Телекоммуникация қызметтерін көрсетуге арналған үлгі шартты жасасу



бет3/5
Дата29.01.2018
өлшемі0,82 Mb.
#35829
1   2   3   4   5

"Виртуалды нөмір" қызметі бірнеше (жұмыс, үй, ұтқыр) телефон нөмірі бар Абонентке барлығын кіріс қоңырау үшін ортақ көпарналы телефон нөміріне біріктіріп, қызметті Web-порталдан басқару мүмкіндігін береді;

  • "Қысқа бірыңғай қоңырау шалу нөмірі" қызметі (Voice Chanel iD Phone unlim) Абонентке барлық түскен қоңырауларды «Қысқа бірыңғай қоңырау шалу нөмірінен» Оператордың АХТС арқылы 8 800 ХХХ ХХХХ зияткерлік платформасы нөміріне, әрі қарай Абоненттің SIP-нөміріне ауыстыруға мүмкнідік береді. iD Phone нөмірімен және Business Trunk арқылы ұйымдастырылған дауыс арналары ұқсас.

    Қысқа бірыңғай қоңырау шалу нөмірі (Voice Chanel iD Phone unlim) мынадай қызметтерден тұрады:

    Business Trunk арқылы PBX қосуға арналған нөмірлік сыйымдылық (географиялық аймақтың нөмірлік жоспарына сәйкес келетін қалалық және ауылдық жердегі жергілікті нөмір);

    8 800 ХХХ ХХХХ зияткерлік платяоформа нөмірі;

    қысқа нөмір (115, 1405, 1425, 1414 және т.б.), Клиентке Қазақстан Республикасының уәкілетті органы береді;

    Абонентке бірмезеттегі кіріс қоңырауларын қабылдауға қажетті дауыс арналарының саны;

    түпкілікті Абоненттрдің барлық кіріс қоңырауларын Абоненттің қысқа нөмірінен 8 800 ХХХ ХХХХ зияткерлкі платформас нөмірлеріне және әрі қарай Абоненттің "iD Phone" нөміріне/Call centre қосылған Business Trunk арқылы PBX қосу үшін бөлінген нөмірлік сыйымдылыққа аудару.



    1. Кешенді қызметтер топтамасы:

    1) «Үш есе тиімді» қызметтер топтамасын қосу кезінде мыналар ұсынылады:

    ҚҚТ қосымша қызмет жинағымен (13 қызмет) және қызметтерді Web-портал арқылы басқару мүмкіндігімен Оператор желісі ішінде қалааралық (аймақішілік) бағыттарға шектеусіз минуттар көлемімен «iD Phone» нөмірі;

    Абонент өтінішінде таңдаған тарифтік жоспармен интернетке кеңжолақты қатынау («Megaline» қызметі) қызметі;

    телехабар тарату қызметі (ID TV);

    2) Екі есе тиімді» қызметтер топтамасын қосу кезінде мыналар ұсынылады:

    Абонент өтінішінде таңдаған тарифтік жоспармен Интернетке кеңжолақты қатынау («Megaline» қызметі) қызметі;

    телехабар тарату қызметі (ID TV);

    3) «iD Home» қызметтер топтамасын қосу кезінде мыналар ұсынылады:

    ҚҚТ қосымша қызмет жинағымен (13 қызмет) және қызметтерді Web-портал арқылы басқару мүмкіндігімен Оператор желісі ішінде қалааралық (аймақішілік) бағыттарға шектеусіз минуттар көлемімен «iD Phone» нөмірі;

    Абонент өтінішінде таңдаған тарифтік жоспармен интернетке кеңжолақты қатынау («iD Net» қызметі);

    телехабар тарату қызметі (ID TV);

    4) топтамаға кіретін барлық (соңғы) қызметтерге алғашқы табысты тіркелу және жүйеде авторлану күні кешенді топтамаларға қосылу фактісі болып табылады;

    5) кешенді топтамаларға таңдап алынған топтаманың қандай да бір қызметін тұтынып келе жатқан Абоненттерді де (таңдап алынған топтамадан жетіспейтін қызметтерді қосу немесе барлық қызметтер болған жағдайда – оларды топтамамен тұтынуға ауыстыру), сонымен қатар таңдап алынған топтамадағы қызметтердің ешбірі ұсынылмаған жаңа Абоненттерді де қосуға болады (таңдап алынған топтаманың барлық қызметтерін бір мезгілде қосу);

    6) Абонент тұрғылықты жерін ауыстырған жағдайда, Оператор Абонент таңдаған топтаманың барлық қызметтері бойынша қызметтер топтамасын ұсыну орнын ауыстыруды қамтамасыз етеді (техникалық мүмкіндік болған жағдайда). Егер техникалық мүмкіндік болмаса, онда Шарт ұсынылған шегерімдер сомасын толық есептеусіз бұзылады. Таңдап алынған топтаманың кейібір қызметтеріне техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда және Абонент тек сол қызметтерді (техникалық мүмкіндігі бар) сақтап қалғысы келсе, Абоненттер ұсынылған шегерімдер сомасын толық есептеусіз таңдап алынған қызметтер бойынша тарифтік жоспарларға көшіріледі;

    7) Абоненттерге ADSL/ETTh-роутерлерді, SIP-терминалдарды және STB телевизиялық приставкаларды жауапты сақтауға беру фактісі Филиалда абоненттік жабдықтың болуына қарай қарастырылады;

    8) топтамаларды қосу (клиенттік жабдықты инсталляциялау) топтамаға кіретін барлық қызметтер бойынша Абонентке ыңғайлы уақытта делдалдың/Филиалдың мамандары келген кезде бір мезгілде жүргізіледі.

    49. FMS қызметтерінің топтамасы:

    1) қызметтер топтамасы Оператордың таңдауы бойынша қалыптастырылады. Қызметтер топтамасына мыналар кіреді:

    «АЛТЕЛ» АҚ FMS тұжырымдамасы бойынша ұтқыр байланыс қызметтері (Оператор қызметтерді «АЛТЕЛ» АҚ сеніп тапсырған өкілеттіктер аясында ұсынады);

    ұтқыр телефония;

    3G/4G Интернет желісіне қатынау қызметтері;

    қосымша қызметтер (SMS, «Нөмірді таңдау», SIM-карталарды ауыстыру);

    Оператордың қызметтері:

    тіркелген телефония. Тіркелген (виртуалды) нөмір шақыруларды ұтқыр нөмірге бағыттау үшін қолданылады және шақыруды тіркелген желісінен ыңғайластыру үшін керек, бұл ретте тіркелген (виртуалды )нөмірінен шығыс шақыруларын жүзеге асыру мүмкіншілігі шектеулі болады;

    SIP-платформа базасындағы қызметтер;

    интернет желісіне кеңжолақты қатынау қызметтері;

    «Alacast» ЖШС, «Aziacell» ЖШС-ға өкілеттіктерін сеніп тапсыру аясында Оператор көрсететін қызметтер (Абонентпен аталған операторлар белгілеген тәртіп пен шарттар бойынша бөлек шарт жасалады):

    цифрлы телевидение қызметтері;

    кәбілдік телевидение қызметтері;

    2) қызметтер топтамасын бастапқы қосқан кезде Абонентке SIM-картаны беру қызметті қосу фактісі болып табылады;

    3) ALTEL 4G:GSM  желісі UMTS(3G) -850 МГц, GSM(2G)-1800 МГц жиілік диапазондарында дыбыс қызметтерін және деректер беруді, UMTS(3G) - 850 МГц,  GSM/LTE(2G/4G)  - 1800 МГц жиілік диапазондарында деректер беруді ұсынады;

    4) «АЛТЕЛ» АҚ қызметтерін ұсыну қағидалары www.altel.kz ресми сайтында орналастырылған;

    5) Абоненттің терминалдық құрылғысында іске қосылған зиянды бағдарламалық жасақтаманың, оның ішінде интернет желісі арқылы таралатан компьютерлік вирустар салдарынан интернет-тррфик көлемінің өсуі анықталған жағдайда, Оператор Абонентті кейіннен хабардар ете отырып, себебі анықталғанға дейін Абоненттің интернет желісіне қатынауын біржақты тоқтата алады;

    6) қызметтер топтамасы бойынша баланс пен трафик туралы ақпарат мынадай түрде ұсынылады:

    idport.kz порталындағы жеке кабинет көмегімен;

    «195» телефоны бойынша (баланс туралы ақпарат);

    7) абоненттерге сатудан кейінгі, техникалық және ақпараттық қолдау көрсету мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:

    техникалық қолдау мәселелері бойынша абоненттер «165» нөмірі бойынша;

    ақпараттық қолдау мәселелері жөнінде «160» нөмірі бойынша хабарласуы қажет;

    8) Абонент sim-картаны жоғалтса/бүлдірсе sim-карта «Алтел» АҚ-ның сервис жүйесі орындарда ауыстырылады және GSM нөмір жаңа sim-картаға GSM абоненттік нөмірді телу жолымен қалпына келтіріледі.

    50. "Қабылдау 24" қызметтерінің топтамасы виртуалды қалалық нөмірді берумен, кәсіби және арнайы оқыған оператордың тапсырыс берушінің қоңырауларын қабылдау және өңдеу бойынша қызметтері топтамасы болып табылады.

    Қызметтер топтамасын мыналар қосылған:

    1) Оператордың БО қызмет көрсетумен виртуалды қалалық нөмір;

    2) Оператор әр Абонентке ұсынатын екі тілді жеке хатшымен қалалық нөмірге қоңырауларды қабылдауы және өңдеуі (орысша және қазақша);

    3) «үзіліссіз және демалыссыз тәулігіне 24 сағат жылына 365 күн аптасына 7 күн» қағидаты бойынша тәулік бойы тәртібінде қоңырауларды қабылдау және өңдеу;

    4) қооңырау түскіп, өңделгеннен кейін бір минут ішінде қосылған кезде көрсетілген электронды адреске әр қоңырау бойынша желед есеп беру.

    Қызмет үшін төлем Оператордың телекоммуникация қызметтері үшін ортақ шотына қосылады. «24 қабылдау» білім қорын (сәлемдесу сценарийдері, қызмет көрсетудің басымды тізімдері, «қара» тізім, кіріс қоңырауларды қайта бағыттауды жүзеге асыру үшін байланысу телефондары, электронды пошта адрестері және т.б.) жеке хатшы арқылы өзгертуге болады.

    «24 қабылдау» қызметтері топтамасын қосудың техникалық мүмкіндігін қарау мерзімі – 1 (бір) күн, қосу мерзімі (техникалық мүмкіндік болған жағдайда) – 1 (бір) жұмыс күні.

    51. SDP-платформа қызметі:

    1) қалалық нөмірлемемен "Виртуалды нөмір", SDP-платформа базасында ұйымдастырылған, WEB-интерфейсте шақыруларды маршруттау қағидаларымен (Абоненттің профайлына байланысты үй/жұмыс/ұтқыр нөмірлерге кіріс қоңыраударды бағыттау). «Виртуалды нөмірге» түсетін қоңырауларды Абонент стационарлық және ұтқыр телефондарына қабылдау алады;

    2) "Сайттан қоңырау шалу" (ClickToCall) – Абонентке өз Клтиенттеріне Абоненттің сайтынан әдепкі телефоннан қоңырау шалғандай тегін қоңырау шалуды қамтамасыз етуіне мүмкіндік беретін қызмет (Клиентте гарнитура болуы тиіс).

    Қызмет мыналардан тұрады:

    Абонент болатын ABCxxxxxxx форматындағы аймақ кодына телінген қалалық нөмір ("Free phone" нөмірін қосуға болады);

    виджет (сыртқы түрі стандартты және стандартты әрекеттер орындайтын пайдаланушының графикалық интерфейсі), ол мыналарға мүмкін береді:

    өз сайтынан клиенттердің заңды тұлға қызметкеріне немесе байланысу орталығына қоңырау шалуын ұйымдастыру;

    бір немесе бірнеше виджет құру;

    виджет теңшеуін жүзеге асыру: сыртқы түрі, шақыру бағыты (IVR-сценарий, топ, егелік пайдаланушысы), мәтіндер;

    кез келген web-бетте орналастыру үшінн виджеттің HTML-кодын алу;

    3) "Виртуалдық Call Centre"– деректерді әрі қарай өңдеуге бере отырып, берілген сценарий бойынша кіріс және шығыс қоңрауларының үлкен саннын қабылдау және өңдеу қызметі (қоңыраулар қабылдау, олардың өңдеу сапасы статистикасынан бастап, телефон бойынша қызметтер немесе тауарлар телемаркетинг).

    Қызметті толыққанды теңшеу және сервистердің сапалы жұмысы үшін интернет желісіне кем дегенде 1 Мбит/с кем емес қатынау жылдамдығы қажет.

    Қызмет мыналардан тұрады:

    Абонент тұрған елді мекеннің қалалық нөмірі;

    Пайдаланнушылық web-интерфейс;

    Жүйелік әкімгер үшін web-интерфейс;

    Клиенттермен сөйлесулерді сақтау үшін дискілік кеңістік (сөйлесуді жазып алу Абонентті сөйлесу жазылатыны туралы хабардар еткенде ғана мүмкін);

    Жазбалар мұрағаты;

    Талдамалық есептілік алу;

    бағдарламалық телефон;

    4) "Бейне online" – Интернет желісіне қатынау арқылы Оператор желісіне меншікті IP-бейнекамера қосу және нақты уақыт тәртібінде аудио, ағынды бейне, алдын ала жазылған контент тарату, сондай-ақ шағын, біржақты онлайн-конференциялардан бастап ауқымды іс-шаралар таратуға дейінгі (бірмезгілде он мыңдағанға дейінгі) мүмкіндіктер – сервис Абоненттер талабына қарай теңшеледі.

    "Бейне online" қызметін қосу үшін Megaline, iD Net, ALTEL 4G арқылы интернет желісіне кеңжолақты қатынау талап етіледі. Ағынның шығыс жылдамдығы (upstream) кемінде 256Кбит/сек.

    IP-камера моделіне қарай, IP-камера бейнеағыны жылдамдығы 1024 Кбит/сек артуы мүмкін. "Бейне online" қызметі параметрлерін теңшеу барысында бейнеағын параметрлері теңшеуін түзеу жеке кабинетте жүргізіледі.

    Пайдаланушы көре, ала алатын немесе Абонент "Бейне online" қызметі арқылы ұсына алатын контент мәтіндер, бағдарламалық жасақтама, графикалық бейне, фотография, дыбыс, бейне, аудиовизуалды комбинациялар, интерактивті функциялар және басқа да материалдар.

    Абонент тапсырыс бланкісінде (Қағидаларға 1-қосымша) "Бейне online" қызметін тарататын web-сайттың адресі мен нақты оқиғаның аудио-, бейнетаратылымының мақсатын және мазмұнын көрсетуге міндетті. Тапсырыс бланкісінде көрсетілмеген басқа да контентті тарату көзделмейді.

    Абонентке "Бейне online" қызметін пайдалану барысында мыналардан тұратын кез келген ақпаратты жүктеуге, сақтауға, жариялауға, таратуға және қатынау беруге немесе басқа түрде пайдалануға тыйым салынады:

    басқа пайдаланушылар немесе үшінші тұлғалардың ар-намысына немесе іскери беделіне тиетін, соған қауіп төндіретін, түсіретін, соларға нұқсан келтіретін немесе олардың жеке өміріне қол сұқпаушылық қағидасын бұзатындардан тұратын;

    кәмелеттік жасқа толмаған тұлғалардың құқын бұзатын;

    анайы немесе оған болып табылатын, балағат сөзі, порнографиялық бейнелері, мәтіндері немесе сексуалдық сипаттағы оқиғалары бар;

    жан-жануарларға зорлық-зомбылық көрсету немесе адамгершілікке жатпайтындар қарым-қатынастан тұратын оқиғалары бар;

    суицид құралдары мен тәсілдерінің сипаттамасы, оны жасауға деген айтақтаудың кез келген түрі бар;

    нәсілдік, діни, этникалық жеккөрушілік немесе жауласуды уағыздайтын және/ немесе соған әкелетін, фашизм немесе нәсілдік артықшылық идеологиясын уағыздайтын;

    экстремистік материалдардан тұратын;

    қылмыстық жолды уағыздайтын немесе қылмыстық әрекет жасау бойынша кеңес, нұсқау немесе нұсқамадан тұратын;

    мемлекеттік, коммерциялық құпиядан және үшінші тұлғалардың жеке өмірі туралы ақпараттан тұратын материалдарды қоса алғанда, алайда бұлармен шектелмей, шектеулі қатынаудағы ақпарттан тұратын;

    алаяқтық сипатқа ие;

    қандай да бір патент, сауда маркасы, коммерциялық құпия немесе авторлық және аралас құқықты бұзатын;

    наркотикалық заттарды уағыздаудан тұратын;

    үшінші тұлғалардың зияткерлік меншігі болып табылатын, оларды Абонентке пайдалану үшін рұқсат бермеген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптары немесе азаматтар мен заңды тұлғалардың басқа да құқықтары мен мүдделерін бұзатын материалдар.

    Абонент мыналарға міндетті:

    ие болу және тарату Қазақстан Республикасында заңға қайшы болып табылатын материалдарды контентке жүктемеуге немесе оларды онда қолжетімді етпеуге және оған артық жүктеме түсірмеуге;

    "Бейне online" қызметін тек осы қызметті пайдалану барысында Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, заңды мақсаттарда ғана пайдалануға;

    пайдаланушыларға (көрермендерге, тыңдармандарға) аудио-, бейнеконтент пайдаланудан зақым, жарақат алу немесе қаза болудың барлық тәуекелдерін өздері арқалайтынын ескерту. Ақпаратты пайдалану тәуекелдері мен шектеулері туралы Абонент алдын ала ескерткен пайдаланушылар осындай ескертулерге қарамастан, өз еркі бойынша бейнеконтентке қатынау немесе оны пайдалануды жалғастыра беруге құқылы.

    Абонент мыналарға жауапты:

    контент үшін және оны жүктеу салдары, web-сайтта орналастыру және жариялау салдары үшін;

    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Бейне online" қызметі бойынша пікірлер құру және орналастыру, оларды "Бейне online" қызметінің дербес парақшаларында орналастырғаны үшін.

    Егер Абонент тыйым салынған контент кіретін аудио-, бейнетрансляция өткізсе, Оператор Абонентпен жасалған шартты біржақты тәртіпте бұзып, "Бейне online" қызметін ажыратуға құқылы;

    5) SDP-платформа қызметтері топтамасын қосудың техникалық мүмкіндіктерін қарау мерзімдері жәнне техникалық мүмкіндік болғанда қосу мерзімдері:



    Қызметтер атауы

    Қызметтерді қосуға техникалық мүмкіндікті қарау мерзімдері

    Қызметтерді қосу мерзімдері

    "Виртуалды нөмір" қызметі

    1 (бір) жұмыс күні

    1 (бір) жұмыс күні

    "Сайттан қоңырау" қызметі

    1 (бір) жұмыс күні

    1 (бір) жұмыс күні

    "Виртуалды Call Centre" қызметі

    1 (бір) жұмыс күні

    1 (бір) жұмыс күні

    "Бейне online" қызметі

    1. (бір) жұмыс күні

    1 (бір) жұмыс күні

    52. Зияткерлік байланыс желісі қызметтері:

    1) «Premium Rate» қызметі клиентке белгілі нөмір бойынша ақпарат алу мақсатында қосымша ақыға қоңырау шалуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оператор Абонентке ЖПТЖ желілік ресурстарын пайдалануға береді, бұл ретте Абонент ұсынатын ақпарат мазмұны үшін Оператор жауапты болмайды. «Premium Rate» қызметі бойынша әрбір бағыттың құны туралы ақпаратты 8-809-080-ХХХХ кодын терген кездегі автохабарландыру көмегімен, сондай-ақ www.telecom.kz сайтынан білуге болады;

    2) «Free Phone» қызметі пайдаланушыға 8-800-080-ХХХХ коды бойынша осы қызметке қосылған Абонент есебінен қоңырау шалуға мүмкіндік береді;



    «Free Phone» қызметі мынадай мүмкіндіктер береді:

    Абоненттің Қазақстан Республикасының барлық аумағында бірыңғай жеңіл еске сақталатын арнайы -800-080-хххх телефон нөмірін алуы;

    Абонент есебінен жергілікті, қалааралық қоңырауларды жүзеге асыру;

    Абоненттің қажеттілігіне, жұмыс графигіне байланысты кіріс қоңырауларды сағат бойынша, апта күндері бойынша Абонентке немесе Операторға бөлу;

    3) «Televoting» қызметі (теледауыс беру) Абонентке телефон желісінің көмегімен белгілі нөмірлер бойынша түскен қоңырауларды есептеу арқылы сауалнама жүргізуге мүмкіндік береді. Қызметті пайдаланушы оның қоңырауы тіркелгені туралы растау алады. «Televoting» қызметінің пайдаланушыларына 803-080-ХХХХ коды бойынша қоңырау шалу құны туралы хабардар етуді Абонент бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ Интернет желісінде жарнама беру арқылы жүзеге асырады;

    4) «Телевикторина» қызметі интерактивті телевизиялық шоу, түрлі сыйлықтар ұтысын ұйымдастыру үшін пайдаланылады. «VIC» қызметінің пайдаланушысы оның қоңырауы тіркелгені туралы растау алады. Қызметті тарифтеу ЖК-мен байланыс орнатылған сәттен басталады. Телевикторина қызметінің пайдаланушыларына 8-808-080-ХХХХ коды бойынша қоңырау құны туралы хабарландыруды Абонент бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ Интернет желісінде жарнама беру арқылы жүзеге асырады;

    5) «Free Phone», «Televoting», «Телевикторина» қызметтері бойынша Оператор Абонентке ЖПТЖ желілік ресурстарын пайдалануға береді, бұл ретте Абонент ұсынатын ақпарат мазмұны үшін Оператор жауапты болмайды;

    6) «Шақырылатын абонент есебінен қоңырау шалу» қызметі шақырылатын абонент есебінен қалааралық телефон қоңырауларын жүзеге асыруға арналған (шақырылатын абоненттің нөмірі «Қазақтелеком» АҚ «Жеке тұлғалар» сегменті бойынша ұсынылған жағдайда).

    «Қазақтелеком» АҚ 2015 жылғы «___» _______№ ___ бұйрығымен бекітілген Телекоммуникация қызметтерін көрсетуге арналған үлгі шартты жасасу қағидаларына

    1-қосымша



    Жеке тұлғалар үшін өтініш нысаны





    Тапсырыс бланкісі





































    Клиенттің Т.А.Ә.

     







    Қосу орны мекенжайы

    Қала/кент (ауыл)




    Дербес шот



    көше


     



     

    Шарт №

     

    үй


     

    Квартира


     


    Орынжайдың тиесілігі

    Меншікті



    пәтер

    Жалға алынған









    Өз бетінше теңшеу ____ (иә/жоқ)

    Жабдық________________







     

    Қызмет атауы

    Саны/телефон нөмірі

    Тарифтік жоспар




    1

    ТЕЛЕФОНИЯ










     

     




     

     

     

     




    2

    ҚОСЫМША ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТҮРЛЕРІ










     

     




     

     

     

     




     

     

     

     




    Каталог: media -> upload
    upload -> Хайрулдаева А. М. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және «Ғылым ордасы»
    upload -> Жандарбек з
    upload -> Ауызша тарих: деректемелік талдау мәселелері ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Тарихнама, деректану және заманауи методология
    upload -> Ханкелді Әбжанов, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры
    upload -> Боранбаева б. С
    upload -> А. А. Оралова ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері жеңіс үшін күрескен азаматқа тағзым
    upload -> Кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты
    upload -> Қазақстан тарихы
    upload -> Мақалада Мәскеу мұрағаттарында және Санкт-Петербор шаһарларында жинақталған Қазақ халқының тарихи-этнографиялық жәдігерлері туралы деректер сөз болады
    upload -> Сапакова К. Н. 2 курс магистранты ХХ ғасыр басындағЫ Ұлттық элитаның Қалыптасу тарихынан


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет