«ТӨрт тоқсан – ТӨрт өнер» Ұлттық МӘдени-ағартушылық жобаның



бет6/11
Дата06.11.2023
өлшемі121,5 Kb.
#189914
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР 06.04.2023 КАЗ (6)

Қазақтың ұлттық ойындары табиғатпен және оның заңдарымен тығыз байланысты. Асық ойнау баланың жүйке жүйесін мықты, мінезді берік, қимылдарын дәл болуға ықпал етеді.
Қазақтың дәстүрлі асық ойыны ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізілген.
Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеу қарсаңында республиканың әрбір елді мекенінің барлық мектептерінде, мектептен тыс ұйымдары мен колледждерінде «Алтын сақа» олимпиадасы өткізіледі.
«Алтын сақа» олимпиадасының мақсаты – қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасын құрметтеуді қалыптастыру, батылдыққа, төзімділікке тәрбиелеу, ептілікті, қырағылықты және дәлдікті дамыту.
«Алтын сақа» олимпиадасының міндеттері – халықтың мәдени мұрасын сақтау, ұлттық ойындарды насихаттау, қазақ ұлттық ойындарын білуге қызығушылықты арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, балаларды асық ойынына баулу.
«Алтын сақа» олимпиадасын өткізудің үйлестірушілері: Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі.
«Алтын сақа» олимпиадасын ұйымдастырушылар: жергілікті атқарушы органдар, білім беру ұйымдары.
«Алтын сақа» олимпиадасына қатысушылар: еліміздің барлық елді мекендеріндегі жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары, педагогтер мен ата-аналар.
Деректемелері: асықтар, қатысушылардың ұлттық киімдері.
Асық ойындарының ұсынылатын түрлері:
бес табан, бес асық, үш табан, алты табан, омпы, бүгіп алу, көн (жоң), жарып алу, сыпырмай, түртпей, тыштырмай атан, бестас, мергендік немесе шеңбер жасап ату, хан талапай, асық қағу, қаршу, алшы, шұбырту, ұпай ұтысу, қол жоң, ат жарыстыру, қошқар соғыстыру, мұз ойнақ, иірмекіл, қақпақыл, сасыр, хан ойыны, аламан хан, асық табысу (асық жасыру), бүк-шік, төрт шүкейт, шомшы, манай. 
Кейбір ойындарды өткізу мысалдары.
«Бес табан» ойыны R4 (ø400см) шеңберінде ойналады, шеңбердің екі жағында ату сызығы сызылады (5 метр оңға және солға).
Шеңбердің ортасында сызық сызылады (115 см) және оған екі жағынан параллель сызық түседі (15 см), 13 асық тігіледі, 7 асықты бірінші атқан команда немесе ойыншы жеңімпаз болады.
Әр команда үш ойыншыдан тұрады: 1-сақа, 2-сақа, 3-сақа.
Ату кезеңін төреші сақаларды иіру арқылы анықтайды және ойын уақытын 15 минут белгілейді. Ойын 2 жеңіске дейін жалғасады. Ойынға қатысушылар ату сызығынан (115см) кезек бойынша шеңбер ішіндегі көндегі асықтарды атады. Мұнда көнге тігілген кеней асықтардың арасы бір сақа тең болуы шарт және кенейлер алшысы жағынан бүк, шік болып тігіледі.
Ату кезінде сақа тиген кеней асық шеңбер сызығынан өтуге міндетті, егер асықты сызықтан шығарып алса ойыншыға мүмкіндік береді, төреші ойыншыға шеңбердің (ø400см) сыртынан яғни белгіленген ортадағы сызықтан көндегі кеней асықтарды атуға рұқсат береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет