Task 1 күн жүйелеріне енетін аспан денелерін атаныз



бет180/191
Дата08.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#130870
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   191
Байланысты:
Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз
19ғ әдебиетінің зерттелуі, XV-XVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы, Дип.-Қазақ-халқының-ауыз-әдебиеті-жанрларындағы-ертегілерді-оқыту-барысы, Боран романы
Кiшi қан айналым шеңберi. Оң қарыншадан бiр ғана қан тамыр өкпе артериясы жүректе бiрден бөлiнiп, оң және сол өкпеге вена қанын апарады. Өкпеден шыққан артерия қаны өкпе венасы арқылы сол жақ құлақшаға құяды.
Үлкен қан айналым шеңберi. Дененiң алдыңғы бөлiм (басы мен қанаты) қанды қолқаның оң жақ доғасының тармақтары болып табылатын ұйқы артериясының бұғана асты қанат артерияларынан алады. Сонымен қатар, қолқа доғасы алдыңғы жағынан дененiң арқа бөлiмiне қарай оң жақтағы бронханы айналып өтiп, арқа қолқасы сияқты омыртқа жотасының бойымен артқа кетедi. Дененiң артқы бөлiмi қарынға, бүйректерге кететiн арқа қолқасы тарамдарының қандарымен жабдықталады. Сонымен қатар, арқа қолқасы аяқтар мен дененiң құйрық бөлiмiне қан жеткiзушi жұп мықын артериясы мен тақ құйрық артерияларында да тармақталады.
Вена қаны дененiң алдыңғы қуыс венаға жиналып, одан шықшыт немесе яремдық (бастан мойынға қарай) иық және көкiрек веналарына өтедi. Оң жақ алдыңғы қуыс венаға жүректiң оң жақ құлақшасының алдыңғы шетiне құйылады, ал сол жақ алдыңғы қуыс вена артқы қуыс венаның жанына құяды.
Дененiң артқы бөлiмiнiң веноздық жүйесi құйрық және мықын веналарынан құралады. Олар өзара қосылып, құйымшақ-шарырқай (копчиково-брыжеечную) веналарын, сонымен қатар оң және сол бүйрек қаңқа веналарын түзедi. Бұл екi бүйрек қақпа веналары бүйректiң артқы бөлiмiне өтiп, ол жерде бүйректiң қақпан жүйесiн түзедi. Құстардың бауырымен жорғалаушылардан айырмашылығы, олардың қандарының бiраз бөлiгi ғана осы қан тамырлар арқылы өтедi, ал қанның қалған көптеу бөлiгi iрi мықын веналары арқылы өтедi. Веноздық қан артқы аяқтардан ортақ мықын венасына жиналады. Оған сан және бүйрек веналары құяды. Ондай магистральды қан тамыр бауыр арқылы өтiп, бауырдан шыға берiсте артқы қуыс венасын түзедi. Ал артқы қуыс венасына бауырдың оң жақ жартысынан өтiп, өзiне бауыр венасын қабылдайды. Артқы қуыс вена бауырдан жуан дiңгек (ствол) тәрiздi болып шығып құлақшаға құяды. Қан жасап шығарушы мүше – көкбауыры (талағы) болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   191




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет