Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!


Бұл туралы ГПУ-ге қарасты мекемелерді қадағалайтын прокурорға хабарланды. АТП өкілі Саенкомен келісілді. Рогожин»



бет132/242
Дата22.12.2021
өлшемі8,42 Mb.
#494
түріБағдарламасы
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   242
Бұл туралы ГПУ-ге қарасты мекемелерді қадағалайтын прокурорға хабарланды. АТП өкілі Саенкомен келісілді. Рогожин».

Анкеталық анықтама: Даниал Кәкітайұлы Ысқақов – Абайдың туған інісі Ысқақ Құнанбайұлының немересі. Семейдің мұғалімдер гимназиясында Ж.Аймауытовпен, М.Әуезовпен қатар оқыған. «Алашорданың» Семейдегі «Талап» жас алаш ұйымын құрушы, оның жарнашысы, «Абай» журанлының демеушісі болған. Алашордашылар жаппай қуғындала бастағанда бесіктен бірге өскен досы Мұхтар Әуезов екеуі Ташкентке ауысқан. Онда Х.Досмұхамедовпен бірге Ташкентте «Сана», «Шолпан» журналдарын шығаруға қатысқан. «Сананың» жарық көрген алғашқы екі санында М.Әуезовтің «Бәйбіше – тоқал» пьесасының әлеуметтік астары мен көркем бейнеленуі туралы «Қорғансыздар» атты әдеби сын мақаласы жарық көрді. Бұл сол тұста нақты көркем әдеби сынның талабына толық жауап беретін пайымды басылым болып табылады.

Тәркілеу науқанында Құнанбай тұқымдары тұтастай қуғынға ұшырап, жер аударылғанда оларды Ташкент пен Шымкент маңына жасырын қоныстандырған. Оған «үш-төрт жасар халық жауының тұқымы», Әрхам Кәкітайұлы Ысқақовтың қызы Мінәш Ысқақованың:

«Шамасы 1929-1930 жылдардың бірі болар, менің туған әкем Әрхам Кәкітайұлы "Құнанбай ұрпағы" болғаны үшін қуғындалып, басына тұтқындалу қатері төнгенде Мұхтар ағаның көмегімен (естелік кеңес тұсында жазылғандықтан да Даниал Ысқақовтың есімін тура атаудан секемденген, кейін алғашқы мәтінді өзгертуге Мінәш апай бізге ықылас білдірмеді – Т.Ж.) Ташкент түбінен пана тауып, сонда қоныс тепкен екен. Әкемнің соңынан іздеп барған анам Сақыпжамал 3-4 жасар мені өзімен бірге ала кетіпті. Бізді Ташкентте қарсы алған, пәренже жамылған әйел (ол Зина деген апай еді, 1961 жылы көргенмін) анамды өзбектің арбасына отырғызды да мені алып қалды (Әкесі Әрхамның жасырынып жатқан жерін сыр сақтауды қаперіне ала қоймаған жас нәрестеден жасырған – Т.Ж.). Бөтен адамнан қорқып, жылап келе жатқан мені биік үйдің жанында тұрған екі ер адамның қасына әкелгенде, аққұба өңді кісі мені құшағына алып: "Жылама, мен сенің ағаң Дәкумін. Ал мына кісі Мұхтар ағаң. Қазір сені Мүкәрәма апаң ертіп әкетеді, ертең әке-шешеңе өзіміз апарамыз", деді. "Ағаң, апаң", - деген жылы сөз бен аққұба, қара торы өңді туыстарымның бейнесі жат жерде бірінші рет көргендіктен бе, жоқ әлде балалық сезімнен бе, әйтеуір күні бүгінге дейін көз алдымнан кетпей, сақталып қалыпты. Және Мұхтар ағаны, туған ағамыз екен деген әсер менің санамда 1942 жылға дейін өзгермеді»,– деген (Мұхтар Әуезов туралы естеліктер. А., 1997 жыл.200-бет) естелігі толық дәлел.

Ташкент қаласында Мұхтар Әуезовпен бір үйде тұрған. Екеуін де қатар тұтқындап әкеткенде көшеде қаңғырып қалған Мұғамила Мұхтарқызын қашан Әлкей Марғұлан мен Шафик Шокин Алматыға әкеп орналастырғанша паналатқан адам – Даниалдың әйелі, естек қызы Мүкарамма бегім болатын.

Даниал Ысқақовтың шығармашылығы қалың көпшілікке бейтаныс. Сондықтан да оның негізгі еңбектеріне қысқаша шолу бере кетуді жөн көрдік.

Даниал Ысқақовтың алғашқы әдеби сыны “Қорғансыздар” (Әуезұлының „Бәйбіше-Тоқалына” тексеру) – деген атпен автордың өзі басқарма мүшесі яғни шығарушысы болған “Сана» журналының 1924 жылғы №2-3 сандарында басылған. Мақаланың соңында: «Егер «Бәйбіше-токалдың» идеясы, әсердің түрі осы айтылғандай деп танысақ, тексерушінің ендігі міндеті: жазушының ол мақсатын қандай дәрежеде орындай алғанын, пьесаның көріністерін, байланыстарын сол мақсатына үйлестіре алған, үйлестіре алмағанын қарастыру болмақ. Енді соны орындауға көшеміз. Даниял. (Аяғы бар)»,– деп көрсетілген.

Журналдың жабылуына байланысты мақаланың соңы басылмай қалды. Қолжазбасы сақталды ма, жоқ па, әзірге белгісіз. Т.Жұртбайдың алғысөзімен 1986 жылы “Қазақ әдебиеті” газетінде, сондай-ақ “Абай”журналының 1993 жылғы № 6 санында жарияланды. Ал оның аудармалары мыналар: “Үлкен бақшашының өмірі” А.П. Чеховтің әңгімесі. 1926 жылы Мәскеудегі Кеңес Одағындағы елдердің кіндік баспасынан 3.000 данамен басылып шыққан. “Төрт күн” орыс жазушысы В.М.Гаршиннің «Четыре дня» деген әңгімесінің аудармасы. 1926 жылы Мәскеудегі Қазақстан мемлекет баспасының Күншығыс бөлімі 3.000 данамен басып шығарған. Сонымен қатар Г.И.Серебрякованың «Маркстың жас шағы», поляк-орыс жазушысы Бруно Ясенскийдің “Терісін ауыстырған адам” (“Человек меняет кожу”) атты романдары 1935 жылы Д.Ысқақовтың тәржімасымен қазақша басылып шыққаны туралы «Әдеби өмір шежіресінде» («Қазақ Совет әдебиетінің тарихы». Бірінші кітап, 1967) атап көрсетілген. Бірақ бұл екі аударма кітап әзірше табылмай отыр. Д.Ысқақовтың бұл әдеби шығармалары Т.Жұртбайдың құрастыруымен шыққан «Алаш ақиықтары» атты жинақта барынша жинақталып басылды.

Абдолла Байтасовпен бірігіп «Көркем әдебиет туралы» мақала жазып, Сәбиттің, Әбдірахманның, Қошкенің пікірлеріне пікір қосады, Әбдірахманның сыңаржақ пікірлерін сынайды, әдебиеттің ұлттық сипатта болуын қостайды. Ескерте кететініміз, бұл мақала осы уақытқа дейін Ж.Аймауытов пен М.Әуезовтің атына телініп келді. “Көркем әдебиет туралы” мақаласы – «Еңбекші қазақ» газетінің 1927 жылғы 8-9 тамыздағы сандарында “Екеу” деген бүркеншік атпен жарияланды. Кейін “Қазақ әдебиетінің” 1989 жылғы 3 қарашадағы санында басылды. Авторлары Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезов деп, екі жазушының “Екеу” деген бүркеншік атпен қол қойған ертеректегі мақалаларына сүйеніп жаңылыс көрсетілген. Әдебиет зерттеушілері де осы уақытқа дейін соған сүйеніп, қате пайымдаулар жасап келеді. Нағында бұл белгілі алаш мәдениетінің қайраткерлері, әдебиет сыншылары, аудармашы Абдолла Байтасов пен Даниял Ысқақовтың мақаласы. Осы мақаласы үшін екеуі де 1930 жылы тергеуге алынып, түрмеге қамалған.

Мақала авторы ретінде көрсетіліп отырған Ж.Аймауытовтың өзі түрме тергеушілеріне берген жауабында:

«Екеу» деген бүркеншiк атпен жазылған көркем әдебиет туралы мақаланы оқыдым. Оның иелерi – Байтасов Абдолла мен Ысқақов Даниал. Соңғы адам үйiрменiң бағдары талқыланған мәжiлiске қатысты ма, анық айта алмаймын, қатысқан болуы да мүмкiн. Мақаланы мен қолжазба түрiнде оқыдым, оны маған Ташкенттегi жоғары оқу орындарының не рабфактың бiрiнде оқып жүрген Шымкенттiк студенттердiң бiреуi әкеп бердi. Оған дейiн мен Ташкентке барғанмын, сонда А. Байтасовпен де, Ысқақовпен де кезiктiм, олар маған: «Еңбекшi қазақ» газетiнде көркем әдебиет туралы мақалалардың жариялануына байланысты бiз де мақала жазуды ойластырып жүрмiз, дедi. Қашан дайын болған кезде оны маған көрсетiңдер, мүмкiн мен кей жерiн түзетiп берермiн дедiм. Сол уағдаластықтың желеуiмен ол мақаланы әлгi студенттер арқылы Шымкентке берiп жiберiптi. Бұл – 1927 жылдың алғашқы жартысындағы қыс айларының бiрi болатын. Мақалаға аздаған өзгерiс енгiзiп, мұны баспа бетiнде жариялауға болады деген тiлекпен өздерiне қайыра жолдадым. Мақала газетке жарияланған соң ондағы пiкiрлердi толық қостайтынын бiлдiрген Әуезовтiң пiкiрiн өз құлағыммен естiдiм. Мақаланы мен өңдеп бергеннен кейiн оны өзге қазақ жазушылары, мысалы, Дулатов қарап шықты ма жоқ па, ол жағын бiлмеймiн. Ол мақаланы «Алқаның» бағдарын толықтай қостаған дүние деп мен есептемеймiн. Аймауытов (қолы қойылған)»,– деп анықтап тұрып көрсеткен.

Осы мақала үшін екеуіне 1937 жылы: “Алқа” жасырын контрреволюциялық ұйымына қатысты, кеңес өкіметінің мәдениет туралы саясатына қарсы шығып мақала жазып, газет бетінде ашық пікір білдірді” – деген жалған айып тағылып, ату жазасына бұйырылды. Шындықты қалпына келтіру мақсатында алаштың екі азаматының басын бәйгеге тіккен бұл мақала нағыз иелері – А.Байтасов пен Д.Ысқақовтың атынан тұңғыш рет «Алаш ақиықтары» атты жинақта жарияланды. Сонымен, тергеу ісіне оралайық.

1931 жылы 14 сәуір күні тергеуші Лафиулов Даниал Ысқақовтан жауап алған. Тергеудің негізгі бағыты «Сана» журналындағы ұлтшылдық идеологияның, яғни, көркем әдебиеттегі ұлттық сана мен ұлттық көркем шындықтың насихатталуын әшкерелеу тұрғысында жүргізілген:

«Комиссияның жоспары бойынша («Сана» журналының) екінші санын жарыққа шығару көзделген. Түркхалкомағарту мекемесінің мемлекеттік ғылыми кеңесіне қарасты ғылым комиссиясына қызметке келгенімше оның бірінші саны шығып үлгеріпті. Менің есімде сақталғаны, ол журналда мынадай мақалалар жарияланды:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   242




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет