Қуаныш шонбай



Pdf көрінісі
бет9/13
Дата16.01.2020
өлшемі2,73 Mb.
#55981
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
4 5883336246050160998


 
 
 
 
 
 
VI TAPAУ 
 
 
 
БҮГІНГІ 
КҮН – КЕШЕГІНІҢ 
БАЛАСЫ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
138
 
 
 
 
ОКОП – ЖЕҢICKE 
ДАЙЫНДЫҚ КЕЗЕҢІ 
 
     Түкиядан оралған соң біраз қиналдым. Бірнеше 
кәсіп аштым, жүрмеді. Сәтсіздікке ұшырап, бан- 
крот болдым. Мұғалім болып жұмыс істедім, маған қат- 
ты ұнағанымен, ол жерде де сыйдырмады. Сол кезден 
бастап үш жылдай өзім үшін үзіліс алдым. Ол кезеңді 
«окоп» деп атаймын. Кітап барысында да бірнеше рет 
айттым, «Rumi»-ге дейінгі сегіз жыл, ол үлкен жеңіске 
апарар  жолдағы  дайындық  кезеңім  –  окопта  жатқан 
кезім болды. 
 
     Егер үлкен жеңістерге алдын ала дайындалмағанымда, 
қателіктерімнен сабақ алып, өзімді дамытпағанымда, 
кітап оқымағанымда, аяғына нық тұрған бизнестің не- 
гізін қалаушы бола алар ма едім? Әрине, он мейрамха- 
на ашқан соң да, енді барлығын білемін, кереметпін деп 
айтпаймын. Біз де күнделікті қателік жібереміз, жаңадан 
үйренеміз, тың идеяларға назарымызды аударып, жаңа 
белестерді бағындыруға дайындаламыз. Бірақ, окоп ке- 
зеңінің орны бөлек. Дайындалу өте жақсы іс, оның алып 
келер пайдасы зор. Енді, бизнеске қатысты мысал келтір- 
сем бе деп отырмын. Адамдар үшін бизнес бастау оңай 
көрінеді, сондықтан да олар ақшасын алып, ойындағы- 
сын жүзеге асыруға асығады, бірақ сәтсіздікке ұшырай- 
ды. Себеп – дайындықтың жоқтығы. 
     «RUMI GROUP»-тың оныншы мейрамханасы «Dala»- 
ны ашпас бұрын, өте көп іздендік, төрт елді аралап кел- 
дік (Грузия, Әзербайжан, Түркия және Ресей). Олардың 
қателіктерін қайталамас үшін, ұтымды идеяларын өзіміз- 
де қолдану үшін, ет тағамдарын жасау ерекшеліктерін, 
 

мейрамханаларының жұмысын қарастырып, таныстық. 
Дайындық кезеңінде өз ерекшелігіңді іздейсің. Менің 
жағдайымда, нәтижесінде дәмді палауымен аты шыққан 
«Rumi», ет тағамдарына негізделген «Dala» мейрамхана- 
лары бар. 
     Дайындық кезеңінен өтіп, жеңіліс тапқан, банкрот 
болған адамдарды әлі күнге дейін көрмеппін. Себебі, 
окоптан өткен адамда барлығы да ойластырылған, 
шешімдері ақылмен, анализбен қабылданған, форс-ма- 
жор жағдайларда қалай әрекет ететінін олар біледі. 
     Алдыңғы бөлімдерде досым Еркебұланның «Тандыр 
N1» наубайхана бар деп жаздым. Еркебұлан бұл кәсіпті 
бастамас бұрын Өзбекстанға барып, Ташкент, Самарқанд, 
Бұқараны аралап, самса дайындаудың түрлі әдіс-тәсіл- 
дерін үйренді, әр түрлі қоспаларын іздестірді. Қазір ол 
күніне сегіз жүз дана самса сатады және тағы бір дәмхана 
ашуға дайындалуда. 
     Бірде-бір мейрамхананы дайындықсыз аша алмайсың, 
сол сияқты өмірде де дайындықсыз еш нәрсеге қол жет- 
кізе алмайсың. 
     «VERSUS» академиясына бизнесін бастаған, бірақ 
дамуына көңілі толмай жүрген кәсіпкерлер келеді. Біз 
оларға үш айлық «окоп» кезеңін жариялаймыз. Бұл уақыт 
аралығында олар түрлі мамандардан дәріс алады, кітап 
оқиды, фильмдер қарайды, образ іздейді, адыраспанда- 
рымен күреседі, барьерлерді жеңеді. Олардың арасында 
барлық бизнестерін сатып, жаңадан кәсіп бастайтындар 
немесе толығымен өзгертетіндер де бар. Үш айдың ішін- 
де олар түбегейлі өзгеріп, кәсіпкерлік көзқарасы қалып- 
тасқан адам болып шығады. 
     Кейбір азаматтарға үш айлық жеке коучинг өткіземін. 
Осы уақыт аралығында мен олардың менторы ретінде 
тұлғалық дамуы мен кәсібінің дамуына көмек көрсе- 
темін. 
     Үлкен жеңісті қаласаң бизнесте де, өмірде де, окоп ке- 
зеңі өте маңызды. 
 
 

 
140
 
АДАМ КӨРКІ – ШҮБЕРЕК 
 
 
     Сенің ішіңде жиырма бір ғасырдың бүкіл даналығы 
тұнып жатуы мүмкін, бірақ кездесу барысында, 
басқа адамдардың алдында жақсы әсер қалдыра алма- 
саң, ол білімнің ешқандай материалдық, әлеуметтік 
қайтарымы болмайды. Адам туралы алғашқы әсер бес 
секундта қалыптасады дейді. Жақсы киін. Өз басым 
жақсы киінгенді, киімді талғаммен киетін адамдар- 
ды ұнатамын. Және «қазіргі емес, болашақ статусыңа 
сәйкес киін» деген қағиданы ұстанамын. Өйткені біздің 
болашақ статусымызды көп жағдайда басқа адамдар 
(бастықтар, инвесторлар, демеушілер) шешеді. Ал олар 
бізді, кез келген адам секілді бейсаналы түрде сырт кел- 
бетімізге қарап қабылдайды. 
 
     Оның екінші жағы да бар. Жақсы киінгенде өзіңе 
ұнайсың. Маникюрсіз қыздар өздерін ыңғайсыз сезінеді. 
Шашында қайызғақ бар жігіттер костюм кигісі келмей- 
ді. Осындай ұсақ-түйектер адамның көңіл күйін, өзіне 
деген сенімділігін, демек, болашағын анықтайды. Жеңіс 
жолында ұсақ-түйек деген болмайды, бәрі маңызды. 
«Жеңімпаз сияқты киінгенде, жеңімпаз сияқты ойлайсыз 
және әрекет етесіз» – дейді Брайан Трейси. Әрине, киім 
киісің өзіңді дамыту, біліміңді көтеру, ішкі ойыңды, ни- 
етіңді басқару дегеннің бәрімен қатар, үйлесімді жүруі 
керек. 
 
 
 
 
 
 
 

МЕЗГІЛІНЕН ЕРТЕ ГҮЛДEГЕН 
АҒАШ ҮСІККЕ ШАЛДЫҒАДЫ: 
СТУДЕНТТІК КЕЗЕҢ 
 
 
     Біздің қоғамдағы адамдардың басым бөлігі бірден 
байып кеткісі келеді. Дайындыққа уақыт кетіріп, 
күткісі келмейді. Бірден бастық болуды, жеңіске жету- 
ді қалайды. 
 
     Студенттік кезімнен бір танысым бар. Бірге жоғары 
оқу орнын бітірдік, араласпай кеттік. Екі айдан кейін әлгі 
жігіт жаңа автокөлікке, бірнеше пәтерге қол жеткізді. 
Астанадан бизнес сатып алды. Кейін басқа бір жолдармен 
табыс тапқанын естідім. Жақында сол жігітті кездестіріп 
қалдым. Кәсібі жүрмей жатыр екен, даму жоқ. «Неге үй- 
ренбейсің, жап-жақсы ісің бар, дамытпайсың ба?» – де- 
сем, ол білім алғысы, оқығысы келмейтінін айтты. Біз 
мектепте алтыншы сыныптан бірден сегізінші сыныпқа 
секіріп кетпейміз ғой. Барлығы рет-ретімен, кезегімен 
болу керек. Ал жаңағы жігіт ортадағы дайындық кезеңін 
аттап секіріп кетіп, бірден барлығына қол жеткізді. Бірақ, 
қазір оның барлығын қолда ұстап қалудың, әрі қарай өр- 
кендетіп, дамытудың жолдарын білмейді. Себебі, басын- 
да-ақ бизнесті бір жүйеге келтірген жоқ, маркетингпен 
таныс емес, стандарттарды енгізбеген. 
     Өмірде де дәл солай. Адам өміріндегі ең пайдалысы – 
дайындық кезеңі, ол – студенттік шақтар. Нағыз білім 
жинап, оқитын кез. Бұл уақытта біз арзан күлкіге беріліп, 
қыдырып жүреміз. Ал нағыз дер кезінде сол сәтті пайда- 
лы қолдансақ, ертеңгі күні оның жемісін көреміз. Сон- 
дықтан да оқымай жатып, бірден жұмысқа кірісіп кету, 
дайындық мезгілінен аттап өту, мезгілсіз гүлдеген ағаш 
үсікке шалдығатындай, бізді жеңіліске әкеледі. Алға 
секіріп, аға-көке арқылы бастық атанып, қалағаныңа 
жетіп алып, оны әрі қарай алып кете алмасаң, оның 
ешандай пайдасы жоқ. 
Сол себепті, барлығы өз уақытымен болуы керек. 

 
142
 
 
БӘРІМІЗ ДЕ 
САУДАГЕРМІЗ 
 
 
     Сауда дегеніміз – біреудің қажеттілігін шешу. 
Өмірде де барлығымыз саудагерміз, себебі, 
өзімізді сатамыз: ақшаға, жақсы көңіл күйге, қарым-қа- 
тынасқа. Әрқайсымыз біреудің қажеттілігін өтеумен 
айналысамыз. Бұл дегенім, бір компанияға заңгер керек 
болды делік, өзіңнің қызметіңді ұсындың. Заңгер болып 
жұмысқа орналасып, олардың қажеттіліктерін өтеу- 
десің, туындаған мәселелерін шешіп бердің. 
 
     Маған: «Сіздің компанияда жұмыс істегім келеді. Тегін 
жұмыс жасауға да дайынмын», – деп жазатын студенттер 
өте көп. Олардан: «Компаниямның қандай қажеттілігін 
өтеп бере аласыз?», – деп сұраймын. Көбі бұл сұраққа 
жауап бере алмай қалады. 
     Біреудің проблемасын шешіп беретін жағдайда ғана, 
құнды боласың. Адамдар бір-бірін біреуіне екіншісінен 
бірдеңе керек болған кезде ғана іздей бастайды ғой. До- 
сыңа оны түсінетін адам керек болған соң сені іздейді, ол 
да – сауда. Қыздар жақсы визажист маман іздейді, ал ол 
мамандардың қазір түр-түрі бар, олар өздерін әлеуметтік 
желіде жарнамалап жарысады, ол да
 
– сауда. 
     Барлығымыз саудагерміз, сондықтан да өзімізді сата 
білуіміз керек. Жақсы жар, нағыз маман, адал дос ретін- 
де… 
 
 
 
 
 
 

 
ӨЗІМІЗДІ ҚАЛАЙ 
ҚЫМБАТҚА САТАМЫЗ? 
 
 
     Адамдардың көбі өз қабілеттерін өздері бағала- 
майды. Көп қаражатқа қол жеткізгісі келсе, биз- 
нес ашу керек дейді, бизнес ашса, идеяны басқалардан із- 
дейді. Барлығын да сырттан іздейміз. Ал өз қабілетімізді 
дамытып, қолымыздан келетін нәрсені жасамаймыз. 
 
     Қазақ жастарымен көп жұмыс жасаймын, өте дарын- 
ды балалар бар: бірінің ойлау қабілеті керемет, екіншісі 
қолөнерге бейім, үшіншісі сөзге шешен, бірақ өздерін 
сата алмайды. 
     «Қабілетті анықтау: жоқты қуаламай, барды дамыту» 
бөлімінде айтқанымдай, әр адам өз ерекшелігін, мықты 
жағын анықтап алу керек. Осының арқасында біз өзімізді 
жақсы кәсіпкер немесе маман ретінде нарыққа ұсына 
аламыз. 
 

 
144
 
     КӘCІПКЕР – кәсібін дөңгелетіп жүрген, бизнес идея- 
сы бар, бизнес модель жасап тапқан тұлға. 
     Ал ұста – қолынан келетін сүйікті ісін жақсы жасай- 
тын адам. Бірақ ол өз жұмысы үшін үлкен табыс табады. 
     Яғни, кәсіпкер де, ұста да екі түрлі жолмен бірдей 
ақша алуы мүмкін. 
     Мысалы, Ғалымжан Молданазар кәсіпкер емес, ол 
ұста, бірақ жеңіске жеткен және жақсы табыс табады. 
Уақыт өткен сайын, ұста шыңдала береді, демек, оның 
бағасы да, табысы да өседі. 
 
 
 
     Суретте көрсетілген мысалда, әлем таныған Нұсрет 
мырза, Түркияның танымал аспазы етпен айналысады, 
әлем таныған нағыз ұста. 
     Бізде «RUMI»-де операциялық директорымыз бар. Ол 
әрдайым ЗАТOK бойынша жұмыс жасауға тырысады, 
жақында салоннан «Camry-55» автокөлігін сатып алды. 
Тренингіме келген адамдарға: «Кім кәсіпкер?», «Ал 

 
кімнің көлігі «Camry-55» немесе одан да мықты?» деп 
сұрақ қойдым, ешкім қол көтермеді. Сонда, Қарақат ха- 
ным кәсіпкер емес, ұста бола тұра тиісті, өзіне сай табыс 
тауып жатыр деген сөз. Сондықтан да ойлан. Сен кімсің? 
Қолыңнан не келеді 
     Шындығына келсек, барлығымыз саудагерміз. «Он 
берекеттің тоғызы – саудада» деген хадис бар. Мен көп 
ойландым, неге екен деп? Сауда – бір адамның қажеттілі- 
гін қанағаттандыру. Нарықта сатушы мен сатып алушы 
кездеседі, ал ең үлкен нарық – қызмет күші нарығы. 
Білімімізді сатып, ол үшін ақша аламыз. Қызметкерлер 
де біреудің, жұмыс берушінің қажеттіліктерін қанағат- 
тандырады. 
     Ұста жолында өзімізді қымбатқа сату үшін не істейміз? 
Потенциалы бар адам, бірақ 180 мың теңге айлық ала- 
ды. Біріншіден, білімге назар аударамыз. Бұл дегеніміз, 
диплом; сен ортаң мойындау керек, яғни, репутацияң 
жақсы болуы тиіс; белгілі бір нәтижелерің болу керек, 
яғни сертификаттарың. 
     Көп жағдайда ұяңдықпен, ұялшақтықпен жұмыстары- 
мызды, білімімізді көрсете алмаймыз. Бірақ, Instagram- 
ға жеген тамағың мен сатып алған жаңа смартфоныңды 
салғанша, мүмкіндік болса, өз жұмыстарыңды сал. 
     Орыс тілімен айтқанда «упаковка» жасау керек. Ұста 
өзін нарықта жақсы сату үшін жақсы жұмыс істеп қана 
қоймай, мүмкіндіктерін көрсетіп, сата білуі керек. Қан- 
шама мықты маман әлі күнге дейін әлеуметтік желілерде 
жоқ, олар туралы халық та, жұмыс беруші де білмейді. Ал 
соңында ол маман «ешкім жұмысқа алмайды» деп отыра- 
ды. Ал ең білікті мамандар жұмыс іздеп бармауы керек, 
оларды керісінше жұмыс берушілер іздеп, өздеріне шақы- 
ру керек. Бұл жерде сен өзіңе дұрыс сұрақ қоюың керек. 
«Неге мені жұмысқа алмайды?» – деп емес, «Қалай мені 
жұмысқа шақыратындай жағдай жасай аламын?». Одан 
соң, әлеуметтік желіні ашып, өз жұмыстарыңды жүктеп, 
достарыңмен, таныстарыңмен бөлісе баста. Блог жүргіз, 
өзің туралы видео түсір. Басында оңай болмауы мүмкін, 
 

 
146
 
дұрыс сөйлей, әдемі мәтін жаза алмайсың, бірақ уақыт 
өте келе шыңдаласың. 
     Бізге көптеген адам жұмыс іздеп келеді. Резюмесін 
қабылдап, олардың әлеуметтік желілердегі парақшала- 
рын іздестіріп, қарастырамыз. Internet-те парақшаларын 
дұрыс жүргізбей, тыртиған белдемше киіп алып, түнгі 
клубта секеңдеп билеген суреттері мен видеолары жүр- 
се, ол адамды жұмысқа қабылдамаймыз. Себебі, қанша 
жерден мықты маман болғанымен, нарықта өзін әлі са- 
тып үйренбеген. Оның офиста жүріп, ұзын белдемше, 
ақ көйлек кигені маған қажет емес. Ол барлық жағынан 
да өзін дамытып, лайықты дәрежеде нарықта өзін ұсына 
білуі керек. 
     Нейромаркетингте бір адам туралы шешім қабылдау  
үшін ол туралы тоғыз рет есту немесе көру керек дейді. 
Мысалы, кітабымды сатып алу үшін, ол туралы әлеумет- 
тік желіде тоғыз түрлі пост көруің мүмкін немесе досың 
мен туралы айтып берді, бәлкім, теледидардан көріп 
қалған боларсың. Осының барлығы – тұлға болып қалып- 
тасуымызға, дамуымызға, өзімізді қымбатқа сатуымызға 
септігін тигізетін құралдар. Сондықтан да әлеуметтік 
желіні өз пайдаңа қажетінше қолдана біл, қоршаған ауди- 
торияда өзің туралы жақсы пікір қалыптастыр. 
     Ұста болсаң өз атыңды, кәсіпкер болсаң өз бизнесіңді 
брендке айналдыр. 
     Тағы бір айтарым, бүгінгі күн, ол – ертеңнің баласы. 
     «Еріншектің ертеңі бітпейді» деп бекерге айтылмаған. 
Сондықтан ақыры жеңіс жолында жүріп, өзіңді жеңуге 
тырыссаң, оны ертеңнен емес, бүгін баста! 
     «Ертең» деген сөзді ұмыт! 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ СЕН: 
AВАТАРКАҒА ТОЙДA ТҮСКЕН 
СУРЕТ 
ҚОЮДЫҢ ҚACIPETI 
 
 
     Әлеуметтік желідегі парақшаларыма дос бо- 
луға ұсыныс жіберетіндердің аватаркасын- 
дағы суреттеріне қатты мән беремін. Тойда жүрген, 
үйдің кіреберісінде немесе гараждың фонында суретке 
түскен адамдардың достығын қабылдамаймын. Себебі, 
аватаркасындағы суретін дұрыс қоя алмаған адам, әлі 
күнге дейін өзін таба алмай, сата алмай жүрген адам – 
деген сөз. Ал егер достық ұсынысын қабылдасам, маған 
ол адам қызық болуы керек, парақшасында жазатын, 
бөлісетін мәліметтері көз тарту керек. Оқыған кітап- 
тарымен, алған тәжірибесімен, мамандығының қыр-сы- 
рымен бөлісетін адам қызығушылық тудырады. Мен 
ғана емес, көптеген компаниялар да адамды қызметке 
қабылдамас бұрын, әлеуметтік желіге қарап оның қан- 
дай екенін анықтайды. 
 
     Қазіргі таңда әлеуметтік желінің адам өмірінде, 
қоғамда алып жатқан орны үлкен. Үйден шықпай, әлеу- 
меттік желі арқылы пайдалы пост жазып, әдемі сурет са- 
лып, миллиондап ақша табатын адамдарды білемін. Ал 
біздің көбіміз әлеуметтік желіні уақыт өлтіру үшін пай- 
даланамыз. Досымыз не істеп отыр екен, кім қандай киім 
сатып алды, қайда барды, тағы да сол сияқты. Бірақ, біз- 
ге бұдан еш пайда жоқ. Ал ақылды адамдар, әлеуметтік 
желіні ақша табу құралы ретінде пайдаланады. 
     «Неге әлеуметтік желіден шықпайсың?», – деп маған 
сұрақ қоятындар көп. Егер әлеуметтік желі мен Internet 
болмаса, кәсібім бұндай деңгейге жетпейтін еді. Сон- 
дықтан да жеке брендингке қолайлы құралдың заңда- 
рымен бөлісуді жөн көрдім. 
 

 
148
 
 
     Біріншіден, әлеуметтік желінің этикасын сақта. Әлеу- 
меттік парақша сенің кім екеніңді білдіреді. Онда не- 
гатив шашып, боқтық сөз жазып, өзгелерді сынап оты- 
ратын адамдар өмірде де сондай екенін ғана көрсетеді. 
Өкінішке қарай, көпшілік бұл біреуді жәбірлеуге болатын 
орын, мен бұл жерде жазаланбаймын деп қабылдайды. 
Танымайтын адамдармен сөз таластырып жатады. Шын- 
дығында, оның бәрі сіздің имиджіңізге жұмыс істей- 
ді. Мұндай этикет сақтай алмайтын адам, парақшасын 
бірден өшіріп тастағаны пайдалырақ. Сол сияқты, бір 
адаммен жұмыс істесең, оның бизнесі туралы негативті 
пікірлерге «лайк» баспауға тырыс, оның бәсекелестерін 
мақтаудан тартын. Бұл әдетте адамның жүйкесіне тиеді. 
     Екіншіден, қызықты бол. Онлайн әлем ақпарат тұты- 
нушы мен өндіруші деген екі топқа бөлінеді. Сен жай  
ғана тұтынушы болуды қанағат тұтпа. Джунглиде не сен 
жейсің, не сені жейді. Әлеуметтік желіде не сен оқисың, 
не сені оқиды. Өзгелер қызығатын контент ұсын. Көп 
оқы, саяхатта, блогерлерден фишкаларын үйрен. Парақ- 
шаң өзгелердің постын бөлісу үшін ғана керек пе? Парақ- 
шаң сенің бетбейнеңе айналуы керек. Оған қараған адам: 
«Бұл не деген қызық, әзілқой, білімді азамат, мен оған 
жазылып қояйыншы» – деп ойлауы керек. 
     Үшіншіден, жиі пост жариялап тұр. Оқырман база- 
сын қалыптастырып алғаннан кейін, тіпті қалыптастыру 
барысында, жоғалып кетуге болмайды. «Көзден кетсе, 
көңілден кетеді» деген ұғым әлеуметтік желіге де байла- 
нысты. Тұрақты түрде пост жазу үшін аптасына бір не- 
месе екі рет, қолың босаса күн сайын белгілі бір уақытты 
белгіле. «Сәрсенбі түске дейін бір пост жазамын» деген 
сияқты бұлжымайтын ережең болсын. 
     Төртіншіден, өз бағытынды анықта. Өзіңнің тақы- 
рыбың болсын және ол тартымды жеткізілетін болсын. 
Сауатсыздық, сапасыз фотографиялар, өзгелерді қайта- 
лау сияқты дүниелер – әлеуметтік желің жауы. Максим 
Рожин мен Өркен Кенжебек фотографияға қызығады, 
соның арқасында олардың посттары тартымды. Әлішер 
 

 
Елікбаев жаңа кроссовкасы туралы жазса да, адам қы- 
зығып оқитындай етіп жаза алады. Саяхат туралы жаза- 
тындар бар. Рецепт жазатындар бар. Кино талдайтындар 
бар. Трендтегі тақырыптарды жазып отыруға болады. 
Болмаса, мен сияқты өз бизнесіңді таныстыр. Әйтеуір, 
сені айтқанда бірден адамның есіне түсетін фишкаң бо- 
луы керек. 
     Бесіншіден, пікір жазуды, like басуды ұмытпа. Қанша 
ғажайып адам болсаң да, өзгелер де сенен 1ike күтетіні 
есте болсын. Пікір жазу, жай ғана тамсаныс, болмаса, 
өзіңнің альтернатив пікіріңді ұсыну – адамға өзіңнің бар 
екеніңді еске салып отырудың бір жолы. Өзіңе керек 
адамдарға пікір жазған сайын, оларға өзіңді ұмытуға жол 
бермейсің. «Мен мұндамын!» деген хабарлама бұл. Соның 
арқасында, жаңа таныстарың (ескілері де) сізбен күнде 
көрісіп жүргендей, жақын досындай қабылдап кетеді. 
     Осылай жалғастыра беруге болады. Әлеуметтік желі 
біздің қазіргі шындығымызға айналды. Сондықтан жаңа 
заманда жеңіс туралы айтқанда, оффлайн ғана емес, он- 
лайн брендинг пен құралдар туралы ұмытуға болмай- 
ды. Бұл тақырыпқа арналған кітаптар да соңғы жылда- 
ры жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кетті. 
Қызықсаң, тереңірек ізденуге мүмкіндік толып жатыр. 
Менің айтқым келетіні, әлеуметтік желі – өзіңді жұл- 
дызды блогерге айналдырып, бизнесіңді өрге домала- 
туға септігін тигізетін бірден-бір пайдалы құрал. 
     Қазір «Жарнаманы қалай жасаймын?» деген адамға 
«әлеуметтік желіге бар!» деймін. Ол – телевизиядан да, 
газет-журналдан да қауқарлы құрал, ең бастысы, ешкім 
сізден ақша сұрамайды. Алысқа бармай-ақ, «Rumi» – In- 
ternet арқылы танымал болған мейрамхана. Әлеуметтік 
желілер арқылы жарнама жасадық, бейнемізді қалыптас- 
тырдық, тұтынушыны тартып, қоржынымызды байыттық 
(және соның бәрі тегін!). Тіпті, ең қиын кездерде де, бізді 
осы Internet-тегі коммуникациялық мүмкіндіктеріміз 
құтқарады . Бұл бәлкім, бет-бейнесі бар жалғыз мейрам- 
хана шығар әзірге. Мәзірге WhatsApp нөмірімді жазып, 
 

 
150
 
кез келген қонаққа байланыс үшін ашық екенімнің өзі 
көп адамдардың көңілін аударды. Ал әлеуметтік желілер- 
де тұрақты түрде қонақтарымызбен байланысқа шығып 
отыруым көп дүниені жеңілдетті. 
     Мысалы, қайбір жылы «Rumi»-дің төңірегінде үлкен 
скандал (дау-дамай) болды. Қонақтардың бірі палаудан 
тырнақ шықты деп жариялады, ол әлеуметтік желілерді 
кезіп кетті. Бізде мынадай таңдау болды: ғайбаттады деп 
сотқа беру немесе қонағымызбен сөйлесіп, бәрін бейбіт 
түрде шешу. Соңғысын таңдадық. Ол азаматты «Rumi»- 
ге шақырып, асханамызға шағын экскурсия жасадық. 
Сөйтіп, сақтанатын қауіпсіздік пен тазалық шаралары 
жағдайында тырнақтың тамаққа түсуі мүмкін емесін 
көрсеттік. Бұдан кейін асханадан тікелей трансляциялар 
жасау мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Мен осының 
бәрін тәптіштеп пост жаздым. Және қарапайым адамдар- 
дың, қонақтарымыздың қолдауына таңғалдым және риза 
болдым. «Өздеріңе сенімді болсаңдар, сотқа беріңдер. 
Бұл сендерді көре алмайтындардың әдейі жасап жүр- 
гені. Репутацияны қорғау керек» – деді бір ақылшыла- 
рымыз. Бірақ Facebook пен Instagram-ға қарағанда, сотқа 
шағымданудың қажеті жоқ екенін түсіндім. Репутация- 
мыз орнында екен. Біздің постымызды бөліскендердің 
ішінде «Егер тырнақ палаудың ішінде піскен болса (кейін 
түсіп кетпей), өзімнің 1 000 000 теңгемді берем», – деген 
жігіт бар екен. Сол оқиғадан кейін адамдардың саны да 
арта түсті. Сонда мен онлайн байланыстың қаншалықты 
маңызды екенін кезекті мәрте түсіндім. 
 
 
 
Осы QR-кодты сканерлеп, «Versus» академиясы өткізген «Қазақша 
SMM Әлеуметтік желінің күшін сезін» тренингінің видео нұсқасын 
сатып алсаңыз болады 

 
КЕЛІСӨЗДEP – НЕТВОРКИНГTIҢ 
ҚАЗАҚИ НҰСҚАСЫ 
 
     Кездейсоқ таныстарымыз әр түрлі, олар бір-бірі- 
не ұқсамайды, социумда біздікінен бөлек орын 
алады. Демек, олар бізге қоғамдық күш береді. Және та- 
ныстарыңыз қаншалықты көп болса, сіз соншалықты 
күштісіз. «Әлеуметтік капитал» деген ұғым бар. Адам- 
ның байлығы тек банктегі есепшоты емес, қандай және 
қанша адамды танитындығымен өлшенеді. 
 
     Мәселе мынада: неғұрлым көп адамды білген сайын
жаңа идеялар, жаңа мүмкіндіктер көбірек болатыны 
анық: демек, сен жеңіске жақындай түсесің. Кейт Фер- 
рацци «Никогда не ешьте в одиночку и другие правила 
Нетворкинга» деген бестселлерінде мынаны айтады. «Қа- 
рапайым отбасынан шығып, бала кезінде гольф алаңында 
доп тасып жүргенде түсінгенім, кедейлік деген ақшаның 
жоқтығы емес, кедейлік деген белгілі бір топтардан, сіздің 
потенциалыңызды іске асыруға көмектесетін адамдардан 
шеттетіліп қалу» дейді. Ол ақыл, талант деген ұғымдар- 
дың ешқайсысы жақсы коммуникациялық қабілеттерсіз 
адам жеңісіне септесе алмайды дегенді айтады. 
     Мысалы, Дарси Резак
46
 «Связи решают все. Прави- 
ла позитивного нетворкинга» (Use the Power of Positive 
Networking to Leap Forward in Work and Life) деген кіта- 
бында керек адамдармен қарым-қатынас орнатуды «шму- 
зинг» деп атайды. Жаңа орынға бір адам керек еді деген- 
де басшылықтағы адам алдымен өзі білетін адамдардың 
арасынан сәйкес үміткерді іздей бастайды. Содан кейін 
қарамағындағыларға айтады. Олар да алдымен өздері 
__________ 
46
 Дарси Резак – Макгил университетін тәмамдап, MBA John Molson School of Bu- 
siness дәрежесін иеленген. 
 
 
 

 
152
 
білетін адамды іздей бастайды. Егер сен өз салаңдағы 
үздік маман болсаң, міндетті түрде сені еске алады. 
Сенімен жұмыс істегісі келеді. Бірақ егер сен өз жұмы- 
сын тыңғылықты істейтін, мүмкін шынында да үздік, 
бірақ ешкіммен араласпайтын, ылғи көлеңкеде жүретін 
адам болсаң, жолыңның болып кетуі неғайбыл. Ылғи да 
жаңа адамдарды, жаңа энергияны топтастыра біл. Және 
ол дұрыс адамдар болуы керек. Адам нені тұтынса, соған 
айналады. Адам кіммен араласса, соған ұқсап кетеді. 
     Ылғи да шағымданатын, біреулерді қарғап сілейтін, 
«жоқ», «жаман» дегеннен басқаны айтпайтын адамдар- 
мен аралассаң, өзің де сондайға айналасың. «Бар», «же- 
теді» десең, болады да, жетеді де. Ол үшін бәрі бар, бәрін 
жеткізетін, табысты, оптимист адамдармен дос бол. Жаңа 
мекемеге, егер онда атмосфера дұрыс болмаса, жұмысқа 
тұрмай-ақ қойған абзал. Сенің ортаны өзгертемін дегенің 
неғайбыл. Орта сені өзгертеді. Сондықтан көңіл күйі кө- 
теріңкі, жоспарлары айқын, ертеңгі күннен тек жақсылық 
күтетін, амбициясы жоғары ортада жүр, жұмыс істе, 
демал. Өзіңе жасай алатын ең үлкен сыйлығың – осы. 
Өйткені ортаң саған бейсаналы түрде әсер етеді. Саған 
қажет емес, уақытыңды өлтіретін, ешқандай позитив 
бере алмайтын, алға жылжытпайтын орталардан қаш. 
Ешкімге де өмір бойы шағымын тыңдауға уәде берген 
жоқсың. Сенің өмірің – тым бағалы. 
     Коммуникациялық қабілет адамның қызметінің сапа- 
сына әсер етеді. Қай салада болсын. Мысалы, «Rumi»-де 
автоматизация менеджері бар. Ол осы қызметтегі бесінші 
адам. Бірақ ол өзіне дейінгі төрт адамды қосқандағыдан 
үш есе көп жобаны іске асырды. Мәселе мынада, бұл ме- 
неджердің коммуникациялық мүмкіндіктері өте жоғары. 
Соның арқасында ол жобаларына ақша бөлдіре алады. 
Басшылықты қайсыбір өзгерістердің қажеттігіне сендіре 
алады. Мұның бәрі ойын жеткізе алатындығынан. Адам 
табиғатынан коммуникативті жаратылыс. Біз үшін бұл 
соншалықты қиын дүние емес. Қиынырағы, қарапайым 
адами қарым-қатынастардан жұмыс орнындағы ара- 
 
 

қатынастарға дейін, дұрыс коммуникацияның шегін білу. 
Әсіресе біздің менталитетімізбен. 
     Коммуникацияны екі категорияға бөлуге болады. 
Бірі, жалпы мінездің ашықтығына келеді. Өміріңе жаңа 
адамдарды қосуға дайын болу. Мұның мәні, «әлсіз бай- 
ланыстар» деп аталатын таныстар нетворкингі адам- 
ның өсуіне көбірек ыкпал ететіні. Екіншісі, өз қызмет 
салаңдағы, біліміңді, мүмкіндіктеріңді өсіретін «керек» 
байланыстарды қалыптастыру. Сондай-ақ Internet же- 
лісі осы екеуінде де құрал ретінде пайдаланылады. 
     Егер адамдармен байланыс орнатуда қиындықтарға 
кездесер болсаң, коммуникациялық қабілетті арттыра- 
тын лайфхактар ұсынғым келеді. 
     Соның алғашқысы – күлімдеп жүру. Күлімдеу мен 
жымию қандай магнит екенін бәрі біледі, бірақ мән бере 
бермейді. Рон Гутман
47
 «The Hidden Power of Smiling» 
деген дәрісінде күлкінің адамның денсаулығын көтеріп, 
ұзағырақ жасауына септесетіні туралы сараптамасымен 
бөліседі. Және күлімдеу мен жымию адамды тартым- 
дырақ, көріктірек қана емес, өзіне сенімдірек және ком- 
петенттiрек етіп көрсетеді дейді оның зерттеуі. Табыс- 
ты адамдар көбінде күлімдеп жүреді. Немесе күлімдеп 
жүретін адамдар табысты болады. Бұл екеуінің арасын- 
да «жұмыртқа ма, тауық па?» деген сияқты ажырағысыз 
байланыс бар. Өзіңізді басқара алатын ересек адам бол- 
саң, әлеуметтік ортада өзіңе де, өзгеге де жағымды ат- 
мосфера қалыптастыруға тырыс. Бұл – адамдардың саған 
деген ықыласын арттыратын алғашқы шарт. 
     Екінші, «айсбрекер», «мұзжібіткіштерді» пайдала- 
ну. Игорь Манн
48
 «Номер Один. Как стать лучше в том, 
что ты делаешь» деген кітабында «Қандай фильмдерді 
жақсы көресіз?», «Көп саяхаттайсыз ба?» деген сияқты 
сұрақтар тізімін жасайды. Лифтінің ішінде кездейсоқ 
кездесіп қалған әріптесіңмен әңгіме өрбітетін сұрақтар. 
_________ 
47
  Рон  Гутман
  –  «HealthТар»  компаниясының  негізін  қалаушы  және  атқарушы 
директоры. Интерактивті денсаулықты сақтауды зерттеген алғашқылардың бірі. 
48
  
Игорь Манн – Ресейдің ең үздік маркетері, спикер, автор, баспагер, «МИФ» (Манн, 
Иванов и Фербер) баспасының негізін қалаушы. 
 

 
154
 
Бұлар іскерлік Батыс әлемінде орынды болса, қазақтың 
ауылында «Соғымға не сойғалы жатырсыз?» деген қо- 
лайлы сұрақ болуы мүмкін. Ең бастысы, аса жақын емес 
танысты жақындата түсу үшін пайдаланылатын сұрақтар 
жадында жүрсін. Және ол контекстіге сай болсын. 
     Шаруа туралы, өзіңе қызық нәрсе ғана емес, пікір- 
лесіңе қызық тақырыптарда әңгіме өрбіту. Дамыған ел- 
дерде адамдар хоббилерін, қызығушылықтарын көбірек 
әңгімелейді. Бұл – бейтаныстарды таныс қана емес, туыс 
қылып жіберетін тақырып. Өйткені, өзгенің көзі жанып 
тұрып әңгімелейтін тақырыбы сені қызықтырса, сен де 
онымен әңгімелесуге құштар боласың. 
     Тыңдай білу маңызды. Адам сөйлегенде бөлмей, өз 
пікіріңді тықпаламай, сынамай, қарсы болмай, адамның 
ойын ақырына дейін тыңдай білу деген өте маңызды 
қасиет. Игорь Манн бұл қасиетті дамыту үшін жаттығу 
жасауды ұсынады. Алдымен, танысыңа, досыңа не әйте- 
уір жақын адамыңа бес сұрақ қоям деп ескертесің. Шын 
мәнінде өзің жалғыз сұрақ дайындайсың. Келесі төрт 
сұрақ туындау үшін оны құлақ қойып тыңдай түсетінің 
анық. 
     Жөн-жосықсыз сынамау. Дейл Карнеги
49
 «Как при- 
обретать друзей и оказывать влияние на людей» (How to 
Friends and Influence People) деген бестселлерінде 
өте жақсы ой айтады. Өзгені сынау кемшілігін көрсету- 
дің түбінде көп жағдайда өзін көтермелеу, өз бағасын арт- 
тыруға талпыныс жатады. Ал бұл – қарым-қатынастағы 
ең қауіпті нүкте. Өзіне сенімді адам өзгелердің кемшілігі 
арқылы өз бағасын көтермейді. Оларға кешіріммен қа- 
райды, байқамауға тырысады. Керісінше, пікірлесінің 
мерейін асырып, жамандығын жасырып, жақсылығын 
асыруға тырысады. Сонда ғана өзгенің құрметі мен сү- 
йіспеншілігіне бөленуге болады. Кавасаки: «Уақыт өте 
келе жай ғана үнсіз қалуды үйрендім. Солай ғана ситуа- 
циядан жеңімпаз болып шығасың» – дейді. 
___________ 
49
 Дейл Карнеги – америкалык педагог, психолог, жазушы, шешен-мотиватор. 
 
 

 
     Сэндвич техникасын қолдану. Кейде, ситуация 
шынында да сын айтуды талап ететін шығар. Мұндай 
жағдайда сэндвич техникасын пайдалануға болады. Ал- 
дымен жақсылап тұрып мақтайсың, сосын сыныңды ай- 
тасың, қайтадан мақтайсың. Бұл – еврей халқының бала- 
ларын тәрбиелегенде пайдаланатын әдісі. Олар ешқашан 
сынды баланың ішкі бағасын түсіретіндей етіп айтпай- 
ды, сондықтан комплекссіз болып өседі. Әрбір ересек 
адамның ішінде де әрбір бала өмір сүреді. Сондықтан 
аса қажет болса, сынай отырып мақтауды, мақтап оты- 
рып мақтамен бауыздауды үйрен. Адамға естігісі келген 
нәрсені айтуға машықтан. 
     Комплиментті кім жақсы көрмейді? Мақтауды бәріміз 
ұнатамыз, бірақ оны тостқа қалдыр. Комплименттің 
мақтаудан айырмашылығы, болмашы ғана нәрсеге ай- 
тылады. Бірақ тыңдаушының мерейін өсіріп, көңілін 
көтереді. Келесіде аса жақын араласпайтын танысыңды 
көргенде ауыз жыбырлатып өте салмай, оның өмірінде 
не болып жатқанын білуге тырыс. Жеңістері болса, құт- 
тықтауды ұмытпа. Жақсы қасиетін көрсең, онысын айт. 
Бірде табысты бір адамнан: «Сіз осы, адамның бәрін қа- 
лайша мақтай бересіз?», – деп сұраса, ол «Неге мақта- 
масқа? Менің ештеңем кетпейді, ал оның көңілі өсіп қа- 
лады», – деген екен. 
     Брайан Трейси «Достижение максимума. 12 принци- 
пов» деген кітабында бір оқиғаны айтады. Бір бизнесмен, 
апта сайын өмірде жолы түйіскен он адамға жеделхат 
жіберуді әдетке айналдырыпты. Әр жеделхатта жалғыз 
ғана сөз екен: «Құттықтаймын!». Жылдар өте келе оны 
құрметтейтін таныстар шеңбері кеңейе береді. Қартайған 
шағында, «Осыншама адамның жеңістері туралы қайдан 
біллініз?» дегенде «Олардың не істеп жатқанын білсем 
бұйырмасын» деп жауап беріпті. Ол жай ғана, әр адам 
күн сайын, апта сайын бір кішкентай жеңіске жететінін 
білетін. Жеделхатты алған адам, автоматты түрде өзінің 
соны жеңісімен байланыстыратын болған. 
     Қарап отырсаң, бұл бизнесменнің жұмысы бастан 
асып жатыр. Отбасы, достары, қызметкерлері бар, бәрінің 

 
156
 
алдында жауапкершілігі мен міндеттері бар. Соған қара- 
мастан ол алыс таныстарын іздеп, түгендеп отырады. Се- 
бебі, жеңістің бір құпиясын біледі. Ол «Әлсіз байланы- 
стардың ықпалы» деп аталады. 
     «Әлсіз байланыстардың» ықпалы. Тұлғааралық 
қарым-қатынастарды сипатына қарай (мысалы, жиілігі 
мен ұзақтығы) «мықты» және «әлсіз» байланыстар деп 
бөледі. Өте әлсіз байланыстар да бар, ол – бас изесіп өте 
беретін адамдардың байланысы. «Мықты» байланыс 
тар – отбасың, ең жақын достарың делік. «Әлсіз» байла- 
ныстар университетте бірге оқыған, оқу олимпиадасына 
бірге қатысқан, дебат клубына бірге барған немесе до- 
сыңның туған күнінде танысқан адамдар. Америкалық 
социолог Марк Гранноверт
50
 «Сила слабых связей» (The 
Strength of Weak Ties) деген мақаласында осы әлсіз бай- 
ланыстарға кеңінен тоқталады. 
     Жүргізген зерттеуінің негізінде, адамның карьерасы- 
на оның «мықты» байланыстарынан гөрі, «әлсіз» байла- 
ныстары көбірек ықпал ететінін айтады. Еңбек жолында 
адамның өрлеуі осы байланыстар арқылы жүреді. Демек 
сенің бұрынғы әріптесің, танысың жеңісіңе отбасыңнан 
гөрі көбірек септеседі. Себебі, ең жақын адамдарда бар 
ақпарат сенде де болатыны сөзсіз. Олар тура сен жүр- 
ген орталарда жүреді. Сенімен бірге жұмыс істейді, тура 
сол тойларға, жиындар мен отырыстарға барады. Олар 
саған беймәлім не нәрсе білуі мүмкін? Ал «әлсіз» байла- 
ныстағы адамдардың әлемі, оларда бар ақпарат саған 
жаңалық болуы мүмкін. Сондықтан да жұмыс, ақпа- 
рат, идея іздеуге келгенде, «әлсіз» байланыстар ылғи да 
«мықты» байланыстардың алдын орайды. 
     Гранноверт бір жақсы жаңалық айтады, әлсіз байла- 
ныстарды әлеуметтік желі арқылы ұстап тұруға бола- 
ды, ол аз десең, мұндай байланыстарды әлеуметтік желі 
арқылы да орната аласың. Өйткені оның негізгі принципі 
визуализация. Көз алдында көлбеңдеп жүрсең, сені 
____________ 
50
 Марк Грановеттер – америкалык социолог, әлеуметтік желілерде ақапараттың таралу 
моделін ойлап тапқан. 
 

күнде тілдесіп жүргендей жақындық сезеді. Ал ең жақын 
адамдардыңмен, достарыңмен, туыстарыңмен әлеуметтік 
желі арқылы байланыс ұстау жеткіліксіз ғой? 
     Жоғарыда айткан социолог Марк Грановеттер 1974 
жылы өзінің «Жұмысқа тұру» (Getting a Job) деген кіта- 
бын жазу үшін сауалнама жүргізеді. Нәтиже қандай дей- 
сіз? Сұралғандардың 56 пайызы жұмысты таныстары 
арқылы тапқан, 18,8 пайызы хабарландыру арқылы, 20 
пайызы жұмыс берушілерге тікелей шыққан. Жұмысты 
таныстар арқылы тапқандардың 16,7 пайызы бұл таны- 
сымен жиі» (жақсы дос ретінде) кездесіп тұратынын ай- 
тыпты. 55,6 пайызы «ара-тұра» және 28 пайызы өте сирек 
керісіп тұрады екен. Демек, адамдар көбінде жұмысқа 
жақын достары емес, қатардағы таныстары арқылы ор- 
наласады екен. Ойланып көрсең, бұл заңды да. 
     Стамбұлда «Starbucks»-тың директоры маған шоколад 
бизнесін бастайтын кезде көп көмектесті. Ылғи ұшаққа 
мінгенде жанымда отырған көршіммен сөйлесуге тыры- 
самын. Және шындығына келгенде, сондай таныстықтар- 
дың өте үлкен жобалар мен жақын достыққа ұласқан кезі 
өте көп. Немесе таксиге отырғанда да сондай. Таксис- 
тердің бәрі жақсы адамдар болып кездеседі. Саған елдегі 
жаңалықтарды, халықтың жағдайын, жақсы мейрамхана- 
ларды, дұрыс қонақ үйлерді көрсетіп беретін де солар. 
«Rumi»-дің – «Rumi» болып тұрғаны, біраз деңгейде па- 
лаушыға байланысты болса, сол палаушыны Ташкент- 
тен тауып берген де – таксист. Ең жақсы палаушының 
шәкірттері бізге жұмысқа келді.  
     Лондонда таксист, тіпті, Қайрат Нұртасты тыңдайтын 
болып шықты. Бакуге бірінші рет барғанда Uberдің парт- 
нері Анар үш күн бойы жанымызда жүрді. Елдің мәдени- 
еті мен асханасын таныстырды, жаңа мейрамханамызға 
жақсы мамандар табуға септесті. Саяхаттағанды жақсы 
көрем, бірақ жүз пайыз жоспарламаймын. Солайша жаңа 
адамдармен танысып, өзім ойламаған жерлерге баруға 
уақыт қалдырамын. Өмірдің берерін алуға дайын болсаң 
ғана аласың. Бұл және өзіңнің ниетіне байланысты. О 
 
 

 
158
 
бастан жақсылық күтсең, жақсылық болады. Құдай біз- 
ге біз күткеннен, біз қалағаннан да көп нәрсе дайындап 
тұрғанын өмірдің өзі көрсетіп жатыр. 
 
Біз көбінде Алланың берген мүмкіндіктерін дұрыс 
бағаламаймыз. Оның сыйлығының бірі – бізге жіберетін, 
адамдары болуы мүмкін. Кейбір адамдармен тиісінше 
қарым-қатынас ұстай алмадық, соның кесірінен, 
мүкін, қазір қиналып жүрген шығармыз? Құдай бізге 
өмірімізді өзгертуге мүмкіндік береді. Адамдар арқылы. 
 
 
     Сол мүмкіндікті жіберіп алмаудың жалғыз жолы  
адамдарға зейін қою. Әр кездескен адам біздің өмірлік 
жолдасымыз болмайды. Бірақ бұл кездескен адамды «бір 
күндік таныс» деп назарсыз қалдыру керек дегенді біл- 
дірмесе керек. Өмір бір кездестірген адаммен жолыңды 
тағы да түйістіреді. Сол кезде оған көңіл қойғаның қан- 
шалықты дұрыс болғанын түсінесің. 
     Егер берілген мүмкіндіктерді дұрыс пайдалансаң, 
сенің әр танысың керек адамға айналады. «Алты алақан 
теориясы» («Теория шести рукопожатий») деген тео- 
рияны білетін боларсың. Дүние жүзіндегі әр адам бірі- 
мен-бірі таныс болып шығады. Ешқашан мән бермеген 
әріптесің, танысың, өміріңді өзгертіп жіберетін адаммен 
таныстыруы мүмкін. 
     Бұл орайда Билл Клинтонның әдісі назар аударар- 
лық. Оксфордта студент кезінде ол университетті бітіріп 
жатқан Джефри Стэмпспен танысады. «Джеф, мұнда  
немен айналысасың?», – деп сұрайды. «Пемброк кол- 
леджінде оқимын», «Пемброк» деп жазып қояды. «Қан- 
дай мамандықта? Оған дейін не істедің?», – деп сұрақ 
үстіне сұрақ жаудырады және жауапты жазып қояды. 
«Неге оның бәрін жазып жатырсың?»,
 
– деп сұраған жаңа 
танысына болашақ президент: «Арканзастың губернато- 
ры болғалы жүрмін. Сондықтан өзім танысқан адамдар 
дың бәрі туралы ақпаратты тізіп жүрмін», – деген екен. 
 
 

Жүйе деген керемет нәрсе. Өміріңнің барлық саласына 
қатысты болмаса да, кейбір саласына қатысты тізімдер 
жасап отыру аса маңызды. 
     Байланыстардың сапасы. Байланыстардың саны көп 
болғаны жақсы. Бірақ оның сапасы одан гөрі маңызды. 
Өкінішке қарай, бізде көп адамдар нетворкингтің күшін 
дұрыс бағаламайды. Тек жұмыс барысында, өзіне қажет 
кезде іздей бастайды. Ал Джелаледдин Румиді тыңдасақ, 
адаммен ол жай ғана адам болған соң да араласу керек. 
«Керек кезде ғана іздейді екен» деген ойдағы адам саған 
жақсылық жасап жарытпайды. 
     Сьюзан Роан айтады: «Сіздің не білетініңіз маңыз- 
ды емес, сіздің кімді білетініңіз де маңызды емес. Сізді 
кімнің білетіні маңызды». Таныс-тамыр деген қазақ ой- 
лап тапкан нәрсе емес. Бүкіл дүние жүзі сол жүйемен жұ- 
мыс істейді. 
     Мүмкін, басқаша атайды. Таныстықтың бекуіне септе- 
сетін бірнеше техника бар. 
     Оның біріншісі, таныстықты бекіту. Сен бір жиында 
жақсы адаммен таныстың делік. Нөмірлеріңді алмас- 
тыңдар, сосын ұмытып кеттіңдер. Келесіде, шаруа бары- 
сында сол адамға өтініш айтқың келсе, телефон тұтқа- 
сын көтере алмайсың, өйткені танысқаннан кейін жа- 
йына қалдырдың. Кейт Феррацци жоғарыдағы кіта- 
бында танысқан адамға ертесіне хабарласып, өзің тура- 
лы есіне салу жайында айтады. Қандай да бір сұрақ 
қоюға болады немесе қызықты ақпаратпен бөліс, жай 
ғана халін сұра. Әйтеуір, өзің туралы ақпараттың оның 
миында бекуіне әсер еттің. 
     Екіншіден, нетворкингтің алтын ережесі, таныстарды 
іздеп тұру. Иә, уақыт жоқ. Бәрінде бәріне уақыт жетпей- 
ді. Бірақ табысты адамдардың бір әдеті, ол да Трейсидің 
кітабында айтылып кеткен, жан-жағындағы адамдарды 
түгендеп отыру. Таныстардың халін сұрап тұру. Біздің 
менталитетте, әсіресе, үлкенге сәлем беріп тұру міндеті 
саналады. Ағалар өздерін іздеп тұратын інілерді жақсы 
көреді. Бірақ інілер де өзін іздеген ағаларды жаман көр- 
 
 

 
160
 
мейтінін ұмытпайық. Үлкенге де, кішіге де өзің хабарла- 
сып отыратын адам болсаң, адамдардың жаңалықтарын 
біліп отырасың және қажет кезде бір-бірімен жалғап, 
әлеуметтік байланыстардың орталығында боласың. 
Өзіңе қандай да бір қызмет, тауар, не ақпарат керек кезде 
кімге қоңырау шалсам деп те қиналмайсың. 
     Қандай кеңес бере алам? Күніне бес қоңырау жасауды 
әдетке айналдыру. Телефонындағы «Контактілер» деген 
бөлімшені ашта, күніне бес қоңырау жаса. Ешқандай 
себепсіз, ешқандай есепсіз. Ертесіне тағы да бес қоңы- 
рау. Солайша, таныстарыңның шеңберін арттырып қана 
қоймайсың, оның сапасын да арттырасың. Ал өзгелерге 
хабарласу, күнделікті шаруаның бөлігіне айналады. 
     Көп адаммен байланыста болудың артықшылығын 
әлеуметтану ғылымы да дәлелдеген. Роберд Уолдин- 
гердің жиырма миллион рет қаралған «Жақсы өмір сүру 
үшін не керек?» (What makes a good life? Lessons from 
the longest study on happiness) деген дәрісі бар. Сонда 
әлеуметтанушы ғажайып қорытындыға келеді. Бірақ 
алдымен ол әңгімелейтін зерттеудің өзі туралы. 
     Америка ғалымдары 75 жыл бойы 724 адамның өмірін 
бақылаған екен. Бала күндерінен жыл сайын олардың 
жұмысы, денсаулығы, тұрмысы, отбасы, т.б. жайында 
ақпар тіркеп отырады. Кедейлеу және ауқаттырақ 
аудандардан шыққан 724 адамның ішінде бірнеше 
президент, Нобель сыйлығының иегері, бизнесмен, 
Голливуд жұлдызы және басқа да түрлі адамдар бар 
екен. Бұл адамзат тарихындағы ең үлкен және ұзақ 
әлеуметтік зерттеу десе де орынды. Сонда олардың 
жасаған қорытындысы, адамды бақытты қылатын ақша 
емес екен. Атақ та емес екен. Билік те емес екен. Адамды 
бақытты қылатын – адамдармен қарым-қатынас сапасы. 
Әлеуметтік өмірі неғұрлым оңды болса, сол адамның 
денсаулығы мықты келеді және ұзақ жасайды екен. Ал 
жалғыздықтан жапа шегетін адамдар ауруға да бейім 
келіп, дүниеден ертерек өтеді екен. Ал, осыдан кейін 
коммуникацияның қажеттілігін қалай жоққа шығарасың? 
 
 

     Керек байланыстар. Күнделікті кездейсоқ байла- 
ныстардан бөлек, бізге өте керек байланыстар болады. 
Оларды сәтін салар деп, қол қусырып күте беруге 
болмайды. Өзің іздеп, табуы керек. 
     Жалпы, бәрін білемін деп санайтын адамдардан 
қорқақтаймын. Әсіресе бұл пікірім, білімді жеткізуші 
адамдарға қатысты. Маған дүниеде ешқандай жеңіске 
жетпеген адамдардын ақылын тындаған ауыр. Бірде-бір 
компанияны аяғынан тұрғызбаған, бірде-бір жобаны 
іске асырмаған, бірде-бір жеңіске жетпеген. Әрине, 
мұндай қатынас теріс болып көрінуі мүмкін. Алайда 
менің философиям – тұрақты түрде өсу, өзгеру, оқу, 
үйрену. Бірақ қайдан, кімнен үйренесің? Өзіңнен артық, 
өзіңнен білімді, өзіңнен гөрі елеулі жеңіске жеткен 
адамдардан үйрену керек. 
     Кейт Феррацци
51
 «Никогда не ешьте и одиночку и 
другие правила нетворкийга» деген кітабында керек 
байланыстар мақсатқа жетелейтін ең жақын жол екенін 
айтады. Яғни, мақсат қойғанда, оған жетуге көмекте- 
сетін адамдардың тізімі бірге жүреді. Бірақ бұл, сен іс 
бастайтын кезде, не жұмыс іздегенде ғана адамдарды із- 
деуің керек деген сөз емес. Керек адамдарды күн сайын 
іздейсің. 
     Бір жылдары бастаған ісімде берске жоктай күйде 
жүрдім. Жұмыс бар, ақша да бар сияқты. Бірақ бірдене 
жетіспейді. Қанатымды кеңге жая алмаймын. Бір күні 
ұйықтап жатсам, әкем оятады. «Тұршы, Қуаныш, теледи- 
дарға қарашы, Бауыржан Оспанов сөйлеп жатыр», – дей- 
ді. Бұл, «ЖерСу» корпорациясының президенті, белгілі 
кәсіпкер Бауыржан Оспановтың теледидардан түспей, 
медиатұлға болып тұрған кезі. «Жастарға, көмектесем, 
талантты жастармен жұмыс істегім келеді» – деп сұхбат 
беріп жатыр екен. Әкемнің көмектескісі келгені ғой. Егер  
сол сәтте Оспановқа шығатын мүмкіндігім болса, міндет- 
ті түрде оның алдына барар едім. 
___________ 
51
 Кейт Ферраши – әлемдегі N1 нетворкер. «Greenlight» консалтингтік компания- 
сының негізін қалаушы және басшысы 
 

 
162
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет