Тәрбие үдерісінің негіздерін және тәрбиелік іс-әрекеттің әдіснемесі мен технологиясын танып білуде болашақ мұғалімдердің кәсіби педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру болып табылады



бет7/53
Дата08.02.2022
өлшемі1,76 Mb.
#119191
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   53
Байланысты:
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
45, Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Межелік бақылау (семестрдің 7 және 15 апталарында өткізіледі):
Межелік бақылауда (МБ) студенттің білімі жазбаша жұмыс / ауызша жауап / компьютерлік тестілеу / норматив тапсыру / шығармашылық тапсырма орындау арқылы тексеріліп, максималды 100 балл қойылады.
Студенттің межедегі рейтингі (Р) келесі формуламен есептелінеді:

Студентті қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберу рейтингіорташа) келесі формуламен анықталады:



Рейтингі (Рорташа) 50 балға жетпеген студент емтиханға жіберілмейді.


Қорытынды бақылау (емтихан) (Е) емтихан сессиясы кезінде өткізіледі. Емтихан жазбаша түрде / компьютерлік тестілеу / норматив тапсыру / шығармашылық тапсырма орындау арқылы қабылданады, максималды 100 балл қойылады.
Қорытынды баға (ҚБ) келесі формула бойынша есептелінеді:





Әріптік жүйедегі баға

Балдың цифрлік эквиваленті

Пайыздықмәні

Дәстүрлі жүйедегі баға, бағалау критерийлері

А

4,0

95-100

­Өте жақсы деп бағаланады;Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінен оқытылған материал бойынша терең әрі толық білімді; қарастырылып жатқан ұғымдардың, құбылыстар мен заңдылықтардың, теориялардың, олардың өзара байланысының мәнін толық түсінуді көрсете біледі.Оқытылған материал негізінде толық әрі дұрыс жауапты нақты мысалдармен және деректермен толықтыра алады; қорытындыны жалпылау, дәлелді талдау жасай алады. Пәнаралық және пән ішіндегі (бұрын алынған білім негізінде) байланыстарды орната біледі. Түсіндіруде шығармашылық қабілетін танытады.Тапсырма/курс бойынша оқу нәтижелеріне ең жоғары талаптардан асады.

А-

3,67

90-94

Өте жақсы деп бағаланады;Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінен сұрақтың мазмұны бағдарламаның талаптарына сәйкес толық, жүйелі түрде баяндай алады. Бағдарламада ұсынылған негізгі және қосымша әдебиетті терең игерген, өз ойын жеңіл түрде мазмұндай біледі. Талқыланып жатқан мәселеге кең, әрі жан-жақты талдау жасай біледі. Елеулі нақты қателердің болмауы. Қорытындысы дәлелді және нақты материалға негізделген. Жауап беру кезінде білім алушының өздігінен түзетілген, сұраққа байланысты тақырыптан 1-2 жеңіл-желпі үйлеспеушілік пен қателердің бар болуы.Тапсырма/курс бойынша оқу нәтижелеріне қойылатын ең жоғары талаптарына сәйкес келеді.

В+

3,33

85-89

Жақсы деп бағаланады;Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінен оқытылған материалды толық біледі. Оқытылған теориялар негізінде толық әрі дұрыс жауаптың болуы; оқытылған материалды баяндауда, ұғымдарға анықтама беруде, ғылыми терминдерді қолдануда немесе қорытынды жасауда кейбір үйлеспеушілік пен қателердің болуы. Студент жіберген қателерін оқытушының көмегімен түзете алады. Жалпы оқытылған материалды меңгеріп, нақты мысалдармен дәлелдей алады.Тапсырма пән бойынша оқу нәтижелеріне қойылатын жоғары талаптарға сәйкес келеді

В

3,00

80-84

Жақсы деп бағаланады;Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінен оқытылған материалдардан негізгі ережелерді өз бетімен атап көрсете біледі; негізгі ережелердің мағынасын аша алады, жауабында логикалық, жүйелі бірізділік бар. Дәлелдер мен мысалдар негізінде жалпылау, қорытынды жасай білу, пән ішіндегі байланыстарды орната білу. Практикада алған білімді,
ғылыми терминдерді қолдана білу. Бірақ әдебиетпен, оқулықпен жұмыс істеуде жеткілікті дағдысы жоқ. Баяндау кезінде кейбір жіберген қателерін оқытушының жетекші сұрақтарына жауап беру арқылы өз жауабын түзей алады.Тапсырма пән бойынша оқу нәтижелерінің көпшілігіне сәйкес келеді

В-

2,67

75-79

Жақсы деп бағаланады;Жалпы студент тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінен берілген сұраққа дұрыс жауап береді, бірақ жауап беру үдерісінде маңызды басты деректердің жоқтығы, негізгі материалды меңгергенімен, оны саралай талдауда қиналып, мысалдармен нақты дәлелдей алмайды. Баяндау кезінде кейбір жіберген қателерін оқытушының жетекші сұрақтарына жауап беру арқылы өз жауабын түзей алады.Тапсырма пәннің кейбір оқу нәтижелеріне сәйкес келеді

С+

2,33

70-74

Жақсы деп бағаланады;Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінен жауабы толық, бірақ жүйелі емес. Жауабында тақырыпқа байланысты елеулі ауытқулар бар. Негізгі ұғымдарды анықтауда жіберген қателерін түзетуге қиналған жағдайда қойылады.Тапсырма пән бойынша оқу нәтижелеріне қойылатын негізгі талаптарға сәйкес келеді

С

2,00

65-69

Қанағаттанарлық деп бағаланады; Студент тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінен берілген сұраққа толық жауап бермейді, тақырыптың, негізгі ережелердің мағынасын кеңінен аша алмайды. Қосымша сұрақтарға жауап бере алмайды, тапсырма пән бойынша оқу нәтижелеріне қойылатын негізгі талаптардың кейбіреулеріне сәйкес келеді

С-

1,67

60-64

Қанағаттанарлық деп бағаланады; Студент тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінен берілген сұраққа толық жауап бермейді, жауабында негізгі ережелерді ерекшелей алмайды, сұрақтың басты идеялары ашылмайды. Сөздік қорының жеткіліксіздігі, материалды толық меңгермегендігі байқалады, бірақ бірнеше тармақтар бойынша тапсырма пән бойынша оқу нәтижелеріне қойылатын негізгі талаптарға сәйкес келмейді

D+

1,33

55-59

Қанағаттанарлық деп бағаланады; Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінен көптеген маңызды фактілер келтірілмейді, қорытынды
жасалмайды; фактілер қарастырылып жатқан мәселеге сәйкес келмейді, олар салыстырып қарастырылмайды; негізгі мәселені көрсете алмау (қате болса да). Көп елеулі қателер бар. Студент жауабында талқыланып жатқан мәселенің іргелі, әрі негізгі мәселелермен байланыс түсінігінің жоқтығы. Білім алушы оқытушының көмегінен кейін ғана жауабын түзетуі.Тапсырма пән бойынша оқу нәтижелеріне қойылатын талаптардың ең төменгі қолайлы деңгейіне сәйкестігін көрсетеді

D

1,00

50-54

Қанағаттанарлық деп бағаланады; Студент тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінен нашар жауап береді, тақырыпты толық меңгермеген, жауаптарында елеулі қателер байқалады. Қосымша сұрақтарға жауап бере алмайды, тапсырма пән бойынша оқу нәтижелеріне қойылатын талаптардың ең төменгі қолайлы деңгейіне сәйкестігін көрсетеді – төменгі деңгей

F

0,5

25-49

Қанағаттанғысыз деп бағаланады;Студент тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінен өте нашар жауап береді, сұрақтың мағынасын түсінбейді. Сөйлеу мәнері орташа, көптеген қателер байқалады. Оқытушының жетекші сұрақтарын түсінбейді. Тақырыпты толық меңгермеген жағдайда қойылады.Тапсырма пән бойынша оқу нәтижелеріне қойылатын талаптарды қанағаттандырмайды

FX

0

0-24

Қанағаттанғысыз деп бағаланады;Студент тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі пәнінен өте нашар жауап береді, сұрақтың мағынасын түсінбейді. сөйлеу мәнері төмен, көптеген қателер байқалады. Оқытушының жетекші сұрақтарын түсінбейді. Оқу материалын меңгермеген жағдайда қойылады.Тапсырма пән бойынша оқу нәтижелеріне қойылатын негізгі талаптарды қанағаттандырмайды

13. Бағдарламалық сұрақтар




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   53




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет