Қуаныш шонбай



Pdf көрінісі
бет7/13
Дата16.01.2020
өлшемі2,73 Mb.
#55981
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
4 5883336246050160998


 
 
МИНУСТЫ ПЛЮСКЕ 
АУЫСТЫРУ 
 
 
     Алғашқы рет «минусты плюске ауыстыру» деген- 
ді естігенімде өз басым қатты қиналғанмын. 
Себебі, бойым басқалардыкіндей ұзын емес, басым 
қазандай, қалай мен өзімнің осы минусымды плюске 
ауыстыра аламын? 
 
    Адамдардың көбісі «бізде бизнес дамымаған, сервис 
жоқ» деп, қызмет көрсету саласына қатысты бір идея айт- 
саң, оны қабылдамайды. Сылтау іздеп, тек минустарын 
тізбектей береді. Ал бұл, керісінше плюс қой. Себебі, ол 
сала дамымаған, ешкім ештеңе жасамаған, ал сен қадам 
жасап, оны өзгертіп, бірінші болсаң, сол салада моно- 
полист атанасың, бұл саған жақсы қаражат алып келеді. 
Неге өмірде кездесетін осындай минустарды, сылтаулар- 
ды плюске айналдырмасқа? Кез келген нәрсеге екінші 
жағынан қарап көрсең, оның өзің үшін ұтымды жағын 
табасың. 
    Егер өміріңде қандай да бір кедергіге жолықсаң, оны 
өзіңе оңтайлы болатындай етіп пайдаланып, плюске ай- 
налдырып ал. 
    Мысалы, көп сөйлейтінмін деп айттым. Ол менің үл- 
кен минусым болды, ал мен оны плюске айналдыру үшін 
мұғалім болдым. Нәтижесінде, Тараздағы қазақ-түрік 
колледжінде оқыған менің студенттерім ең үздік атан- 
ды. Себебі, көп кітап оқып, жақсы есте сақтау қабілетім 
бар, оның үстіне көп сөйлегенді жақсы көремін, әйтеуір, 
барлығын дұрыс пайдалана отырып, жақсы жақтарым- 
ды дамыттым. Қазіргі таңда да істеп жүргенім осы. Биз- 
несімді дамытамын, бірақ білгенімді бөліскенді жақсы 
 

 
104
 
 
көргендіктен, тренинг өткіземін. Өзімнің компаниямда 
да қазір мұғаліммін, заманауи тілмен айтсақ, коуч. Мен 
әр бөлім басшысын шақырып алып, оның ойын тыңдап, 
оған жол сілтеп отырамын. Осыған дейін бетіме басып 
келген кемшілігімді артықшылығыма айналдырдым, 
қазір мейрамхана бизнесіндегі мықты компаниялардың 
бірінің тізгінін ұстап отырған, негізін қалаушыларының 
бірімін. «Versus» қолданбалы жеңіс академиясының не- 
гізі қалануының себебі де осы шығар. Сол себепті өзіңнің 
кемшіліктеріңді артықшылығыңа, ерекшелігіне айнал- 
дырудан қорықпа. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
СЕНДЕ БІЛІМ БАР МА, 
ӘЛДЕ ЖАЙ ҒАНА КРУГОЗОР МА? 
 
     БІЛІМ – ол қараңғылықты жарық қылады, бізді алға 
жетелейді деп айтамыз. 
 
     Қазіргі заманның дерті – адамдар тренингтен тре- 
нингке баруға, ақпарат жинауға құмар, көп кітап оқиды. 
Бірақ, оны қолданбайды. 
     Жалпы, бұл ойға мені өмірдегі бір оқиға жетеледі. 
Бірде жұмыс бабымен бір ғимаратқа кіріп барғанымда, 
күзетші жігіттің бизнеске қатысты, қабылдануы ауырлау 
болып келетін, кәсіпкерлерге негізделген кітапты оқып 
отырғанын байқадым. Сол кезде, осындай мықты кітап- 
тың бұл жігітке неліктен көмегі болмады екен деп ойлан- 
дым. Кейін түсіндім, білім мен кругозор екеуі екі бөлек 
нәрсе екен. Қолыңа кітап алған кезде, «бұл ақпарат маған 
білім бола ма, әлде менің кругозорыма кетеді ме?» - деп 
өзіңе сұрақ қой. 
     Егер оқыған кітабыңды пайдалансаң, ол сенің бір 
сұрағыңа жауап тауып берсе, мәселеңді шешсе, бұл – 
білім. Ал егер де әр түрлі ақпаратқа басымызды толтыра 
берсек, үйренуге, білуге құмар болып, оны шынайы өмір- 
де қолданбасақ, ол жай ғана кругозор болып қалады. 
     Мысалы, PR-директорымыз Айна ханымға Астана 
қаласынан ашылатын мейрамхананың басы-қасында 
болып, оның салтанатты түрде өтуіне тапсырма бердім. 
Айнаның көздерінен тапсырған жұмыстың қолынан 
келіңкіремейтінін байқадым. Мен оған кітаптар тізімін 
беріп, оқып шығып, содан сұрақтарға жауап табаты- 
нын айттым. Айна ханым болса: «Қуаныш мырза, мен 
ол кітаптарды оқып қойғанмын», – деді. Ал менің оған: 
 

 
106
 
«Сіз бұл кітаптарды кругозор үшін оқығансыз, ал қазір 
алдыңызда нақты тапсырма тұр. Ал оның шешімін сіз 
нақ осы кітаптан тауып аласыз, сол кезде ол сізге мүлде 
басқаша көрінеді», – деп жауап бергенім бар, кейін баяғы 
оқылған кітаптар кругозор емес, білімге айналды. 
     Тағы бір мысал ретінде, «Versus» академиясындағы 
сату бөлімінің басшысы Ардақ ханымды айтқым келеді. 
Жұмыс барысында ол маркетинг бойынша келген лид- 
тарды саудаға айналдыруға қатысты кітап оқып жүр екен. 
Ол кітаптың Ардақ ханымға пайдасы тиеді, себебі, оның 
қазіргі таңда алдында үлкен проблема тұр. Оқыған-біл- 
генін қолданса, ол проблемасын шешеді және өзіне пай- 
далы білім алады. 
     «Rumi»-ді бастағанда Йона Бергердің «Заразитель- 
ный» деген кітабын оқып, содан білім алғанмын. «Rumi»- 
дің философиясын құруда ол кітаптың маған үлкен пай- 
дасы тиді. Бір жігіт маған: «Екеуіміз бірдей кітап оқимыз. 
Неге ол кітаптың пайдасы саған тиеді, ал маған тимейді» 
дейді. Өйткені мен кітапты сұрағыма жауап алу үшін оқи- 
мын. Бұл өте маңызды мәселе. Қолыңа кітап алған кез- 
де немесе Google-дан ақпарат іздеп, YouTube-тан видео 
көрген кезде, оның білім бе, әлде кругозор екенін ажы- 
рата білу керек. Шымбұлақта шаңғы тебуді үйренгенім 
бар. Сол уақытта Youtube-тан шаңғы тебудің техникала- 
рын үйрену туралы видеосабақтар қарадым. Егер де мен 
оны Шымбұлаққа шаңғы тебуге барған кезде емес, жазда 
көрген болсам, ол мен үшін жай ғана кругозор болып қа- 
латын еді. Ал алдымда нақты мәселе туындағандықтан, 
шаңғы тебуді үйрену мен үшін білім болды. 
     Қолыңа кез келген кітапты алғанда, «бұл маған білім 
бола ма, әлде оқыған он кітабымның тағы біреуі бола 
ма?» – деп ойлан. Сондықтан кругозорыңды үлкейте бер- 
мей, нағыз білім жина. 
 
 
 
 
 

 
 
ЖАСАУ МЕН ТЫРЫСУДЫҢ 
ФУНДАМЕНТАЛЬДЫ 
AЙЫРМАШЫЛЫҒЫ 
 
 
     Бір қарағанда екі ұғымның айырмашылығы жоқ. 
Алайда, қате анықтама қате әрекет пен қате 
нәтижеге алып келетінін еске түсіріп, осы екі ұғымды 
толық ашып көрейік. 
 
      «Тырысу» – біздің қоғамда позитивті сөз. Tырысып 
жүрген адамды көбі мақтайды, үлгі тұтады. Себебі, құр 
босқа әрекетсіз жатқанмен салыстырғанда расында да 
жақсы ғой. 
     Ал менің түсінігімде, тырысу бiздi алдайтындай. Бұл 
жерде тырысу деп нені түсінеміз. Кез келген істі жүзеге 
асыру барысында «ырымын» жасау деп білемін. «Істе- 
медім» деген атаудан арылу үшін ғана өтірік бір әрекет- 
тің сипатын істеп қою. Жұмыста талай адам бастықта- 
рының көзінше «тырысып» жүр ғой. Қарасаң тәнті бола- 
сың. Қарбалас тірлігі көп сияқты, ал нәтиже жоқ. Қорыта 
айтқанда, бұл кітапта «тырысу» – нәтижесіз, бірақ бел- 
сенді орындалатын әрекет, яғни көзбояушылықтың бір 
түрі деуге болады. 
     АЛ ӘРЕКЕТ ЖАСАУ ДЕГЕНІМІЗ НЕ? 
     Бұл істің сәтті болуына қатысты барлық жауапкер- 
шілікті бір өзіңе алу. Істің ауырлығын мойныңмен көтеру 
және үнемі нәтижеге қол жеткізу. 
      «Сәтін салмады», «бұйыртқаны» және тағы басқа сыл- 
тауларды айтпау. Ретімен жасалған істе оң нәтиже бол- 
мауы мүмкін емес. Біз «жасаудың» орнына «тырысамыз 
да», «тырыстым ғой» – деп, өз-өзімізді алдаймыз. 
 
 

 
108
 
     ТЫРЫСУ – ІСТЕМЕУДЕН ЖАМАН. Істемейтін 
адамның өзін ақтайтын амалы жоқ. Ал тырысушыда 
амал-сылтауы бітпейді. Тек жасаушыда ғана нәтиже бар. 
     Қарап тұрсаң, қарапайым сөздер сияқты. Алайда, осы- 
ның мәнін ұғып «жасап» жүрген адамдар үлесі әлем 
йынша 1%-дан аспайды. Өз атын танымал еткен, жеңіске 
жеткен адамдар көп емес. Оларды көбіміз білеміз және 
олардың жетістігінің кілті неде деп те ойланамыз. Мы- 
салы, АҚШ-та осы салада зерттеулер мен ізденістер өте 
көп. Солардың бірін өзіңізбен бөліскім келеді: 
 
 
 
 
Майкл Фэлпе дене 
құрылымының сараптамасы 
 
Майкл Фэлпс – атағы жер жарған әйгілі атлет. Әлемнің 
26 дүркін, Олимпиаданың 23 дүркін чемпионы. Нағыз 
жеңімпаз. Медаль саны бойынша абсолютті рекордсмен. 
Бір ел болып 7 алтын алып жүргенде, жалғыз өзі 7 алтын 
алған жүзуші. Қарапайым халықтан бастап, арнайы ма- 

мандарға дейін оның құпиясын зерттеген. «Майкл Фэлпс 
дене құрылымының ғылыми сараптамасы» атты мақала 
да оның жетістігінің себебі дене бітімінің ерекшелігінде 
дейді. Бойы 1,93 метр болса, қолын ашқандағы екі алақа- 
нының арасы 2 метрден асады. Оның үстіне денесі ұзын, 
ал аяқтары қысқа екен. Жазылған деректердің растығына 
шүбә келтірмеймін. Бұл жердегі мәселе – осы ақпараттың 
оқырманға әсері. Бұны оқыған адам қандай ойға келеді? 
Сен қандай ойға келдің? Кішкене үзіліс жасап ойланшы, 
өз-өзіңе сұрақ қой. Бұл мәселені де зерттеген екен. Атал- 
мыш деректері бар ақпаратты оқыған адамдардың басым 
бөлігі атақты адамдардың жеңіске жетуі көктен келген 
бір сый деп ой түйеді. Яғни, осындай жеңіске жету үшін 
менің де денем осындай болу керек деп ойлаймыз. «Әт- 
тең, Құдай ондай мүмкіндік бермеді…» – деп ары қарай 
тырысып жүре береміз. 
     Бұның басқа да нұсқалары болуы мүмкін. «Менің он- 
дай таныстарым жоқ», «Ол – байдың баласы», «Кішкен- 
тайынан мектепте жақсы оқыған» және тағы сол сияқты. 
Өзімізді барынша сол жеңіске жеткен адамға ұқсатпауға 
тырысамыз. Ұқсастық болып қалса қайталау керек қой. 
Жасау керек болады. Ал тырысып жүре берген ыңғайлы, 
жайлы. 
     Тереңдеу ойланып қарасақ, көп жеңімпаздың құпи- 
ясын талантқа не дарынға ысырып тастайды екенбіз. 
Фэлпстің тәуліктің жартысынан көбін жаттығумен өт- 
кізетіні орынсыз. Мәселе денесінің диспропорциясын- 
да. Расында солай болса, талай денесі диспропорция 
адамдар жеңімпаз болып кетпей ме? Бұндай мысалдарды 
шексіз жалғастыра беруге болады: Усэйн Болттың тізе- 
лері бірдей екен, Головкиннің жүрегі асинхронды жұмыс 
істейді екен, Витастың кеңірдегінде ақау бар екен… 
     Ал «жасау» мен «тырысудың» ара-жігін ажырататын 
не? Қандай қабілет не қасиетке ие болсақ қана біз «ты- 
рысу» фазасынан «жасауға» ауыса аламыз? Әбден бір 
сиқырлы «дәрі, бейне бір панация» іздеп үйреніп қалдық 
қой. Ондай абсолютті зат жоқ, бірақ маңызы орасан бір 
 
 

 
110
 
құбылыс бар. Ол – жауапкершілік. Біріншіден, оның та- 
биғатын толық түсіну кейін оны мойындау маңызды. 
     Жаздың ба? Онда кеттік! Өкінішке орай, жауапкер- 
шілік бақылау бар кезде ғана пайда болатын құбылыс 
болып кетті. Уақыт өткен сайын жауапкершілік әдеттегі 
қабілеттен сирек кездесетін санатқа ауысып барады. Әр 
басшының топ сұрауында жүреді. Бұл ұғымды Стивен 
Ковидің сөздерімен, ойларымен ашып көрейін. Оның 
пайымдауынша, адамдар екіге бөлінеді: реактивті және 
проактивті. Реактивті адамдар әдетте көп болады. Олар- 
ды басқару оңай. Ең бастысы, олардың шешіміне және 
өзіне бір фактор әсер етеді. Мысалы, реактивті адам бір 
тренингке барамын деген күні қатты дауыл болып кет- 
се, оның шешіміне бірнеше фактор әсер етеді. Ауа райы 
жылы болса, баратын едім. Ақша төлегендiгi не сомасы 
тегін болса, бірден үйде қалады. Төлеген ақшасы қалта- 
сына ауыр болса, барудың амалын жасайды. Қысқасы 
әсер ететін фактор көп және олар сырттан келеді. 
     Проактивті адамның шешім қабылдауы, керісінше 
ішкі күштерге сүйенеді. Ол адам құндылықпен жүреді. 
Қандай дауыл болса да, ол білім алу деген құндылықтың 
себебімен барады. Байқасаңдар, реактивті адам жауап- 
кершілікті өзге күштерге сілтей салады. «Менен басқа- 
ның бәрі кінәлі» позициясынан таймайды. Ал проактивті 
адам, олай болмаса да, жауапкершілікті бір өзінің мой- 
нына алады. Сол себепті де ол жасайды. ТЫPЫСПАЙ- 
ДЫ. Проактивті ұстазға бір мысал келтірейін. Үлкен оқу 
орнында бір топ «нашар» бала болады. Олар ешқандай 
сабаққа толық қатыспайды, тапсырма орындау атымен 
жоқ. Барлық өзге оқытушылар (реактивті) олардан үміт 
үзген: «Бұлардың тәрбиесі жаман, оқыту мүмкін емес. 
ТЫҢДАМАЙДЫ» дейді. Ал проактивті оқытушы: «Жоқ, 
МЕН оларды ТЫҢДATА АЛМАЙ жатырмын» деп күнде 
балалардың жүрегін жаулауға және шырағын жағуға ты- 
рысады. Нәтижесінде, әлгі бір «құмалақ» оқу орнын ең 
үлгілі түлек ретінде тәмамдайды. 
 
 

 
     «Тырысушы» жауапкершілікті өзгелермен бөлісіп 
жүрсе, яғни, нәтижесі болмаса өзгені айыптайды. Ал 
«жасаушы» жауапкершілікті ешкіммен бөліспейді, жа- 
ман нәтиже көрсетсе де, тек өзінің аз жұмыс істегенді- 
гінен, ізденгендігінен, оқығандығынан, сұрағандығынан 
көреді. Ал марапат не мақтауды бөліскенде жағдай 
керісінше. «Тырысушы» бар мақтауды, атақ-абыройды 
өзіне қарай тартады, ал «жасаушы» өзгелермен бөліседі. 
Жоғарыдағы мысалдан көріп тұрғанымыздай, көп «ты- 

 
112
 
 
рысушыдан» пайда аз. Бір «жасаушы» оң және түбегейлі 
өзгеріс жасай алады. 
     Татьяна Черниговская
44
 айтпақшы, біздің тіліміз – ішкі 
ұстанымдарымыздың көрінісі. Басқаша айтқанда, «жа- 
саушы» не «тырысушы» ұстанымын ұстап жүргеніміз 
біздің айтқан сөзімізден білінеді. 
     Баршамызға таныс тағы бір мысал келтірейін. Өткен 
ғасырдың соңында талай компания нарыққа серпіліс әке- 
летін өнім жасағысы келді. Бірақ көбі тек тырысып жүрді. 
Ксерокс компаниясы «мышка», тағы бір компания интер- 
фейс жасап тырысты. Ал Apple сол тырысулардың басын 
қосып жасай салды. Сөйтті де, алғашқы Макинтошты 
нарыққа әкелді. Сенсорлы телефонды бірінші болып жа- 
сауға тырысқан – Nokia. Ал жасаған – Apple. Facebook-ке 
дейін әлеуметтік желі болды. Whatsapp-қа дейін мессен- 
джер болды. Олар тырысты, біз білетіндер жасады. Жаса- 
уға тырысу бар. Жасау бар. Таңдау – Сенікі! 
     Қоғамдағы көптеген ақпарат не адамдар бізді ты- 
рысуға ғана итермелейді. Тырысқанды марапаттайды. 
«Талпыныс» бағаланады. Ал өмірде ол есепке алына ма? 
Мынау он рет банкрот болды екен деп мойындай ма? 
Форбсқа шығара ма? Тек жасағанда шығарады. Ал жасау 
үшін еріксіз олқылықтарынан үйренді. Тек бізге сырттай 
тырысу болып көрінеді. Қанша жолы болмаса да, қайтпа- 
ды дейміз. Сөзсіз, бірақ ол тырысып жүрмей бірден жа- 
саса ше? Бірден жеңіске жетуі мүмкін бе? Менің ойым- 
ша, біз өмірден таяқпен ғана сабақ алып үйреніп қалдық. 
Әрине, ол таяқ та бірдеңе үйретеді. Мәселе көпшілігінің 
сол таяқтан ес жия алмай қалатындығында. 
     НЕНІ ЖӘНЕ ҚАЛАЙ ЖАСАЙМЫЗ? Бір байқағаным 
көбіміз шартты сөйлемді қажетінен көп қолданамыз. 
Мысалы: «Егер жаңбыр жауса, өзіммен қолшатыр алып 
шығамын», «Егер көлік алсам, аяқ киімім таза болады. 
Әзірше автобуспен жүрмін, сондықтан аяқ киімім кір» 
дегендей. 
____________ 
44
 Татьяна Черниговская – психолингвистик, нейроғылым мен сана-сезім теориясының 
кеңестік және ресейлік ғалымы, биология ғылымдарының докторы, профессор. 

     Тағы бір өмірден алынған жақсы мысал. Бизнестегі 
әріптесім Айдос мырза кезінде мұғалім болып, универ- 
ситетте дәріс берген. Оған қоса жеке бизнесі де болған. 
Мұғалімдердің қасында журнал, кілт таситын көмек- 
шілері жүреді екен. Бір күні Айдос мырза кілтті күтіп 
ұзақ тұрды. Әлгі көмекші қыз әлі жоқ. Айдос мыр- 
за көмекшісіне кілт алуға өзі барса, ол қыз Internet-тен 
жұмыс іздеп отыр екен. «Маған басқа жұмыс керек еді, 
қазіргі айлығым 60-ақ мың» дейді. Сол кезде Айдос мыр- 
заның келіп, маған айтқаны: «Қуаныш, компанияма жақ- 
сы хатшы қыз іздеп жүр едім, айлығы 120 мың. Әтте- 
ген-ай, университетте маған көмекші болып жүрген қыз 
жұмысына тиянақты болғанда, оны алар едім». Көрдіңіз- 
дер ме? Егер, Айдос мырзаның көмекшісі сол кезде жұ- 
мысын жауапкершілікпен орындаса, басқа жұмысқа да 
тұрар еді, айлығы да жоғары болатын еді. 
     АҚШ-тың Әскери-теңіз флоты генералының лекция- 
сы бар. «Егер сен әлемді өзгерткiң келсе, өзіңнен баста. 
Әлемді өзгертуді, төсегіңді жинаудан баста» деген. Кіш- 
кентай нәрсені дұрыс жасамаған адам, үлкен нәрсені де 
дұрыс жасамайды. 
     Шартты сөйлемді бастан шығарып тастау керек. 
     Айтпақшы, осы лекцияны YouTube-қа кіріп, қарап ал. 
      «Если ты хочешь изменить мир, заправь кровать» деп 
аталады. Ол үшін мына берілген QR кодты сканерлеу 
жеткілікті.  
 
 
 
 
 
 
Генералдың лекциясын QR кодты сканерлеу 
арқылы көре аласың 

 
114
 
 
     Ал шартты сөйлемді пайдаланбау үшін, адам өзінің 
жұмысын жақсы көру керек. Біздің «Rumi»-де еден 
жуушы адам бар. Қарайсың да, сүйсінесің, өз жұмысын 
үлкен махаббатпен жасайды. Сол адамның құрметіне біз, 
Rumi»-дегі барлық еден жуушы адамдардың жалақы- 
сын көтердік. Себебі, оның жұмысында «бүгін қалай 
болса солай жуа салайын, ертең жақсылап жуамын» де- 
ген шартты сөйлемдер жоқ.  
     Сонымен, тырыспай жасау үшін, біріншіден «нені 
–  қазір  бар  жұмысты»  жасаймыз,  екіншіден  «қашан  – 
қазір». Шошқа мен сиыр туралы әңгімені түсінікті болу 
үшін келтірейін. 
     Бір күні шошқа сиырдан «неге сені адамдар бағалай- 
ды, ал мені бағаламайды? Мен етімді беремін, терімнен 
аяқкиім, ал қылдарымнан қылшық жасайды. Сен болсаң, 
тек сүт бересің» деп сұрайды. Сиыр ұзақ ойланып, жа- 
уап береді: «Өйткені сен етіңді, теріңді және қылда- 
рыңды өлгеннен кейін бересің, ал мен сүтімді тірі кезім- 
де беремін. Сол сияқты, «ертең, ертең» демей, қазірден 
бастау керек. 
     Үшіншіден, «қалай?» жасаймыз, «болмасаң да, ұқ- 
сап бағу». Яғни, идеалды образға ұмтыламыз. Бұл тура- 
лы «Форманың жоқтығы немесе барың мен жоғыңның 
айырмашылығы», «Образ таңдау: қияли болудың пайда- 
сы» деген бөлімдерде толыққанды талдап жазғанмын. 
     Егер сенен қарызға ақша сұрағанда, «тауып көрейін» 
десең, нәтиже 50/50, не болады, не болмайды. Курстарға 
жазылып, тіл үйреніп көремін, бизнес ашып көремін – 
тырысқан кезде, әрдайым 50/50 болады. 
     Tырысу дұрыс болса, нәтижеге алып келеді, ал қате 
болса, тағы да тырысты, қайтадан 50/50 мәселесі туын- 
дайды. Сөйтіп, әрдайым «қате» болып қайталана берсе, 
өмір бойы тырысса, бітпейтін нәрсе, шексіз, қайталана 
береді де, бір нәтижеге алып келмейді. 
     Ал жасауда 100% нәтиже болады. Не жақсы нәтиже 
немесе онша жақсы емес, бірақ нәтиже бар. 
 

     Түріктерді жақсы көремін, оларды жақсы түсінемін деп 
әрдайым айтып жүремін. Бірде Түркияда аяқ киімімді та- 
залаттым. Тазалап берген ұста өз жұмысын жанын салып, 
тиянақты жасайтыны көрініп тұр. Өзімен әңгімелессем 
өміріне риза, жалақысы тұрмысына жеткілікті, аяқ киім 
тазалайтынын мақтан тұтады, оған қоса әкесінің кәсібін 
жалғастырып жүр екен. Одан соң, таксиге отырдым. 
Стамбұлда барлығы 18 мың ресми такси бар. Біздегідей  
әр адам өз көлігіне мініп алып, таксист болып жүрмейді. 
Бірде Астанада таксиге мінгенімде, ресми костюм-шал- 
бар киіп алған, түрі мен сипаты келісті жігітке кезiктiм. 
«Неге әдемі болып киініп алғансың?» – деп сұрасам, бұл 
жігіт мемлекеттік қызметте жүр екен, ал жұмыстан уақы- 
ты бос кезде, таксист болып қосымша табыс табатын бо- 
лып шықты. Ал, Түркияда олай емес. Таксистер ресми 
түрде жұмыс істейді, барлығы да біз сияқты футболка, 
джинсымен жүре береді. Алайда, бір күні әдемі болып, 
ақ жейде киіп алған, үсті мұнтаздай таза киіміне қарап 
тамсанатын көлік жүргізушісіне жолықтым. «Неліктен 
соншалықты әдемі болып жүрсіз?» – деп сұрадым. Ол 
адам: «Егер маған Құдай жолаушы жіберсе, неге оны ал- 
басты сияқты күтіп алуым керек? Әр клиентім – құтты 
қонағым» – деп жауап берді. Сондықтан тек жоғары ла- 
уазымда отырсаң ғана емес, жалпы, әркім өз жұмысын 
жақсы істесе, өзі де нәтижеге жетеді, оның қоғамға да 
пайдасы тиеді. 
     Tырысу мен жасаудың айырмашылығын аша алдым 
деп сенемін. Және де тиісті ұстанымды таңдауға әсер ете 
алдым деп үміттенемін. Егер сен менімен әлі бірге бол- 
саң, осы бөлімнен түйгеніңді бір қорытындылауға кеңес 
беремін. Ал келесі бөлімде тырыспай, жасаудың техника- 
сына қатысты түйген ойларыммен бөліспекпін. 
 
 
 
 
 

 
116
 
 
ЖЕҢІСКЕ БАСТАЙТЫН 
НӘPCE – ЖАСАУ: ЗАТОК 
 
     Кез келген жұмысты істегенде, кәсіп бастау, тұ- 
саукесер жасау, кітап жазу болсын, оны ЗАТОК 
модель бойынша жүзеге асырамыз. Ол үшін ісің мына- 
дай бес мәселені қамтуы керек: 
 
Нені және 
Қалай жасау? 
 
Заң бойынша 
 
Аяқталған 
 
Тәртіп бойынша 
 
Ойластырылған 
 
Көрікті (Әдемі) 
 
     ЗAҢ БОЙЫНША. Өкініштісі, біздің азаматтар үшін 
барлығын заң бойынша жасау үлкен қиындық тудырады. 
Олар әрқашан алдауға тырысады, жалпы заңға қайшы 
жүргенді ұнатады. Бір сөзбен айтқанда, өздерін көрсет- 
кісі келеді. Дәмхана ашады, СЭС-тың талаптарын орын- 
дамайды, адамдар уланады; бағдаршамның қызыл түсінде 
жүріп кетеді, жаза берсең, аз емес. Бірақ, бұның барлығы 
өзімізді көрсету үшін жасалады ғой, шын мәнінде, эгоң- 
ды жұбатып қою үшін, мәртебеңді көтеру үшін. Өз ба- 
сымда болған жағдай: 
 
 
 

     Үлкен генерал ағам бар, Ішкі істер департаментінің 
бастығы, бірде соның көлігіне отырдым. Ызғытып кетіп 
барамыз. Қауіпсіздік белдігін таққан жоқпын. Енді ағам 
мықты генерал болса, ол белдіктің не қажеті бар, келісесіз 
бе? Көлік жүріп келеді. Ағам маған анықтап бір қарады. 
Сезіп тұрмын бірдеңе айтуға оқталып тұрған сияқты. 
     – Қуаныш, сен сонда, қауіпсіздік белдігін тақпайсың 
ба? Мен, мысалы, әрдайым тағамын, – дейді ағам. 
Амал жоқ, жағдайдан шығу керек: 
     – Генерал ағаңыз жоқ шығар сіздің, деп қалжыңдап 
құтылдым. 
     Негізінде, сол кезден-ақ түсінгенім, басқа бәле тіле- 
мей, барлығын заң бойынша жасау керек. 
     Сен заңды алдасаң, өзіңнің ісіңнің де берекесі бол- 
майды. 
     АЯҚТАЛҒАН. Біздің адамдарға кез келген істі бастау 
қиын емес, аяғына дейін жеткізу қиын. Олар кәсіпті оңай 
бастап кетеді, бірақ бастаған ісін аяғына дейін бітірмей 
жатып, бір жұмыстан келесі жұмысқа оп-оңай ауыса бе- 
реді. Мен, өз басым, осы жасыма дейін 28 түрлі хоббимен 
айналысып бастаған екенмін. Аяғына дейін жеткізгенім 
біреу-ақ, ол – маркетинг. 
     Аяқталған дегеніміз – туындаған мәселенің шешімін 
табу, яғни нәтижемен аяқтап, нүктесін қою деген сөз 
емес пе? 
     Ал, бізде қалай? Өздері қандай да бір айла ойлап та- 
бады. Әсіресе үнемдеп ұту үшін сылтау іздейтіндер көп. 
Соңында шығынға бататын да өздері. Сондықтан қандай 
жағдай болса да, кез келген істі соңына дейін жеткізу, 
яғни аяқтау аса маңызды. 
     ТӘРТІП БОЙЫНШA. Орысшасы «по закону жанра». 
Автокөлік моторының майын он мыңдық болса, он мың- 
дыққа ауыстыру керек екендігін барлығы біледі. Кейбір 
көліктердікі сегіз мыңдық, кейбіреуiнiкi он екі мыңдық 
болады, бірақ, әйтеуір өзінің бір нормасы бар. Ешкім оны, 
он мың десе, он екі немесе он бес мыңдыкiне ауыстыр- 
майды, себебі тәртіп сондай. Ал егер дұрыс ауыстырма- 
саң, моторы бұзылады, ол қымбатқа түседі. Бұл қағиданы 
 

 
118
 
кез келген көлік жүргізушісі біледі. Дәл сол секілді, әр 
нәрсенің өз тәртібі бар: бизнестің тәртібі бар, кітап жазу- 
дың тәртібі бар. Бізді ерекшелендіретін нәрсе – біздің 
ақыл қосып, тәртіпті, қағиданы (орысша айтқанда закон 
жанра) бұзғанымыз емес. Сол қағиданы біздің клиент- 
ке, сатып алушыға, бізді қоршаған адамдарға әдемірек, 
ұсынылғанын, оларға ыңғайлы болуын ойластыру. Сон- 
дықтан да осы ЗАТОК-тағы «Тәртіп бойынша» деген 
осыдан шыққан. Мысалыкітап жазудың өзіндік бір 
тәртібі бар, бірінші кіріспе немесе алғы сөзін жазасың, 
логикалық құрылымын сақтайсың. 
     Адамдардың басым бөлігі, қажетінше, тәртіп бойын- 
ша жұмыс жасамайтындықтан, кейінірек опық жейді. 
Өз ойын қосады, қалауын айтады. Ал, негізінде, Б.Мо- 
мышұлы атамыз: «Тәртіпке бас исең, құл болмайсың», 
– деп бекер айтпаған. Сондықтан да бастағалы отырған 
істің өзіндік қалыптасқан заңдылығы бар делік, егер бар  
болса, сол жолмен жүр. Басқа жолды іздеудің, жаңадан 
велосипед ойлап табудың қажеті жоқ. 
     Мысалы, бізде палау басудың тәсілі бар. Ал өзбек аға- 
йындарымыздың жүзжылдықтар бойында келе жатқан 
рецептураcы жеткілікті. Алматыға сол рецептурамен 
келген кезде, ішінде зирасы, бұрышы көп деп адамдар 
сын айтады да, тағамның рецептурасын өздері өзгертіп 
алып, одан соң: «Түф, Ташкенттің палауы дәмдірек 
еді», – деп мінейді. 
     Ал негізінде, бар заңдылықты сақтасаң, бұл палау да 
дәмді болар еді ғой. Дайындалу заңдылығын өзгерттің бе, 
демек, палаудың да дәмі бұзылады. Бізге де осы палауға 
байланысты талай сын айтылды, бірақ біз рецептурасын 
өзгерткен жоқпыз. 
     Әр нәрсенің өзінің бір тәртібі бар. Маркетингтің өз 
тәртібі, сатудың, кітап оқудың, мейрамхана ашудың, ре- 
зюме жасаудың да өз тәртібі бар. Айтпақшы, досым Әлі- 
шер Елікбаев жазған резюме жасау және берудің тәртібі- 
не байланысты қызықты мақаламен бөлісіп отырмын. QR 
кодты скрин жасап, оқып ал. Өте пайдалы мағлұмат көп. 
 

 
 
Әлішер ЕЛІКБАЕВТЫҢ 
мақаласына сілтеме QR код 
 
 
     Мен жоғарыда айтып кеткен пікірді өшіру мен ақыл- 
ды қосуды дәл осы жерде пайдалану керек. Бұл жағдайда 
ешқандай пікір қоспаймыз. Сенің көмекшің Google, ма- 
ман және кітап. 
     ОЙЛАСТЫРЫЛҒАН. Барлық жасайтын нәрсені ой- 
ластыр. Мысалы, тренинг жүргізген кезде, екі жерден 
led-экран қою керек пе, соны алдын ала ойластырып, заң 
және тәртіп бойынша екеу болғандықтан, жалдап алып, 
әкеліп қоясың. Міне, сол кезде тренингің де жақсы өтеді, 
келген адамдар да экрандағы мағлұматты жақсы көре 
алады. 
     КӨРІКТІ. (Әдемі). Әр жасаған жұмысың аяқталған 
болса, көзге де көрікті және жағымды болуы керек. Есіңе 
саламын, тауардың сапасы ғана емес, визуалды, эстети- 
калық маңызы да зор. Ал енді сызбаға назар аудар. Көп 
жағдайда ЗATOK қолданыста қалай жүретінін айтып бе- 
реин. 
     Әдетте, адамдар күш-қуатының 10%-ын заңды айна- 
лып өтуге, алдауға; 20%-ын істі қалай болса да, әйтеуір 
бастап кетуге, туындаған мәселелердің шешімін таппай, 
жұмыс жасай беруге; 60%-ын өз пікірін, ойын қосып, өз 
дегенінше жасауға жұмсайды. Ал соңында, нағыз ойла- 
натын жерде, жай ғана оның энергиясы жетпей қалады 
да, ұсынған тауарының сыртқы көрінісіне, көріктілігіне 
назар аудармайды. Бұндай жағдайда нәтиже болмайды. 
     Сондықтан өз ойымызды, пікірімізді қоспаймыз. 
 

 
120
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет