Тіл дамыту емтихан жауаптары "Тіл" ұғымы. Сөйлеу түрлері Сөйлеу формалары


Бастауыш мектепте сөйлеуді дамыту жүйесі



бет7/72
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#152984
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   72
Байланысты:
Тіл дамыту. емтихан жауаптары
3 n s a- GB , №7 лекция, Тулбасиева А (2 рк), 1569864809, ИББ10-апта Сөжж
9. Бастауыш мектепте сөйлеуді дамыту жүйесі
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту практикумы яғни оларды сабақ процессінде іскерлікке,мамандыққа үйретуіміз керек.Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда білім алушылар сөйлеу техникасын мәнерлеп айтуда жетілдіру туралы білімдерді терең ұғыну яғни барлығына дағдылануы керек.Баланың тілінің дұрыс дамуына жәрдем ету қажет,оларға тақпақ жаттатып,өлең оқытып және мәнерлеп оқудың амал тәсілдерін үйрету керек.Кішкентай кездерінен бастап дауысты дауыссыз дыбыстарды қоюға, ертегідегі мәтінді тыныс белгілеріне байланысты екпін қойып айтуға баулыған жөн. Балаларды жақсыға үйретіп, жаманнан жиренуге тәрбиелейді. Біздің жарқын болшағымыз - өскелең жас ұрпақтың біліктілігімен байланысты. Жас ұрпақ - өркениетті тәрбие шуағына шомылса ғана, білім нәрімен сусындаса ғана мемлекетіміздің көсегесі көгереді, егеменді ел баянды болады. Тіл дамыту – ана тілі әдістемесінің аса жауапты да күрделі саласының бірі. Оның күрделі болуының себебі бала тілін дамыту міндетін жүзеге асырушы мектепте жүргізілетін пәндер қазақ тілі мен ана тіліне ғана байланысты болмай, оның сөйлеу әрекетіне де тәуелді.
10. Сөйлеудің грамматикалық құрылымын қалыптастыру әдістемесі
Грамматика –тілдің құрылысын зерттейтін тіл білімінің саласы.
Тілді, оның ішінде балаларды ана тілін оқыту барысында балалардың сөйлеу дағдысын дамытуға көп көңіл бөлу керек пе, болмаса қалай дұрыс сөйлеу қажеттігі туралы ғылыми ұғымдар немесе грамматиканы меңгертуге көп назар аудару қажет. Грамматиканы меңгеру, грамматикалық дағдыларды қалыптастыру ,яғни тілді оқу барысында осы мәселелерді қамту керек.
Жаңа бағдарлама бойынша осы аталған мәселелердің арасында тығыз байланыс орнату қажет деп табылады. Бұрын балалардың орфографиялық дағдысын қалыптастыру грамматикалық ұғымдарды меңгертуге, байланыстырып сөйлеуді дамытуға бағытталған жұмыстармен байланыссыз жүргізілсе, немесе грамматикалық ұғымдарды меңгерту тілдің лексикалық және синтаксистік жүйесін оқытумен ұштастырылмаса, енді мұның бәрін бір мақсатқа балалардың өз ойларын мазмұнды, грамматикалық тұрғыдан сауатты, стильдік жағынан ойын дәл бейнелеп айта білу дағдыларын қалыптастыруға бағындыру қажет болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   72




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет