Тұтықпасы бар мектепке дейінгі балалардың қарым-қатынастық сөйлеу әрекеті дағдыларын зерттеу


Қарым-қатынастық сөйлеу әрекетінің қалыптасу деңгейі



бет3/13
Дата22.06.2020
өлшемі206 Kb.
#74242
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
2 ТҰТЫҚПАСЫ БАР МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДА ҚАРЫМ
этика, Әділбай Назерке ТФ-259 СӨЖ, Дәріс-3-1 (1)
Қарым-қатынастық сөйлеу әрекетінің қалыптасу деңгейі

ұпай түріндегі орта көрсеткіш

пайыз түрінде орташа көрсеткіш

Тәжірибелік тобы

Бақылау тобы

Тәжірибелік топ

Бақылау тобы

1. Таныс жағдайда дайындалған шара

1,8

1,75

60

58,3

2. Таныс емес ортада өткізілетін шара

1,62

1,67

53,3

55,6

3. Өзіне таныс ортада қарым-қатынасқа түсе алуы

1,72

1,7

57,3

56,6

4. Өзіне таныс емес ортада қарым-қатынасқа түсе алуы

1,5

1,52

50

50,6

5. Коммуникативтік сөздік және сөздік емес тәртібін реттеу

1,6

1,58

53,3

52,6

Барлығы

(орташа көрсеткіш)

1,64

1,64

54,6

54,6

Жоғарыда айтылғандай тәжірибе әдісі үлкен мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасының мазмұнына кіретін арнайы үйымдастырылған ойындар барысында, тұтығатын балалардың қарым-қатынастық сөйлеу әркетінің деңгейін анықтаудан тұрды. Біз арнайы ұйымдастырылған қимылдық ойындар өткіздік - «Аңшы қайда?», «Бұзықшылар», сюжетті-рольдік- «Дүкенде», «Емханада»; дидактикалық – «Дыбысынан таны», «Кім ол? »; сазды ойындар –«Жақсы көретін ертегілерді сахналау».

Өткізілген тәжірибе барысында келесі нәтижелер алынды. Өзіне таныс адамдар арасында таныс жағдайда дайындалған шара барысында эксперименталды топтың зерттеушілері 1,8 ұпай алып, 60℅ құрады, ол бақылау тобы 1,75 ұпай алып, 58,5℅ құрады. Өзіне таныс емес ортада өткізілген шара кезінде тәжірибелік топтың зерттеушілері 1,62 ұпай алып, 53,3℅ құрады, ал бақылау тобы 1,67 ұпай жинап 55,6℅ құрады. Өзіне таныс адамдар ортасында таныс жағдайда қарым-қатынасқа түсе алуында тәжірибелік топ зерттелушілері 1,72 ұпай алып, 57,3℅ құрады, ал бақылау тобы 1,7 ұпай жинап, 56,6℅ құрады. Өзіне таныс емес адамдар ортасында таныс емес жағдайда тәжірибелік топ зерттеушілері 1,5 ұпай алып, 50℅ құрады, ал бақылау тобы 1,52 ұпай жинап, 50,6℅ құрады. Өзіне таныс адамдар ортасында коммуникативтік сөздік және сөздік емес тәртәбән реттеу кезінде тәжірибелік топ зерттелушілері 1,6 ұпай алып, 53,3℅ құрады, ал бақылау тобы 1,58 ұпай жинап 52,6℅ құрады.

Осылайша біз жүргізген тәжірибе мектепке дейінгі жастағы тұтығатын балалардың коммуникативті сөйлеуінің толық еместігін дәлелдейді. Баламен жүргізілетін түзету-педагогикалық жұмыстың нәтижесінде сөйлеу жағдайының жақсаруына қарамастан балада логопедиялық сабақтардың сөзінде тұтығудың пароксизидерінің байқалуы жалғасады. Бала өз бетінше өзінің сөздік қателерін жөндей аламайды немесе түзеткісі келмейді. Кейде өзінің дұрыс емес сөйлеуін жасыру үшін қосымша қимылдар мен амалдарды қолданады.





    1. таныс жағдайда дайындалған шара

    2. таныс емес ортада өткізілген шара

    3. өзіне таныс ортада қарым-қатынасқа түсе алу

    4. өзіне таныс емес ортада қарым-қатынасқа түсе алу

    5. коммуникативтік сөздік және сөздік емес тәртібін реттеу

Сурет 2. Мектепке дейінгі жастағы тұтығатын балалардың тәжірибелі және бақылау топтарында қарым-қатынастақ сөйлеу әрекетінің

қалыптасу деңгейі.
Жалпы алғанда жүргізілген тәжірибе нәтижесі қарым-қатынастық сөйлеу әрекетінің компоненттерінің қалыптасу ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік берді.

Бұл тәжірибенің нәтижесі мектепке дейінгі жастағы тұтығатын балалардың қарым-қатынастық сөйлеу әрекетінің ерекше болатынын дәлелдеді және ол диаграммада жақсы көрсетілген (Сурет 2).

Алынған мәліметтер тұтығатын балалардың ақпарат алмасуы және өзіне аз таныс ортада қарым-қатынасқа тұсе алулары жақсы дамымағанын, сонымен қатар олар ақпарат жинауда қиналатынын көрсетті.

Сөздік және сөздік емес бұзылыстардың болатынын: бала тәрбиешінің немесе логопедтің сұрақтарына жауап қайтара алмайды, сөйлеуі барысында көп тоқтайды, сөздерді және логикалық ойларды тастап кетеді, қарым-қатынастық экстралингвистикалық амалдарын өз қолданады: беттің мимикасының кедейлігі, аз байқалатын пантомимика жестің болмауы.

Осылайша жүргізілген тәжірибенің нәтижесін зерттеу мектепке дейінгі тұтығатын балалардың қарым-қатынастық сөйлеу әрекетінің ерекшелігін анықтауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар қарым-қатынастық сөйлеу әрекетін ойын барысында қолданып, оның деңгейін көтеруге жол беретін түзету жұмысының негізгі бағыттарын нақтылауға мүмкіндік берді.

2.2 Тұтықпасы бар мектепке дейінгі балаларда қарым-қатынастық сөйлеу әрекетін қалыптастыру юойынша жүргізілетін түзету жұмыстары

Мектепке дейінгі жастағы тұтығатын балалардың әр түрлі қарым-қатынастық сөйлеу әрекеті жағдайында тұтығуды жою үшін түзету жүйесін жасау кезінде, келесідей теоретикалық жағдайлар мен принциптер ескерілді.



Жүйелілік принципі мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу бұзылысын туғызатын барлық объективті факторларды, түзету жұмысында қолданылатын барлық әдістер мен амалдардың өзара байлансын ескерудің қамтамасыз етеді. Осыдан кейін ұсынылып отырған сөздік жағдайдың түрі мен кезектілігі, жаттықтырушы материалды енгізудің бірізділігі «диалогтар, әңгімелер, ертегілер және т.б.) анықталады.

Сатылылық принципі педагогтың жағдайға сәйкес сөйлеу әрекеттерінің амалдарын көрсетеді; табиғи жағдайларға қатты ұқсайтын оқиғаларды бейнелеуді қамтамасыз етеді.

Жетімділік принципі тұтығатын балалардың жас ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін, олардың жалпы даму деңгейін, ойын әрекетінің және басқа да, дағдыларының жағдайын ескеруді талап етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет