«ТӨрт тоқсан – ТӨрт өнер» Ұлттық МӘдени-ағартушылық жобаның



бет10/11
Дата06.11.2023
өлшемі121,5 Kb.
#189914
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР 06.04.2023 КАЗ (6)

«Туған өлкем» фестивалі білім алушылардың туған өлкесін зерттеуге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
«Туған өлкем» фестивалі – бұл мәдени және табиғи әртүрлілікті сақтау қағидатына сәйкес балаларда бірыңғай жалпыадамзаттық құндылықтарға ұқыпты қарауға, тәрбиелеуге бағытталған өлкетану жобаларының байқауы.
«Туған өлкем» фестивалі – туған өлкенің тарихы мен мәдениетімен таныстыру.
«Туған өлкем» фестивалі – бұл туристік маршруттар кластеріне енгізілуі мүмкін туған өлкенің әдемі және ішкі жерлерін насихаттау.
«Туған өлкем» фестивалінің мақсаты - оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымын дамыту, отансүйгіштік пен азаматтық сезімін тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау, туған өлкені зерделеу арқылы туристік-өлкетану қызметін жандандыру.
«Туған өлкем» фестивалінің міндеттері:
1) балаларды туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасымен таныстыру, Кіші Отанды зерттеу;
2) республиканың үздік балалар экспедициялық жасақтарын анықтау;
3) дәстүрлі сақтау және жетілдіру, туристік-өлкетану жұмысының инновациялық нысандары мен әдістерін танымал ету;
4) өз өлкесінде туризм мен өлкетануды дамыту идеяларын іске асыру бойынша әлеуметтік маңызы бар жобаларды әзірлеуге және өз бастамасын көрсетуге ынталандыру;
5) туған өлкенің тарихын, оның көрікті жерлерін насихаттау бойынша идеялармен алмасу үшін орта құру.
«Туған өлкем» фестивалін өткізудің үйлестірушілері: Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі.
«Туған өлкем» фестивалінің ұйымдастырушылары: жергілікті атқарушы органдар, білім беру ұйымдары.
«Туған өлкем» фестиваліне қатысушылар: жалпы орта, қосымша, техникалық кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары, педагогтер, ата-аналар. 
Өлкетану жобаларының үлгілік тақырыптары:
«Жас өлкетанушы» екі бағыт бойынша:
- Халықтық дәстүрлер, әдет-ғұрыптар және өнер – туған өлкенің мәдениеті, әдебиеті, өнері, халық шығармашылығы, тарихи, археологиялық және этнографиялық ескерткіштерді зерттеуге және қорғауға қатысу туралы; республикада тұратын халықтардың ауызша халық шығармашылығының бай мұрасы, салт-дәстүрлері туралы; мектеп мұражайларын ашу туралы; тұрмыстық заттар, киім-кешек, ұлттық тағамдар дайындау; қызықты адамдармен, әдебиет, музыка, театр, кино, бейнелеу өнері қайраткерлерімен кездесулер туралы.
- Туризм-спорт, денсаулық, демалыс – дәрежелік және санаттық жорықтарға, бір күндік және көп күндік саяхаттар мен экспедицияларға қатысу туралы, ауданда, қалада, тұрғылықты жері бойынша туристік слеттерге, жарыстарға, жорықтарға қатысу туралы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет