Туризм Біліктілігі: Менеджер



бет5/9
Дата10.06.2017
өлшемі1,89 Mb.
#18601
1   2   3   4   5   6   7   8   9


8. Оқу бағдарламалары
Модуль 1: туризм және саяхат саласы

Кредит саны: 15


  • Мақсат

Берілген модуль қатынасушыларға мынадай түсініктермен танысуға мүмкіндік береді: туризм саласы, үкіметтің ықпалы, сұраныстар мен ұсыныстардың мақсаты, сонымен қатар туризмнің іс-әрекеті.


  • Модуль сипаты

Берілген модуль қатынасушыларды туризм саласы қызметінің ғаламдық қоршаған орта аясындағы түсінікпен таныстырады. Бұл модуль туризмнің даму тарихын, қазіргі таңдағы туризм құрылымын, туризмнің сыртқы іс-әрекетін және туризмнің қатынасушы ұйымдарға және экологияға деген ықпалын қарастырады.

Қатынасушылар сонымен қатар халықаралық және ұлтттық саясатқа зерттеулер жүргізіп, оның туристік салаға тигізер ықпалын бағалайды. Сонымен қатар саяси өзгерістердің туризм қызметіне тигізер ықпалы да қарастырылады.


  • Оқыту нәтижелері

Осы модулді табысты аяқтаған қатынасушылар мыналарды білетін болады:

  1. Туризмнің тарихы мен құрылымын түсіне алады

  2. Тұрғылықты және орталық үкіметтің және халықаралық агенттіктің туризмге ықпалын түсіне алады

  3. Туризм нарығындағы сұраныстар мен ұсыныстарды түсіне алады

  4. Туризм ықпалын түсіне алады.



  • Модуль мазмұны

  1. Туризмнің тарихы мен құрылымы туралы түсінік

Тарих: қажылыққа бару, Еуропаны шарлау, өндірістік көтерілістер, соғыстан кейінгі уақыт, факторлар, өсу әсері (технологиялар), уақыт, ақша, қозғалыс еркіндігі, инфрақұрылым, әлеуметтік шарттар, болашақтағы даму мүмкіндігі.

Туризм: туристік қызметтер, конференциялар мен іс-шаралар, келушілер назары, қонақ үй қызметі, қоғамдық көлік, қатынастар және байланыстар, интеграция деңгейі, туристтік Липерс жүйесі, таралу желісі, жекеменшік, жалпы және төленбейтін секторлар.


  1. Тұрғылықты және орталық үкіметтің және халықаралық агенттіктің туризмге ықпалы туралы түсінік

Ықпал: тура, жанама; экономикалық саясат, саяси өзгерістер, туризмге кері әсерін тигізетін төменгі көрсеткіштегі ықпалдардың жоспары.

Үкімет: тұрғылықты, өңірлік, орталық деңгейі, Еуропалық Бірлестік; ұйымдар, Мемлекеттік қаржыландырулар, өңірлік туристтік шекаралар және олардың функциялары және қарым-қатынасы.

Халықаралық агенттіктер: агенттік, мысалы Біріккен Ұлттар Ұйымы, Бүкіләлемдік туристік ұйым, Бүкіләлемдік саяхат және туризм кеңесі, Халықаралық азаматтық авиация ұйымы, Халықаралық әуе көлігі ассоциациясы, оның құрылымы және мемлекеттермен қарым-қатынасы.


  1. Туризм нарығындағы сұраныстар мен ұсыныстар туралы түсінік

Сұраныс: демография; экономиканың дамуы, саяси тұрақтылық; жұмыс моделінің және жұмыс күшінің өзгеруі; қоршаған ортаны қорғау, ғаламдану, макроэкономика, ( валюта курсының, проценттік қойылымдардың, инфляцияның, кіріс мөлшері деңгейінің ықпалы).

Ұсыныстар: тұрғын үй кепілі, туроператорлар, сапа, қызмет, әртүрлі өнімдердің түрлері, нақтылық.


  1. Туризм ықпалы туралы түсінік

Оң ықпалдар:

  • Экономикалық: тура және жанама кірістер, тура және жанама жұмыс бастылық, мультипликативтік әсерлер, вклад в валовой национальный продукт, басқа да экономика секторларының өсуіне ықпалы, шетелдік валюталардың жаңа кезеңдері және мемлекеттік кірістер.

  • Экологиялық: табиғи кеңістіктерді кеңейту, тарихи және мәдени нысандарды дамыту, инфрақұрылымды жақсарту, саяхатшылардың және қатынасушы ұйымдардың экологиялық сауаттылығын көтеру.

  • Әлеуметтік: мәдени мұраны сақтау.


Кері ықпалдар:

  • Экономикалық: ысыраб, инфляция, мезгілдік факторлар.

  • Экологиялық: ластану, табиғаттың және антропогендік ортаның, жабайы табиғаттың зақымдануы, суды мөлшерінен артық қолдану, қалдықтардың жиналуы.

  • Әлеуметтік: қатысушы ұйымдар үшін жайлылықтың болмауы, шамадан тыс толу, мәдениеттің коммерциалануы, стереотиптердің тұрақтануы, даралықтың болмауы, қылмыстың өсуі.

Оқыту нәтижелері және бағалау критериясы


Оқыту нәтижелері
Қатынасушылар осы модулді сәтті аяқтағаннан кейін, төмендегілерді түсіне алатын болады:

Бағалау критериі
Қатынасушылар атқара алады:

ОН1 Туризмнің тарихын және құрылымын түсіну

  • Туризмдегі тарихи кезеңдердегі бастамаларды түсіндіру

  • Туризм құрылымын түсіндіру

ОН2 Тұрғылықты және орталық үкімет пен халықаралық агенттіктің туризмге ықпалын түсіну

  • Үкіметтің функцияларын талдау. Туризмдегі Мемлекет қаржыландырып отырған ұйымдар.

  • Тұрғылықты және ұлттық экономикалық саясаттың туризмге қалай табысты ықпал етуін түсіндіру.

  • Әртүрлі елдердегі саясат салдарының туризмге ықпалын талқылау.

ОН3 Сұраныс пен ұсыныстардың туризм нарығындағы не екенін түсіну

  • Туризм нарығындағы сұранысқа ықпал ететін факторларды түсіндір .

  • Ұсыныстардың қалай өзгергенін, сұраныстарды қалай қанағаттандыруды түсіндіру.

ОН4 Туризм ықпалын түсіну

  • Экономикалық, экологиялық және әлеуметтік оң және кері негізінің туризмге әсерін бағалау

  • Стратегиияларды, кері жақтың төменгі көрсеткішіне және оң жақтың жоғарғы көрсеткішіне пайдасы үшін түсіндіру.



Нұсқаулық
Қатынас

Бұл модуль қатынасушыларды туризммен және басқа да осы біліктілік модулімен таныстырады

Бұл модуль басқарма модулінің ұлттық мамандандырылған біліктілігін тағайындайды:

  • B8: заңнамалық, нормативтік, этикалық және әлеуметтік талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.



Маңызды талаптар

  • Тәжірибелік қойылымдар машығын талап ететін, критерий ретінде таныстырылған кез келген мәліметтер, мысалы, ролдік ойындар немесе өз бетінше жұмыс істей білу қабілеті, нәтижелер парағымен бекітілуі тиіс, бұл сараптамашымен мақұлданып және анықталады, яғни анықталған критеридің қандай деңгейде орындалғанын нақтылайды.

  • Бағалау стратегиясы өздері оқитын, жекелей қатысушылар мен тұрғылықты елдегі жұмыс шартының қажеттілігін қанағаттандыру үшін даярланады.


Жұмыс берушілердің қатынасуы және кәсіптік контекст

Жұмыс берушілер тобын түрлі модулдерді қолдау үшін анықтайды. Жұмыс берушілер оқытушыларға көмек көрсете алады, мысалы, оқу бағдарламаларын жоспарлау немесе лекторлар мен тәлімгерлер сапарларын ұйымдастыру. Олар сонымен қатар бағдарламаларды бағалау бойынша да қол ұштарын бере алады.

Берілген модуль өнімділігі жұмыс берушілердің қызметімен көтерілуі мүмкін, болжамдық, мысалы, тұрғылықты туристік агенттік, туристік құндылықтар және көбінесе тұрғылықты туристік шекаралар.

Қатынасушылар туризм нарығындағы сұраныстар мен ұсыныстардың түсінігімен танысу үшін тұрғылықты туристтік агенттіктердің жұмыс берушілерімен кездесе алады. Нақты туристтік агенттікпен байланыс келесі модулдерді қолдай алады, сонымен қатар жұмысқа орналасу мүмкіндігін береді. Туристік ұйымдардың өкілдерімен байланыс орнату қатынасушылар үшін үкіметтің ролін және сол аудандағы туризмге кері және оң әсерінің ықпалын түсінуге көмектеседі.

Қатынасушылар үшін туристік ұйымдықтарға бару және олардың өкілдерімен кездесу пайдалы болар еді. Сонымен қатар, қатынасушыларды марапаттап тұру қажет, бұл студенттердің мамандандырылған ұйымдарға мүше болуына мүмкіндік тудырады.

Модуль 2: Туризм және саяхат саласындағы қаржыландыру және қаржы жүйесі

Кредит саны: 15


  • Мақсат

Берілген модуль білім алушыларға шығын, көлем, кіріс, ақпаратты басқару есебін түсіну мумкіндігін береді, сонымен қатар туризм және саяхат саласындағы қаржыландыру көздері мен орналастырулар туралы, қаржылық есеп туралы дағдыларды алу мүмкіндігін туғызады.


  • Модуль сипаты

Модулдің мақсаты басқару шешімдерін қабылдау процессінде білім алушыларға білім, дағды және әдістерді үйрету. Модулде туризм және саяхат саласындағы басқару шешімдерін қабылдау үшін, шығын, көлем және кіріс маңыздылығы қарастырылады, сонымен қатар қаржылық ақпаратты түсну үшін операциялық және аналитикалық дағдылар да қажет. Осылайша, берілген модуль қаржылық тәжірибені микро-деңгейде қарастырады,яғни туризм және саяхат саласындағы қызмет аясы. Осыған қарамстан, сұрақтар макро-деңгейде қарастырылады, яғни туризмді дамытудағы қаржыландыру механизмінің жоспарлары..

Модуль туризм және саяхат саласындағы білім алушылардың мансапттық басқару деңгейіне бағытталған. Нәтижесінде берілген модульді зерттеу барысында білім алушылар қаржылық жүйе және тәжірибе жүзінде базалық білімдерін тереңдетуге көмектеседі. Берілген модуль бухгалтерлік есепті тереңдете оқытуға негізделмеген және осыны ескере отырып дамуы қажет.


  • Оқыту нәтижелері

Берілген модулді сәтті аяқтап шыққан кезде, білім алушы:

  1. Туризм және саяхат саласындағы басқармалар шешімін қабылдау үшін, шығын көлем және кіріс маңыздылығын түсіну

  2. Туризм және саяхат саласындағы шешім қабылдау құралы ретінде басқармалық есеп ақпараттарын қолдануды түсіну

  3. Туризм және саяхат саласындағы шешімдерді қабылдауды қысқарту үшін қаржылық есепті түсіндіреді

  4. Мемлекеттік және мемлекттік емес туризмді дамыту барысында қаржыландыру көзі мен бөлінуін түсінеді.




  • Модуль мазмұны

  1. Туризм және саяхат саласындағы басқармалар шешімін қабылдау үшін, шығын көлем және кіріс маңыздылығын түсіну

Шығындар: тура шығындар, жанама шығындар, тұрақты шығындар, аусымды шығындар, тағайындаулар мен бөлулер

Көлем: шығынсыз талдаулар, масштаб тиімділігі, масштабтың керілігі

Кіріс:кіріс көру мақсатындағы бағақұрылуларының әдістері, мысалы, бағамдауға қатысты, нарыққа қатысты, «өзіндік оң бағам» принципі бойынша бағамдау, салым, ауысым шығындары бойынша өзіндік құн калькуляциясы, инвестицияны қайтару; кіріс көздерінің себептері, кірісті анықтау, қызмет түрлері; кіріске әсер ететін факторлар, мысалы, маусымдық ауытқулар, саяси орта, экономикалық орта, әлеуметтік орта, заманауи тенденция, сенімсіз қарыздар, жоспарлау, құрам


  1. Туризм және саяхат саласындағы шешім қабылдау құралы ретінде басқармалық есеп ақпараттарын қолдануды түсіну

Басқарма есебінің ақпараты: қаржылық есеп, бюджеттер, кейінге шегеру анализдері, болжамдар, АЖҚ

Шешім қабылдау құралдары: тенденциялармен салыстыру, болжамдар, инвестиция, капиталды тарту, жаңа өнімдер мен қызметтер, өзекті сұрақтар, қарама-қарсы критерилер, мысалы, тиімділік, төлем қабілеттілігі, қарсы бюджеттер, қарсы мақсаттар.


  1. Туризм және саяхат саласындағы шешімдерді қабылдауды қысқарту үшін қаржылық есепті түсіндіру

Қаржылық есептер: әдістер, қаржылық есепті түсіндіру үшін пайдаланымдар, мысалы, ақша қызметі құралдары туралы есептер, сауда есебі, кірістер мен шығындар есебі, туризм және саяхат саласындағы қызметтерді енгізу балансы,қызметтерді еннгізудің бір үлгілігі.

Қызмет нәтижелерінің қаржылық көрсеткіштері: көрсеткіштер, мысалы, ағымды ликвидтік коэффициенті, тығыз ликвидтік коэффициенті, капитал салымының кірістілігі, қарыз капиталы, таза активтердің тиімділігі, несиелік қарызды жабу кезеңі, сатуға байланысты әкімшілік шығындар қатынасы, таза кіріс пайызы, туризм және саяхат саласындағы қызмет енгізу барысындағы тауар айналымы қорының коэффициенті.


  1. Мемлекеттік және мемлекттік емес туризмді дамыту барысында қаржыландырудың көзі мен бөлінуін түсінеді.

Қаржы көздері: Мәдениет Департаментінің ролі, СМИ және спорт, мысалы, Ұлттық Лотерейлік Комиссия; Премьер-министр басқармасының орынбасары, мысалы, Еуропалық әлеуметтік қор, өңірлік даму қоры; үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар (ҮеҚҰ) арқылы бөлу және көздері

Капитал салымдарының бағдарламасы: жобалар, мысалы, Туристтік ақпараттар бөлімі, Ақпараттық стендтер, интерпретацияларға сәйкес қоршаған ортаның немесе туристтік жағдайдың жақсартылуының нағын көлемдері, интерпретация және ақпараттар, аз көлемді нысандардың дамуы, кешенді дамыту және жаяу жүргіншілер жолдарын ерекшелеу, кешендік даму және сүрлеу жолдарды дамыту, велосипед маршруттарын әзірлеу және жақсарту, велосипедтердің қауіпсіз сақталуын қамту, жаяу жүргіншілер сілтемелері.

Үкіметтік емес қаржыландырулар: қаржыландыру мысалы, қарыздық міндеттерді қаржыландыру, сақтандыру полисі және қорлардың капитал салымдық комбинациялары, мемлекеттік қаржыландыру.

Оқыту нәтижелері және бағалау критерилері

Оқыту нәтижелері
Берілген модулді сәтті аяқтап шыққан кезде, білім алушы:

Модулді аяқтауға арналған баға критериі
Білім алушы атқара алады:

ОН1 Туризм және саяхат саласындағы басқармалар шешімін қабылдау үшін, шығын көлем және кіріс маңыздылығын түсіну

  • Туризм және саяхат саласындағы қаржылық бамсқару қызметінің шығындары мен маңыздылығын түсіндіру

  • туризм және саяхат саласында қолданылатын баға құрылымы әдістерін талдау

  • туризм және саяхат саласындағы пайда қызметіне әсер ететін факторларды талдау

ОН2 Туризм және саяхат саласындағы шешім қабылдау құралы ретінде басқармалық есеп ақпараттарын қолдануды түсіну

  • туризм және саяхат саласында қоланылуы мүмкін түрлі басқарама есебі ақпарттарын түсіндіру

  • шешімдер қабылдау үшін құрал ретінде басқарушылық ақпараттар есебін бағалау

ОН3 Туризм және саяхат саласындағы шешімдерді қабылдауды қысқарту үшін қаржылық есепті түсіндіру

  • туризм және саяхат саласындағы қаржылық есепті түсіндіру

ОН4 Мемлекеттік және мемлекттік емес туризмді дамыту барысында қаржыландырудың көзі мен бөлінуін түсінеді

  • Туризммен байланысты қаржы салымы бағдарламасын дамыту үшін қаржыландыру көзін және бөлінуін талдау

Нұсқаулық
Қатынас

Берілген модуль клесі берілген модулдермен байланысты:

  • 3 Модуль: Даму менеджменті

  • 10 Модуль: Бизнес ахуалын тексеру.

Нақты модуль келесі Ұлттық кәсіптік біліктілік менеджменті модулімен сәйкестендіріледі (NVQ):

  • E1: Бюджетті басқару

  • E2: Сіздің жауапкершілігіңіздегі қаржыны басқару

  • E3:Ұйым үшін қосымша қаржыландыруды алу.


Негізгі талаптар

Туризм және саяхат саласындағы қаржылық документатциялар мысалы білім алушыраға әрдайым контекст ретінде берілуі қажет. Мысалдар түрлі қызметтер саласы бойынша ұсынылуы қажет, бұл білім алушылар үшін қызмет түрлерінің стандарттық форматтардың маңыздылығын түсіндіреді.

Қатынасушылар туризм және саяхат саласындағы қызметтің бір ғана түрі аясында қаржылық есепті түсіндіру керек.

Білім алушылардың газеттердің қаржылық бөлімдерімен танысуларына түрткі болу керек, сонымен қатар бір саладағы кәсіпорындар қызметі аумағында үнемі зерттеулер жүргізу қажет. Олар туристік сектор аясында, салалық журналдарда, кәсіпорындардың қаржылық қызметі бойынша басылымдарды меңгерулері керек.
Жұмыс берушінің қатынасуы және кәсіптік-техникалық контекст

Шақырылған лекторлар туризм және саяхат саласындағы кәсіпорвндврдың шешім қабылдау процессінде қаржылық ақпараттың маңыздылығы туралы дискуссиялар өткізуге себін тигізеді. Осыған қарамастан, орталықтарға мына жайтты ескеру қажет, кәсіпорындардың арнайы қаржылық ақпараттарды толық ашып бере алмайдындықтан, білім алушылар үшін нақты деректер алуда қиындықтарды сезінуі мүмкін. Осы мәселені жеңу үшін, білім алушыларға қызметтегі қаржылық қадамдарды бақылап отыруға көмектесу үшін, мүмкін жылдар бойы, мәселелерді меңгеру әдістерін пайдалану қажет.

Модуль 3: Даму менеджменті

Кредит саны: 15


  • Мақсаты

Берілген модуль қатынасушыларға өзіндік басқару ролін және міндетін көрсету үшін, өзінің басқарушылық қабілетін талдау үшін, дағдыларды қабылдауға және басқару әрекеті ұстанымдарын түсіну мүмкіндігін береді, сонымен қатар карьералық даму жоспарын құруға мүмкіндік туғызады.


  • Модуль сипаты

Берілген модуль қатынасушылардың жекелей дамуында және олардың басқарушылық мансабына назар аудару. Бұл жерде басқару әрекетінің тәжірибесі және спектр ұстанымдары зерттеледі. Білім алушылар осы білімдерін кейінен өзін бағалау үшін, преспективті менеджер ретінде өзіндік деңгейін зерттеу барысында қолдана алады.

Нақты біліктілік аясында қордаланған білімдерін пайдалана отырып, қатынасушыларда контекстке сәйкес менеджерлердің міндеттерін және ролін белсенді көрсету мүмкіндігі болады, бұны толық емес жұмыс күнінде, жұмысқа орналасу немесе моделдеу барысында іске асыруға болады.

Берілген тәжірибе оларға карьералық даму барысындағы модулдер мен бағдарламалардың қандай жолмен сәйкестендірілетінін қарастыруға мүмкіндік туғызады. Қатынасушылар туристік бизнес саласындағы сәйкестікке кепіл бола білулері керек.


  • Оқыту нәтижелері

Берілген модулді сәтті аяқтап шыққан кезде, білім алушы:

  1. Әрекеттілікті басқарудағы тәжірибе мен ұстанымдарды түсінеді

  2. Преспективті менеджер ретінде өзіндік қабілетін талдай алады

  3. Қызмет ұсыну және қызметтестікпен таныстыру аясындағы басқарушылық машығын көрсете алады

  4. Қызмет ұсыну және қызметтестікпен таныстыру аясында қолдану үшін, карьералық даму жоспарын құра алады.




  • Модуль мазмұны

  1. Әрекеттілікті басқарудағы тәжірибе мен ұстанымдар түсінігі

Теория және басқару стилі: міндеттерді және кедергілерді қабылдау, классикалық теориялар, негізгі салымшылар, формалді емес топтардың әсері, иерархия қажеттілігі, басқармаға бару жүйесі, ситуациалық амалдар, жетекшілділік беделдер.

Көшбасшылық сапа: стилдер, мысалы, автократикалық, демократиялық, араласпаушылық, шараларды қабылдаудың тәжірибелік бағыттары; мотивация теориялары , факторлар, өндірушілік пен мотивацияға ықпалдылығы, мотивация әдістері, тиімділік; қызметтестіктегі қызығушылық танытқан жақтар және серіктестердің ролі.

Байланыс: коммуникациялық процесстер, вербалді, жазбаша, вербалді емес; коммуникациялар желісі, сызықтық, формалді/формалді емес; тиімді қатынастар кедергісі.

Ұйымдық мәдениет және өзгерістер: ұйымдық құрылым және мәдениет типтері; мәдениеттегі өзгерістерге ықпал ететін факторлар; өзгерістер типі, мысалы, демографиялық, экономикалық, заңнамалық; теориядағы жоспарлы өзгерістер, өзгерістер тиімділігіндегі бағалау және басқару; билік бастаулары мен типтері; өзгеріс элементтерінің жетекшілігі


  1. Преспективті менеджер ретінде өзіндік қабілетін талдай алу түсінігі

Өзін-өзі тану және бағалау: дағдыларды тексеру, мысалы, басқару дағдысы, көшбасшылық сапа, тәжірибелік/техникалық дағдылар, жеке сапа (мысалы, даралық/ мотивациалық/ коммуникативтік дағдылар), ұйымдастыру және жоспарлау дағдылары, танымдық және шығармашылық қабілеттері; біліктіліктері(ағымдық/жоспарлық), мықты және әлсіз жақтардың талдауы; тұлғалық оқыту журналы; жекелей даму жоспарлары.

Өзіндік потенциал: мақсаттар, тапсырмалар, оқу бағдарламалары/қызметтестік, іске асыру жоспары, уақытты басқару, жұмыстарды жоспарлау; уақыт (SMART) мақсатындағы Нақтылық, Өлшемділік, Қол жетімділік, Өзектілік, Шектеулік, әрекеттілікті жоспарлау, бөлу, шешім қабылдау, мәселерді шешу, басқару стилі/басшылық, маңыздылық туралы хабардар ету, туындаған жайсыздықтарды басқару, кері байланысты ұсыну және қабылдау, ықпал ететін дағдылар, өзіңе деген сенімділік, позитивті ойлану, коммуникациялар, презентациялар, топтардың құрылуы және мүшелік, тәлімгерлік, консульттау, коучинг, бірлесу, оқыту тізбегі, оқыту стилі, тәжірибе жүзінде оқыту, оқыту шарттарын басқару, оқыту журналы, шолу уақыты, жетістіктер уақыты


  1. Қызмет ұсыну және қызметтестікпен таныстыру аясындағы басқарушылық машығын көрсете алу

Ролдер: мотивациалық және жетекшілік құрам, байланыс, топтарды құру, топтарды құру процессі және кезеңдері, топтық динамика, тиімді/тиімсіз топтар, мақсаттар/тапсырмалар

Міндеттер: тұтынушуларға қызмет көрсету, білім және өнім әзірлеу мен қызмет көрсету; шешім қабылдау, мысалы, стратегиялық, жоспарлық, басқарушылық/белсенді бақылау, мәселелерді шешу; толық хұқықытық, бөлу және мүмкіндіктер мен хұқықтың таралуы; бағынушылармен, әріптестермен,басшылармен және басқа да қызығушылық танытқан жақтармен тиімді жұмыс қарым-қатынасы.

Контекст: мысалы, қонақ үй салалары, туристтік бизнес, спорт, бос уақыт, демалыс


  1. Қызмет ұсыну және қызметтестікпен таныстыру аясында қолдану үшін, карьералық даму жоспарын құра алу

Мансап: басқару дағдыларының сәйкестігі, мысалы, қарым-қатынас, ойлау, оқыту; жеке дағдылар, мысалы, қатынас, мінез-құлық, жауапкершілік, адаптатцияға қабілеттілігі; ұмтылыс, жаңалықтар/мүмкіндіктер

Даму жоспары: карьераны дамыту, жекелей дамыту, өнімділік ағымы, болашақтағы қажеттіліктер
Оқыту нәтижелері және бағалау критерилері

Оқыту нәтижелері
Берілген модулді сәтті аяқтап шыққан кезде, білім алушы:

Модулді аяқтауға арналған баға критериі
Білім алушы атқара алады:

ОН1 Әрекеттілікті басқарудағы тәжірибе мен ұстанымдарды түсінеді

  • Түрлі басқару стилдерін салыстыру

  • көшбасшылық сапаны талқылау

  • таңдалған қызметтегі коммуникациалық процесстерді бағалау

  • таңдалған қызметтің ұйымдық мәдениетін және өзгерістерін талдау

ОН2 Преспективті менеджер ретінде өзіндік қабілетін талдай алады

  • өзіндік басқару дағдыларының өнімділігін бағалау

  • мүмкіндіктердің және қауіп-қатерлердің жекелей әлді және әлсіз жақтарын талдау

  • өзіндік потонциалды дамыту үшін мақсаттар мен тапсырмаларды құру және тағайындау

ОН3 Қызмет ұсыну және қызметтестікпен таныстыру аясындағы басқарушылық машығын көрсете алады

  • келісілген мақсаттар немесе тапсырмалар жетістігі үшін топтарды жұмылдыру және кірістіру

  • келісілген мақсаттар немесе тапсырмалар бойынша жетістіктерді қолдау мақсатымен басқарма шешімін негіздеу, сонымен қатар жаңашылдық бойынша мақұлдамалар

ОН4 Қызмет ұсыну және қызметтестікпен таныстыру аясында қолдану үшін, карьералық даму жоспарын құра алады.


  • Карьера дамуында өзіндік жеке дағдыларды және өзіндік басқару ықпалын түсіндіру

  • Даму жоспарын құру үшін болашақтағы қажеттілікті және өнім ағымын жекелей дамуда және карьераны құру аясындағы қажеттілікті талдау


Нұсқаулық
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет