күйін тыңдап отырып жыр жолдарын төгілте жөнеледі:

Күй сөйледі – тынды бәрі,

Соқты теңіз көлкіп жарға.

Жапырақтың сыбдырлары,

Араласты толқындарға.

Жата кетті бар дүние,

Иегін сүйеп домбыраға.

        Иә, күй сазын ақын сұлу сөзбен өрнектейді. Сары даланы сазбен тербеген Тәттімбеттің күйі шертілгенде жер дүние, тіршілік тына қалып күйшіні тыңдағандай әсер қалдырады. Тәттімбеттің атағы бүкіл қазақ халқына жайылған кез болатын. Ол ел аралап алыс сапарларда көп жүреді. Бірде Тәттімбет елін, жерін сағынып қайтып келе жатқан сапарында бір ауылда айтысып жатқан екі ақынның үстінен түседі. Сонда ақынның бірі тұрып: «Бұл дүниеде не өлмейді» дегенде, екіншісі: «өлмейтін тау, су, ай, күн, жер»,-дейді. Екінші ақынның жауабына риза болмаған Тәттімбет сөз сұрайды. Сонда Тәттімбет: «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді», - деген екен. Айтысып отырған ақынның екеуі бірдей тұрып Тәттімбеттің қолын алады. Екі ақын келген жолаушының Тәттімбет екенін білгеннен кейін біраз аялдап қонақ болып кетуін сұрайды. Сонда Тәттімбет: «Елден ұзап шыққаныма көп болып еді. Елім мен жерімді аңсап сағынып келем. Мені жолымнан қалдырмаңыздар», - деп рұқсат сұрап көп аялдамай жол жүріп кетеді. Тәттімбет көп кідірмей өз еліне де жетеді. Бір төбенің басына шығып, қолына домбырасын алып өзінің Малайсары жайлауына арнап күй шығарады. Ол күй «Сарыжайлау» деген атпен ел арасына таралып кетеді. Ақын Жұмекен Нәжімеденов өзінің «Сарыжайлау» атты өлеңінде күйді сөзбен өрнектеп, жыр жолдарын жалғай түседі: Жайлау – сары, жалқын гүлі,

Сары даламен сыңсып ақты.

Көлеңкенің салқындығы,

Жылылығы күншуақтың;

Жапырақтың сарғайғаны,

Күзгі құстың сайрағаны

Жылқышы әні шалғайдағы,

Үйде қазан қайнағаны,

Қосылды да бәрі,бәрі,

Исі, түсі күйге сіңген,

Жыр жолы да ағылады,

Күй секілді үйлесіммен.

Күй тыңдайық:

Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің орындауында



Біліп ал!

      Тәттімбет Қазанғапұлы – (1815-1862) күйші-композитор. Қарағанды облысы, Егінді бұлақ ауданында дүниеге келген. Арқа өңіріндегі шертпе күй мектебінің негізін қалаушы. Алғашқы домбыра тартуды әкесі Қазанғаптың інісі Әлиден үйренеді. Анасы Ақбөпе де өнерге жастайынан баулып өсіреді. Тәттімбеттің 40-тан астам күйлері бар. «Қосбасар», «Сары жайлау», «Көкейкесті», «Сылқылдақ», «Бес төре» т.б. көптеген күйлері ел арасына кеңінен таралған.



Білесің бе?

   19 Жұмекен Нәжімеденов – (1935-1983) ақын. Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Қошалақ аулында дүниеге келген. Алғашқы өлеңдер жинағы 1961 жылдан бастап жарық көре бастаған. Көптеген өлең, поэма, роман, повестердің авторы. Шығармалары шет ел халықтарының тілдеріне аударылған. Ақынның «Сарыарқа», «Сарыжайлау», «Қызыл қайың» сынды өлеңдері, Дәулеткерей, Құрманғазы, Дина сынды күйші-композиторлардың шығармаларына арналған «Күй кітабы» атты өлеңдер жинағы бар.



Шығармашылық тапсырма: Күйді тыңдай отырып сурет салу

Дауыс жаттығуларын орындау



Ән айтайық: Н.Тілендиев «Саржайлау» әнін үйрену.

- Әнді үнтаспадан тыңдату.

- Әннің мазмұнын талдау, характерін анықтау.

- Әнді хормен үйрету.

- Әнді топқа бөліп айтқызу.

- Кейін жеке оқушыларға орындату.

- Әнді аспаппен үйреніп болған соң минусовкамен орындатамын

ІІІ.Ой толғаныс.

Сұрақтар:

1. Тәттімбеттің «Сарыжайлау» күйі дүниеге қалай келді?

2. Тәттімбеттің басқа да қандай күйлерін білесің?

3. Не себепті Тәттімбеттің күйі «Сарыжайлау» деген атпен танымал болды?

4. Ақын Ж.Нәжімеденов Тәтімбеттің «Сарыжайлау» күйін қалайша өлең жолдарымен өрнектейді?

ІҮ.Бағалау

Ү. Үйге тапсырма: Мәліметті оқып түсінік айту.

5 сынып Күні: 26 10 2015 ж Пәні : « Ән - күй »

Сабақтың тақырыбы: Базар жырау мұрасы.

Сабақтың мақсаты: Базар жырау мұрасы жайлы әңгімелеу.

«Айдан ару нәрсе жоқ» өсиет термесінің мәнін тереңінен ашып түсініп, ұғына білу. Өлең құрап үйрену.



Дамытушылық: Домбырада терме ойнаудағы шеберліктерін шыңдау.

Тәрбиелік: «Айдан ару нәрсе жоқ» темесінің мәні мен мазмұнына терең бойлау.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ.

Көрнекілік: Бейнеслайд, домбыра.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Өткен тақырыпқа шолу.

3. Жаңа тақырып.

4. Нұрымның «Толғауы» аспапта үйрену.

1.Сәлемдесу.

2.Тақтада көрсетілген бейне суреттер арқылы өткен тақырыптарды еске түсіру.

Ал балалар, жаңа сабағымызды бастамас бұрын 2 топқа бөлінеміз. Әр топқа тапсырмалар беріледі жалпы уақыт 8 минут. Бүгін балалар, қиса-дастандар, терме-толғау жазған Сыр бойының атақты ақыны Базар жыраумен таныспақпыз.

Базар жырау XIX ғасырда өмір сүрген. Базар жырау жетімдікте өсіп, буыны бекіп, бұғанасы қатпай жатып, байлардың қозысын бағады. Бір күні қозы бағып жүріп, далада ұйықтап қалса керек. Түсінде ақ киімді, ақ таяқты, ақ сақалды бір кісі келіп «Балам, маңдайыңа берейін бе, таңдайыңа берейін бе?» - дейді. Қарны ашып әрі шөлдеп жатқан бала: «Ата таңдайыма бер»,-дейді.

Сонда бала орнынан өлең айтып ояныпты. Айналада сыбырлаған жел де, шалқып аққан көл де, әуеде ұшқан құс та өлеңдетіп тұр екен. Сонада Базарға өлең бір күнде қоныпты. Базар жырау ақындықты 16 жасында бастайды.

Сыр бойынан шыққан ақын-жырауларға ұстаздық еткен.Атақты ақын жыраулар Шораяқтың Омары, Кете Жүсіп, Тұрмағамбет, Оңғар жыраулар. Сыр бойында туып-өсіп, өмірінің көп уақытын Өзбекстан, Қарақалпақтан жерінде өткізді.Бейіті Өзбекстанның Науай обл, Тамды ауданында сақталған.

Буыны бекіп, бұғанасы қаптау, даңқы шығу, таңдайыңа, маңдайыңа, деген сөздердің мағынасын ашу.

4.Аспапта Нұрымның «Толғау» шығармасын үйренуді жалғастыру.

Әуенге салып «Тәлім» Тұрмағанбет, «Өсиет» Бұхар жырау, «Нар ағаш» халық күйін ойнау.



Қорытынды; Не білеміз, не білдік, не білгің келеді?

Үй тапсырмасы; Базар жырау мұрасы, Нұрым термесін жаттап келу.

Дата 26. 10. 2015 г Класс 5 Предмет Музыка

Тема : Садко - герой новгородских былин

Цели: продолжить знакомство с былинами, их композицией, художественными особенностями; учить логически мыслить, развивать воображение.

Ход урока

I. Организационный момент.

II. Проверка домашнего задания.

1. Рассматривание рисунков учащихся (индивидуальное задание).

2. Беседа по вопросам.

– Как описан богатырь-крестьянин в былине о Вольге и Микуле?

– Какими художественными средствами создается представление о его могуществе и силе?

Зачитать описание героя от слов «Как óрет в поле орáтай, посвистывает…» до «…А кафтанчик у него черна бархата».

(В былине рассказывается, как легко, по-богатырски справляется Микула Селянинович с тяжелой работой. В описании его одежды, снаряжения, даже его лошади подчеркивается необычность, незаурядность героя. Главное художественное средство – гипербола. В былине рассказывается, с какой легкостью богатырь «…коренья вывертывает и большие-то каменья в борозду валит». Богатырские сапоги также описаны с помощью этого приема.)

– Сопоставьте героев былины Вольгу Святославовича и Микулу Селяниновича (или характеристика Вольги и Микулы с последующей рецензией учащихся).

Вольга Святославович представлен необыкновенным человеком, недаром он сравнивается с «солнцем красным», которое «воссияй» на небе ясном. Вольга не только воин, предводитель храброй дружины, но и человек, стремящийся к образованию, мудрости великой, о чем в былине рассказано со сказочной метафоричностью.

Микула Селянинович – тоже человек неординарный. Его необычная сила показана в нескольких эпизодах: 3 дня пахаря не может догнать Вольга с дружиною, весь княжеский отряд не может вытащить из земли крестьянскую соху, а Микула вынимает ее одной рукой; не чужд крестьянин и ратного дела: защищая свое достоинство перед «мужиками»-разбойниками, положил он их до тысячи. Надо отметить, что самоуважение – одна из главных черт крестьянина-богатыря, он на равных разговаривает с князем, даже дерзит ему в споре о своей богатырской лошади и ее истинной цене. Однако Вольга не сердится на своего нового товарища. Рассказчик подчеркивает равенство князя и хлебопашца, а в некоторых случаях даже стремится показать превосходство Микулы, который, подобно Антею, получает силу от матушки-Земли.

– Подумайте, чем былина о Вольге и Микуле отличается от известных вам  былин?  (Обычно  в  былинах  рассказывается  о  воинских  подвигах русских богатырей или повествуется о каком-нибудь необыкновенном событии в их жизни (например, о чудесном исцелении Ильи Муромца и о том, как он стал богатырем). В былине о Вольге и Микуле не происходит ничего особенного: Вольга Святославович, получив в наследство от своего дяди – киевского  князя – три  городка,  едет  получить  с  них  оброк, прихватив с собой «дружину хоробрую». По дороге повстречался ему пахарь (оратай) – Микула Селянинович, поразивший князя своей необыкновенной  силой.  Вольга  приглашает  Микулу  «в  товарищи»,  и  они  продолжают путь вместе. Какова же главная мысль былины? Видимо, она в том, что богатырская мощь, красота, ум, доблесть присущи не какому-то одному сословию. Простой земледелец по силе, могуществу превосходит князя. Эта былина прославляет земледельческий труд как основу жизни.)

III. Изучение новой темы.

1. Сообщение темы. Определение, к какому циклу относится былина, какова ее тема.

– К какому циклу относится былина «Садко»? (Новгородская былина о путешествии в дальние страны. Тема социальная, то есть касается жизни общества.)

2. Чтение былины учителем и подготовленными учениками.

Можно читать на фоне музыкальных фрагментов из оперы Римского-Корсакова «Садко».

3. Выполнение заданий по тексту былины.



Задание 1. Рассказать о главном герое былины, истории его жизни, путешествии и благополучном возвращении. (Живет в Нове-городе богатый купец, который раньше не имел имущества, были у него только гусли. На честный пир Садко купцы не позвали раз, другой, третий. Скучно стало ему, он и отправился на Ильмень-озеро. Садко заметил, что вода в озере всколыхнулася, когда он играл первый день, второй. Гусляр пугался… и уходил прочь. На третий раз вода тоже «всколыбалася», и из нее появился морской царь. За «утехи великие», за «игру нежную» решил водяной царь наградить его и посоветовал Садко поспорить с купцами на лавки их товарные:

И спорь, что в Ильмень-озере

Есть рыба – золоты перья.

Как ударишь о велик заклад

И поди свяжи шелковый невод.

………………………………….

Дам три рыбы – золоты перья.

Тогда ты счастлив будешь!



Садко так и сделал: поспорил, поймал три рыбы, получил «несчетну казну», скупив товары у трех купцов и торгуя ими.

Всех  угощал  он:  и  жителей  новгородских,  и  настоятелей новгородских (церковнослужителей).)

Они-то и предложили Садко, закупив товары, не торговать ими в Новгороде. Садко закупил товары, построил корабли, «тридцать черленых» кораблей и



поехал Садко по Волхову (река в Новгороде)

Со Волхова во Ладожско,

А со Ладожска во Неву-реку,

А со Невы-реки во сине море.

Как поехал он по синю морю,

Воротил он в Золоту Орду,

Продавал товары новгородские…

Когда путешественники возвращались домой, то поднялся шторм.

Все поняли, что морской царь требует дань. Он не принял бочку с серебром, требовал живой головы. Жребий пал на Садко. Он взял с собой гусли. Оказавшись у морского царя, Садко выполнил просьбу царя:

Скажут, мастер играть в гусельки яровчаты;

Поиграй же мне в гусельки яровчаты.

Трое суток играл гусляр, а морской царь плясал.

Во синем море вода всколыбалася,

Со желтым песком вода смутилася,

Стало разбивать много кораблей на синем море,

Стало много гибнуть именьицев,

Стало много тонуть людей праведных.

Народ стал молиться Миколе Можайскому и просить о помощи.

Неожиданно рядом с Садко очутился «старик седатый» (седой), который просил Садко не играть и подсказал ему, что надо сделать с гуслями, чтобы не играть на них. Он же и посоветовал, как надо выбрать невесту, когда царь предложит жениться «на душечке на красной девушке».

Садко сделал все так, как советовал старик, и – очутился на берегу моря раньше своих дружинников.

А дружина поминает одного Садка:

– Остался Садко во синем море!

А Садко стоит на крутом кряжу,

Встречает свою дружинушку со Волхова.

Все рады встрече с Садко: и дружина «хоробрая», и «тут его жена взрадовалася, брала Садка за белы руки, целовала во уста сахарные».

Стал Садко выгружать бессчетну золоту казну.

Как повыгрузил со черленыих кораблей,

Состроил церкву соборную Миколе Можайскому.

Не стал больше ездить Садко на сине море,

Стал поживать Садко во Нове-городе.



Задание 2. Зачитать зачин, назвать гиперболы, постоянные эпитеты («хоробрую», белокаменны, «красной» девушке, «яровчатые», «сине» море); повторяющиеся слова, выражения («Аи же братцы..,) торжественные приемы повествования, троекратные повторения.

IV. Подведение итогов урока.

– В чем ценность былин?

– Какова роль былин в развитии литературы, живописи, музыки?



Вывод. Былины имели и имеют документальную ценность, рисуя достоверные черты древнего быта, рассказывая об устройстве городов, об обычаях и укладе жизни людей; они сыграли огромную роль в развитии литературы, живописи, музыки (опера «Садко» – Н. Римский-Корсаков; «Три богатыря» – В. Васнецов).

Домашнее задание: подготовиться к внеклассному чтению – прочитать былину «Илья Муромец и Соловей-разбойник»; ответить на вопросы из учебника.



Индивидуальное задание:

1) составить диалог на тему «Какие иллюстраторы былин мне нравятся»  (2  ученика  рассказывают об оригинальных творениях В. Васнецова, И. Репина, И. Билибина, демонстрируют иллюстрации Н. Рериха, художников Палеха и др.); подготовить выставку, стенд-раскладушку;



2) подготовить рассказ-сообщение с прослушиванием фрагментов музыкальных произведений, написанных на былинные сюжеты.
Каталог: uploads -> konspekt -> myzika
konspekt -> Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Березовский кенті кмм «Пригород орта мектебі»
konspekt -> Қазақша сценарий: Миницентр
konspekt -> Тақырыбы: «Ана тілім ардақтым» Тәрбиеші: Қуаныш бүгін мереке
konspekt -> Сабақтың әдіс-тәсілдері: акт, сто әдістері, Миға шабуыл, Ой қозғау, Мен саған, сен маған, топтастыру. Ойын элементтері
konspekt -> Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқанов Сан есімді қайталау. Мақсаты
konspekt -> Сабақтың атауы Пайдалы қазбаларды өндіру және қорғау. Тесттік тапсырмалар. Мақсаты
konspekt -> Сабақтың тақырыбы: Ә. Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі Сабақтың мақсаттары
konspekt -> Сабақтың тақырыбы: Шоқан мен өнерлі бала Мысық. Сапарғали Бегалин Сабақтың мақсаты
konspekt -> Сабақтың тақырыбы Достық өлкесінің заңы М. Шаханов Жалпы мақсаты
myzika -> Сабақтың тақырыбы: Квартет өнер көрсетеді Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет