Тіл біліміндегі дифференициация мен интеграция процесі және оның тіл туралы ғылым құрылымындағы көрінісі



бет6/89
Дата26.08.2020
өлшемі269,31 Kb.
#76968
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89
Байланысты:
жтб 401 удачи

20-ғасырда лингвофилософияның бала тілін және тілдің практикалық қызметін (праксеологиялық, прагматикалық) зерттеумен байланысты жаңа саласы дамиды. Оның біріншісі алғаш рет О.Есперсен еңбектерінде, келесісі Б.Малиновский еңбектерінде белсенді көрінісін тапты. О.Есперсен баланың барлық тілдік даму процесін үш кезеңге бөлді: қышқыру, уілдеу не былдырлау және сөйлеу. Дат ғалымы бала қышқыруының тілге тікелей қатысы жоқ, бірақ соның арқасында бала тілдің коммуникативті функциясын сезіне бастайды деп есептейді. Уілдеу кезеңі баланың артикуляциялық органдарының дамуы үшін маңызды.. Сөйлеу процесі кезінде бала тілге қалай бар сол күйінде қарайды. Б.Малиновский өз зерттеулерінде жалпы тілдің, кей кездері бала тілінің прагматикалық қызметіне көп көңіл аударады. Баланың тілді меңгеруіндегі басты стимул тілдің бала үшін практикалық мақсаттарға жету құралы болуында деп есептейді. Тілдің басқа - коммуникативтік, танымдық қызметтеріне қарағанда прагматикалық қызметін жоғары бағалайды.

Қазіргі лингвофилософия тұрақталған пәндік құрылымға ие емес. Дей тұрғанмен оның мынадай мәселелерін бөліп айта аламыз: тіл мен қарым-қатынас, тіл мен тәжірибе, тіл мен таным, тілдің филогенезі және онтогенезі. Бұл мәселелердің әрқайсысы ерекше лингвофилософиялық пәндердің, атап айтқанда – лингвосемиотика, лингвоэпистемология, лингвопраксеология, филогенетикалық және онтогенетикалық лингвистиканың нысаны ретінде қарастырыла алады.



Лингвофизика тілді барлық физикалық ерекшеліктері қырынан қарастырады. Тіл бұл жерде басқа физикалық құбылыстармен қатар қойылады. Тіл физикалық сипаты қырынан алғанда дыбыстардың жиынтығын көрсетеді. Тіл ғылымын сондай-ақ лингвистикалық акустика немесе фонетикалық акустика деп атауға болады. Акустика – жалпы дыбыстар туралы ғылым. Лингвофизика сөйтіп акустика мен фонетиканың арасынан шығады.

Сөйлеу дыбыстарын басқа дыбыстармен бір қатарда қарастыру алғаш рет фонетикалық лабораторияларда өткізілді. Ресейде мұндай лабораториялар Қазан және Петроград университеттерінде құрылды. Бұл лабораторияларда өткізілген зерттеулердің нәтижелері 19-20 ғасырлар аралығында В.А.богородицкий және Л.В.Щерба еңбектерінде көрініс тапқан.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет