«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы


Тақырыбы: XX ғас. костюмі.(жалғасы) Дәрістің мазмұны



бет44/80
Дата12.09.2020
өлшемі0,49 Mb.
#63842
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   80
Тақырыбы: XX ғас. костюмі.(жалғасы)

Дәрістің мазмұны:

XX ғасырдағы өнер тарихында мынадай кезеңдерді атап көрсетуге болады: 1901 – 1914 жылдар, 1919 – 1930 жылдар, 1931 – 1945 жылдар, 1946 – 1966 жылдар, 1967 – 1973 жылдаодың киімі, 80 – 90 жылдар киімі.

XX ғасыр костюм формасының дамуында киімнің көлемі мен массасының дәрежесін анықтау үшін, материал фактурасының мәні ерекше болды. Фактура мен өңді анықтау киімнің көлемділігін, тығыздығын арттырды. Тығыз, бұлыңғыр, жарқырап тұрған ақ атлас киім көлемі көзге үлкен етіп көрсетеді.

XX ғасырдың үшінші жартысында мәдениеттің бірі ретінде « постмодерн » ( эклектика – көп стильдерден құрылды ) стилі модаға, ал ол костюмге үлкен әсерін тигізді.

Классикалық стиль – бұл стильдің отаны Англия болып саналады. Осы стильдегі киім үлгілері қатаң, біртүсті,клеткалы немесе ноқат түсті ( горошок ) маталардан тігіледі. Күнделікті тұрмысқа, жұмысқа белгілі бір маман иесіне арналған, мода ағымынан тыс қалмайтын киім үлгілерін қамтиды. Жакет, пиджак, кардиган, тік әрі қатаң юбка немесе шалбар, камзол және т.б. қатаң, қарапйым киім үлгілерін қамтиды.

Спорттық стиль – XIX ғасырда спортпен шұғылдану немесе басқа ойындар үшін шығарылды. Бүгінгі күндерде бұл киімдер түрлі спорттық жаттығуларды орындау үшін пайдаланылады.

Фантазиялық стиль – кейде оны романтикалық стиль деп атайды. Бұл киім үлгілері формасына қарай түрліше болып келеді. Бұл киім түрлерін желбезек, желбір, қатпарлар, кестелер және тағы басқа сәндік элементтер арқылы әшекейленген кешкі сән – салтанатқа немесе күнделікті тұрмысқа арналған нағыз әйелге тән биязылықты білдіретін киім үлгілерін атауға болады. Бұл стильдегі киім матасы бір түсті, гүлді және абстрактілі болып келеді.

Фольклордық стиль – ұлттық киім үлгілері негізінде әзірленген киім формасы қарапайым, пішімі тиімді, көп қабатты, жоғары әрі құнды әшекейлерімен ерекшеленетін киімдер.

Мода - әлеуметтік статусты білдіретін әдіс емес, массалық коммуникация формасы, адамдардың арасындағы араласу, қарым – қатынас жасау әдісі деген ойды білдіреді В.В Ермилова. XX ғасырдың екінші жартысында мода негізінен жастарға тән болады. Екіншідүниежүзілік соғыстан кейін жас ұрпақтың модасы жақсы дамыды: 1940 жылы – зути АҚШ – та және зазу Францияда, 1950ж. – АҚШ – та бантиктер мен байкерлер, Ұлыбританияда тедди – бойз, СССР – да стилягтар, 1960 жылы Батыс елінде рокерлер модасы.

XX ғасырдағы мода алаңындағы жаңалық мини – юбканың шығуы ұзын аяқ мәдениетін бекітті. Мини – юбка жаңа идеяны қалыптастырды. Моданы шығарушылар жай ғана тігінші немесе суретші ғана емес,олар қоғамда маңызды рөл атқарды.




Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   80




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет