Қуаныш шонбай



Pdf көрінісі
бет8/13
Дата16.01.2020
өлшемі2,73 Mb.
#55981
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
4 5883336246050160998


Жасау және 
жақсы нәтиже 
 
 
 
     Ал ЗАТОК бойынша дұрыс жұмыс істегенде, бірінші 
үш пунктті дұрыс, заң бойынша жасасаң, оны алдауға не- 
месе бұзуға энергияңды жұмсамайсың, тәртіп бойынша 
жасайсың, өзің ойланбайсың, Internet-тен қарайсың не- 
месе маманның кеңесіне жүгінесің. Яғни, күш-қуатың, 
энергияң керек емес жерде ысырап болмайды. Ал нағыз 
ойланатын, пікір қосуға болатын кезде, энергиянды соған 
бағыттайсың, дегенінше жасауға жұмсайсың. 
     Өмірімнен алынған тағы бір мысал. Бірде бухгалтер- 
лік есеп пәнінен мықты мұғалім үй жұмысына суретте 
көрсетілген тапсырманы берді. Бұл – есеп. Бірақ, ондағы 
сандардың бір бөлігі нақты емес, яғни оның орнына түр- 
 
 
 
Ол болмайды, 
Ана жерде былай екен... 
Оны анау істеп көрген... 
Анау былай деп айтты... 
Менің ойымша... 
Осылай бола береді... 
Ұнайды / Ұнамайды... 
Қымбат... 

лі символдар жазылған. Келесі күні тәлімгерлердің 
90%-ы үй жұмысын орындамай келді. Тырысты, түсін- 
ген жоқ, жасамады. Ал мен, ол адамның қатал мұғалім 
екенін, қитұрқы әрекеттерді жақсы көретінін білемім. 
Үй жұмысын қалай орындасам екен деп ұзақ ойландым, 
сөйтсем, жаңағы символдар компьютердің пернетақта- 
сындағы сандар екен. 
 
 
Ойластырылған 
& Aяқталған 
 
Use the following information for 
Questions 19 - 20: An employer has 
computed the following amounts for its 
employee Mary during a week in 
January: gross wages $500.00; FICA 
tax withheld $3*Q%; federal income 
tax withholding $67.25; State income 
tax withholding $20.00; unemployment 
taxes $24.00; worker compensation 
insurance $5.00. The company does 
not provide health insurance, paid 
vacations, or any other benefits. 
 
 
 

 
122
 
«Rumi» ашылғанда, қонақтарға ұсынылатын меню (ас 
мәзірінің тізімі) маған онша емес болып көрінді. Бізде та- 
мақтану орнын ашқан адамдардың 90%-ы менюдің қан- 
дай болу керек екенін өздері ойлап табады: ою салады, 
тағамдардың тізімін өзгертіп жазады. Түрлі мейрамхана- 
ларға барып, олардың менюлерін қарадым, тіпті Мәскеу- 
ден бірнешеуін ұрлап та алдым. Оны суретке түсіріп қа- 
рау бір бөлек, ал ұстап көру бір бөлек. Екі ай бойы мәзір 
қандай болуы керек деген ой мені мазалады. Осы менюге 
қатысты көптеген кітаптарды оқып шығып, зерттеп, ЗА- 
ТОК, нейромаректинг бойынша барлығын жасадым. Ке- 
лесі күні «Rumi»-дің сауда айналымы 25%-ға өсті. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
ГЕОРГИЙ ЦУРЦУМИЯНЫҢ 
ОЛИМПИАДАДАҒЫ ФИНАЛЫ: 
БАРЬEP VS AДЫРАСПАН 
 
 
     Жеңіс жолында жүріп, үйренуді үйрендік, ты- 
рыспайтын болдық, жасаймыз, қабілетімізді 
анықтадық делік. Бұның барлығын бизнес жолында 
жүргендер кәсібін дамыту үшін, мамандар біліктілігін 
арттырып, мансабын жоғарылату үшін істейді. Бірақ 
мен адыраспандар мен барьерлерді (кедергілерді) ерекше 
атап өткен себебім, адамдар қаншама жерден білікті 
маман немесе мықты кәсіпкер бола тұра, өздерінің ады- 
распандары мен барьерлерінен жеңіліп қалады, демек, өз 
жеңісінен алыстайды
 
     Менің командамда керемет мамандар жұмыс іс- 
тейді, бірақ қырсық мінезі мен эгосының салдарынан 
кейбіреулерін қызметтен босатуға тура келді. Өз ісі- 
нің нағыз маманын командамнан шығару мағанда да 
оңайға соқпайтын. Біз жеңіс жолында жүріп, көптеген 
құрбандыққа барамыз, білім жинаймыз, шыңдаламыз, 
өзгереміз. Бірақ, аяғымыз адыраспандарға келгенде ша- 
лынады. 
     Спортта да дәл солай, осыған қатысты мысалым да 
бар. Еліміздің еңбек сіңірген спорт шебері Георгий Цур- 
цумия 2004 жылы Афинада грек-рим күресі бойынша 
финалға шығып, ресейлік палуанмен күреседі. Күрес екі 
раундтан, әр раунд үш минуттан тұрады, жалпы алты ми- 
нут жүреді. 
     Екi де нөл есебімен жеңіп келген Цурцумия жекпе-жек- 
тің аяқталуына бір минут қалғанда, күрестің ең қара- 
пайым «подсечка» деген әдісіне түсіп қалып, ұтылады. 
 
 

 
124
 
 
 
Әрдайым күрестің ең қиын әдістерін үйренген, соларға 
қарсы әрекеттенуге дайындалған ол, қарапайым әдіске 
ұсталып, жеңіліс тапқан. 
     Өмірде де бұндай жағдайлар орын алады. Өзіміздей 
қарсыласымыз ретінде өмір жолымызды көрсек, оны 
жеңу үшін мықты әдіс-тәсілдерді үйреніп, оларды пайда- 
ланамыз. Алайда, өкініштісі, 90%-ымыз «подсечкадан» 
жеңіліс табамыз. Бұл дегенім, адыраспандардан арыла 
алмаймыз. 
     Адыраспандармен күресу оңай емес, бірақ күн сайын 
өзіңмен жұмыс жасау арқылы, сенің оларға төтеп беруге 
мүмкіндігің бар, әрине ол үлкен күшті талап етеді. Әр- 
дайым олармен алысасың. Негізінде, бізді екінші қы- 
латын, біздің идеалды нұсқамыздан алыстататын – осы 
адыраспандарымыз. Кей кезде қырсықтығын ұстап, эгоң 
ойнап жатса, әрдайым ойыңда ұста: «Сен қазір не екінші 
боласың немесе бірінші боласың». Сондықтан да, екінші 
болмай, адыраспандарымызды жеңуге аса мән берейік. 
 
 
Осы QR кодты сканерлеп Георгий Цурцумияның 
олимпиададағы жекпе-жегін көре аласың 
 
ТАРАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ КІТАПТАР МЕН 
ФИЛЬМДEP TIЗIMI 
 
     • «Триумф: История Рона Кларка» фильмі 
     • «Три идиота» фильмі 
     • Генри Форд. «Моя жизнь, мои достижения». 
     • Стивен Леввит, Стивен Дабнер. «Фрикомыслие», 
Нестандартные подходы к решению проблем». 

 
 
 
V ТАРАУ 
 
 
 
ЖЕҢIC 
ЖОЛЫНА ТҮСУ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
126
 
 
 
 
 
ОБРАЗ ТАНДАУ: ҚИЯЛИ БОЛУДЫҢ 
ПАЙДАСЫ ТУРАЛЫ 
 
 
     Адам баласына өз өмірін мәнді де сәнді сүру үшін 
бірнеше қасиет керек. Соның негізгісі өзін-өзі 
басқару мен табандылық. Талант, таныс не өзге фак- 
торлардың әсері әлсіз немесе кейде, тіпті керегар. 
 
     Осы бағытта ғалымдар көптеген тәжірибелер ұйымда- 
стырған екен. Оның ішінде танымал marshmallow test-те 
бар. Олардың бәрі жоғары аталған факторлар елеулі орын 
алатынын дәлелдепті. 
     Жақсы, өзімізді басқару және табандылықсыз болашақ 
жоқ екенін түсіндік. Ал табиғат (ата-ана, ген, т.б.) бізге 
осы қабілетті бермесе, не істейміз? Біріншіден, олар туа- 
бітпейді. Жүре бітеді, шанс бар. Ғалымдар 4–6 жастағы 
180 балаға компьютерде орындалуы керек іш пыстырар- 
лық тапсырма береді, бірақ келесі бөлмеде ойын ойнауға 
болатын iPad бар екенін де ескертеді. Баладан шыдамы 
таусылғанша тапсырманы орындай беруін сұрайды. 
     БАЛАЛАР ҮШ ТОПҚА БӨЛІНЕДІ. Минут сайын 
бірінші топтағы балаларға «Қатты жұмыс жасап жа- 
тырсыз ба?» деген сұрақ қойылса, екінші топтағыларға 
сол сұрақ үшінші жақтан қойылады. Соңғы топқа сұрақ 
өздері таңдаған кейіпкер (супермен, бэтмен және т.б.) 
бойынша қойылады. Яғни, «Бэтмен қатты жұмыс жасап 
отыр ма?» дегендей. 
     Нәтижесінде, үшінші топтағы балалар ең үздік нәти- 
же көрсетеді. Бұл дегеніміз, адам өзіне қандай да бір об- 
раз қалыптастырып, соған сай болуға тырысқанда және 
 

Образ таңдау техникасының ең үлкен пайдасы – 
адам өзін шектеп тұрған бүгінгі факторлардан 
алшақтай алады. Өзіне өзге тұлғаның көзімен 
қарау арқылы сыртқы көріністі қабылдайды. 
 
бар тітіргендіргіштерден өзін абстракциялағанда табан- 
дылығы мен өзін басқаруы күшейетінін дәлелдейді. 
     Әдетте ол көрініс көбімізге ұнамайды. Сәйкесінше, 
әрекеттерімізде басымдық таныта бастаймыз. 
     Образ таңдаудың қаупі де жоқ емес. Өкінішке қарай, 
пір тұту мен образ таңдаудың арасы өте жақын. Маман- 
дардың пікірінше, ішкі тұлғалық «мен» толық қалыптас- 
пағанда, яғни «толық адамға» жетпегенде образдағы 
адам пірге айналып, оның әрекеттері шүбәсіз қабылда- 
нып кете береді. 
     Ерекше ойлайтын, дарынды адамдарды көбінесе «қия- 
ли» деп ойлаймыз. Осы адамдарға деген көзқарасымыз, 
әзілге қосып, оларға күлуіміз, олардың ішіндегі бар- 
лық ерекшеліктерін сөндіріп тастайды, олардың өмірде 
өз орындарын таппауының да негізгі себебі осында. Ал 
негізінде, керісінше Құдайдың берген қабілетін дамыту 
керек, ол – жоғарыдан берілген кеңес. Көптеген адам: 
 «Қандай бизнес бастасам екен?», – деп ақыл сұрап ке- 
леді де, идеяны сырттан іздестіре бастайды: «Біреу үлкен 
дүкен ашты, мен де ашамын, досым тауар жеткізумен ай- 
налысады, мен де сондай фирма ашамын...». Бірақ, неге 
біреудiкiн қайталау керек, сені ерекшелеп тұрған өзіңнің 
қабілетің, осыған дейін жинаған білімің бар ғой. Мәсе- 
ленің шешімін өзімізден, ішімізге үңіліп іздеуіміз керек, 
Әйгілі маркетолог Филип Котлер «Ерекшелен, немесе 
өл» дейді. Қазіргі заманда өмірде, бизнесте, нарықта бол- 
сын өзгешеленбесең, артта қалып қаласың. 
     Маған жұмыс іздеп күніне он бес адам келеді. Олар- 
дың айтатын жауабы, түр келбеті бірдей болып көрінуі 
мүмкін, бірақ араларында басқалардан ерекшеленіп 
 
 
 

 
128
 
тұратындары кездеседі, сондай адамдарға мән беремін. 
Себебі олар тың идея, жаңа ойлар енгізе алады. Бизнесте 
де дәл солай, егер бәсекелестеріңнен өзгешеленбесең, та- 
бысың да, беделің де олардан жоғары болмайды. 
     Қорытындылап айтқанда, ерекше болудан қорықпа, не 
болмаса Абай Құнанбаев айтқандай: «Болмасаң да ұқсап 
бақ!». 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
ПРОБЛЕМА: НЕ СЕН ОНЫ ҚОЛДAH 
ЖАСАП АЛАСЫҢ 
немесе 
ӨМІРДІҢ ӨЗІ МӘЖБYPEЙДІ 
 
 
     Көп адам «Versus» академиясына курсқа келген кез- 
де, «өз-өзімді таппай жүрмін», «қазіргі жағда- 
йым маған ұнамайды», «өз өміріме қанағаттанбаймын» 
деген проблемалармен (түйткілді мәселелермен) келеді. 
Бірақ, негізінде бұл проблема емес, бұл жай ғана диском- 
форт. Ал проблема нақты болады, «кітапты баяу оқи- 
мын», «сауда жасаганда адамдармен қарым-қатынас 
орната алмаймын», «мейрамханама аз адам келеді». Бұл 
сенің қай жақта, немен жұмыс істеу керек екендігіңді 
білдіреді. 
 
     Проблема болмаса, сен дамымайсың, өзіңе ныса- 
на таңдай алмайсың, білім алмайсың, үйренбейсің. Ал 
нақты проблемалардың шешімін тапқан кезде, білімің 
көбейеді. Сондықтан да проблема мен дискомфорттың 
аражігін ажыратып алу маңызды. 
     Проблеманы өзіміз жасап аламыз дегенді Батыста 
көбіне «выйти из зоны комфорта» дейді. 
     Әрине, қиын жағдайға түскенді кім қалар дейсің?  
Қазіргі жазғаныма таңғалатын шығарсың да. Бірақ, өз ба- 
сымнан өткен соң, айтып жатырмын: проблеманы өзіміз 
туындатуымыз керек. Түсінікті болу үшін, мысал кел- 
тірейін. Астана қаласында «Керуен» сауда орталығында 
«Rumi» мейрамханасын аштық, СЭC-тен анықтама ал- 
дық. Мейрамханадағы азық-түлік (тағам) қауіпсіздігіне 
жауап беретін маман бар, көзінен көрініп тұр, жұмысы- 
на көңілі толады, барлығын талаптарға сай жасауға ты- 

 
130
 
рысқан, дәйектемені де алған. «Он мен бiрдiң аралығын- 
да жұмысыңызды қаншаға бағалайсыз?» деп сұрадым. 
Жауабы «Сегіз», «Ал мен үшке» дедім. Өзі үлкен адам, 
көз жанары жәудіреп, жылағасы келіп кетті. Түсіндірдім: 
«Бастапқыда біз минус 5-те болғанбыз, ал сіз жұмысыңыз- 
ды сегізге бағаласаңыз, демек, сегіз пункт көтерілдіңіз, 
бірақ онға жеткен жоқсыз». Осы жерде, «Үміткерлер- 
ге» оралайық. Олар панасыз иттер орталығына 600 мың 
теңге тапқанымен, қатты риза болған жоқпын. Себебі, 
олардың бұдан да жақсы нәтиже көрсетуіне барлық мүм- 
кіндіктері болған. Араларында төрт тіл білетін адам бар, 
тәжірибелі, мықты маман, ерікті, дарынды дизайнер бар. 
Олардың дәрежесіне бұл нәтиже сай келмейді. Бұндағы 
мәселе мынада: олар өздерін кешегі нұсқаларымен салыс- 
тырып, осы тапқан табыстарына мәз болды, ал егер өз- 
дерінің мінсіз нұсқасына талпынса, одан да жақсы нәти- 
же көрсетіп, панасыз иттер орталығына одан да қомақты 
көмек берер еді. Сол сияқты, тағамдардың қауіпсіздігіне 
жауап беретін маман СЭС-тің талаптары бойынша емес, 
бізде бар HASP-тың талаптарына сәйкестендіріп жасаса, 
әлдеқайда көп жұмыс жасалатын еді. Әлгі адамды ертіп 
жүріп, минустарды түртіп, көрсетіп шықтым. Ал егер ол 
HASP бойынша жасауға талпынғанда, мен көрсеткен ми- 
нустарды өзіне туындаған мәселе ретінде бұрыннан қа- 
растырып, барлығын жөндеп қойса, өз жұмысын одан да 
жоғары бағалайтын еді. Сондықтан да екінші болмау жо- 
лында, не біз өзімізге-өзіміз мәселе тауып аламыз немесе 
біздің басымызға өмірдің өзі мәселе «жасап береді». Бұл 
«проблемалар» – сізге жоғарыдан сыбырлап айтылып 
тұрған ақыл. Ол қайда бару және немен айналысу керек 
екенін сілтеп тұр. 
     ХАЗІРЕТ ӘЛИДІҢ
45
 «Егер өзіне-өзің бұл дүниеде есеп 
бермесең, о дүниеде есеп бере алмайсың» деген сөзі бар. 
Нені меңзеді екен деп ойландым. Ұлы Абай да «Күніне 
бір рет болса да, өзіңе есеп беруің керек, болмаса аптасы- 
____________ 
45
  Хазірет  Әли  (шын  аты  –  Али  ибн  Абу  Талиб)  –  Мұхаммед  пайғамбардың  (с.а.с.  ) 
немере інісі, күйеу баласы, сахабасы, әділетті төрт халифаның төртіншісі (656 - 661). 
 

на бір рет, болмаса айына бір рет, болмаса жылына, тіпті 
болмаса, өміріңде бір рет» деген. 
     Өз өмірімнен мысал келтірейін: алдыңғы жылы інім 
Дархан мырза «Сылтау айта берсең, үйренбейсің» деп 
мені шаңғы тебуді үйренуге шақырды. Әрине, барғым 
келмеді, себебі, экипировкам жоқ, шаңғым жоқ, шаршап 
тұрмын деп сылтау айтқым-ақ келді, бірақ қажеттiнiң бар- 
лығын жалға алып, баруға бел будым. Дархан мырза мен 
Бекбота мырза Шымбұлаққа апарып, ең жоғарғы шыңына 
шығарып, қалдырып кетті. Бірінші рет шаңғымен таудан 
түскендіктен, әрине, бірнеше рет құладым, үсті-басым, 
киімнің іші түгелдей қар, су болды, біраздан соң аяғым 
талды, сондықтан мені құтқарушылар төменге түсірді. 
Сол кезде бұл өмірде менен сорлы адам жоқ-ау деп ойла- 
дым. Шынымен де, таудың шыңында тұрып, шаңғымен 
түсе алмаған кезде, неге бұл мені қолымнан келмеді деп 
ойладым. Бірақ, өз-өзіме «шаңғы тебуді үйренемін» деп 
сөз бердім. Кешке қалаға түсе салып толықтай экипиров- 
ка сатып алдым, шаңғы алдым. Сол күннен бастап амал 
жоқтан, намысқа тырысқандықтан, үйрендім. Google-дан 
оқыдым, YouTube-тан бейнероликтер қарадым. Сөйт- 
сем, қиын ештеңесі жоқ, тоқтаудың, бұрылудың бірнеше 
тәсілі бар екен, соны үйрендім. Егер Дархан мырза тау- 
дың шыңында тастап кетпесе, әлі күнге шаңғы тебе ал- 
мас едім. Кейін білдім, көп кәсіпкерлер сол Шымбұлақта 
кездеседі екен. Негізі, танысқым келіп жүрген, ойы маған 
қызық азамат бар – Айдан Карибжанов. Білесіздер ме, 
шаңғы теуіп жүріп, сол адаммен таныстым. Егер, сол кез- 
де өз-өзіме проблема жасап алып, он сегіз күннің ішінде 
таңғы тебуді үйренбегенімде, қазіргі таңда бұл адаммен 
аралас-құралас болмайтын едім, ол адам «Rumi»-ге кел- 
мейтін еді. Шаңғы теуіп, бейресми жерде кездескенде де 
өзіңнің басқа да әріптестеріңе қатысты көптеген мәсе- 
ленің шешімін табуға болады екен. Егер де мен сол кезде 
уақтылы, өзіме-өзім «проблема» тауып алмасам, ертең 
өмірдің өзі барлығын қиындатар ма еді? 
 
 

 
132
 
Кез келген нәрсеге «қойшы» деп қолды сілтей 
салмай, проблеманы шешу керек. Оның шешімін 
тапқан кезде біріншіден, білім, екіншіден, 
тәжірибе, үшіншіден, өзіне деген сенімділік пайда 
болады. 
 
     Сондықтан проблеманы өз қолымыздай жасап аламыз. 
Талай адамдардың жол апатынан өмірі қиылып кетіп жа- 
тыр. Бұл әрине, өмірдің өзі тудырған проблема, бірақ 
көбінесе автокөліктегі техникалык акаулардың себебінен 
жол апаты болады. Жолға шыкпас бұрын, адам өзіне-өзі 
проблема ойлап тауып, көлігін қарап шықса немесе ма- 
мандарға көрсетсе, бәлкім барлығы басқаша болар еді 
ғой. 
     Біреулер болмайтын нәрседен проблема жасау – ты- 
рнақ астынан кір іздегенмен бірдей болып көрінеді деп 
ойлауы мүмкін. Бірақ, егер сен біреуге проблема туын- 
датсаң, ол тырнақ астынан кір іздеу болып көрінуі мүм- 
кін, ал өзіңнің тырнағыңның астынан кір іздесең, онда 
сен шыңдаласың, өзіңнің идеалды нұсқана жетесін және 
сенің кәсiбилігін артады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
АРМАНДАУ ЖӘНЕ ҚИЯЛДAУ 
АСПАННАН ТҮСЕТІН 
НӘPСЕЛЕР ЕМЕС 
 
 
     Бізде қазақта «ұят» деген сөз бар. Соның кесірінен 
көпшілігіміз ұятқа қалудан және ұялудан қорқа- 
мыз. Ал осы ұялу бізге армандауға кедергі жасайды. 
 
     Армандаудың несі жаман? Ол үшін ақша, салық төле- 
мейміз, кез келген жерде, кез келген уақытта армандай- 
мыз. 
     Өкініштісі, адамдардың көбі өз армандарынан өздері 
қорқады. Керемет ойға батып, барлығына қол жеткізуді 
қалаймыз, ал шын мәнінде белгілі бір жеңіске жетпеген 
соң, қиялға беріліп, армандаудан қорқамыз. 
     «Rumi»-ді ашпай жатып, бизнестегі серіктесiм Ай- 
дос Телжанмен көп армандайтынбыз, оны кітаптың алғы 
сөзінде де жазғанмын. Оннан аса мейрамханамыз бола- 
ды, нарыққа енгізетін жаңалықтарымызды, бізде жұмыс 
істейтін қызметкерлердің қандай болатынын, барлығын 
да ойластырып, қиялға берілетінбіз. Ал осы екі жарым 
жылда өз армандарымыздан алда келеміз. Інім Дархан 
мырза – «Rumi»-дің атқарушы директоры: «Қуаныш, 
армандамай тұра тұршы. .. Сенің ойыңа бірдеңе келсе, 
міндетті түрде біз оны жүзеге асырамыз. Бірақ күте тұр- 
шы, шаршадық, мына он мейрамхананың тірлігін бітіріп 
алайық»,
 
– дейді. 
     Шынында жоспарларымның, армандарымның бар- 
лығы орындалады және әлі де армандаудан қорықпай- 
мын. Керісінше әр ұсақ-түйегіне дейін ойластырамын, 
 
 

 
134
 
елестетемін. Оны Батыста визуализация деп атайды. 
Өзіңнің образыңды, компанияңды елестетесің, қандай 
болатынын армандайсың. Бір сөзбен айтқанда, жоғарыға 
белгі жібересің. Байқағаным, армандаудан, қиялдаудан 
қорықпау керек, олардың көбі орындалады, өзім де со- 
ның дәлелімін! 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
ЖЕНІСКЕ ЖЕТКЕН 
АДАМДАРДЫҢ ОРТАҚ ТҰСТАРЫ 
 
     Менің ойымша, бұл өмірде кез келген адам же- 
ңіске жеткісі, белгілі бір белестерді бағын- 
дырғысы келеді. Бірақ, адамдардың неден бастайты- 
нын білмеуі, нақты стратегияны құрмауы оларға ке- 
дергі келтіреді. Себебі, олардың алдында нақты қалып- 
тасқан бір образ жоқ. 
 
     Егер сен жеңіске жеткiң келсе, басыңды ауыртып не 
қыласың? Саған дейін көп нәрсеге қол жеткізген табыс- 
ты адамдар бар емес пе? Олар айналамызда бізді қор- 
шап жүр, сенің танысың болмаса да, досыңның досы, 
танысыңның туысы, бірақ ондай адамдар бар. Неге сол 
адамдармен таныспасқа? 
     Енді ғана ауылдан қалаға қарай бет бұрған немесе 
жаңадан кәсіп бастаған стартапер болсам, жеңіске жет- 
кен адамдарды тауып алып, олардың тренингтеріне ба- 
рып, сол ортаны зерттейтін едім. 
     Internet қазіргі таңда қолжетімді, күлкілі видеоларды 
қарағанша, осындай табысты адамдардың берген сұхбат- 
тарын қарап, олардың бұндай дәрежеге жету жолын біліп 
алар едім. Өйткені, ондай адамдардың ішінен кімге ұқ- 
сағың келетінін анықтап, өзімізге ұнайтын образ тауып 
алуға болады. 
     Қазіргі заманда велосипед ойлап табудың керегі жоқ, 
себебі, қажет ақпараттың барлығы Internet-те бар, техно- 
логиялар дамыған. Оқы, үйрен, сол адамның әдеттерін, 
әрекеттерін қайталай баста. Әрине, бірден үлкен жеңіс- 
терін қайталай алмаймыз, сол үшін кішкентайларынан 
бастауымыз керек. Шаш үлгіңді өзгерт, тура сол адамды- 
кіндей киім алмасаң да, соған ұқсас стильде киін, сөйлеу 
 
 
 

 
136
 
мәнеріңді өзгерт, жаңа көлік сатып ал. Осындай майда 
жеңістер, өзгерістер бізге іштей сенімділік сыйлайды, 
олар бізді үлкен жеңістерге жетелейді. 
     «Ықыластың өзі көзбояушылықтан басталады» деген 
бар. Мысалы, адамдардың көбі ораза тұтқысы келмейді, 
бірақ бұл – бес парыздың бірі. Ораза ұстағаннан кейін, 
дұрыс жолда жүргеніңді түсінесің. 
     Жаңа жұмыс орнына барып, өзің үшін жаңа саланы 
меңгерудесің делік. Басында қиын соғуы мүмкін. Бірақ 
осы жерде шыдап, әрі қарай дамып кетсең, өз ісіңнің 
шебер болып шығасың, ал жарты жолда қалып қалсаң, 
жеңілістің дәмін татасың. Бұл дегеніміз, жеңіске жет- 
кен адамдардың барлығы да, ауыр кезеңдерден өтіп, 
пісіп-жетілген адамдар. Олардың жолын, қылықтарын 
қайталап, сен де өзіңді жеңіске бір қадам жақындатасың. 
 
 
ТАРАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ КІТАПТАР МЕН 
ФИЛМДЕР ТІЗІМІ: 
 
     • «Партнеры с MBA» фильмі 
     • «Форс-мажоры» сериалы. 
     • Дэвид Стивенсон. «Лайфхаки богатых людей. 50 
способов разбогатеть». 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет