«ТӨрт тоқсан – ТӨрт өнер» Ұлттық МӘдени-ағартушылық жобаның



бет7/11
Дата06.11.2023
өлшемі121,5 Kb.
#189914
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР 06.04.2023 КАЗ (6)

«Бес Асық» ойыны ептілік пен шешімділікке баулиды. Әр ойыншыда бес асықтан болады. Асықтың салмағы – кемінде 11 гр. ені 2 см; ұзындығы 3,5 см; 9 гр. ені 2 см., ұзындығы 3 см., (ұсақ малдың асығы ойын алаңына қатыстырылмайды) ал жоғары болуына рұқсат. 
Төрт асық бір түспен, хан басқа түспен боялады. Түстерді таңдау ойыншының өз еркінде. Ойыншының киім нысаны – ұлттық үлгіде.
Асығы алшысынан түскен ойыншы ойнау кезегіне ие болады. Бірінші ойыншы ойынның ережесін бұзғанша ойнайды. Кейін ойынға екінші, үшінші ойыншы өз кезегімен кіріседі. 6, 7, 12 және ұпайдан басқа ойындар бір қолмен ойналады. Ойыншы жерден (кілемнен) асықтарды алғанда, асық алатын қолы басқа асықтарға тимеуі және кілемде жатқан ойын асықтары бір-біріне тимеуі керек және де асықтарды иірген кезде, ойнап жатқан кездерде қол да, асықтар да дене мен киімге жанаспауы керек.
Екінші қолы тізесінің үстінде болуы шарт. Әр жаттығудан кейін ойынды бекіту қажет. Әр жаттығуда хан бірден алынады, басқа жағдайда ойын кезегі келесі ойыншыға өтеді. Егер ойын барысында ереже бұзылса, кезек келесі ойыншыға беріледі. Ойын жалғасы әрекеттің бұзылған жерінен басталады.
«Алтын сақа» олимпиадасының өтетін орны: республиканың барлық елді мекендерінде жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары.
«Алтын сақа» олимпиадасын ақпараттық жариялау бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде оң жариялауды көздейді.

ҮШІНШІ ТОҚСАН


«ҰЛТТЫҚ ӨНЕР» КӨРМЕСІ

#3ТОҚСАН#ҰЛТТЫҚӨНЕР#




«Біз көптеген тағдырлы сынақтардан бірге өтіп, ата-бабаларымыздың дәстүрлерін, құндылықтарын және мәдени-рухани мұрасын сақтай алдық»


Касым-Жомарт Токаев
Кез келген халықтың әл-ауқаты шешуші дәрежеде оның мәдени кодын – ұлттық менталитеттің негізін құрайтын бірегей белгілерінің сақталуымен анықталады.
Халық ертегілерінде, әндерде, қолөнерде, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарда бейнеленген ұлттық өнер жас ұрпақты тәрбиелеудің маңызды факторы болып табылады.
Ұрпақтар сабақтастығын дамыту, білім алушылардың ұлттық өнерге, халық шығармашылығына мемлекеттің, қоғамның, отбасының, тұлғаның мәдени игілігі ретінде құндылық қатынасын тәрбиелеу мақсатында Наурыз мерекесі аясында әрбір білім беру ұйымында «Ұлттық өнер» көрмесі ұйымдастырылатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет