Тіл біліміндегі дифференициация мен интеграция процесі және оның тіл туралы ғылым құрылымындағы көрінісі



бет3/89
Дата26.08.2020
өлшемі269,31 Kb.
#76968
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89
Байланысты:
жтб 401 удачи

Контрастивті лингвистика (салғастырмалы тіл білімі) жалпы тіл білімі саласында 20ғ. 50ж. бері қарқынды дамыған бағыт. Оның мақсаты екі, кейде бірнеше тілдерді салғастыра зерттеп, олардың құрылымдық деңгейіндегі жақындығы мен айырмашылығын анықтау. Ол әдетте тілдің синхрондық материалдарына сүйенді. Тілдің әртүрлі деңгейіне қатысты еңбектердің сан жағынан көбі контрастивтік грамматикаға, аз мөлшері контрастивтік фонологияға, одан да аз мөлшері контрастивтік лексика жүйесіне байланысты. Басталуы 1957 ж. Р.Ладоның еңбегімен байланыстырылады. Дегенмен 19 ғ. соңы мен 20 ғ. басындағы орыс ғалымдары А.А.Потебня, Ф.Е.Корш, Е.Д.Поливанов, В.А.Богородицкий, И.А.Бодуэн де Куртенэ, Л.В.Щерба еңбектерінде контрастивті лингвистика жөнінде бай материал сақталған.

  • 4.Нейролингвистика ( грек. Neuron жүйке, франц. Linguistigue лингвистика, лат. lingua тіл) – неврология мен тіл білімінің түйіскен жерінде пайда болан, мимен байланысты тіл жүйесін зерттейтін ғылым саласы. Мидың зақымдануынан сөйлеудің бұзылуы (афазия) орта ғасырлардан белгілі, бірақ оның зерттелуі 19 ғ. 2-жартысында басталды. Оны зерттеуде В.А.Богородицкий, И.А.Бодуэн де Куртенэ, Л.В.Щерба т.б. тіл қызметінің үш құрамынан – фонация (дауыстап айту), аудиция (қабылдау), церебрациядан (мида болатын процесс) тұратынына сүйенген. Кеңес дәуірінде дамуы Л.С.Выготскийдің психологиялық концепциясына сүйенген А.Р.Лурия еңбектерінде көрсетілген. Қазіргі нейролингвистика адамның сөйлеу қызметін кешенді зерттеудің бір саласы болып табылады.

  • 5.Паралингвистика (грек. Para маңы және лингвистика) – 1) хабарланатын ойдың, пікірдің вербальды (сөзбен білдіру) тәсілдерімен қоса сөйлеу үстінде қолданылатын вербалды емес(тілден тысқары) амалдармен берілуін зерттейтін тіл білімінің саласы; 2) сөйлеу кезінде қолданылатын вербалды емес тәсілдердің жиынтығы. Паралингвистикалық тәсілдердің үш түрі бар: фонациялық тәсіл, оған дыбыс әуені, оның күші, кідіріс, дауыс мәнері жатады; кинетикалық тәсіл, оған ым, бет, қол қимылы, дене қозғалысы жатады; графикалық тәсіл, оған әріптер мен тыныс белгілері қолтаңбасының түрлері, әріп таңбаларын айырбастайтын қосымша символдық белгілер (§, т.б.) жатады. Сөйлеу кезінде паралингвистикалық тәсілдер үш түрлі қызмет атқаруы мүмкін: қосымша ақпарат береді, айтылмаған сөз орнына қолданылады, сөзбен бірге, аралас қолданылады.

  • Паралингвистика құрамындағы универсалдық, этнолингвистикалық, идиолектілік компоненттеріне қарай ажыратылады. Паралингвистика ұғымын 40жж. енгізген А.А.Хилл (АҚШ), оның жан-жақты дамуы тіл білімінде тіл жүйесінен тыс құбылыстарды зерттеуге байланысты 20 ғ. 60 ж. іске асты.

  • 7.Қолданбалы лингвистика – тілге байланысты практикалық мәселелерді шешу мәселесімен айналысатын тіл біліміндегі бағыт. Тіл білімінің дәстүрлі, қолданбалы мәселелері мынадай: әліпби түзу, оны жетілдіру, ауызекі сөйлеудің, шет тіл сөздерінің жазылуын реттеу, стенография, соқырларға арналған жазу жүйесін жасау, ғылыми-техникалық терминологияны қалыптастыру, жаңа өнімдер мен тауар атауларының қолданылу ережесін жасау, тілді оқыту әдістемесін жетілдіруге қажетті тілдік материалдарыды сұраптау, осы сында мәселелерді шешу үшін арнайы анықтамалар жасау, жасанды тілдерді қалыптастырып, оларды үйрету. 20 ғ. 2-жартысында қолданбалы тіл білімі жоғарыдағы мәселелердіадамның ғана емес, ЭЕМ-нің көмегімен шешу әдістерін қарастырды. Осыған орай «есептеуіш тіл білімі», «инженерлік тіл білімі», «автоматты тіл білімі» терминдері қолданылды, Қолданбалы тіл білімі 20 ғ. 20жж пайда болды. Оның жалпы әдістері теориялық тіл білімінде тілді талдаудың алгоритмдік жүйесінің зерттелуімен, математикалық тіл білімімен байланысты.

  • Қолданбалы тіл білімінің негізгі бағыттары: ақпараттық жұмыстарды, мәтіндік аудармаларды автоматтандыру, басқару жүйесін автоматтандырудың тілдік мәселелерін шешу, ғылыми-техникалық теринологияны стандарттау.

  • 8. Металингвистика (грек. Meta арқылы, кейін, lingua тіл) – 1) (психолингвистика, экзолингвистика) тілді қолданушы адамдардың санасымен, қоғамдық өмірімен байланысты тілдің ішкі мағыналық ерекшеліктерін зерттейтін тіл білімінің саласы. Металингвистика тіл бірліктерінің табиғаты мен функциалық заңдылықтарын түсіндіруде аса маңызды орын алады. Металингвистиканың қарастыратыны: сөздің қабылдануы, әртүрлі тілдік контекстерде болуы мүмкін ассоциативті жағдайларды анықтау, семантикалық тұрғыда саралау логикасы, тілді меңгеру заңдылықтары (бала тілінің жетілуі, қостілділік т.б.); 2) табиғи адам тілін нысан етіп зерттейтін «екінші қатардағы» тіл туралы ғылым.

  • 9. Мәтін лингвистикасы – тіл білімі ғылымының жеке саласы, зерттеу нысаны – мәтін. Мәтін лингвистикасы мәтіннің өзіне тән мәні мен болмысы, ерекшелігі, шындық болмыстың мәтінде бейнеленуі, мәтіннің түзілу ерекшелігі, оны қабылдаудың сипаты, мәтіндегі автор мәселесі т.б. жайттарды қарастырады. Мәтін лингвистикасының қалыптасуы тіл білімі салаларымен бірге (лексикология, семасиология, морфология, синтаксис, стилистика), жалпыфилософиялық (текстология, поэтика) және филологиялық емес ілімдермен де (философия, логика, психология, эстетика) байланысты. Мәтін лингвистикасы 20 ғ. 60 жж пайда болды. Оның негізі Э.Бенвенист, В.Скаличка, С.И.Карцевский, В.Матезиус, Ш.Балли, В.В.Виноградов, З.Харрис т.б. еңбектерінде қалыптасқан. Бұдан басқа тіл білімінде «Мәтін теориясы» түсінігі бар. Мәтін теориясы – 20 ғ. 2-жартысында мәтіндік ілім (текстология), мәтін лингвистикасы, поэтика, риторика, прагматика, семиотика, герменевтиканың түйісуінен пайда болғанфилологиялық пән. Көптеген пәнаралық түйісулерге қарамастан, ол өзінің болмысын сақтаған.

  • Мәтін теориясы барлық таңбалық бірізділікті қамтиды, бірақ оның негізгі объектісі сөз мәтіні болып табылады. Мәтін теориясы туралы зерттеулер әдетте мәтіннің екі қасиетіне: қисындылығы мен тұтастығына бағытталады. Қисындылықта мәтіннің дұрыс құрылу-құрылмауы басты рөл атқарады. Мәтіннің тұтастығы оның элементтерінің функционалдық қызметімен байланысты. Мәтін теориясының жалпы функционалдық бағыттылығы әсіресе көркем мәтінді талдауда маңызды.




    1. Тілдің аралас ғылымдарда зерттелуі


    Тіл білімінің ішкі және сыртқы деп бөлінетіні белгілі. Бұл мәселе тұрғысынан тілдің қазіргі қалпын қарастырсақ, әуелі сыртқы тіл білімінің ғылыми-салалық құрылымы туралы мәселе туындайды, сөйтіп, оны тілдік емес нысандарды жіктеу туралы мәселемен байланысты қарастыруға болады. Бұл мәселені шешуге қолданылатын пункт ретінде әлемнің құрылымдық бейнесін алуға болады. Ол нысандардың төрт түрлі типін бөлуді ұсынады – физикалық, биологиялық, психологиялық және мәдениеттанулық. Бұларды осы атаумен аталатын пәндер қарастырады.

    Егер физика, биология, психология және мәдениеттану басқа әлем бөліктерімен ғана байланыс болса, философия әлемді тұтас зерттейді. Оның негізгі міндетіне нысандардың барлық типін зерттеу енеді, алайда оны жалпы не мейілінше, жалпы қырынан алып қарастырады. Осы тұрғыдан алағанда қазіргі ғылымдардың алғашқы моделін төмендегідей елестетуге болады, - дейді В





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет