Пән: «Ветеринарлық істі ұйымдастыру»
Сабақтың тақырыбы: Ветеринарлық қызметті реттейтін құжаттар
Сабақтың мақсаты: Ветеринарлық қызметті реттейтін құжаттарды білу
Сабақтың жабдықталуы: Ветеринарлық заңнамалар, видео жазбалар, оқулық.
Жоспар: Ветеринарлық заңнамаға Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңы, үкімет актілері, ережелер, нұсқама, нұсқау, ереже, нұсқау қағаздары, нормалар, нормативтер мен еліміздегі аталмыш қызметті реттейтін өзге де құжаттар.
Нұсқамалар – міндетті ветеринарлық шараларды тағайындайды.
Нұсқау ережелері – ветеринарлық жұмыс техникасы мен оны орындау әдістерін анықтайды.
Әдістемелік нұсқамалар – ветеринарлық жұмысты орындаудың міндетті тәсілін мазмұндайды.
Ережелер –ветеринарлық мекемелердің, ұйымдардың және ветеринарлық қызметтегі лауазымды тұлғалардың міндеттерін, құқықтарын және заңды мәртебесін ретке келтіреді.
Нормалар – ветеринарлық қызметтің еңбек бойынша және материалдық қамтылуын анықтайды.
Ұсыныстар – ғылыми мекемелер ұсынған және тиісті нұсқамалар бекітілгенге дейінгі кезеңдерде өткізілетін міндетті ветеринарлық шаралар тізімі.
Нұсқаулар –бұл республика, обылыс ауқымында бірреттік немесе кезеңді шаралар өткізілуі туралы басқарушы ветеринарлық органның құжаттары.
Әдістемелер – нақты ветеринарлық жұмыс орындалуы техникасын айқындайтын, ветеринарлық санитарлық талаптар жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарға байланысты қандай да бір кәсіпорындарға қойылған міндетті ветеринарлық нормалар туралы құжаттар.