Телекоммуникация қызметтерін көрсетуге арналған үлгі шартты жасасу



бет2/5
Дата29.01.2018
өлшемі0,82 Mb.
#35829
1   2   3   4   5

5 Тарифтер, Абоненттердің Оператормен өзара есеп айырысуы
30. Көрсетілген қызметтер үшін ай сайынғы есептеулер Қазақстан Республикасының заңнамасына, Оператордың сертификатталған биллинг жүйелеріне сәйкес Оператордың бекіткен тарифтері бойынша жүргізіледі.

  1. Көрсетілген қызметтер үшін төлем Опертордың қолданыстағы тарифтеріне сәйкес Қызметтерге қосылу фактісі бойынша есептеледі және телекоммуникация қызметтері үшін жалпы шотқа қосылады.

  2. Тараптардың бөлек келісімі бойынша басқаша көзделмесе, Абонент есепті айдан кейінгі айдың 25-ші күніне дейінгі мерзімде ай сайын нақты көрсетілген Қызметтер үшін төлем жасайды.

  3. Абонентке меншік құқығында тиесілі емес орынжайда немесе кепілде тұрған өзінің меншікті орынжайында Қызметтерді қосқан кезде Қызметтер Клиентке/Абонентке енгізілген аванстық төлем талаптарында көрсетіледі. Бұл ретте:

  1. Абонент әр айдың 1-ші күніндегі жағдайға дербес шотында көрсетілетін Қызметтер үшін белгіленген айлық төлемнің және қалааралық, халықаралық қосылыстар мен ұялы операторлар абоненттерімен қосылыстар қызметтерін, сондай-ақ ақылы анықтамалар мен басқа да телекоммуникация қызметтерін ұсыну үшін болжамды шығындардың сомасынан кем емес соманың болуын қамтамасыз етуді міндетіне алады;

  2. Оператор ай сайын енгізілген алдын ала төлем сомасына сәйкес көлемде Қызметтер көрсетеді;

  3. Аванстық төлем сомасын пайдаланған кезде (дербес шоттағы қалдық белгіленген бір төлем көлеміне тең болады) Абонент шотты толықтыру қажеттігі туралы қолжетімді тәсілмен (телефон, SMS-хабарлама, жеке кабинет т.с.с. арқылы) хабардар етіледі;

  4. 24 сағат ішінде ақшалай қаражат түспеген жағдайда Қызметтерді көрсету тоқтатылады. Қызметтерге қатынауды қайта қосу Абоненттің дербес шотына алдын ала төлем түскеннен кейін немесе Абонент алдын ала төлемді енгізгені турлы құжатты ұсынғаннан кейін жүргізіледі;

  5. Абонент алдын ала төлем сомасын өз қалауы бойынша толықтыруға құқылы. Балансты нақтылау ________________ телефоны арқылы жүргізіледі;

  6. Шарт Абоненттің бастамасы бойынша бұзылған жағдайда алдын ала төленген сома (болған жағдайда) Шартты бұзылған күннен бастап он күн ішінде Абоненттің жазбаша өтініші бойынша қайтарылады немесе Абоненттің өтініші бойынша басқа дербес шотқа ауыстырылады.

  1. Абонент қойылған шотқа сәйкес Қызметтерге төлем жүргізу мерзімін кешіктірген жағдайда, Оператор Абонентке Қызметтерге қатынауды тоқтатуға құқылы. Бұл ретте Қызметтерге қатынауды қайта жаңғырту берешекті толық көлемде өтегеннен кейін немесе Шарт талаптарын бұзушылықты жойғаннан кейін жүргізіледі.

  2. Оператор берешек үшін Абонентке Қызметтеге қатынауды тоқтатқаннан кейін Абонентке алдағы уақытта Шартты бұзатыны туралы хабарламаны жолдайды және 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін берешекті өтемесе немесе бұзушылықты жоймаса, Шартты біржақты тәртіпте бұзады. Қаражатты өндіріп алу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

  3. Шартты бұзу, Қызметтерден бас тарту Абонентті берешекті төлеуден босатпайды.

  4. Абонент күнтізбелік ай ішінде бір рет КЖҚ қызметтері бойынша тарифтік жоспарларды ауыстыруды жүзеге асыра алады. Тарифтік жоспарды өзгерту тарифтік жоспарды ауыстыруға өтінім берген айдан кейінгі айдың 01-ші күнінен жүзеге асырылады.

  5. «Megaline/iD Net Light» тарифтік жоспарлары бойынша КЖҚ қызметтерін ұсыну ерекшеліктері:

  1. «Megaline/iD Net Light» тарифтік жоспары – бұл үй-жайға меншік құқығынсыз және абоненттік желіжолға құқығы болмаған жағдайда, Абоненттің тұрғылықты жері/орналасқан орны бойынша көрсетілген қызметтерге аванстық негізде төлем жүргізу кезінде сол мекенжай бойынша қалған Қызметтерден бөлек дербес шот ашу арқылы интернетке кежолақты қатынауды ұсыну;

  2. «Megaline/iD Net Light» тарифтік жоспары бойынша Қызметке қосылу үшін Абонент портқа қосылу үшін біржолғы төлем жүргізуі (қажет жағдайда - Абонент жағында жүргізілген жұмыстар үшін біржолғы төлемді) және дербес шотқа белгіленген екі абоненттік төлем көлемінде аванстық төлемді енгізуі қажет (таңдап алған тарифке сәйкес).

  3. Қызметті пайдаланғаны үшін Абонент ай сайын ағымдағы айдың 25-не дейін төлем жүргізеді;

  4. Аванстық төлем әр айдың 01-не дейін түспеген жағдайда Қызметті ұсыну уақытша тоқтатылады (жеке шоттағы қалдық – бір айлық абоненттік төлемнен кем). Екінші ай ішінде төлемеген жағдайда Шарт автоматты түрде бұзылады, Қызмет алынып тасталады;

  5. Абонент Қызмет тоқтатылғаннан кейін екі ай ішінде абоненттік төлем жасап, қосу үшін біржолғы төлемдерсіз Қызметті ұсынуды қайта жаңғыртуға құқы бар.



6 Қызметтердің тізбесі мен сипаттамасы. Оларды көрсету тәртібі
39. Телефония қызметтері:

1) Шарт жасалғаннан кейін телефон орнату тәртібі мен мерзімдері Оператордың актілеріне және осы Қағидаларға сәйкес анықталады:




р/н

Қызметтердің атауы

Телефонды қосудың техникалық мүмкіндігін қарастыру мерзімдері

Қызметтерді қосу мерзімдері

1

қалаларда және аудан орталықтарында

3 (үш) жұмыс күні


3 (үш) жұмыс күні


2

ауылдық елді мекендерде

2) телефонды қайта ресімдеу өтініші өтініш берілген күні өңделеді (даулы сәттер болмаған жағдайда). Қосымша ақпарат алу, филиалдың заң бөлімшесінен кеңес алу, басшылық шешімін алу қажет болған жағдайда қарау мерзімі 7 (жеті) жұмыс күнінен аспауы тиіс;

3) желіге қосу үшін төлем қабылданғаннан кейін техникалық мүмкіндіктің болмауы салдарынан Клиентке немесе Абонентке телефонды (-дарды) орнатудан бас тартуға рұқсат етілмейді;

4) жаңа мекенжай бойынша бұрын бөлінген телефон нөмірін пайдаланумен телефонды (-дарды) қайта орнатуға техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда, Абонентке тиісінше шартты қайта ресімдеу арқылы телефонды (-дарды) жаңа нөмірмен (-лермен) орнату ұсынылады;

5) жаңа мекенжайы бойынша телефон орнатуға техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда, Абоненттің өтініші есепке алынады және телефонды (-дарды) орнату кезек тәртібінде жүргізіледі. Бұл жағдайда Анықтаманың қолданыс мерзімі телефонды орнату мерзімімен шектеледі;

6) егер Абонент өзі шығып кеткен сәттен бастап бір ай өткеннен кейін Анықтамаға жүгінсе, ал орынжайдың жаңа иесі Шартты қайта ресімдеуді жасамаса, онда Анықтама Абонентке орынжайдың жаңа иесінің жазбаша келісімімен беріледі. Анықтама берілгеннен кейін орынжай телефондандырылған деп саналмайтын болады, ал жаңа иесі желіге қосу үшін төлемді толық көлемде төлеуге міндетті болады;

7) орынжайдың бұрынғы иесі - Абоненттің жазбаша келісімі болмай, шартты жаңа иесінің атына қайта ресімдеу телефондандырылған орынжайдың меншік құқығы өтініш берушіге өткенін растайтын құжатты тіркеу сәтінен бастап бір ай мерзім ішінде жүргізіледі. Егер бұрынғы иесі орынжайды жаңа меншік иесіне қайта ресімдеу сәтінен бастап бір ай мерзім өткеннен кейін және жаңа меншік иесіне шартты қайта ресімдегеннен кейін Анықтамаға жүгінсе, Анықтама орынжайдың бұрынғы иесіне берілмейді;

8) Абонент Анықтаманы алған сәттен бастап телефон орнатылған орынжай телефондандырылмаған болып саналады;

9) Операторда жергілікті телефон қосылыстарын уақытына қарай есептеуді жүргізуге техникалық мүмкіндігі болған жағдайда, қолданыстағы жергілікті телефон қосылыстарын уақытына қарай есептеу жүйесі бар елді мекендерде Абонент-жеке тұлға Қызметтерге төлем жүргізудің абоненттік немесе уақытына қарай есептеу жүйесін таңдауға құқы бар;

10) Абоненттің жазбаша өтініші бойынша Шартты бұзбай, Абонентке 3 күнтізбелік ай мерзімге дейін телефония қызметтерін көрсету тоқтатылады. Бұл ретте Абоненттен Оператордың тарифіне сәйкес өтініште көрсетілген кезең үшін төлем алынады. «НТА қызметтерін уақытша тоқтату» қызметіне қосылған абоненттер саны бір елді мекен шегінде жергілікті телефон байланысы қызметтеріне қосылған абоненттердің 10% аспауы тиіс;

11) сериялық нөмірлерді қосу шығыс байланысты шектеумен жүзеге асырылады. Бір серияда абоненттік желіжол саны он бестен аспауы тиіс;

12) сериялық қосылудың әрбір нөмірі бойынша ең көп жүктеме сағатында құралатын жүктеменің жиынтық (шығыс және кіріс) қарқындылығы 0,15 Эрл-ден аспауы тиіс. Жүктеме артық болған жағдайда Абонент абоненттік желіжолдар санын ұлғайтуды міндетіне алады;

13) алдын ала таңдап алынған қалааралық және/немесе халықаралық телефон байланысы операторы ретінде Оператор саналады;

14) телекоммуникация қызметтерін сымсыз технология бойынша көрсету жерүсті байланыс арналары бойынша қызмет көрсетуге техникалық мүмкіндік пайда болғанға дейін жүзеге асырылады.

40. ADSL технологиясы бойынша интернет желісіне қатынау қызметтері (Megaline):

1) ADSL технологиясы бойынша интернет желісіне кеңжолақты қатынау – әдепкі «мыс» телефон арналары бойынша дауыс пен деректі бір мезгілде беру технологиясы. Қосу үшін қолданыстағы телефон желіжолын пайдалануға болады. Абонентке сплиттер орнатылады (жиілік бөлгіш), оған телефон мен ADSL-модем қосылады. Абонент телефонды, факсті пайдаланумен бір мезгілде интернет желісінде жұмыс істей алады. ADSL технологиясы арқылы интернет желісіне кеңжолақты қатынау қызметін Оператор «Megaline» сауда белгісімен ұсынады;

2) Оператор жергілікті желіге қосылыс бойынша ғана Қызметтің өткізу мүмкіндігі мен сапасына кепілдік береді;

3) «Megaline» қызметіне жазылғаннан кейін Абонент алғашқы рет авторландыру және Абонентті тіркеу үшін бастапқы аутентификациялық деректерді алады. Абонентке бастапқы аутентификациялық деректерді беру жолдары:

делдал клиенттік жабдықты инсталляциялау кезінде «Megaline» қызметінің делдалы;

Оператор қызметкері клиенттік жабдықты инсталляциялау кезінде және Абонент Оператордың СЖО-ға өтінім жасағанда;

4) Абонентті «Megaline» қызметіне қосу кезінде қосымша жұмыстар жүргізу қажет болғанда (қосарлас телефонды бұғаттан шығару, терминалды АВУ-дан немесе РСМ-нен ажырату, Абоненттің телефон нөмірінің өзгеруі және т.с.с.), Оператор Абонентке («Megaline» қызметін көрсетуге берген Абоненттің өтінішінде көрсетілген байланысу телефондарының нөмірлері бойынша) туындаған қиындықтар мен «Megaline» қызметін қосу жоспарланған күні туралы хабарлайды;


  1. Абонент қосымша жұмыстар жүргізумен немесе телефон нөмірінің өзгеруімен келіспеген жағдайда, Абоненттің «Megaline» қызметіне берген өтініші қайтарылады. Абонентке берілген бірегей код Оператор жүйесінен жойылады;

  2. Абонентті жүйеге тіркегеннен кейін Абонент «Megaline» қызметіне тұрақты қатынауды жүзеге асыру үшін аутентификациялық деректерін жеке өзі белгілейді;

  3. Егер Абоненттің клиенттік жабдығы www.megaline.kz орналастырылған қолдануға ұсынылған жабдықтар тізіміне енгізілмесе немесе желідегі жұмыстар қателер мен проблемалар тудырса, Оператор Абонент проблеманы жойғанға дейін «Megaline» қызметін көрсетуді тоқтата тұруға құқылы;

  4. алғашқы табысты тіркелу және жүйеде авторландыру күні Абоненттің «Megaline» қызметіне қосылу фактісі болып табылады;

  5. Оператор Абонент «Megaline» қызметіне қосылуға өтінішті ресімдегеннен кейін интернет желісіне кеңжолақты қатынауды қамтамасыз етуі немесе Абонент «Megaline» қызметін көрсетуге өтінішті ресімдегеннен кейін 6 жұмыс күні ішінде Абонентке себебін көрсетіп, тиісті бас тартуды жеткізуі тиіс;

  6. Абонент:

Оператор Абоненттің телефон желіжолын пайдалану арқылы Абонентті «Megaline» қызметіне қосуды қамтамасыз ету жұмыстарын аяқтау туралы хабарлағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей авторландырудан өту арқылы «Megaline» қызметіне қосылуға;

Оператордан Абоненттің телефон желіжолын пайдалану арқылы Абонентті «Megaline» қызметіне қосуды қамтамасыз ету жұмыстарын аяқтау туралы хабарлама алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде өз бетінше қосылуға мүмкіндігі жоқ екені туралы хабарлауға міндетті;

11) деректер беру желісін жаңғырту, «Megaline» қызметін ұсыну технологиясында өзгерістер болған жағдайда, Оператор Абонентті «Megaline» қызметінен интернет желісіне талшықты-оптикалық байланыс желіжолы бойынша қатынау қызметіне ауыстырып қосуға құқылы, бұл ретте абонентке осындай ауыстырып қосудан күнтізбелік 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын хабарлайды. Абоненттің «Megaline» қызметінен интернет желісіне талшықты-оптикалық байланыс желіжолы бойынша қатынау қызметіне ауыстырып қосуға келісімі Абоненттің өтінішімен ресімделеді. Бұл ретте қызмет параметрлерінің нашарлау жағына қарай өзгеруіне жол берілмейді.

41. FTTH технологиясы бойынша интернет желісіне қатынау қызметі (iD Net):

1) FTTН (Fiber To The Нome) технологиясы – бұл байланыс торабынан Абоненттің үй-жайына (үйіне, пәтеріне, офисіне) дейін оптикалық байланыс желіжолдары тартылған, талшықты-оптикалық байланыс қолданылатын интернет желісіне кеңжолақты қатынау технологиясы. FTTH технологиясы бойынша интернет желісіне қатынау қызметі «iD Net» сауда маркасымен ұсынылады;

2) Оператор жергілікті желіге қосылыс бойынша ғана Қызметтің өткізу мүмкіндігі мен сапасына кепілдік береді. Сымсыз сигналдың өткізу мүмкіндігі мен қамту аймағын ұлғайту үшін Абонентке қосымша жабдық алуға рұқсат етіледі;

3) «iD Net» қызметін қосу және көрсету үшін төлем сомасын есептеу Абонентті «iD Net» қызметіне қосуды қамтамасыз ету жұмыстарын аяқтау туралы Оператор Абонентке хабарлаған күннен бастап 1 (бір) күн өткеннен кейін немесе қызметті қосу және көрсету фактісі бойынша жүргізіледі. Алғашқы табысты тіркелу және авторлану күні Абонентті «iD Net» қызметіне қосу фактісі болып табылады;

4) Абонент Қызметті өз бетінше қосқан жағдайда Оператор:

Абонентті «iD Net» қызметіне қосуды қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың аяқталғаны туралы хабарлауы тиіс;

Оператор Абонентті Қызметке қосуды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды аяқтау туралы хабардар еткеннен кейін 1-ші жұмыс күні ішінде «iD Net» қызметіне өз бетінше қосылу мүмкін болмаса, орнату мекенжайы бойынша Қызметті теңшеу шараларын қабылдауы және Қызметтің жұмыс істеп тұрғанын көрсетіп беруі тиіс;

5) Абонент:

Оператор Абонентті «iD Net» қызметіне қосуды қамтамасыз ету жұмыстарын аяқтау туралы хабарлағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей Қызметті пайдаланып, авторланудан өту арқылы «iD Net» қызметіне қосылуға;

Оператор Абонентті қызметке қосуды қамтамасыз ету жұмыстарын аяқтау туралы хабарлағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде «iD Net» қызметіне өз бетінше қосылуға мүмкіндігі жоқ екені туралы хабарлауға міндетті;

6) Оператор:

ашық клиенттік Telnet/WEB-интерфейс жабдығы бойынша клиенттік жабдықты бұзу нәтижесінде туындаған Абонентке жағымсыз ықтимал салдар үшін;

Абонентті берешегін төлемегені үшін телефон желісінен ажыратқан жағдайда Қызмет көрсетуді тоқтатқаны үшін жауапты болмайды.

42. Интернет желісіне кеңжолақты қатынау қызметін қосудың техникалық мүмкіндіктерін қарау мерзімдері:




Қызметтің атауы

Қызметтерді қосудың техникалық мүмкіндіктерін қарау мерзімдері

Қызметтерді қосу мерзімдері

1

«Megaline» қызметі

4 (төрт) жұмыс күні

3 (үш) жұмыс күні

2

«iD Net» қызметі

1 (бір) жұмыс күні

1 (бір) жұмыс күні

43. Сымсыз қатынау технологиялары базасында интернет желісіне қатынау қызметтері:

1) желінің бас тартусыз жұмыс істейтін аймағында тұратын Абоненттерге ұсынылады. Таңдап алынған Қызметтің түріне байланысты қосу 10 жұмыс күніне дейінгі мерзімде жүргізіледі;

2) Оператор Абонентті тіркеуді және Қызметке қосуды Шарт жасалғаннан кейін жүргізеді (бірінші рет жүгіну жағдайында), екінші және келесі қызметтерді қосқан жағдайда, өтініші және Қыметті қосудың бас тартусыз орнатулары аймағында географиялық орналасуы бойынша абоненттің мекенжайын тексеру негізінде жүргізеді. Егер Қызметті ұсыну кезінде Оператор агент болып табылса, онда Абонентпен бөлек шарт жасалады;

3) егер Абонент Шартта көрсетілмеген қосымша қызметтерге (клиенттік жабдықты теңшеу, консультациялар және т.б.) тапсырыс берсе, Тараптар тиісті Орындалған жұмыстар актісіне және осы қызметтер, оларды ұсыну шарттары мен құны атап көрсетілетін қажетті қосымшаларға қол қояды. Қызметтердің құны телекоммуникация қызметтері үшін ағымдағы шотта ұсынылады;

4) Қызметті пайдалану Оператордан немесе «АЛТЕЛ» АҚ-дан сатып алынатын немесе жауапты сақтауға берілетін клиенттік жабдықтың, сондай-ақ жабдықты Оператордың желілерінде қолдану мүмкіндігін растайтын тестілеу актісі бар жабдық көмегімен жүзеге асырылады;

5) бірлескен жоба аясында белгілі бір ұтқыр терминал типіне «АЛТЕЛ» АҚ Абонент үшін арнайы шегерім беретін болса, онда Шарт бұзылған жағдайда Абонент 14 күнтізбелік күн ішінде ұсынылған шегерім сомасын төлеуді немесе кепілдік талоны болған жағдайда тауар түрін сақтаумен ұтқыр терминалды қайтаруды міндетіне алады;

6) Интернет желісіне сымсыз қатынауды ұсыну кезінде жылдамдық пен сапаға кепілдік берілмейді және базалық стансаның орналасқан ауданына, қабылданатын сигналдың сапасына, яғни оның базалық стансадан алшақтауына, ең көп жүктеме сағатына, қосылыс кезінде базалық станса қызмет көрсететін деректер беру абоненттерінің санына тәуелді;

7) жауапты сақтауға берілген клиенттік жабдық қайтарылмаған жағдайда, оның құны Абоненттің дербес шотына ұсынылады;

8) Оператор Абоненттің тұрғылықты аймағында Оператордың қолданыстағы технологиялары бойынша (iD Net, Megaline және т.б.) КЖҚ қызметтерін ұсынудың техникалық мүмкіндігі болуы және желіні жаңғырту фактісі бойынша Шартты біржақты тәртіпте бұза алады. Бұл жағдайда Оператор Абонентке жазбаша түрде хабарлайды және ауыстырып қосуды Абонент таңдаған тарифтік жоспарға сәйкес жүргізеді. Бұл жағдайда қосу үшін төлем алынбайды;

9) дебиторлық берешек болған жағдайда немесе Абоненттің бастамасы бойынша «iD Net Wireless» қызметі бұғатталса, ұтқыр интернет қызметі бұғатталады, қайта есептеу жүргізілмейді, абоненттік төлемді есептеу толық көлемде жүзеге асырылады;

10) сымсыз технологиялар базасында ұйымдастырылған қызметтерді көрсетуді уақытша тоқтату (CDMA Base», «CDMA Plus», «Super EV-DO 1», «Super EV-DO 2» тарифтік жоспарлары) мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

қызметті ұсыну Абоненттік жазбаша өтініші бойынша Шарт бұзылмай жүргізіледі. Бұл ретте Абоненттен Оператордың тарифіне сәйкес төлем алынады;

қызмет Операторда оны көрсетуге жаьдықта бос сыйымдылық болған жағдайда көрсетіледі;

қызмет телекоммуникация қызметтері үшін берешегі болған жағдайда көрсетілмейді;

11) «СDMA КЖҚ қызметтерін уақытша тоқтату" қызметіне қосылған Абоненттердің саны бір елді мекен шегінде "CDMA Base", "CDMA Plus", "Super EV-DO 1", "Super EV-DO 2" тарифтік жоспарларына қосылған Абоненттердің жалпы санының 10% аспауы тиіс.

44. " Megaline/iD Net қызметтерін уақытша ажырату" қызметі "Megaline", "iD Net" қызметтерінің абоненттеріне мынадай жағдайларда ұсынылады:

1) Шарт бұзылмай, Абоненттің жазбаша өтініші бойынша. Бұл ретте Абоненттен Опертордың тарифіне сәйкес төлем алынады;

2) бос құрастырылған сыйымдылық кемінде 10% болғанда;

3) қызмет телекоммуникация қызметтері үшін берешегі болған жағдайда көрсетілмейді.

45. «Турбо-режим» қызметі техникалық мүмкіндік бар ауылдық елді мекендерде ұсынылады және интернет желісінің сыртқы ресурстарына жылдамдықты 2048 Кбит/с/1024 Кбит/с дейін ұлғайтуды көздейді. Қызметті пайдаланғаны үшін төлем Астана қ. уақыты бойынша сағат 23:00-ден 14:00-ге дейінгі уақыт аралығында бір тәулік шегінде алынады. Сервис "Megaline Light", "Megaline Light Optima ", "Megaline Light ID Phone ", "Megaline Turbo Light ID Phone", «Megaline Turbo Plus», «Megaline Turbo Light» тарифтік жоспарларынан басқа барлық "Megaline" қызметінің тарифтік жоспары үшін қолжетімді.

Сервисті пайдалану кезеңінде өндірілетін трафик нөлдік ставка бойынша тарифтеледі және кіріс трафиктің шекті көлемін қалыптастыру кезінде ескерілмейді:

1) «Megaline Start» ТЖ бойынша 10 Гбайт;

2) «Megaline Hit Optima» ТЖ бойынша 20 Гбайт.

46. Интернет қызметтеріне қосымша сервистер:

"Megaline/iD Net" абоненттері үшін IPv4 астатикалық адресі бойынша иентернетке қосылу» қызметі қазіргі бар Абоненттерді IPv4 статикалық адресі бойынша интернетке қосуға арналған және интернет қызметтеріне қосымша сервис болып табылады. Әрбір Клиент үшін интернетке қатынау жария IPv4-адреспен ұсынылады. Сервисті жеке кабинтке қатынауы бар Абоненттер пайдалана алады.

47. SIP-платформа қызметтері:


  1. «iD Phone» қызметі – телефон байланысы қызметтері, интернет желісіне қатынау қызметтері, Web-портал арқылы қосымша қызмет көрсету түрлері қосылған телекоммуникация қызметтерінің топтамасы;

  2. «iD Phone» қызметін қосу өтініштерін қарау мерзімдері:



Абоненттердің санаты

"iD Phone" қызметіне қосылуға өтініштерді қарастыру мерзімдері

қалаларда және аудан орталықтарында

ауылдық елді мекендерде

"Megaline"қызметінің абоненттері-пайдаланушылары

1 жұмыс күні

3 жұмыс күні

"Megaline" қызметтеріне қосылмаған абоненттер

3 жұмыс күні

7 жұмыс күні

«iD Phone » қызметіне қосу мерзімдері:




Абоненттердің санаты

«iD Phone» қызметін қосу мерзімдері

қалаларда және аудан орталықтарында

ауылдық елді мекендерде

Өтініштерінде клиенттік жабдықты инсталляциялау қажеттілігін көрсеткен Абоненттер үшін

Абонентпен келісім бойынша, алайда теңшеу жұмыстары аяқталған сәттен бастап 2 жұмыс күнінен артық емес

Инсталляция жұмыстарын өздігінен жүзеге асыратын Абоненттер үшін

2 жұмыс күні

Абонент өз бетінше жабдықты инсталляциялап, «iD Phone» қызметіне қосылатын жағдайда, қосу үшін және қызметті көрсету төлемі Абонентке сәйкестендіру коды берілген сәттен бастап (Қоғамның қолданыстағы тарифтеріне сәйкес) 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүргізіледі және Оператор мен Абонент арасында жасалған Шарт бойынша ұсынылатын телекоммуникация қызметтерінің ортақ шотына қосылады;

Оператор Абоненттің жабдығын инсталляциялауды жүргізетін жағдайда, «iD PHONE» қызметін қосу және көрсету төлемі Оператордың қолданыстағы тарифтеріне сәйкес қызметті қосу және ұсыну фактісі бойынша есептеледі және Оператор мен Абонент арасында жасалған Шарт бойынша ұсынылатын телекоммуникация қызметтерінің ортақ шотына қосылады.

Оператор Шарт жасалған бір елді мекен шегінде «iD Phone» қызметінің сапасын қамтамасыз етуге міндетті.

Абонент:

Қызметті Шарт жасалған бір елді мекен шегінде пайдалануға;

жергілікті телекоммуникация желіжолдары желісіне бұзылған, сәйкестік сертификаты жоқ абоненттік жабдықты қоспауға (ADSL-модем, SIP-терминал, VOIP-шлюз, бағдарламалық телефон және т.б.) міндетті;

2) "Business Trunk" қызметі Абоненттердің АТС-терін ( түрлі типтегі - IP PBX, TDM PBX, Key Telephone Systems немесе аналогты желіжолдар бойынша қосылған абоненттер) SIP-платформаға қосуға арналған. Бұл қызмет бірнеше қала/ауылдық нөмірді беру мүмкіндігімен көпарналы SIP-қосылысты ұсыну болып табылады. Абоненттің АТС-ін Business Trunk арқылы қосқанда нөмірлік сыйымдылыққа тәуелсіз дауыс арналарының саны (бір мезеттегі сөйлесулер) ұсынылады;



  1. Каталог: media -> upload
    upload -> Хайрулдаева А. М. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және «Ғылым ордасы»
    upload -> Жандарбек з
    upload -> Ауызша тарих: деректемелік талдау мәселелері ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Тарихнама, деректану және заманауи методология
    upload -> Ханкелді Әбжанов, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры
    upload -> Боранбаева б. С
    upload -> А. А. Оралова ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері жеңіс үшін күрескен азаматқа тағзым
    upload -> Кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты
    upload -> Қазақстан тарихы
    upload -> Мақалада Мәскеу мұрағаттарында және Санкт-Петербор шаһарларында жинақталған Қазақ халқының тарихи-этнографиялық жәдігерлері туралы деректер сөз болады
    upload -> Сапакова К. Н. 2 курс магистранты ХХ ғасыр басындағЫ Ұлттық элитаның Қалыптасу тарихынан


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет