Пән: «Ветеринарлық істі ұйымдастыру»
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасы Ветеринария мәселері бойынша заңнама.
Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасы Ветеринария мәселері бойынша заңнаманы меңгеру.
Сабақтың жабдықталуы: Ветеринарлық заңнамалар, видео жазбалар, оқулық.
Жоспар: Қазақстан Республикасы Ветеринария мәселері бойынша заңнама
Қазақстан Республикасы Ветеринария мәселері бойынша заңнамаға енгізілген кейбір өзгерістер.
2009 жылдың 24 шілдесінде "ветеринария мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңы қабылданды.
Заңның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының ветеринария жүйесін мемлекеттік басқару мен реттеуді, ветеринариялық ұйымдардың қызметін қайта қарау жолымен ветеринария саласындағы заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық салауаттылықты және тамақ өнімдерінің, ветеринариялық препараттар мен дәрілік заттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кемшіліктерді жою болып табылады.
Заңмен ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы орталық уәкілетті органның өкілеттігі нақтыланды.
Қазақстан Республикасының алдағы ДСҰ-ға кіруі жануарлардың денсаулығы мен өндірілетін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы белгілі бір құқықтық нормаларды енгізуді талап етеді.
Бақылау сұрақтары: Ветеринария ісін ұйымдастыру дегеніміз не?
Ветеринария ісінің даму деңгейі неге байланысты?
Болашақ жас маман ретінде сіздер нені білуге және нені істей алуға міндеттісіздер?