Волейболшылардың физикалық дайындығының ерекшеліктері Аманқұл Берік Арыстанбекұлы



бет7/15
Дата07.02.2022
өлшемі39,32 Kb.
#87396
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
9 Аманқұл Берік Арыстанбекұлы ВОЛЕЙБОЛ 22222rd
91691978, Диплом Арт-терапия, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, рухани жаңғыру фото, БАҒДАРЛАМА 3 курс - копия (1), ИНСТРУКЦИЯ ПО ЗАЩИТЕ ДП В РЕЖИМЕ ДОТ 23.04.202г ЮКГУ, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ, ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПСИХ, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, План граф и дневник каз, 2 диплом АНАПИЯ, АНАПИЯ саптық дайындық
Перспективті жоспарлау
Перспективті жоспар – бұл команда мен ойыншылардың шеберлілігін жоғарылату бағдарламасы, мұнда алға қойылған міндеттерді жылдар бойынша шешу белгіленген. Жаттықтырудың мұндай жоспарын команда үшін, әрбір волейболшы үшін құрады. Перспективті жоспарды нақты жағдайға тәуелді әртүрлі мерзімге есептейді. Мысалы, балалар мен жас өспірімдер ұжымы үшін ондай жоспарды 2 немесе 4 жылға құруға болады. Ал студенттік командалар үшін перспективті жоспар оқу орнында оқу мерзімін есепке ала отырып жоспарлаған жөн.
Жоғары разрядтағы командалар үшін, ірі спорттық жарыстардың (олимпиядалық т.б.) ескере отырып, перспективті жоспарды- командалық және жекелік деп төрт жылға құрған тиімді.
Перспективті жоспар құруда жаттығушылардың бастапқы мәліметтерін, команда нәтижелерін талдайды, тәжірибе мен ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылайды, ойынның негізгі даму заңдылықтарын үйренеді, ойыншылардың физикалық, техникалық және тактикалық дайындығының өзгеру динамикасын және олардың нәтижелерінің деңгейін анықтап, осының негізінде жоспарды бірнеше жылға алдын ала құрады.
Волейболшының жан-жақты дайындығына талап жылдан-жылға өсуі тиіс. Бірақ кейбір ойыншыларда ол оптималды деңгейде тұрақтануы мүмкін. Жаттықтырушыға әр жылдың басты жарысын белгілеу қажет, дайындық процесін соған бағыттау керек. Осыған байланысты перспективті жоспарда жылдар бойынша тапсырма, жүктеме көлемі мен қарқындылығының өзгеруі дайындық құралының ара қатынасы қарастырылады.
Жоспар құрғанда ойыншылардың денсаулығы, физикалық дамуы, функционалды мүмкіндіктері жөніндегі дәрігерлік бақылау мүмкіндіктерін басшылыққа алған жөн.
Перспективті жоспардың құжаты:
Командалық перспективті жоспар:
Жеке дара перспективті жоспар.
Перспективті жоспар тек жалпы мәліметті құрайды, осыған тұспалдап жаттықтырушы ағымдық жоспар құрастырады.
Команданы дайындаудың перспективті жоспары екі бөлімнен тұрады: текстік бөлігі және негізгі көрсеткіштердің графигі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет