Волейболшылардың физикалық дайындығының ерекшеліктері Аманқұл Берік Арыстанбекұлы



бет4/15
Дата07.02.2022
өлшемі39,32 Kb.
#87396
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
9 Аманқұл Берік Арыстанбекұлы ВОЛЕЙБОЛ 22222rd
91691978, Диплом Арт-терапия, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, рухани жаңғыру фото, БАҒДАРЛАМА 3 курс - копия (1), ИНСТРУКЦИЯ ПО ЗАЩИТЕ ДП В РЕЖИМЕ ДОТ 23.04.202г ЮКГУ, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ, ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПСИХ, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, План граф и дневник каз, 2 диплом АНАПИЯ, АНАПИЯ саптық дайындық

Спорттық дайындықты жоспарлау


Жоспарлау- басқару функциясының негізгілерінің бірі. Ол дайындық процесінің мазмұнын ғана анықтап қоймай, сонымен бірге жаттықтырушының жұмыс жүйесін көрсетеді. Жоспарлау дегеніміз- болашақты көре білу және оны болжай білу. Волейболшылар мен волейбол командасын дайындауды жоспарлау жалпы спорттық жаттықтыру принциптері мен әдістеріне негізделеді, бірақ кейбір арнайы ерекшеліктері бар.
Волейбол – командалық ойын. Сондықтан жоспарлау команда үшін де, әрбір ойыншы үшін де жасалады. Жоспарлар командалық және жеке бастық болып құрылады. Жаңа ойыншылар тобына жалпы жоспар құрылады.
Волейболда спорттық шеберліктің негізгі өлшеуіші болып жеңіс және сайыстарда алатын орын атқарады. Бұл көрсеткіштерді айқындау үшін команда квалификациясы және жеңістері мен сайыс масштабы ескеріледі. Дегенмен бұл көрсеткіштерде команда шеберлігін толық көрсете алмайды және әр ойыншының спорттық нәтижесін бағалауға мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты дайындықты жоспарлауда бақылау тапсырмалары мен жаттығулары кеңінен пайдаланылады. Бұл команда мен жеке ойыншылардың әдістік, тәсілдік, физикалық және ойын дайындығын объективті бағалау шегі жоспарлауға мүмкіндік береді.
Басқа да командалық спорттық ойындар сияқты волейбол үшін тек қана жеке емес, сондай-ақ команданың ойын әрекетін жетілдіруді талап ететін қарсыласыңмен команда болып күресу тән. Сондықтан бұл жерде маңызды нәрсе техникалық, тактикалық және ойынды дайындық. Дайындық түрлеріне уақыт былайша бөлінеді: физикалық дайындық-20%, техникалық-30%, ойынды және жарыстық -50%. Бұл сандарды ойыншылардың жасына, квалификациясына және дайындық кезеңіне қарай өзгертіп отырады. Жаңадан келгендер мен кіші разряд ойыншылар үшін физикалық және техникалық дайындыққа уақытты арттырады. Ал спорттық шеберлігінің өсуіне қарай - тактикалық, ойынды және жарысты дайындыққа бөледі.
Жоспарлаудың негізгі құжаты болып жоспар табылады. Жаттықтыру жоспарын кұруда келесі талаптарды ұстанған жөн:
. жұмыс шарты мен тапсырмаларды есептеу;
. нақтылық және мүмкін вариациялығы;
. ауыспалылық және перспективілігі,
Дайындық міндетін анықтауда көңілді жасқа, жынысқа, кәсіби шығармашылығына, белгіленген уақытқа, болатын сайыстардың масштабын және көзделген нәтижелерге және т.б. спорттық дайындықтың шартына бөлген жөн. Жоспарлар нақты болуы тиіс. Онда атқаратын жұмыстың мазмұны мен көлемі нақты анықталуы, уақыт пен мерзімді дәл есептеу, сондай-ақ соңғы нәтижені көздеу тиіс. Жұмыс процесінде жоспарға толықтырулар енгізілу керек.
Жоспар құруда алдыңғы жоспарды, оның тапсырмасын, мазмұнын, орындау деңгейі және жіберілген қателерді талдап, жұмыстың келесі кезеңінде тапсырмаларды сәтті орындау үшін алғышарттар құру мүмкіндігін ескеру қажет.


Жоспарлаудың көрсеткіштері

Жоспарлаудың көрсеткіштері дайындық жоспарын құруда негіз болады. Дайындықты жоспарлауда келесі көрсеткіштерді қолданады.
І. Жаттықтырушылық және жарыстық жүктемелер:
- көлемі:
жұмыс күнінің саны, оның ішінде жарыстың және жаттықтытушылық күн жалпы сағат саны
жаттықтыру саны, оның ішінде командалық және жекелеген;
жаттықтыру сағатының саны;

  • қарқындылық:

максимальды қарқындылықпен жаттықтыру саны
үлкен қарқындылықпен жаттықтыру саны
орта және аз қарқындылықпен жаттықтыру саны
II. Дайындық түріне қарай



  • физикалық дайындық – физикалық қасиетінің даму деңгейін бақылау жаттығуларында жоспарланады, бағалау негізінде уақыт, қайталау саны, қашықтық немесе салмақ (жаттығудың мазмұнына қарай) алынады;

- техникалық дайындық - техникалық дайындықтың деңгейі бақылау жаттығуларында жоспарланады; сандық бағалау негізіне нәтиже алынады, мысалы доппен межеге дәлдеу саны, жеңістік пайызы, ал сапалы бағалау негізіне сарапталған орындалу бағасы алынады.
III. Жарыстық дайындық:

  • сайыстарға қатысу – ойын саны, оның ішінде бақылау және күнтізбелік;

  • негізгі сайыстарда нәтиже (орын)

  • сайыстарда көрсеткіштер:

шабуылдауда:
шабылдаушы соққылардың тиімділігі (%)
доп берудің тиімділігі (%);
доп беруді қабылдаудың тиімділігі (%);
екінші доп берудің тиімділігі (%);
қорғаныста:
тосқауыл қоюдың тиімділігі (%);
шабылдаушы соққыны қабылдау тиімділігі (%);
сақтандыруда доп қабылдаудың тиімділігі (%)

IV. Команда құрамы және оны толықтыру



  • орта жас (лет)

  • орта бой (см): шабуылдаушының (бірінші және екінші қарқынды) байланыстырушының;

  • қызметі бойынша ойыншылар саны: шабуылдаушылар мен байланыстырушылардың;

  • құрамға жаңа ойыншылар енгізу, оның ішінде: бірінші қарқынды шабуылдаушы, екінші қарқынды шабуылдаушы, байланыстырушы





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет