Тәрбие сағатының тақырыбы 1-наурыз алғыс айту күні


Анаға – өмір сыйлағаны үшін



бет2/2
Дата31.07.2017
өлшемі488,62 Kb.
#22387
1   2

Анаға – өмір сыйлағаны үшін,

Әкеге – қорған болғаны үшін,

Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,

Сөзге – жанды жылытатыны үшін,

Күнге – шуағы мен назары үшін,

Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,

Досқа – құшағы мен иығы үшін,

Әжеге – ыстық алақаны үшін,

Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,

Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,

Отқа – жылулығы үшін...

Ал сен тағы неге рахмет айтар едің? Қалыс қалма!

Шаттық шеңбері: Ризашылық

-Адам өзінің өмірге келгеніне қуанып, риза болады. Қолындағы барын қанағат тұтып, осының да бар болғанына рахмет деп алғысын білдіреді. Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді, өмірді, өмірде барды бағалаудан басталады.


Ризамын бүгінгі күнге,

Ризамын ата-анама,

Ризамын қасымда бірге жүрген сыныптастарыма,

Ризамын саған!

Ризамын, ризамын!,
Қортындылау:

–Балалар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңдар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.



Жүректен жүрекке:     Біздің тілек
Бізге ашық күн керек

Аспан керек мөп-мөлдір

Қуанышқа тұр бөлеп

Бақытты өмір төккен нұр

Тыныш болып жер беті

Түршікпесін денеміз

Азамат боп ер жетіп

Ағаларға ереміз

Жаңақала мектеп-гимназиясы

Тәрбие сағатының тақырыбы: "1-наурыз - алғыс айту күні"

9"Ә" сынып жетекші: Еспентаева Клара Кумаргалиевна

1 (ілгері) деңгей мұғалімі

Жаңақала, 2016 жыл

Өмірге риза болып, алғыс айт

халық даналығы



Сабақтан көрініс





«Топтық жұмыстың тиімділігі» тақырыбындағы коучингтің жұмыс жоспары
Күні: 17.09.2014 ж сағат- 1105-1240

Сабақтың тақырыбы

Топтық жұмыстың тиімділігі

Сабақтың SMART –қа сай ақылды мақсаты

Топтық жұмыстың тиімділігін үйрене отырып, түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану

Негізгі идеялары

Оқушыларды топтық жұмысқа ынталандыру


Оқу нәтижесі

Тәлім алушылар жаңа бағытта жұмыс жасауды үйренді. Топтық жұмыс орын алды.

Уақыты

Тәлімгердің іс-әрекеті

Тәлім алушылардың іс-әрекеті

Ресурстар

10 минут

Сергіту сәтін өткізу, топқа бөлінуді ұсынады.

Сергіту сәтінен алған әсерлерімен ой бөлісуді ұсыну.



Ақын-жазушылардың шығармаларынан үзінділер түрлі түсті қағаздарға жазылған, соларды оқып кімнің шығармасынан үзінді екенін тауып таңдау арқылы топқа бөлу (Абай, Мұхтар, Мұқағали).

Парақшалар

Түрлі –түсті

стикерлер


10 минут

Таныстырылым

Мақсатқа жету жолы (бейнежазба)



Бейнежазбаны мұқият көріп тыңдайды.

Бейнежазба

15 минут

Талқылау. Осы көргендері бойынша мұғалімдерден өз ойларын айтуды сұрады.

  1. Әрқайсысы жеке ойларын білдіреді

  2. Топпен ақылдаса отырып ойларын білдіру

Парақшалар.

10 минут

5 минут үзіліс



Жеке жұмыс пен топтық жұмыстың айырмашылығы туралы (ойларын флипчартқа түсіру)

Тәлім алушылар топтық жұмыс пен жеке жұмыстың айырмашылығын атап көрсетеді. (топпен жасаған постерлерін қорғайды)

Флипчарт,маркерлер,

Түрлі-түсті қағаздар

Қайшы,желім,т.б


5 минут

Сергіту сәті

Әуен

АКТ (әуен)

10 минут

«Диалогтық оқыту» бейнекөрсетілім

Бейнежазба «1 жастағы екі егіз баланың диалогы»




Бейнекөрсетілімді мұқият көріп тыңдайды.

Бейнежазбаны қарап, өз ойларын қосады.



АКТ

20 минут

Тапсырма (конверттегі тапсырма)

Тәлім алушылар берілген тапсырма бойынша топпен жұмыс жасайды (ХХІ ғасырдағы «Алтын балық ертегісі, ХХІ ғасырдағы «Жеті лақ ертегісі, ХХІ ғасырдағы «Бауырсақ ертегісі») 1-топ дебат, 2 топ- коммулятивтік, 3-топ-зерттеушілік.




Мұғалімдер тақырып бойынша жағдаяттан шығу жолын образға еніп ортаға салып, тиімділігін анықтайды.

Ұйымшылдық, әр түрлі пікірлер, қармақ, себет, т.б.

5 минут

Екі жұлдыз, бір тілек әдісін қолдану.

Сәтті және сәтсіз тұстарды көрсетіп, өз ойын білдіреді.

Жеке пікірлері Стикерлер

5 минут

Жүзеге асыру жолдары (кесте б\ша топтар өздерін бағалайды, 4 крит\й белсенді тыңдау,идеяларды ұсыну, сұрақ қою, сұраққа жауап беру)

Мұғалімдер сәйкес ойларын жазады. Топтағы әрбір мүше өздерін, сосын топты бағалайды

Топтық жұмысты бағалау кестксі

Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебі



Коучингтің тақырыбы: "Топтық жұмыстың тиімділігі"

1 (ілгері) деңгей мұғалімі Еспентаева Клара Кумаргалиевна



Жаңақала, 2014 жыл
Каталог: uploads -> doc -> 1163
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1163 -> Бекітемін Оқу ісінің орынбасары
1163 -> Сабақтың мақсаты: Оқушылырдың ой өрісін дамыта отырып, тапқырлыққа


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет