Тіл дамыту емтихан жауаптары "Тіл" ұғымы. Сөйлеу түрлері Сөйлеу формалары


Сөйлеу мүшелері, дыбыс шығаратын аппараттың жұмысы



бет3/72
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#152984
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Байланысты:
Тіл дамыту. емтихан жауаптары
3 n s a- GB , №7 лекция, Тулбасиева А (2 рк), 1569864809, ИББ10-апта Сөжж
3. Сөйлеу мүшелері, дыбыс шығаратын аппараттың жұмысы
Сөйлеу техникасы дыбыстау мүшелерінің қызметімен тығыз байланысты. Сөйлеу техникасына жақсы жаттықпаған адам шығарма мәтінін тыңдаушысына мәнерлеп жеткізе алмайды. Мәнерлеп сөйлеп оқи білу үшін тілдің дыбыс шығаратын мүшелерінің қызметін жақсы білу қажет. Сөйлеу дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстаушы мүшелердің қызметін артикуляция деп атаймыз. Дыбыстау мүшелері немесе сөйлеу аппаратына өкпе, тамақ, көмей, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, тіл, кішкене тіл, тіс, ерін, иек жатады. Дыбыстау мүшелерінің ішіндегі ең негізгісі - өкпе. Өкпеден шыққан ауа тыныс алатын кеңірдектің өкпеге қосылатын тармақтарымен тамаққа одан көмейге, көмейден жұтқыншақ қуысына келеді. Жұтқыншақ қуысына келген ауа одан әрі не ауыз қуысы, не мұрын қуысы арқылы өтеді. Өкпе 2 таран қолқа арқылы кеңірдекпен жалғасады және өкпе ауаны ішке тартқанда кеңейіп, ауаны сыртқа шығарғанда демеп отырады. Тіліміздегі дыбыстар өкпедегі ауаның сыртқа шығуымен байланысты жасалады. Сөйлеу процесінде ауа өкпеден біртіндеп баяу шығып, өкпеге бірден тез енеді. Келесі дыбыстау мүшелерінің бірі – тамақ. Ол кеңірдектің жоғарғы тұсына орналасқан. Ал, дыбыстар жасауда басты роль атқаратын дауыс шымылдығы көмеймен байланысты. Дауыс шымылдығының керіліп тұруынан діріл пайда болып, үн шығады. Дауысты дыбыстар осы дауыс шымылдығындағы дірілден жасалады. Ал үнді дауыссыз дыбыстармен ұяң дауыссыз дыбыстар айтылған кезде дауыс шымылдығы сәл ғана керіліп, діріл өте аз болады. Қатаң дауыссыздарды айтқанда дауыс шымылдығы жиырылып тұрады да ешқандай діріл пайда болмайды. Сондықтан ол дыбыстардың құрамында үннің ешқандай қатысы жоқ. Ал кейбір дыбыстардың айтылуында ауыз қуысы мен мұрын қуысы жаңғырық қосады.
Сөйлеу техникасына төселу жолдарына мыналар жатады:
1.дұрыс тыныс ала білу
2.дауысты жаттықтыру
3.үн реңкін қалыптастыру
Тыныс алудың үш түрі бар:
1.Көк ет арқылы
2.Көкірек арқылы
3.Қабырға арқылы
4. Балалардың сөйлеу тілін дамыту әдістемесінің ғылыми негіздері
Тіл дамыту әдістемесінің мақсаты – баланың ой-өрісін кеңейту, ақыл-ойын дамыту, мінез-құлқын, еркін тәрбиелеу. Бұл пәннің өзіне тән оқыту тәсілі, әдісі бар. Ол мәнерлеп оқудың өзіндік табиғатына байланысты заңдылықтарға бағынады. Болашақ мамандарға көркем сөз оқу өнерінен кейбір теориялық мәлімет бере отырып, мәнерлеп оқу мен нақышына келтіре әңгімелеудің әдісіне-тәсіліне төселдіру, жаттығу материалдары арқылы сөйлеу техникасын – дұрыс дем алу, дикция, дауыс сапасын дамыту жолын үйретеді.
Тіл дамыту әдістемесі – педагогикалық қызмет заңдылықтарын зерттейтін, мектеп жасына дейінгі ұйымда балалардың тілін қалыптастыруда бағытталған педагогикалық ғылым.
Тіл дамыту әдістемесі педагогикалық ғылымдардың бір бөлігі , оның өзінің белгілі мақсаты, міндеті,мазмұны бар.
Тіл дамыту әдістемесі басқа ғылымдармен байланысты, әсіресе тіл туралы ғылымдармен: тіл білімі (тіл білімдері бөлімі – фонетика, орфоэпия, лексикология, грамматика, морфология, синтаксис): психолингвистика. Тіл функциялары туралы білім, тіл білімі және психологияда жасалған.
Әдістеменің басты тараулары:
- байланыстырып сөйлеуді қалыптастыру
- сөздің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу
- балалардың ауызекі сөзінде сөз қорының және грамматикалық дағдыларының дамуы
- балаларды сауатты оқуға дайындау
- балаларды көркем әдебиетпен таныстыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет