Қуаныш шонбай


PPL – тұлғаның сұлбалық анализі



Pdf көрінісі
бет5/13
Дата16.01.2020
өлшемі2,73 Mb.
#55981
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
4 5883336246050160998


     PPL – тұлғаның сұлбалық анализі. Төрт фактор 
бойынша сипаттама береді. 
     Конфликтілік құбылыстарды зерттеу бағытында К. То- 
мас
26
 конфликтілерге деген дәстүрлі қарым-қатынасты 
өзгертуге көңіл бөлген. Оларды зерттеудің алғашқы ке- 
зеңдерінде «конфликтілерді шешу» термині кең қолда- 
нылатынын көрсете отырып, Томас бұл термин конфлик- 
тілерді шешу немесе жою мүмкін және қажет екенін 
түсіндіретінін айткысы келеді. Осылайша конфлик- 
тілерді шешу мақсаты адамдар толық үйлесімде жұмыс 
істейтін идеалды конфликтісіз күй болып есептеледі. 
Бірақ соңғы кезде конфликтілерді шешу аспектісіне ма- 
мандардың қарым-қатынасы өзгерді. Томастың ойынша, 
бұл екі жағдайға байланысты: конфликтіні мүлдем жою 
мүмкін емесiн саналы түрде түсіну, конфликтінің жағым- 
ды қызметтерін көрсететін әдістемелер санының артуы. 
Осыдан автор ойы бойынша конфликтіні мүлдем жою- 
дан оны басқаруға екпін жасалуы тиіс. Осыған сәйкес, 
Томас конфликтіні зерттеуде келесі аспектілерге назар 
аудару керек: конфликтілік жағдайларда адамдарға мі- 
нез-құлықтың қандай формалары тән, олардың қайсы- 
сы тиімді және тиімсіз; қалайша тиімді мінез-құлыққа 
жағдай жасауға болады . 
     Конфликтілі жағдайларда адамдардың мінез-құлық 
типтерін бейнелеу үшін Томас конфликтіні реттеудің екі 
өлшемді моделін қолдануды ұсынады. Мұндағы негізгі 
өлшем – кооперациялар, яғни адамның конфликтіге қа- 
тысушы басқа адамдардың қызығушылығына назар ау- 
дарумен және өз қызығушылықтарын қорғаумен байлан- 
нысты табандылық. Бұл негізгі екі өлшемге сәйкес Томас 
конфликтіні реттеудің келесі тәсілдерін бөледі. 
1.  Басқаның қызығушылықтарына зиян келтіріп, өз 
қызығушылықтарын қанағаттандыруға ұмтылу ретіндегі 
бәсекелестік. 
26  
Дональд Томас Кэмпбелл – америкалык психолог, әлеуметтанушы және философ. 
АҚШ  Ұттық  ҒА-ның  мүшесі  1973),  Әдіснама  саласында  және  «эволюциялык 
эпистемология»  терминінің авторы ретінде танымал. 

     2. Бәсекелестікке қарама-қарсы, яғни өзге адам үшін өз 
қызығушылықтарын құрбан етуді білдіретін бейімделу. 
     3. Мәміле. 
     4. Қашу, кооперацияға ұмтылысының және өз мақсат 
тарына жетуге үрдісінің болмауы тән. 
     5. Бірлесу, яғни қатысушылар олардың екі жақты қы- 
зығушылықтарын толық қанағаттандыратын балама бо- 
лып келеді. 
     Конфликтілі жағдайдан қашуда Томас екі жақ та 
жеңіске жетпейді деп есептейді. Бәсекелестік, бейімде- 
лу және мәміле сияқты мінез-құлық формаларында қа- 
тысушылардың біреуі жеңіп, екіншісі жеңіледі немесе 
мәмілеге жол бергендіктен екеуі де жеңіледі. Тек қана 
бірлесу жағдайында екі жақ ұтыста болады. 
     Мінез-құлықтың типтік формаларын анықтауға бағыт- 
талған сауалнамасында Томас конфликтілі жағдайдағы 
индивидтің мінез-құлығының бес нұсқасын 12 сөйлем- 
мен бейнелейді. Олар 30 жұпқа топтастырылған. Олар- 
дың әрқайсысынан сұхбаттасушыға оның мінез-құлқына 
сәйкес келетін сөйлемді таңдау ұсынылады. Бір қараған- 
да жалпылама сияқты көрінгенімен, Майерс-Бриггс тесті 
бизнесте, басқару, білім беру саласында, әсіресе, Батыста 
жаппай қолданыста. Америка оқушыларының көпшілігі 
(кейбір деректер бойынша жетпіс пайызы дейді) болашақ 
мамандықты анықтарда осы тестке жүгінеді. Көп компа- 
ниялар жұмысқа қабылдамас бұрын ізденушіні осы тестен 
өткізеді. Шығармашылық сала дұрыс па, техникалық сала 
дұрыс па, басшылық қызметке икем бар ма, бағынушылық 
басым ба, детальдармен жұмыс істейсің бе, стратегиялық 
тұрғыдан ойлайсың ба, миыңның оң жақ жартысы билей 
ме, сол жағыма... сол сияқты ерекшеліктерден тұлғаның 
портреті анықталады. 
     Өзіміздің қандай қабілетіміз барын айқындай білуіміз 
керек. Бұл өте қиын нәрсе, бірақ, қабілетіңмен бар істі 
жасасаң, жеңіске жетуің оңайлау. 
     Өз қабілетіңді анықтағаннан кейін таңдаудың келесі 
сатысы алдыңнан шығады. Ол «Саған не ұнайды?» деп 
аталады. 
 

 
74
 
     Айталық менде халық алдында сөйлеу, ұйымдастыру 
қабілеті бар дейік. Қандай мүмкіндіктер бар? Жақсы тре- 
нер болуым мүмкін, мұғалім, журналист, бәлкім, имам 
болуым да мүмкін еді. Осы мамандықтардың әрқайсысы 
туралы ойландым, өзімді сынап көрдім де. Тілші болам 
дедім, «Алаш айнасы» газетіне мақалаларым да шыққан. 
Футболдан мектеп командасында ойнадым, тренер болып 
та көрдім. Сонда Оливер Каннға
27
 қызығып, қақпашы бо- 
лам, спортшы болсам деп армандайтынмын. Мұғалімдік- 
ке бейімделіп, колледжде сабақ бердім. 
     Икеміне қарай қолымнан келеді-ау дейтін дүние көп 
болады. Он бес, жиырма кәсіп. Солардың ішінен біреуін 
таңдау керек. Бұл таңдауға өзіңнің сезімің негіз болады. 
Сенің қолыңнан көп нәрсе келуі мүмкін, бірақ оның бәрі 
бірдей қуаныш сыйламайды делік. Саған ең көп қуаныш 
сыйлайтын іс қана ең үлкен жеңістерге жеткізеді. Бір са- 
ладағы жеңіс пен сенің сол саладағы қызығушылығың 
тура пропорционалды. Нені қалайсың? 
     Біріншіден, сыртқы факторлар, қоғамдағы қасаң қа- 
ғидалар мен стереотиптерден ойыңды босат. 
     Бізде балалардың көбі әкімшілікте, Министрлікте қыз- 
мет істегісі келеді. Бірақ оның арғы жағында қандай ауы- 
ртпашылық жатқанын білмейді. «Акимат» деген аты ғана 
емес, мемлекеттік қызметтің құндылықтары үшін бар- 
маған адам, ол жерде бақытты бола алмайды. Немесе заң- 
гер, экономист болам деу мода болды. Талай мектеп тү- 
легі, ешбір ойланбастан «юрфак» пен «экономфактарға» 
лап қойды. Сол қаптаған экономистер мен заңгерлердің 
біразы дипломдарын алған соң таксист пен күзетші бо- 
лып кетті. Солардың ішінде қаншама археолог, дизайнер, 
шаштараз не тігінші «өліп» кетті... 
     Мәселе мынада, болашағын таңдайтын кезде ол бала- 
лар «не нәрсеге икемім бар?», «не нәрсе маған қуаныш 
сыйлайды?» деп ойланған жоқ. Қазір менеджер деген 
«жақсы» сөз бар, «менеджментті оқып жатырмын» деп 
мақтан көріп айтады. Бірақ менеджментті оқыдың екен 
___________ 
27
 
Оливер Кан – Германиядағы екі дүркін үздік қақпашысы (2000, 2001). 
 

деп саған ешкім отырған орнын, атқарып отырған қыз- 
метін бере салмайды. Қай салада менеджер болғың ке- 
леді? Ненiң менеджері болғың келеді? Ең бастысы, ол 
саған ұнай ма? Менеджерлік сені бақытты қыла ма? 
Соны анықтап алып қана алға жылжуға болады. Таңдау 
жасаған кездегі ұран, «престиж үшін» емес, «маған ұнай- 
тыны үшін» болуы керек. 
     Екіншіден, «нашар кәсіп, не сала болады» деген ойды 
санаңнан өшір. Нашар пән болмайды, нашар оқушы бо- 
лады. Менеджментті, заңды не экономиканы оқуың мін- 
детті түрде жеңіске жеткізбейді. Есесіне өзің қалайтын 
кез келген сала, басқалар дұрыс бағаламайтын, менсін- 
бейтін болса да, жаңа есіктерді ашуы мүмкін. 
     Өмірдің өзі дәлелдеді, адам өз ісін тапса, оның жетісті- 
гіне ешкім кедергі бола алмайды. Мысалы, Стамбұлда 
Нұсрет Гекче
28
 деген ресторатор тұрады. 34 жасында 
оның Түркия мен Дубайда бірнеше мейрамханасы бар. 
Жақында Абу-Дабиде, Маямиде тағы мейрамхана ашқа- 
лы жатыр. Оның жеңіс жолына қарасаң, бес сыныптық 
қана білімі бар. Он үш жасында таныс қасапшыға келіп, 
«білгеніңді үйрет» дейді. Содан бастап еттің барлық 
түрін зерттейді, еттің білгіріне айналады. Біртіндеп сол 
төңіректегі белгілі қасапшы болып шығады. 
     Ол ет тағамдарының мейрамханасын ашқанда, бірден 
тасы өрге домалағаны да содан. Сөйтіп, «Nusr-Et» пайда 
болды. Өз басым Стамбұлда осы мейрамханаға екі рет 
барып, кіре алмай кеттім. «Maserati», «Ferrari» сияқты 
небір қымбат көлікке мінген адамдар кезекте тұр. Оған 
келген қонақтардың арасында Мадонна, Кэни Уест, Бред 
Питт, Леонардо Ди Каприо, Мануэль Нойер, Криштиану 
Роналду бар. Енді өзің ойлашы, бір кездегі кішкентай қа- 
сапшы баланың ашқан мейрамханасы Стамбұлға келген 
әлем жұлдыздарының сұранысқа ие орындарының біріне 
айналды. Оның құпиясы неде деп таңғалдым. Байқасам, 
өз саласында алға озған екен. Етті пісірудің шебері болғаны 
_____________ 
28
 
Нусрет Гекче – 2017 жылы әлеуметтік желі арқылы аты шыққан аспазшы, қасапшы.  
Қазіргі таңда бірнеше дамыған мемлекеттерде өзінің авторлық мейрамханалары бар. 
 

 
76
 
сондай, ол пісірген сүйектің өзін қасықпен жеуге болады. 
Міне, осы адамға қарап қазақша ет мейрамханасын ашу ту- 
ралы идея келді. Әрине, ең бірінші іздеген адамым – мықты 
қасапшы. Егер етке икемдің болса, қасапшы болуға кім ке- 
дергі? 
     Досым Әлішер Елікбаевтың
29
 facebook-те жазған әң- 
гімесі осы жерде есіме түсіп отыр. Әлішер Елордаға жол 
тартқанда әпкесінің пәтеріне тоқтайды екен. Зәулім сарай 
емес, кәдімгі орта санаттағы жақсы пәтер, Есіл өзенінің 
оң жағалауында орналасқан. Әлішердің әпкесі осы пә- 
тер үшін алған кредитін жақында ғана жауыпты. Оның 
пәтерін жинайтын, үй тазалаушы болып жұмыс істейтін 
әйел адам бар. Ол таңертең «MEGA-Astana»-да өзі та- 
залайтын бірнеше бутиктің әрқайсысының алдына бір- 
бір шелек су қойып, уақытты үнемдеп, барлығын жуып 
шығатын. Ал сауда орталығы ашылған кезде, келген 
қонақтардың алдында шүберекпен, швабрамен жүруге 
болмайтындықтан, сол уақытта коттедждер мен үйлерді 
тазалап келетін. Сауда орталығы жабыларға дейін қайта 
оралып енді бутиктерді емес, сауда орталығының дәліз 
дерін, эскалаторларын жуып шығатын. Осындай кестесі 
не қарамастан, ол әрдайым күлімдеп және қуанып жүреді 
екен. Туыстарымен бірге пәтер жалдап тұрады, бір бөл- 
меде он адам. Еңбектеніп, тірнектеп ақша жинап, Астана- 
дағы Евразия деген ауданнан бір бөлмелі пәтер сатып ала- 
ды. Ең жақсы аудан болмағанымен, бастысы пәтер алды 
ғой. Бірақ, ол адам пәтеріне көшпейді, оны жалға беріп, 
ал өзі әрі қарай он адаммен жалданған пәтерде тұрып, 
жұмысын жалғастыра береді. Ақшасын шашып, қымбат 
мейрамханаларға немесе киім-кешекке жұмсамайтын. 
Сөйтіп, жалға берген пәтері мен күнделікті тазалаушы 
болып істеген жұмысынан түскен қаражатқа Астанадағы 
Радуга деген ауданнан тағы да үш бөлмелі пәтер сатып 
алады. Жұмысында одан да мобильді болуы үшін, ав- 
токөлік сатып алған, енді жолға қоғамдық көлікпен көп 
уақыт жұмсамайды, сондықтан одан да көбірек жұмыс 
_____________ 
29
  Әлішер  Елікбаев  –  Қазақстандық  блогер,  пиар  саласының  маманы,  филантроп 
интернет жұлдызы. 

 
істеуге мүмкіндік бар. Қазір ол Астанадағы ең беделді 
үйлердің бірі «Highvill Astana» тұрғын үй кешенінен өзін- 
не пәтер сатып алды. Түсініп отырсыздар ма, Елорданың 
шетінде орналасқан кішігірім пәтерде, Әлішердің әп- 
кесінің үй тазалаушысы болып Астанада үш пәтері мен 
автокөлігі бар адам жұмыс істейді. 
     Адам өзіне ұнайтын нәрсе тапса, онымен табандап 
айналысса, жеңіске жетеді. Қазақстанның реалиясында 
ол мүмкін болатын жайт. Бұл Америка емес. 200 жылдан 
бергі бәсеке жоқ бізде. Ал белгілі бір салада жеңіске жете- 
алмаса, оған сала емес, адамның өзі кінәлі. Аяқ киім та- 
залаудың шебері болып та, үй тазалаудан да табысты бо- 
луға болады. Үй тазалаудан басқалардың алдына түсуге 
болады. Мысалы, америкалық жалғыз басты әйел Джой 
Мангано
30
 еден жуатын шүберек ойлап тауып, миллио- 
нер атанды. Ол туралы Дэвид О.Рассел
31
 «Джой» деген 
фильм де түсірді. Қарап отырсаң, мәселе қандай салада 
еңбектену емес. Мәселе ішкі потенциалыңызды өтеу 
таңдаған салада бірінші болуға тырысу. 
     Үшіншіден, саған не ұнайтынын білу үшін алдымен 
істің дәмін татып көру керек «Баунтидің» жарнамасын 
көріп өстік, сонда теңіз жағасында, аппақ құмның үстіне 
биік пальмадан үлкен кокос жаңғағы құлап, жарылатын. 
Ішінен сүттей аппақ сусын төгіліп, оны сұлу қыз аузынан 
ағызып тұрып ішетін. Қарап отырып қызығасың. Анау 
кокос жаңғағынан ағытылған сусын сондай тәтті болып 
елестейді: құмарың қанып, тәбетің тартады да тұрады. 
Түркияда оқып жүргенімде сол кокос сүтін арнайы алып 
iштiм. Дәмі бір түрлі. Ұнамады. Бірақ ойладым, коко- 
стың «кінәсі» жоқ, түріктер тасымалдау кезінде бірдеңені 
бүлдірген ғой деп. Дубайға барғанда онда да кокос сүтін 
көрдім. Шынында да, маған мүлде ұнамайтынын түсіндім. 
Сол сияқты, кез келген істің де дәмін көрмей жатып 
ұнайды, ұнамайды деп айта алмайсың. Алманың дәмі 
___________ 
30
  Джой  Мангано  –  америкалық  өнертапқыш  және  кәсіпкер.  «Ingenious  Designs» 
комаииясынын президенті. 2010 жылы әлемдегі ең креативті 10 әйелдің тізіміне енген. 
31
 Дэвид Рассел – америкалык режиссер, продюсер және сценарист. «The Fighter», «Мусу 
һе Руссо» т.б. фильмдерінің сценарисі. 

 
78
 
жегенде ғана білінетіні сияқты, бір нәрсенің қолыннан 
келетінін, саған ұнайтынын тек жасап көргенде ғана 
білесің. Осы этапта әр нәрсемен шұғылдана беруіміз, 
әр нәрсенің басын түрте беруміз керек. Өйткені басқаша 
қолымыздан не келетінін, бізге не ұнайтынын білмейміз. 
Сондықтан бізге жүктелген міндет – іздену. Егер сені 
қызықтыратын сала болса, сол бойынша «HeadHunter»- 
ге кіріп, вакансия іздеу, айлығы аз болса да немесе тегін 
болса да, ол жұмысты істеп көру. Саған ұнайтын саланың 
майталмандарын тауып алып, оларға көмекші болу. Ол 
саланың басын түртіп көре салу емес, оның сенің қо- 
лыңнан қаншалықты келетінін көру, өзіңді сынау. Саған 
нағыз лайық, сен іздеген ісің болса, осы салада қала- 
сың, әрі қарай пісіп-жетілесің, ал сенікі болмаса, салаңды 
ауыстырасың. Ұмытпа, бұл этаптағы сенің міндетің – 
іздену. 
     Төртіншіден, монетизация заңын ұмытпайық. Моне- 
тизация заңы қабілетіңнің ақшаға айналуын қадағалайды. 
Бір саланы таңдадың делік. Мұнымен күн көре аласың- 
ба? Маған серуендеу ұнайтын шығар, бірақ ол үшін кім 
маған ақша төлейді? SMM ұнайды, одан ақша таба ала- 
мын, бірақ өзім күткендей көлемде емес. Әрине, табыс 
деген міндетті түрде байлық емес. Дәрігер миллионер бо- 
луды күтпейді. Ғылым жолына түскен адам, әсіресе, Қа- 
зақстанда, миллиондарды армандай қоймайды. Олардың 
фокусы басқада, басқа дүниелерден ләззат алады, потен- 
циалдарының пайдаланылып жатқанын, өз ісімен айна- 
лысып жүргенін сезініп, содан рақат табады. Бірақ қан- 
дай кәсіппен айналысу арқылы да өте жақсы өмір сүруге 
болады. Адам материалды игіліктердің бәрінен бас тарта 
алмайды, өйткені олар рухани өмірімізді жеңілдететін 
құралдар. Жеме-жемге келгенде, отбасыңның, жақында- 
рыңның алдында жауапкершілігің болады. Адам, қалай 
болғанда да, әлеуметтік жаратылыс. Сондықтан мат- 
риалды игіліктерге ұмтылуда тұрған ештеңе жоқ. Ұм- 
тылу керек, жету керек. Қолымнан келеді, өзіме ұнайды 
дегеннің ішіндегі қайсысы сенің қаржылық қажеттілік- 
еріңді өтей алады, сол аспектіні ұмытпа. 

ҮЙPEHУДІ ҮЙPЕНУ 
 
 
     Үрену – жеңіске жету жолындағы тағы бір ке- 
дергі. Мойындау керек, адамдардың басым бөлігі 
үйренуге дағдыланбаған. Оның себептері тіл білмейді
қалыптасқан фундаментальды ой-өрісі жоқ, логика да- 
мымаған, кітап оқудың техникасын және мидың жұ- 
мыс жасау құрылымын білмейді. 
 
     Адамдар, үйренуге келгенде барлығын білеміз деп ой- 
лайды. Ал шын мәнісінде, іске келгенде болмайтын қате- 
лер жібереді. 
     Себебі , үйренген жоқ, үйренгісі келмейді де. Қарапа- 
йым мысал, Intermet-тен қажетті ақпаратты алу үшін, біз 
Google-ға дұрыс сұрақ қоя алмаймыз. 
     Кез келген істі бастаудың алғышарты – мен білмеймін 
деп айту, оны мойындау. Көп адам «өзім білемін», «өзім 
істей аламын» деген позицияны ұстанады. 
     Қарапайым мысал: Еркебұлан деген досым келіп: 
«Қуаныш, шаңғы тебуді үйретесің бе?», – деді. Сонда 
мен: «Еркебұлан, өзіңді дүниедегі ең сорлы адам ретінде 
сезiндiң бе?» – деп сұрасам «иә», – дейді. Сол сезімді 
бастан кешкеннен кейін, мен де оған шаңғы тебудi қуа- 
на-қуана үйреттім. Көрдің бе, бастысы – білмейтініңді 
мойындау! 
     Біз алып жүрген білімнің жарамдылық мерзімі екі 
үш жыл ғана деп айтып жүремін. Себебі, заман дамуда, 
әрдайым жаңару, өзгеру барысында. Егер бір рет алған 
білімімізге жабысып қалатын болсақ, қаласақ та, қалама- 
сақ  та  ол  ескіреді.  Мысалы,  маркетингтен  алған  білімің 
толығымен бес жылда өзгереді деп айтады. Осы уақытқа 
дейін маркетингтің атасы атанған Филип Котлердің
32
 
«4P» деген маркетингтің моделі бар. Осы туралы жа- 
____________ 
32
 
Филип Котлер – халықаралық дәрежелі маркетинг профессоры.
 
 
 

 
80
 
зылған Котлердің кітабын тіпті «Библия маркетинга» деп 
атап кеткен. Бірақ уақыт өте келе, «7Р», «7E», «Experience 
marketing», тағы басқалары шықты. Енді Котлердің мо- 
делі қазіргі таңда халыққа өтпейді. Сондықтан біз бір 
нәрсені үйренбеуіміз керек, ал үйренуді үйренуіміз керек. 
     Менің ресейлік «Бизнес молодость» жобасына берген 
сұхбатымды көрген бір жігіт, тренингке келіп «Бағалар- 
ды қалыптастыруда Элияху Голдраттың
33
 кітабына не- 
гізделдім дедіңіз сұхбатта. Ол қай кітап?», – деп сұрады. 
Менен естіген жауап, оған ұнамаған шығар, бірақ сабақ 
болсын деп көптің көзінше айттым: «Google»-ға кіресің, 
Элияху Голдратт деп тересің, сонда шығатыны төрт-ақ 
кітап. Неліктен сол төрт кітапты да оқымасқа?». 
     Еркебұлан деген досымның «Тандыр N1» деген дәмха- 
насы бар. Күніне 800 дана самса сатады. Басқа дәмхана- 
ларда жалпы норма күніне 100-120 дана. Еркебұланның 
жақсы қасиеті ақыл сұрайды, әрдайым үйренуге дайын 
Қалай айтасың, солай жасайды, басын ауыртпайды. 
     «Үміткер» реалити-шоуының он екінші бөлімінде 
үміткерлер панасыз қалған иттер орталығына қаражат 
жинайды. Осы орталықтың иелері өздері іс-шара өткізіп, 
59 мың теңге тапқан. Ал біздің үміткерлер шоу бары- 
сында маркетинг, нейромаркетинг дегенді оқып, айтқан 
ақылымызды тыңдап, соның арқасында бір күнде ша- 
малап алғанда 600 мың теңге табады. Бір мәселе – па- 
насыз иттер орталығына көмектесу, бірақ, дайындықсыз 
келген жағдайда аз қаражат табады, ал алдын ала ойлас- 
тырылған, үйреніп, дайындықпен келсе, жоғары нәтиже 
көрсетеді. 
     Тағы да, көбі үйренбей, білмей жатып бизнес ашады, 
өзіне сай емес қызметке кіріседі. Бір кітаптан оқығаным 
бар еді, бір идея туғанда, ол туралы пікірді үш әйел адам 
нан сұра. Сонда бұл идеяңның дұрыстығы, не бұрыс- 
тығы айқын болады делінген. Сондықтан да бас салып, 
ойыңдағыны жүзеге асыруға асықпа, 
_____________ 
33
 
Элияху  Голдратт  –  «Шектеулер  теориясының»  және  бірнеше  бестселлер  бизнес 
кітаптарының авторы.
 
 

Маған кеңес сұрауға 70 миллион теңгесі бар бір жігіт 
келді. Әдетте, идеялары бар, бірақ қалталарында 500 мың 
немесе 1 миллион шамасында қаражаты барлар келетін. 
Ал бұл жігітте идея жоқ, бірақ 70 миллионы бар. Оған 
«5 миллион теңгені ал да, өзіңе жұмса, саяхатта, көр, 
біл, шабыттан» дедім. Ол оған ақша жұмсағысы келмеді. 
«Олай болса, кітапханаға бар да «Менде бизнес идея жоқ 
болса, бизнес идеяны қайдан табам» деген кітап сатып 
ал» – дедім. Ондай кітап жоқ! Жоооқ! 
     Жаңа ақпаратқа, білімге қабілетсіз адамдар болмайды. 
Еріншек адамдар ғана болады. Себебі, адамның бәрі қа- 
білетті. Мәселе оны толық пайдаланбауда. Брайан Трей- 
си «Достижение максимума. 12 принципов» (Maximum 
Achievement: Strategies and skills that will Unlock Your 
Hidden Powers to succeed) деген кітабында Стэнфорд 
университетінің зерттеуін келтіреді. Адам өз миының 
мүмкіндігінің екi пайызын ғана пайдаланады екен. Ал 
адам миы дегеніңіз, ондаған миллиард жасушалардан 
тұратын күрделі құрылыс. Ол секундына ондаған фактіні 
тіркей алатын қабілетке ие. Кейбір зерттеулер, адам миы 
жүз триллион сөзге тең ақпаратты сақтай алады дейді. 
Ал осы ғажайып құрылыстың 98 пайызы «жұмыссыз» 
ұйықтап жатыр. Өмір –  тұнып тұрған мүмкіндік. Міне – 
істе, міне – дәмін тат, оқы, үйрен.  
     Үйренуді үйрену қарапайым тақырып болып 
көрінгенімен көпшілікке жетіспейтін дағды. Үйренуді 
үйренудің кілті мидың жұмыс істеу механизмдерін 
түсінуде, жад пен қайталаудың рөлін ұғуда жатыр. Бұл 
бөлімде халықаралық мамандардың пікірінде теориялық 
ақпарат қана беріп қоймай, қарапайым құралдарды да 
беруге тырыстым. 
     Адам миы ең күрделі және толық зерттелмеген ағза. 
Алайда оның құбылыстары мен заңдылықтарын түсіну 
ісіміздің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. 
     Өзгеше айтсақ, үйренуді үйрену үшін миымыздың 
қалай жұмыс істейтініне, ойлау үдерісінің түрлеріне 
тоқталайық. Осы бөлім Калифорния университетінің 
 
 

 
82
 
докторы Барбара Оакли
34
 еңбегінің негізінде алған 
және пайдаланған өз тәжірибемде жазылды. Барбара 
ханымның пайымдауынша, адамда 2 ойлану режимі бар: 
зейінді және шашыраңқы, 
     Зейінді режим – көңіліміздің барынша фокусталған 
кезі. Көбіне бір мәселені терең ойланған кезді білдіреді. 
Ал шашыраңқы ойлану режимі ештеңе шоғырланбай, 
ойдың кең не бос күйде болуы. Әдетте мәселеге терең- 
демей, үстіртін қарау не ойланумен анықталады. Мысал 
ретінде ойды жеміс ағашындағы алма деп алатын болсақ 
зейінді ойлану кезінде назар тек бір немесе бірнеше 
алмада ғана болады. Ойлардың жылдамдығы да жоғары 
болады. 
     Ал шашыраңқы ойлану кезінде назар алмада емес 
толық жеміс ағашына ауысады. Барлық алмаларды 
көрмесек те, толық көріністі байқаймыз. 
     Егер есеп шығарсаң, яғни сандарды көбейтумен 
айналыссаң, миың зейінді режимде жұмыс істейді 
Өмірде бір проблемаға кездесіп, оны шеше алмай 
жүргенде миымыз зейінді режимнен шыға алмай қалады. 
Бұл өз кезегінде миға кері әсерін тигізеді және үнемі 
зейінді режимді болу мәселені шешуге көмектеспейді. 
Ешқашан бір мәселені ұзақ және үзбей ойланғаннан 
шешімі табыла салмаған. 
     Ал сурет салу сынды іспен шұғылдансаң шашыраңқы 
режимге ауысасың. Күнделікті тұрмыстағы серуендеу 
жуыну немесе ұйықтау сынды әрекеттер – шашыраңқы 
режимге ауысудың қарапайым жолдары. Көп мәселе 
шешімін таңда табатыны да осыдан. 
     Тиімді жұмыс істеу үшін екеуі де маңызды. Екеуі 
тиынның екі жағы сияқты. Екі режимді сауатты басқара 
алған адам ғана ойланудың шыңын бағындыра алады. 
Не үшін екеуін кезекпен ауыстырып отыру керек? 
Себебі, зейінді ойлау кезінде мида жаңа нейронды 
байланыстар орнай бастайды, бірақ қызмет етпейді 
Сол жаңа нейробайланыстың арасында «ток» жүруі, 
яғни жаңа дүниені қабылдауы үшін уақыт керек. Ал 
_____________ 
34
 
Барбара Оакли – Окленд университетінің инженер-профессоры.
 

 
уақытты тек шашыраңқы ойлану режимі береді. Бұл 
бір кірпіш қалаумен ұқсас үрдіс. Бірқатар кірпішті 
қалап шыққаннан кейін, келесі қатарды қаламай тұрып, 
арасындағы цементке қату мүмкіндігін бересін. Асығып, 
уақыт бөлмей, кірпішті үсті-үстіне қалай беретін болсаң, 
қабырғаң ертегінде-ақ құлап қалады. 
     Үйрену үрдісі де дәл осылай жүреді. Тиімді үйренудің 
кілті – уақыттын рөлін түсіну. Мысалы, кішкентай 
бала тақпақ жатағаннан кейін бірден айтып беруі 
екіталай. Ал, ертеңіне сұрасаң, айта алу ықтималдығы 
жоғарылайды. Сондықтан бүгінде интервалды оқыту 
немесе қайталау (spaced learning/spaced repetition) ең 
тиімді әдістердің қатарында. Интервалды оқыту дегеніміз 
кез келген жаңа дүниені қабылдауда араға уакыт салып 
отыруды білдіреді. Мысалы, жаңа материалды үзбей 
және қарқынды 2-3 сағат тоқтамай айтып шыққаннан 
гөрі, қысқа бөлшектерге бөліп, арасында үзіліс не ойын 
кіргізіп өткізудің пайдасы зор. 
     Жад та үйрену үдерісінің маңызды элементі. Біздің 
есте сақтау жадымыз өздерің білетіндей, екіге бөлінеді: 
қысқа және ұзақ мерзімді. Қысқа мерзімді жадты кейде 
жұмыс жады деп те атайды. Ғалымдардың пайымдауын- 
ша, біздің жұмыс жадымызда тек 4 бірлікке орын бар. 
Біз соларды үздіксіз қайталап тұрған кезде ғана жұмыс 
жадында сақтай аламыз. Мысалы, 7–8 санға қарағанда 
3–4 санды жаттау жеңілдеу. Кейде кішкентай балалардың 
ойлану жүйесінің ерекшеліктеріне байланысты және жас 
ерекшелігіне қарай біз үшін қарапайым заттарды есте 
сақтауда қиындықтар болып жатады. Дүкенге кеткен 
бала не үшін барғанын ұмытып қалып жатады. Мәселен, 
балада ұзақ мерзімді жад бірінші, ал жұмыс жады кештеу 
қалыптасатындығында.  Жұмыс  жадын  орташа  көлемдегі 
тақтайша деп елестетіңіз. Ол «тақтайшаға» көп зат жаза 
алмайсыз. 
     Ал ұзақ мерзімді жад үлкен (шексіз) қоймаға ұқсай 
ды. Мәселе тек қойманың ішіндегі жүйенің не бар, не 
жоқтығында. Жұмыс жадынан сәтті өткен ақпарат ұзақ 
 

 
84
 
мерзімді есте сақтау жадына, яғни қоймаға аттанады. 
Интервалды қайталау, яғни еске алу сол ақпараттың қой- 
мадағы орнын анықтау. Жиі қайталанған сайын ол ақпа- 
ратқа апаратын жол жақсы сақталады. Мысалы, бір жаңа- 
материалды меңгергенде ертеңінде, тағы 2–3, сосын 5-7 
күннен кейін, 2 аптадан кейін, 1 айдан кейін және осылай 
араға уақыт салып қайталап отыру ұзақ мерзімді жадта 
жүйе қалыптастырып, үйрену тиімділігін арттырады. 
Аталмыш әдіс шет тілін үйренуден бастап кез келген 
қарапайым ақпаратты қабылдауда қолдануға тиімді. Бір 
ақпаратты бір күнде бірнеше рет қайталау (кішкентай 
кезімізде өлең жаттауды еске алайық) бұлшық етті шы- 
нықтыру үшін бір күнде 100 рет темір көтергенмен тең. 
Нәтижесіз, тиімсіз және үнемді емес. 
     Шашыраңқы ойлану режимін қосудың жақсы амалы 
– жоғарыда аталған ұйқы. Ұйқы өзінше бір арсыз әрекет 
болғанымен, сауатты қолданылған жағдайда өте пайда- 
лы. Зейінді ойлану барысында, яғни бір мәселені қат- 
ты ойланғанда, не шешуге тырысқанда нейрондардың 
арасындағы құбылыстардан мида уыт (токсин) бөліне 
бастайды. Осы уыттың кесірінен нейрондардың ара- 
сындағы өткізгіштік қасиеті төмендеп, ойлану бәсең- 
дейді. Рекорд қою мақсатында бір тәуліктен көп уақыт 
ұйықтамаған адамдарда елестер пайда болғанын айтады. 
Ол да осы уыттың салдары. Бұл зиянды элементтерден 
айырылудың жалғыз жолы – ұйықтау. Біз ұйықтағанда 
мидағы сұйықтық сол уыттан толық тазарады. Ал қанша 
сағат ұйықтау керек екені өзінше бөлек тақырып, 
     Неге бүкіл әлемдік тартылыс заңын Ньютон ашты? 
Біздің де басымызға алма (не басқа зат) түсіп жүр ғой. 
Аңызға сенсек, бәрі дәл сол алма түскен кезде болды 
ғой. Неге Менделеевтің кестесін Дмитрий мырза ашты? 
Бәріміз күнде ұйықтап жүрміз ғой? Неге Архимед өз 
заңын дәл суға түскенде ашты? Байқасаң, көптеген ға- 
лымдар өз жаңалықтарын зейінді емес, шашыраңқы 
ойлану кезінде ашқан. Және бір мәселе, шашыраңқы 
 
 

ойланудың кұр өзінен де пайда аз. Себебі, шашыраңкы 
ойланудан арыла алмай жүрген талай адамдар жаңалық 
ашып тастайтын еді. Жоғарыда аталған жандар белгілі 
бір мәселені терең ойланғаннан кейін ғана дем алған кез- 
дерінде жаңалық аша алған. 
     Америкалық өнертапқыш және кәсіпкер Томас Эди- 
сон
35
 да шашыраңқы ойлануға ауысу кезінде миға келетін 
шешімді сақтап қалу үшін отырып ұйықтаған. Сонымен 
қатар қолына ауыр темір ұстап алады екен. Теледидар 
дың алдында отырып, қалғып кеткенде пульт қолынан 
түсіп кеткен кездер болған шығар. Томас мырза да дәл 
осылай маңызды ойларын бекітіп отырған. 
     Мидың белсенді жұмыс істеуі, ақпараттарды өңдеуі 
нейрондарға байланысты. Ғалымдардың айтуынша, адам 
баласы есейген сайын минутына 56 нейрон өліп отыра- 
ды. Яғни, уақыт өткен сайын ми қабілеті әлсірей береді. 
Әрине, ешқандай жұмыс жүргізілмесе. Нейрондарды 
сақтап қалудың ең жақсы амалы – жаттығу. 
     «Versus» қолданбалы жетістік академиясы Vertex кур- 
сының аясында жүргізілген ең қиын тапсырманың бірі 
күніне 10 мың қадам жүру еді. Көлігі бар, өмірінде 
қоғамдық көлікке отырмаған адамдар күніне 10 қадам 
жүру арқылы, яғни шашыраңқы ойлану режиміне ауысу 
арқылы өздерінің талай мәселелерін шешкенін айтқан 
еді. Жоғарыда айтылғандай, жаттығу – ең оңай амалдың 
бірі. Vertex курсының қатысушылары бүгінге дейін күні- 
не 10 қадам жаттығуын тастамады деп сенемін. Өз зейі- 
німізді басқару – үйрену үдерісін басқару. 
     Енді нақты техникаларға көшетін болсақ, өзіңмен по- 
модора тәсілін бөліскім келеді. 
    Помодора тәсілі – кез келген іспен айналысу барысында 
соңғы нәтижеге емес, сол істі орындау барысына – үрдісіне 
зейін қою. Соңғы нәтижеде пайда болуы керек өнімге зейін 
қою адамды қажытып, көбіне сәтсіздікке әкеледі. 
     Помодора тәсілінде ең маңызды сұрақ қашан? 
 
35
 Томас Эдийсон – америалық өнертапқыш әрі кәсіпкер. Автоматтық дауыс тіркегіші, 
телеграф приборын, электр қаламын, фонографты ойлап тапқан.  
 

 
86
 
     Қашан бастаймын емес, қашан тоқтаймын. Бастаған 
ісім бітсе де, бітпесе де – тоқтау. Әдетте, 25 және 5 минут 
та басталады. Яғни, 25 минут жұмыс істейміз. Зейін ойла- 
ну режимінде болу керек. Ол үшін барлық еліктіргіштерді 
(телефон, әлеуметтік желілер және .б.) алып тастау керек. 
Кейін 5 минут шашыраңқы ойлану режиміне ауысу. Қа- 
рапайым жаттығу жүріп келу, не бір физикалық немесе 
зияткерлік ойын ойнау. 
     Біліктілік иллюзиясы. Кез келген үдерістің сәтті 
жүруіне кедергі болатын күштер бар. Үйренуді үйрену- 
дің ең үлкен кедергісі – біліктілік иллюзиясы. Өзгеше 
айтқанда, «мен білемін» деп ойлау. Күнделікті өмірде 
байқалмағанымен, жаһандану салдары ретінде ақпарат 
жылдамдығының артуынан көбімпіз осы біліктілік иллю- 
зиясында жүрміз. Көбіміздің компьютерімізде, телефо- 
нымызда не өзге электронды құрылғыларымызда және 
бұлтта кемінде бір-екі кітап сақтап қойғанбыз. «Мынау 
керек болады» деген оймен талай тренингтің слайдтарын 
немесе кітаптардың мұқабасын фотоға түсіріп те алдық. 
Сол электронды нұсқаға ауысқан ақпарат пен ертеңінде 
қолданыс тапқан ақпараттың арасында конверсия (байла- 
ныс) қаншалықты екен… 
     Кітап оқып отырған кезде де ішінде ұнаған бөлігін 
арнайы маркер, қарындаш не өзге құралмен белгілеп қо- 
ямыз. Түрлiтүсті стижерлерде жапсырамыз. Бұл әрекет- 
тер осы ақпарат мен үшін маңызды және оны есімде 
сақтап алдым деген жалған сезім сыйлайды. Соның се- 
бебінен де ертең ол қолданысқа түспейді. Сол күйі қа- 
лады. Өкінішке қарай, байқамай өзімізді өзіміз осылай 
алдап жібереміз. Ертең қажет болғанда сол ақпараттың 
ешқайсысын еске түсіре алмаймыз. «Миымнан шығып». 
кетті дейміз. 
     Теориялық тұрғыда, миымызға кірген кез келген ақпа- 
рат ешқайда кетпейді. Ол сол жерде қалады. Тек біз оған 
барар «жолды» таба алмай қаламыз. Ұмыту дегеніміз – 
ақпараттың мидан шығып кетуі емес, ұзақ мерзімді жад- 
тың бір қуысында қалып қоюы. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет