Пән: «Ветеринарлық істі ұйымдастыру»
Сабақтың тақырыбы: Ветеринарлық органдар мен мекемелер жүйесі, Ветеринарлық қызмет түрлері. Аудан көлеміндегі Ветеринарлық қызметті басқару және ұйымдастыру.
Сабақтың мақсаты: Ветеринарлық органдар мен мекемелер жүйесі, Ветеринарлық қызмет түрлері. Аудан көлеміндегі Ветеринарлық қызметті басқару және ұйымдастыруды білу.
Сабақтың жабдықталуы:Ветеринарлық заңнамалар, видео жазбалар, оқулық.
Жоспар: Аудандық ветеринарлық қызмет – республикадағы ветеринария ісінің негізгі буыны. Оның қызметіне республика бойынша жүргізілетін шаралардың 80-90℅ -ы келеді. Ауылдық жерде ветеринария мамандарының 70 ℅ жуығы жұмыс істейді.
Аудандағы ветеринариялық қызметтің ұйымдастыру құрамына мемелекеттік ветеринарлық қызмет, шаруашылықтар мен кәсіпорындардың ведомстоволық ветеринарлық қызметі және жекеменшік кәсіпкерлік қызметтер кіреді. Бұд қызметті аудан бойынша басқару аудандық ветеринарлық бөлімге жүктеледі.
Аудандық ветеринарлық бөлім – аудан көлемінде ветеринария саласындағы орталық және жетекші мемелекеттік мекеме. Оған тікелей жүктелетін міндет аудандағы ветеринария мекемелерінің ведомстволық және ветеринарлық кәсіпкерлік қызметтің жұмысына әдістемелік және шұғыл түрде башсылық ету, қадағалау.