«Тұрақты даму мақсатындағы халықаралық журналистиканы оқыту модельдері»



бет73/128
Дата05.02.2022
өлшемі4,38 Mb.
#17399
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   128
Дауренбекова А.А.
ЮНЕСКО, халықаралық журналитсика және
қоғамдық медиа кафедрасының аға оқытушысы
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ


БАҚ қызметін реттейтін халықаралық құқық

БҰҰ Бас Ассамблеясы 1948 жылдың 10 желтоқсанында қабылдаған Адам құқығының Жалпыға бірдей декларациясының 19 б. сәйкес «.... Әрбір адам пікір еріктілігі мен оларды еркін білдіруге құқылы; бұл құқық өзінің пікірлерін кедергісіз ұстану еркінділігі және де ақпарат пен идеяларды кез-келген амалдармен және мемлекеттік шекараларға қарамастан іздеу, алу және тарату еріктілігін қамтиды».


Өзінің пікірін еркін білдіру құқығы Адам құқығы мен негізгі бостандықтарды қорғау туралы Еуропалық конвенциясында (әрі қарай-Адам құқықтары туралы Конвенция) әрі қарай дами түсті. Бұл конвенцияның құрастырылуын Еуропа Кеңесі 1949-1950 жылдары жүргізді және 1950 жылдың 4 қарашасында қол қоюмен аяқтады. Конвенцияның 10-бабында «міндеттемелер мен жауапкершілікті жүктейтін осы бостандықтарды жүзеге асыру заңмен қарастырылған және демократиялық қоғамда мемлекеттік қауіпсіздік, аумақтық тұтастық немесе қоғамдық тәртіп мүддесінде, тәртіпсіздіктің алдын алу, денсаулық және адамгершілікті қорғау, өзге тұлғалардың абыройы мен құқықтарын қорғау, құпия түрде алынған ақпараттың жариялануының алдын алу немесе сот әділдігінің беделі мен риясыздығын қамтамасыз ету мақсатында ресмилікпен, шарттармен, шектеулер және айыппұлдық санкциялармен байланысты болуы мүмкін».
Осы жерде бұқаралық ақпарат құралдарының қызметінің жалпы заңдылығы, ішкі заңнамалардың халықаралық нормалар мен талаптарға, азаматтық қоғамның және жалпы құқықтық мәдениеттің даму деңгейіне қатынасы жайлы мәселе туындайды.
Бұқаралық ақпарат құралдарының заңнамалық базасын қарастырмас бұрын, «бұқаралық ақпарат» ұғымына анықтама беру керек. Қазақстандық БАҚ туралы заңда «бұқаралық ақпарат» ұғымы «тұлғалардың шектеусiз топтарына арналған баспа, дыбыс-бейне және өзге де хабарлары мен материалдары» деп берілген, ал «бұқаралық ақпарат құралы» анықтамасына «мерзiмдi баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз бұқаралық таратудың басқа да нысаны» деген сипаттама берілген.
БАҚ-тың қазіргі таңдағы қоғам жағдайындағы қызметі қоғамды әлеуметтік маңызды мәселелер бойынша ақпараттандырумен ғана шектелмейді, оған қоса, ауқымы кеңірек қарастырылады - бұқаралық сана үшін әлеуметтік мақсаттарды қалыптастырудан өзге, олар саяси жарнаманың функциясын орындайды және сонымен қатар, оның құралы болып та есептеледі. Бастапқы кезде БАҚ хабарламаларды, ақпаратты, білімді, көркем құндылықтарды таратуға арналған болса, кейіннен саяси көзқарастарды насихаттау мәселесіне де араласа бастады.
Насихаттау (орыс.пропаганда, лат. propaganda – таралуға тиісті дүние) кең мағынасында - негізгі функциясы болып белгілі бір көзқарастарды, түсініктер мен эмоционалды қалыпты қалыптастыру, сонымен қатар адамдардың әрекетіне ықпал ету мақсатында білім, көркемдік құндылықтарды және өзге ақпаратты тарату саналатын әлеуметтік қызметтің ерекше түрі. Рухани құндылықтарды насихаттау – насихат жүргізілетін нақты жағдайды, аудитория ерекшеліктерін, шарттарды ескеруді талап етеді. Насихаттау үдерісінде ғылым, өнерді көпшілікке таратуды ғана емес, сонымен қатар оларды байыту, дамыту жүзеге асады.
Едәуір тар мағынасында - бұл бұқара арасында белгілі бір саяси көшбасшылардың, партиялар мен мемлекеттердің идеологиясы және саясатын тарату бойынша қызмет. Бүгінгі таңда насихаттаудың рухани қызметтің ерекше ортасына рәсімделгенін және де бұқараға идеялық-псхологиялық әсер етуді ұйымдастырудың құралдары, формалары мен әдістері ретінде қалыптасқанын айтуға болады.
Оның өзіне тән сипаттары: мақсаттылық, нақты саралау, үздіксіз әсер ету, көпшілікке бағытталуы.
Насихаттаудың маңыздылығы идеологияны тарату барысында байқалады. Идеология дегеніміз (грек. idea идея, түрі және logos сөз, ұғым, ілім) - бұл қандай да бір ақиқаттылыққа деген қатынас, көзқарастар, мүдделер, мақсаттар, ниеттер, адамдардың, топтардың, партиялардың, қандай да бір дәуірдің, ұрпақтың, қоғамдық қозғалыстың адамдары не билік субъектілерінің ой шабыттары, қандай да бір идеологияны тасымалдаушылардың дүниеге деген көзқарасы, ой шабыттары мен өмірлік ұстанымдарына дейін бейнеленетін көзқарастар мен идеялардың жүйесі. Сол себепті, бұқаралық ақпарат құралдарының кімге тиесілі екендігі жайлы мәселе өзекті болып отыр. Себебі «кім ақпаратты иеленсе, сол әлемді басқарады».
«Қоғам - жаңа технологиялар» арақатынасы ылғи да философиялық зерттеулердің дәстүрлі объектісі болатын. Қазіргі ақпараттық индустриядағы өзгерістердің қарқындылығы және жалпыға әсер етуі соншалық, бір уақытта эмпирикалық та, теориялық деңгейлердегі де үдерістерді зерттеп және олардың негізінде жалпы тұжырым мен ұсыныстар жасау - заманауи жағдайдың ерекшелігінің мәні болып отыр. Көптеген перспективалы бағыттар бүгінгі таңда тек айқындалып қана келе жатыр, алайда олардың тез жүзеге асу мүмкіндігі соншалық, олардың толықтай рәсімделуіне тіпті уақыт та болмай қалуы мүмкін. Сол себепті, ақпараттық қоғамның қалыптасуының талдауын жүргізу, жеке мемлекетке өзінің жеке секторымен, өнеркәсібімен және ғылыми-техникалық интеллигенциясымен бірге жаһандық ақпараттық қоғам жолындағы мақсаттар мен міндеттерді анықтауға мүмкіндік беретін стратегияларды құру қажет. Халықаралық және жаһандық деңгейдегі дәл осы мәселелер, барлық мемлекеттер үшін әмбебап ұсыныстар қалыптастырушы халықаралық заңгерлердің алдында тұрған проблемалар.
Ақпараттық қоғам қазірдің өзінде шынайы, объективті белгілерге ие. Ақпараттық қоғамның қалыптасуының шынайы механизмдерін ұғынуда дедуктивті саралаудың берері аз. Сол себепті, халықаралық заңгерлердің ұсыныстарды әмбебап деңгейде құрастыруы аса қажет. Алайда, бұл жерде ескеретін жайт, жалпы ақпараттық қоғамның қалыптасуының оңтайлы жақтарымен қатар, көптеген астыртын қауіптері де бар. Жекелей алғанда, халықаралық қауіпсіздік контекстінде ақпаратпен алмасу мәселесі өзекті болып отыр.
ХХ ғасырдың соңғы жылдары – бұл бұқаралық және ресми ақпаратты реттеу саласындағы ұлттық заңнаманы қалыптастыру, ақпараттық жүйелерге қолжетімділікті қамтамасыз ету, сонымен қатар, мемлекеттік құпия және өзге де шектелген ақпарат түрлеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету кезеңі.
Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнаманы дамыту, ақпараттандыру үдерісінде пайдаланылатын заманауи компьютер құралдары, деректер базасы, микросхемалар секілді шығармашылықтың объектілеріне авторлық және патенттік құқық бойынша заңнаманы дамытумен қатар, азаматтарға кітапхана және мұрағат арналары бойынша ақпарат ұсыну механизмдері туралы ұлттық нормашығармашылық жетілдіріліп жатыр.
Түрлі деңгейлі субъектілердің мүдделерін қорғау кепілдемелері, механизмдерінің және қауіпсіздік мәселелері ақпаратқа қолжетімділік құқығының жалпы проблемасынан басым болып келе жатыр.
Тағы бір маңызды мәселе - проблеманың екі жағы - ақпарат еркіндігі мен ақпарат мазмұны арасындағы негізсіз диспропорция, яғни үйлеспеушілік. Қасақана кедергілерді келтіруді әрбір адамның шекараларға қарамастан, барлық хабарлар, пікірлер және идеялар туралы толықтай хабар алу құқығын теріске шығару ретінде кінәраттай отырып, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы алғашқы құжаттар зиян ақпаратты жеткізу мүмкіндігін жете бағаламаған болатын. Үкіметке өзге халықтарға қатысты орынсыз жала жабатын ақпаратты таратудан бас тарту, фактілер жайлы хабарды шынайы және объективті түрде жеткізе отырып, халықаралық бейбітшілік мүддесінде этика талаптарымен сәйкестендірілетін ақпаратты жіберу ұсынылды.
Басқарудың жаңа нысандары - ақпараттық қауіпсіздік, киберлаңкестік, электронды сауда-саттық әлі де болса қалыптасуда, олармен қатар бақылаудың жаңа формалары да түзілуі қажет, сол себепті барлық мемлекеттердің ақпаратпен халықаралық алмасу саласындағы ынтымақтастығы өте қажет саналады.
Осыған орай, жеке мемлекеттер және әлемдік қауымдастық жалпы алғанда өзінің ақпараттық кеңістігінің дербес құқықтылығын қамтамасыз ету үшін барлық нақты шараларды қабылдап отыр.
БҰҰ мамандандырылған мекемелерінің резолюциялары міндетті сипатқа ие емес, алайда олар құқық нормаларының қалыптасуында, ұғымдарды анықтауда, ұйымдастыру саясатын нақтылауда үлкен рөл атқара алады. Сол себепті ақпарат мәселелері бойынша Бас конференциясының резолюцияларының жиынтығы құқықтың жаңа институтының қалыптасуын көрсетеді.
Ақпаратпен халықаралық алмасудың тенденцияларын анықтайтын, соңғы кездері қабылданған едәуір маңызды құжаттардың қатарында келесілерді атауға болады: Тілшілердің Еуропалық федерациясының (ТЕФ) конференциясымен қабылданған (1996 жылдың 27 сәуірі) «Хабардар болу құқығы. Еуропалық мемлекеттердегі ақпаратқа қолжетімділік» декларациясы, «Ақпараттың тәуелсіз және плюралистік құралдарын нығайту» атты 1997 жылдың 13 қыркүйегіндегі, ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының 29-сессиясында мақұлданған (1997 жылдың 12 қарашасы) София декларациясы (әсіресе, Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттерінде), Жаһандық ақпараттық қауымдастықтың Окинава хартиясы (2000ж. 22 шілдесі).
Қазақстанның ақпараттық құқығының дамуы халықаралық-құқықтық стандарттардан шегіністе жүре алмайды, себебі қазақстандық ақпараттық кеңістік әлемдік ақпараттық кеңістіктің құрамдас бөлігі болып табылады. Оған қоса, БАҚ-қа қатысты қазақстандық заңнамалық үдеріс адам және азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтарына қатысты халықаралық-құқықтық құжаттардың да, 1975 жылғы ЕҚЫК Хельсинкі Қорытынды құжатының және 1989 жылғы Ақпараттық форумның ұсыныстарының да тікелей әсеріне ұшырап отыр.
Осы жерден келіп қазақстандық ақпараттық технологиялардың шет елдік технологиялармен үйлесу, өзара әрекеттесу және толықтай интеграциялануын құқықтық реттеудің қажеттілігі келіп туындайды. Құқықтық реттеу ақпараттандыру саласындағы халықаралық серіктестіктің бүкіл жүйесін дамытуға септігін тигізуге, жекелей алғанда, келісілген халықаралық жобалар мен бағдарламалардың жүзеге асырылуына септігін тигізуге бағытталады.


Каталог: 2017 -> KazNU-MTIJ-2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Сабақтардың барлық түрін өткізуде жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
KazNU-MTIJ-2017 -> Материалдары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   128




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет