Тақырыбы: Ұлт тірегі Елбасы Мақсаты



бет1/2
Дата06.02.2022
өлшемі80,16 Kb.
#39838
  1   2

Тақырыбы: Ұлт тірегі Елбасы
Мақсаты: 1. Оқушыларға Нұрсұлтан ағамыздың сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
2. Оқушылардың ой- өрісін дамыту, өзіндік пікір қалыптастыру,шығармашылық ізденісін дамыту.
3. Қазақстанның өркендеуіне үлес қосатын алғыр да білімді ұрпақ тәрбиелеу, туған тілін, туған жерін сүюге шақыру, тарихымызды бағалай білуге, ұлттық салт- дәстүрді қастерлеуге үйрету.
Көрнекілігі: Н.Назарбаевтің портреті, еліміздің рәміздері, слайд.
Жүргізуші:
Армысыздар, қаламыздың асылдары,
Жайнасын көңіліңнің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би,
Сіздер үшін мереке шашулары.
Жиналыппыз сәтті күн бәріміз де,
Үлкен- кіші, жасымыз, кәріміз де,
Төрлетіңдер, қадірменді қонақтарым,
Гүл- гүл жайнап, біздің, мына төрімізге.
Армысыздар, ардақты да қадірлі, аяулы да сымбатты ұстаздар, ата- аналар, оқушылар! Бүгінгі 1 желтоқсан- Елбасы күнінің қарсаңында өткізгелі тұрған «Менің тұңғыш президентім» атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер!
Бұлақсыз сусындаған сан мың бала,
Шырақсыз сәулеленген ой мен сана.
Әдепті, абыройлы, жатық мінез,
Әрі ұстаз жеткіншекке, әрі пана,- дегендей алғашқы сөз кезегі мектебіміздің директоры Абумаликов Ерлан
Қанатбайұлына беріледі.
Қадірменді ұстаздар, ата- аналар, оқушылар! «Менің тұңғыш президентім» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Бұл ертеңгілік үш бөлімнен тұрады:
І бөлім. Жолыңыз нұрлы болсын! Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаяны.
ІІ бөлім. Еңсесі биік елім бар.
ІІІ бөлім. Ой бөлістім халқыммен. Елбасының жүрекжарды тебіренісі.
Бүгінгі ертіңгілігіміз саясаттың суырылған дара саңлағы, бүкіл әлем мойындаған дара тұлға, алғыр басшы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арнаймыз.
Біз тарих пен тағдырдың бұралаңы көп жылдар мен ғасырларға созылған ұзақ уақыттағы қиыншылықтардың барлығын басымыздан өткеріп көріп келген елміз. Бүгінгі күні тәуелсіздікке қол жеткен елміз. Бұл бізге оңайлықпен келген жоқ. Ата- бабамыздың ұрпағын, елім, жерім деп армандап өткен, сол үшін талай тер төгіп, қан төгіп, мың өліп, мың тірілген, өзім жетпесем де, ұрпағым жетсе екен деп армандап өткен еңбегінің жемісі.
Халқымыздың ғасырлар тереңінен тамыр тартқан көшіміздің маңдайын түзеп, бағыт- бағдарын айқындайтын әйгілі үш жолы болды. Ол- Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жолы, Абылай ханның ақ жолы. Сол киелі ата- бабамыздың әруағы қолдап жаңа ХХІ ғасыр Нұрсұлтан Назарбаевтың нұрлы жолы болады деп кәміл сенеміз.
Мақтанышым- Көк байрағым, Ұраным,
Қырдағыны қалт жібермес Қыраным.
Сарқылмасын өзің ашқан бұлағың,
Жарқырасын өзің жаққан шырағың.
Елің үшін ұзақ ғұмыр сүре бер,
Құдайдан сол, күні- түні сұрарым.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаяны



Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет