Волейболшылардың физикалық дайындығының ерекшеліктері Аманқұл Берік Арыстанбекұлы



бет15/15
Дата07.02.2022
өлшемі39,32 Kb.
#87396
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
9 Аманқұл Берік Арыстанбекұлы ВОЛЕЙБОЛ 22222rd
91691978, Диплом Арт-терапия, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, рухани жаңғыру фото, БАҒДАРЛАМА 3 курс - копия (1), ИНСТРУКЦИЯ ПО ЗАЩИТЕ ДП В РЕЖИМЕ ДОТ 23.04.202г ЮКГУ, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ, ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПСИХ, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, План граф и дневник каз, 2 диплом АНАПИЯ, АНАПИЯ саптық дайындық

3.2. Жарыстық кезең


Жарыстық кезең негізгі күнтізбелік жарыстың бірінші ойынынан соңғы ойынынаға дейін ұзарады. Жарыстық кезең үшін волейболшыларда біз білетіндей екі жарыс кезеңі бар – қысқы және жазғы.
Дайындық кезеңге қарағанда, жарыстың біркелкі ішкі құрылымы болмайды. Ол кезеңде жүргізілетін сайыс санына және ойын күнтізбесінің құрылу принципіне байланысты.
Жарыстық кезең құрылысының көп қолданатын келесі үш нұсқасы бар.
Бірінші нұсқа – жарыстық кезең біртекті барлық апталық циклдар өзара ұқсас. Бұндай құрылым үшін күнтізбелік ойын мен олардың арасындағы интервалдың біркелкі кезектесуі мен кезеңде бір ойынның жүргізілуі тән.
Екінші нұсқа – жарыстық кезеңнің құрылысы біркелкі емес. Ол өздік жарыстық кезеңнен тұрады, олардың арасындағы үзілістер бірнеше аптаға созылады. Мұндай ойын күнтізбесі турлар принципі бойынша құрылған – бірнеше апталық үзіліспен бірнеше жарыстың өткізілуі.
үшінші нұсқа – жарыстық кезеңнің құрылысы екінші және бірінші нұсқаны біріктіреді. Оны кезеңде бірнеше жарыс өткізгенде пайдаланады. Мысалы, бірінші жарыстар бір реттік кездесу принципімен жүргізіледі, ал екіншісі тур немесе турнирлер принципімен жүреді.
Физикалық дайындық құралдары әртүрлі болады. Бұл спорттық форманы сақтау үшін алғышарттарды, оның ішінде толық ден беру мен белсенді демалысты кеңейту қажеттігімен туындайды.
Жарыстық кезеңнің басты міндеті – максимальды тұрақты нәтижелерге қол жеткізу. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін тек спорттық форманы ұстап тұру ғана емес, аталған спорттық форма шегінде ойыншылардың дайындығын жетілдіру қажет.
Физикалық дайындық максималды жаттықтырушылыққа қол жеткізуге және оны осы деңгейде ұстап тұруға бағытталған. Физикалық, тактикалық, ойындық дайындықта жалпы үлес салмағы бүкіл кезең бойы сақталады.
Техникалық дайындық дәлділіктің, жылдамдықтың, тұрақтылықтың одан әрі жетілдіріліп, олардың күрделі жағдайда қолданылуын қамтамасыз етуі тиіс. Оның үлес салмағы дайындық алды кезеңдегі бойынша қалады.
Тактикалық және ойындық дайындықта нақты қарсылас пен өткен кездесуде анықталған кемшіліктерді жоюды есепке ала отырып, ойын жүргізу формалары мен жеке ойыншылардың іс-әрекеті нақтыланады.
Психологиялық дайындық волейболшының бүтіндей жарыста, сондай-ақ әрбір күнтізбелік ойында максималды жұмылдыру мен психологиялық дайындығын қамтамасыз етуі тиіс. Моральды және ерікті дайындықта зейінді ерік қасиетінің дамуына бағыттайды. Яғни жеңіске ерігін, төзімділігін, батылдығы мен ойын әрекетінде шешімділігіне, жарыс кезіндегі келеңсіз жағдайлар - өзіне сенбеу, ойынның жауапты мезетінде белсенді әрі шешімді қозғалуға қорқу, бірегей жеңілістен кейінгі енжарлықты жеңуге аударады..
Теориялық дайындық жарыстық кезеңдегі жаттығудың ерекшеліктерін зерттеуге, сондай-ақ, жарыста сәтті ойнауды қамтамасыз ететін білім мен дағды шеңберін кеңейтуге бағытталған.
Жаттығушылар қарсылас команданы және ойыншыларды зерттейді, жеке жоспар құрып, олардың орындалуын талдайды.
Жүктеменің жалпы көлемі алғашқыда қысқарады, содан соң тұрақтанады. Жүктеме қарқыны максимумға дейін өсіп, осы деңгейде тұрақтайды. Жүктеменің көлемі мен белсенділігі толқын тәрізденеді – көлем біршама артады, ал белсенділік тур мен жарыс арасындағы интервалда қысқарады.

3.3. өтпелі кезең


өтпелі кезең жарыстық кезеңдегі сайыс аяқталғаннан сәттен бастап, жаңа жылдық циклда сабақ басталғанға дейін созылады. Онда жаттығушылар дене шынықтыру формасын жоғалтып алмайтындай демалуға мүмкіндік беретін жағдайға өтеді.
Осы мақсатпен белсенді демалыс үшін ойын тәсілі кеңінен пайдаланады.
өтпелі кезеңде жүктеменің жалпы көлемі мен оның қарқыны азаяды.


Спорттық дайындықтың үлгі графигі

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет