«ТӨрт тоқсан – ТӨрт өнер» Ұлттық МӘдени-ағартушылық жобаның



бет2/11
Дата06.11.2023
өлшемі121,5 Kb.
#189914
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР 06.04.2023 КАЗ (6)

Жобаның іс-шаралары:
поэтикалық сайыстары «Ақындар айтысы» -
#1ТОҚСАН#АҚЫНДАРАЙТЫСЫ#
«Алтын сақа» олимпиадасы – #2ТОҚСАН#АЛТЫН САҚА#
«Ұлттық өнер» көрмесі – #3ТОҚСАН#ҰЛТТЫҚӨНЕР#
«Туған өлкем» фестивалі – #4ТОҚСАН#ТУҒАНӨЛКЕМ#
Жобаның мақсаты: қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, ұлттық бірегейлік, әлеуметтік құзыреттілік, білім алушыларды өз халқының мәдени дәстүрлеріне, көпұлтты мемлекет жағдайында жалпыадамзаттық құндылықтарға баулу.
Жобаның міндеттері:
1) өз Отанына деген мақтаныш сезімін, қазақ халқының тарихын, мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу;
2) қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасын, оны одан әрі байытуын сақтау және дамыту;
3) халық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын түсіну негізінде білім алушыларды толеранттылыққа тәрбиелеу;
4) қазақ халқы мәдени дәстүрлерінің сабақтастығын сақтау.
Жобаны үйлестірушілер: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі.
Облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, аудандарда және басқа да елді мекендерде Жобаны ұйымдастырушылар: жергілікті атқарушы органдар.
Жобаға қатысушылар: жалпы орта, қосымша, техникалық кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар.
Жоба қызметінің тиімді қолданылған әлеуеті мынаған мүмкіндік береді:
- білім алушылардың әлеуметтік бейімделуін, олардың белсенді өмірлік ұстанымын, ізгілік, әділдік, ар-намыс, борыш, патриоттық мұраттарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
- тарихи материалды зерделеуге, халық шығармашылығымен танысуға мүмкіндік беру;
- дүниежүзілік тарихи-мәдени тәжірибенің толық бейнесін жасау;
- мәдениеттер диалогы аясында мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын меңгеру;
- заман мен ұрпақ байланысын сезіну, рухани қолдау мен өмірлік тірек алу.
Мерекелік іс-шараларды дайындау және өткізу кезінде маңызды шарт – жағымды аура, сенім мен өзара сыйластық, еркіндік пен жеңілдік атмосферасын құру, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды көрсету.
Этникалық мәдениеттердің заманауи жаңғыруы және олардың жақындасуы жағдайында халықтық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың озық үлгілерін сақтау және көрсету өте маңызды. Мерекелік салт-дәстүрлерді, фольклор негізіндегі театрландырылған көріністерді пайдаланып, оқиғалардың мазмұнын белгілі бір дәрежеде жаңарта алады.
Жобаны жүзеге асыру – балаларға қосымша білім берудің елдің халықтық бастауларына, тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеуге, құндылықтар жүйесін, бәсекеге қабілеттілікті қалыптастыруға, жақсы эмоциялар атмосферасын құруға, шығармашылық сайысты дамытуға, жаңа ашылулардың пайда болуына бағдарлануы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет